құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жерге меншiк құқығының жəне пайдалану құқығының тоқтатылуыЖерге меншiк құқығын жəне басқа да құқықтарды тоқтату негiздерi ерiктi немесе мəжбүрлi түрде болуы мүмкiн. Бұл негiздер Жер кодексiнiң 81-бабында көрсетiлген. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы келесi ерiктi негiздер бойынша тоқтатылады: меншiк иесi – жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген жағдайда. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы азаматтық құқықтық мəмiлелер негiзiнде өз жер учаскесiне құқығын оқшау-лауына болады. меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайда. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықтарын сақтау ниетiнсiз олардан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-əрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарта алады. Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы меншiк немесе жер пайдалану құқықтарынан бас тартқанын айқын бiлдiретiн iс-əрекет жасаған жағдайда (басқа жаққа кету, учаскенi ұзақ уақыт бойы пайдаланбау жəне басқалар), жер кадастрын жүргiзетiн органдар жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемле-кеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлай отырып, бұл учаскенi иесiз мүлiк ретiнде есепке алады. Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекеттiк меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiне алады. Сот шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiкке түстi деп танылмаған иесiз жер учаскесiн қалдырып кеткен оның меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы иеленуге, пайдалануға жəне билiк етуге қайтадан алуы не ол алу мерзiмiнiң өтуi себептi меншiкке немесе жер пайдалануға алынуы мүмкiн. Иесiз мүлiк ретiнде есепте болған кезiнде мұндай учаске бас-қа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының нотариат куəландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алуға негiз болып табылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының аталған жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтадан меншiкке немесе жер пайдалануға алуға құқығы бар. Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет меншiгiне түстi деп тану туралы шешiм қабылдай алады. жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан ҚР заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады. Мысалы: жеке тұлғаның қайтыс болуы. Заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылуы, т.б. Сонымен қатар, аталған негiздерден басқа жер пайдалану құқығы келесi негiздер бойынша тоқтатылады: учаске берiлген мерзiмнiң өтуi; жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы. жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. (Жер кодексiнiң 41-бабы). |