құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жер пайдалану құқығының субъектiлерi жəне олардың түрлерiЖер пайдалану құқығының субъектiлерi бiрнеше топқа бөлiнедi: жеке жəне заңды тұлғалар; ұлттық жəне шетелдiк тұлғалар. Ұлттық жер пайдаланушыларға мыналар жатады: Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, шетелдiк қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; ал, ендi шетелдiк жер пайдаланушыларға келесi тұлғалар жатады: Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, шетел мемлекеттерi, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер. мемлекеттiк жəне мемлекеттiк емес тұлғалар. Мемлекеттiк жер пайдаланушыларға: мемлекеттiк заңды тұлғалар жатады. Мемлекеттiк жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi: мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады. Сондай-ақ учаскелердiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы тұлғалардың жоғарыдағы мақсатын ескере отырып, жер пайдаланудың басқа да құқықтарын iске асырады. мемлекеттiк жер пайдаланушылардың өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ кепiлге беруге құқығы жоқ. кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтеусiз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады. кейiнгi жер пайдаланушы жер учаскесiнде шарттық жүр-гiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану туралы шарттар белгiленген шарттарды сақтай отырып жер пайдаланушының басқа да құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады. Мемлекеттiк емес тұлғаларға: азаматтар, мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, кəсiпкерлер жатады. тұрақты жəне уақытша жер пайдаланушылар; бастапқы жəне кейiнгi жер пайдаланушылар. Бастапқы жер пайдаланушыларға: жердi тiкелей мемлекеттен немесе басқа бастапқы жер пайдаланушыдан тəртiбi арқылы алған тұлғалар болып табылады. Кейiнгi жер пайдалануда бастапқы жер пайдаланушы өзiнiң билiктiк мəртебесiн сақтап отырады. Ал, кейiнгi жер пайдаланушылардың құқықтары бастапқы жер пайдаланушылармен шектелiп отыруы мүмкiн. Жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiжер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу; ауыл шаруашылығы жəне өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндiрiлген ауылшаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану нəтижесiнде алынған өзге де өнiмге жəне оны өткiзуден түскен табысқа меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару; өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды, қиыршық тасты жəне басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi жəне жер асты суларын, кейiннен мəмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тəртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиет-терiн пайдалану; жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қойылған (сатып алынған) жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу; жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сəйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк, тұр-мыстық жəне өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу; белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық жəне өзге де арнаулы талаптарға сəйкес суландыру, құрғату жəне өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар. жердi оның нысаналы мақсатына сəйкес, ал, уақытша жер пайдалану кезiнде – жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сəйкес пайдалануға; санитарлық жəне экологиялық талаптарға сəйкес, өндiрiс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық жəне өзге де қызмет нəтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық жəне экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге; жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға; жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын жəне Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақытылы төлеуге; жануарлар дүниесiн, орман, су жəне басқа да табиғи ре-сурстарды пайдалану тəртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орна-ласқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес, мемлекет қорғауындағы тарих, сəулет ескерткiштерiн, археологиялық мұра мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге; жер учаскесiнде шаруашылық жəне өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық жəне өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға; мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мəлiметтердi уақытылы табыс етiп отыруға; басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға; топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына жəне оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге; сервитуттар берудi қамтамасыз етуге мiндеттi. |