құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жердi мемлекеттiк мұқтаждары үшiн келесi жағдайларда қайтарып алуға болады:халықаралық мiндеттемелер; қорғаныс қажетiне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсатқа арнап жер беру; учаскенiң астынан пайдалы қазбалардың кен орнының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы; жол салу, электр тарату, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды тарту, сондай-ақ осы объектiлердi орналастырудың басқа мүмкiн нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар басқа да объектiлер салу; құлау (қирау) қаупi бар апатты жəне ескiрген тұрғын-үйлердi бұзу; қалалар мен өзге де елдi мекендердiң бас жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары жəне белгiленген тəртiппен бекiтiлген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы негiз болып табылады. Жер учаскесiн мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қоюдың мiндеттi жəне факультативтi сатыларын бөлiп қарастырады Ол мiндеттi сатылардың қатарына: дайындық сатысын; жер учаскесiн сатып алу туралы шешiм қабылдау сатысы; жер учаскесiнiң меншiк иесiмен немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушымен сатып алу жағдайларымен келiстiру сатысы. Факультативтi саты жер учаскесiн сатып алу туралы талапты сотта қарауды бiлдiредi. Жер учаскесiн мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қою сатылары бiрiнен кейiн бiрi кезегiмен жүзеге асырылуы тиiс. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм қабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Ал, Алматы жəне Астана қалалары үшiн кемiнде үш ай бұрын хабарлауы тиiс. Осы мерзiм iшiнде жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың ортасында келесi сұрақтар шешiлуi тиiс: Шығынды қандай тұлға өтейдi. Оның сомасының өтеу мөлшерi қандай болуы тиiс. Жер қандай уақытта босатылуы тиiс. т.б. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн жер алынғанда шығындарды өтейтiн тұлға болып танылмайды оны өтеуге жер кiмнiң пайдасына берiлдi сол тұлға өтеу керек. Мемлекеттiк мұқтаждарға сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасын айқындау кезiнде: жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың нарықтық құны. жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны. үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты өздерi шеккен шығындар. жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген барлық шығын қосылады. Егер тараптар бiрыңғай келiсiмге келмесе сот органдары шығындарды өтеу мөлшерiн, қайтарып алудың құнын анықтауға құқылы. Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өз мiндеттемелерiн орындамай отырса оның жер учаскесi оның қарыздары бойынша өндiрiлiп алынады. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады. Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дəлелдi себептер бол-ған кезде (дүлей апат жəне өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы. Бұл өндiрiп алу жағдайы Азаматтық заңнамамен реттелiп отырады. Мысалы: Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы заңға сəйкес жер учаскесi оның иесiнiң қарыздары бойынша үш тəсiл арқылы өндiрiлiп алынады: Сот органдарының шешiмiмен. Сауда саттық негiзiнде. Соттан тыс тəртiпте. Жердi нысаналы мақсатына сай емес пайдаланған жердi қайтарып алуы. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе, бiр жыл iшiнде тиiстi мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесi меншiк иесiнен жəне жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Бұл кезеңге учаскенi игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мəн-жайларға байланысты учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн жəне осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн. Сот шешiмiмен учаскенi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қой- ған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу жəне атқарушылық заңдарында белгiленген тəртiппен ашық сауда-саттықта сатылады. Сатудан түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады. Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан алып қою. Егер учаскенi пайдалану Жер кодексiнде немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген жердi ұтымды пайдалану ережелерiн өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сəйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жерi құнарлылығының едəуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едəуiр нашарлауына əкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн жер учаскесi меншiк иесiнен жəне жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана жəне осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн. Егер меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскенi нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган учаскенiң меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өтiнiшi бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мəселе бойынша учаске орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына ұсыныстар жiберуге мiндеттi. Бұл жағдайда учаскенiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мəселе оң шешiлмеген кезде ғана талап-арыз берiлуi мүмкiн. Сот шешiмiмен учаскенi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу жəне атқарушылық заңдарында белгiленген тəртiппен ашық сауда-саттықта сатылады. Сатудан түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады. Жер учаскелерi радиоактивтiк ластануға ұшыраған жердi меншiк иелерiнен қайтарып алу. Жер кодексiне сəйкес, радиоактивтi ластануға ұшыраған жəне соның салдарынан заңдарда белгiленген санитарлық талаптар мен нормативтерге сəйкес келетiн өнiм өндiрудi қамтамасыз етпейтiн жерлер ауыл шаруашылығы айналымынан алынып тасталады. Мұндай жерлерде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруге жəне оны ұқсатуға тыйым салынады. Радиоактивтi ластану дегенiмiз – бұл жерлердiң радионуклидтермен, оның iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру жəне ұқсатулардың, ядролық жарылыстардың, ядролық қондырғыларды орнатудың, ионизациялық сəуле шығару көздерiн пайдаланудың, радиоактивтi заттарды сақтау мен көму орындарының, ядролық радиациялық авариялардың, сонымен қатар, радиоактивтi заттармен байланысты өзге де қызметтердiң нəтижесiнде ластануы. Ондай жерде ауылшаруашылық қызметiне жүзеге асыруға, адамдардың тұруына тыйым салынады. Ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, белгiленген нормативтерден тыс химиялық, биологиялық, радиоактивтi жəне басқа да зиянды заттармен, өндiрiс жəне тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен лас-танған, бүлiнген жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, жердi сақтап қою жүргiзiледi. Жердi сақтап қою (консервациялау) дегенiмiз – жердi шаруашылық айналымнан алу болып танылады. Мұндай жерлердiң иегелерiне басқа жер учаскесi берiлуi тиiс. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскелерiн алып қою мынадай сатылардан тұрады: Радиоактивтi ластануға ұшыраған жерлердi анықтау жəне зерттеу; Жер учаскесiн алып қою туралы шешiм қабылдау; Алып қою туралы талапты сотта қарау (факультативтi саты). Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесiн алып қою рəсiмiн қозғау негiздерi болып: жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мəлiмдемесi негiз болады; жергiлiктi атқарушы немесе өзге де құзыреттi органдардың бастамасы; қоғам талабы танылады. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жерлердi анықтау құзыреттi органдардың жердi пайдалану мен қорғауға байланысты мемлекеттiк бақылау процесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесiн анықтағаннан кейiн жердiң ластану дəрежесiн белгiлеу, келтiрiлген шығынды анықтау, ластану салдарын жою мақсатында кешендi комиссиялық зерттеу жүргiзiледi. Кешендi комиссиялық зерттеудi облыстық атқарушы орган құратын арнайы комиссия жүргiзедi. Оның құрамына: жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтақ комитет мамандары; табиғат қорғау жөнiндегi аумақтық орган мамандары; денсаулық сақтау қызметкерлерi; ауыл шаруашылығы қызметкерлерi; өзге де құзыреттi органдар қызметкерлерi кiредi. Зерттеу нəтижелерi комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қойған қорытындыда тұжырымдалады. Қорытындыда мыналар көрсетiледi: меншiгiнде немесе пайдалануында ластанған немесе бүлiнген жер учаскесi бар тұлға; ластанған немесе бүлiнген учаске; жердiң ластануына негiз болған объект; егер анықталған болса, жердi ластаған немесе бүлдiрген тұлға; ластанған жердiң түрi мен көлемi; жерге келтiрiлген шығынның ақшалай мөлшерi; ластанған жерлердi қалыпқа келтiруге, сонымен қатар келешекте шаруашылыққа пайдалануға байланысты ұсынылатын шаралар. Жердi тəркiлеу. Жер учаскесiн мəжбүрлi түрде алып қою немесе меншiк құқығының мəжбүрлi түрде тоқтатылуының кейбiр түрлерiнде келтiрiлген шығындар өтелмейдi. Себебi, жер учаскесiн алып қою алдын ала үшiншi тұлғаға немесе мемлекетке келтiрiлген шығындарды өтеу үшiн жаза ретiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тəртiбiмен санкция түрiнде өтеусiз алып қойылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 254-бабына сəйкес, тəркiлеу дегенiмiз – меншiк иесiнiң жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн мүлкiнiң санкция түрiнде тегiн, əрi ықтиярсыз алынуы. Тəркiлеу кезiнде мүлiк мемлекет меншiгiне ақысыз түрде алынады жəне алудың негiзi болып келесi жағдайлар танылады: Жер иесi қылмыс жасаған жағдайда; Жер иесi басқа бiр құқық бұзушылық жасаған жағдайда. Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сəйкес тəркiленбеуге тиiс. Тəркiленген жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкке қайтарылады. Тəркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен сатылуы мүмкiн. |