құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қазақстан Республикасында жерге меншік құқығыЖерге меншiк құқығының түсiнiгi жəне түрлерi Меншiк құқығы тiкелей заңнан туындайтын бастапқы субъективтiк құқықтың бiрi болып табылады. Меншiк құқығы иесiне өзiне тиесiлi мүлiк – жер учаскесiне экономикалық тұрғыдан билiк етудi бекiтiп бередi. Бұл құқық меншiк иесiне тиесiлi жер учаскесiн өз қарауы бойынша қоғамдық мүдденi ескере отырып пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сол себептен, жерге меншiк құқығы кез келген өзге мүлiкке меншiк құқығы сияқты шексiз емес. Жерге меншiк құқығы деген ұғымды екi түрлi, объективтiк жəне субъективтiк мағынада қарастыруға болады. Объективтiк мағынада: Бұл ұғым жерге меншiк құқығын жүзеге асырумен туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасының көптеген заңнамаларында орын тапқан. Мəселен, Қазақстан Республикасының Жер кодексi, Азаматттық кодексi т.б. Субъективтiк мағынада: Бұл ұғым тұлғаның өзiне тиесiлi жер учаскесiн заңда көрсетiлген тəртiп пен шарттарды иелену, пайдалану жəне билiк ету құқығын бiлдiредi. Жерге меншiк құқығының мазмұнын иелену, пайдалану жəне билiк ету құқығы құрайды. Жер учаскесiн иелену құқығы дегенiмiз – заңда қарастырылған шекте меншiк иесiнiң iс жүзiнде жер учаскесiн иемдену құқығы. Мысалы: жер учаскесiн қоршап алуы, жер учаскесiне меншiк құқығын куəландыратын құжаттарды дайындауы т.б. Жер учаскесiн пайдалану құқығы дегенiмiз – жер меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық жəне өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жер учаскесiнiң пайдалы қасиеттерiн алуды жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi. Мысалы: жер учаскесiне дəндi-дақылдар егiп, өнiмге меншiк құқығын жүзеге асыруы, жер учаскесiнде тұрғын үй құрылысын жүргiзуi, мемлекеттiк салық органдарының жер учаскесiне салық жинап алуы т.б. Жер учаскесiне билiк ету құқығы дегенiмiз – меншiк иесiнiң заңда рұқсат берiлген шекте өзiне тиесiлi жер учаскесiнiң заңды тағдырын шешу құқығы. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатыс-ты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мəмiлелердi жасасуға құқылы. Жер кодексiнiң 33-бабына сəйкес, меншiк иелерi: ортақ пайдаланудағы; қорғаныс қажеттерiне берiлген; орман қорының; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы; қызметтiк жер телiмiнiң; уақытша өтеусiз жəне уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мəмiлелер жасасуына жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сəйкес, жер заңда көзделген шектер мен тəртiпте жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң бiрдей қорғалуы Жер кодексiнде де бекiтiлген. Демек, жерге меншiк құқығы екi түрлi нысанда болады. Олар: Жерге мемле-кеттiк меншiк жəне жерге жеке меншiк. Жер учаскесiне азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiк құқығын орнықтыру – бұл объективтiк қажеттiлiк. Бұл мыналармен байланысты: Бiрiншiден,орман жəне ауыл шаруашылығындағы жер учаскелерi өндiрiс құралы ғана емес, сонымен қатар, орналасу жерi, өндiрiстiң жəне қоғам мүшелерi қызметiнiң базис – аумағы да болып табылады. Мүлiктiк сипаттағы объектiлер (тұрғын, бағбандық, саяжайлық, өндiрiстiк үйлер, құрылыстар, ғимараттар) мен жер құқығы қатынастарының (ғимараттың, құрылыстың жерiн пайдалану, оларды күту, сол жерлерде бағбандықпен жəне бақшалықпен айналысу) арасында тығыз байланыс болады. Екiншiден,жер учаскесiндегi меншiк объектiлерiн пайдалану мен жер учаскесiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалану құқығының субъектiсi болып тек бiр тұлға (жалға берудi есептемегенде) табылады. Тəжiрибеде меншiк құқығының объектiлерi немесе жер учаскесi берiлетiн жағдайларда (сату – сатып алуда, мұрагерлiк жағдайында жəне тағы басқа) жоғарыда аталған екi объект те бiрге берiледi. Жердiң меншiк объектiсi ретiндегi ерекшелiгi оның кеңiстiкте белгiлi бiр шекарада шектелуiнен, жылжымайтындығынан жəне табиғи жағдайлармен қоршаған ортаға тəуелдiлiгiнен байқалады. |