құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Бақылау сұрақтары:Экологиялыққұқықтыңпəніжəнетүсінігі,əдістері,қағидалары. Экологиялыққұқықтыққатынастардыңтүсінігіжəнетүрлері. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəнеклассификациялау. Табиғатобъектілерінеменшікқұқығыныңтүсінігіменмазмұны. Табиғат объектілеріне жеке меншік құқығының пайда болу, өзгеружəнетоқтатылунегіздері. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар мен қоғамдықбірлестіктерініңқатынасуынқұқықтыққамтамасызету. Қоршағанортанықорғаудыңэкономикалықтетігі. ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІЖер құқығының құқық саласы ретiнде, ғылым саласы ретiнде жəне оқу пəнi ретiнде түсiнiгi. Жер құқығының пəнi. Жер құқық қатынастары: түсiнiгi, объектiсi, субъектiсi жəне түрлерi. Жер құқығының əдiстерi жəне жүйесi. Жер құқығының қағидалары.14. 5. Қазақстан Республикасында жерге меншік құқығы Жерге меншік құқығының түсінігі жəне түрлеріЖерге мемлекеттік меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері жəне асыру ерекшеліктері Жерге жеке меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері жəне жүзеге асыру ерекшеліктері Жер учаскесі жерге заттық құқықтың объектісі ретінде түсінігі, белгілері жəне түрлері Жер пайдалану құқығы жəне жерге басқа да құқықтарЖер пайдалану құқығының түсінігі жəне оның түрлері Жер пайдалану құқығының субъектілері жəне олардың түрлеріЖер меншік иелері мен пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 1. Жер құқығының құқық саласы ретiнде, ғылым саласы ретiнде жəне оқу пəнi ретiнде түсiнiгiАдам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет жəне өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет. Мемлекетiмiздiң басты байлығы – оның экономикалық жəне əлеуметтiк қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси жəне экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту жəне мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi жəне маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып, жерге əртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу жəне жердi заңды түрде азаматтық жəне шаруашылық айналымның объектiсi ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр. Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң жəне өмiрiнiң негiзi. Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс. Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшiн қажеттi жəне басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады жəне бiрнеше мағынада қолданылады: Жер кең мағынада алғанда жер шары ретiнде түсiнiледi. Жер – адамның өмiр сүретiн ортасы жəне табиғи байлықтардан, жер бедерiнен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретiнде. Жер – жер құқығының реттеу пəнi ретiнде. Бұл тұста, бiз жер деген түсiнiктiң астарынан табиғи ресурстарды, ауыл жəне орман шаруашылық өндiрiстерiнiң басты өндiрiс құралы, құрылыстар, құрылымдар жəне басқа да объектiлер салу үшiн қажет болып табылатын кеңiстiктiң базис деген мағыналарды көре аламыз. Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшiн келесiдей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудiң ерекше пəнi, ерекше реттеу əдiсi, құқықтық реттеудiң жүйеленген қайнар көздерi, өзiндiк қағидалары жəне жеке құқық саласына бөлiп шығаруға деген қоғамның мүдделiгi. Жер қатынастарының экономикалық, əлеуметтiк жəне эколо-гиялық мəнi жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пəнi ретiнде тануға негiз болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, əкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық жəне өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледi. Сəйкесiнше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу əдiсiнiң ерекшелiгi, яғни, жер қатынастарының субъектiлерiне əсер етудiң ерекше үйлесiмдiгi бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзi 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Жер кодексi жəне жер заңнамасының жүйесiн қалыптастыратын нормативтiк-құқықтық актiлердiң жиынтығы. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық қағидалары осы аталған заңнама жүйесiнде тiкелей көрiнiс тапқан. Ал, ендi жер құқығының дербес құқық саласы ретiнде қызмет етуi – тұрақты даму жағдайында, жердi азаматтық айналымға енгiзу жағдайында тұрған, қазiргi уақытта елiмiздiң жерiн ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегi қоғамның мүдделiлiгiн айқындайды. Жер құқығы аталған талаптардың барлығына жауап бередi, сол себептен жеке дербес құқық саласы болып табылады. Сонымен, жер құқығының бар екенiн дəлелдейтiн мынадай белгiлерi бар: Жер құқығы қатынастарының қалыптасуы жəне дамуы; Жер құқық қатынастары саласындағы заңдардың қалыптасуы мен дамуы; Қалыптасқан жер құқық қатынастарының мемлекет тарапынан реттеу механизмiнiң болуы; Жер құқығының өзiне тəн қағидаларының болуы. Қазiргi таңда жер құқығын бiрнеше мағынада түсiнуге болады. Олар: жер құқығы құқық саласы ретiнде, ғылым саласы ретiнде жəне оқу пəнi ретiнде. Құқықсаласыретiндежерқұқығыдегенiмiз– жердi пайдалану мен қорғаумен, жердi жеке меншiкке жəне жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылымсаласыретiндежерқұқығыдегенiмiз–көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пiкiрлердiң жəне əртүрлi ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты – ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсiндiрiп беру, оның əрi қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бiрге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегi ақтаңдақтарды, кемшiлiктердi жою, оларды болдырмау жəне осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады. Жер саласындағы қазiргi күнгi отандық ғалымдар – Б.Ж. Əбдi-райымов, Д.Л. Байдельдинов, Ə.С. Стамқұлов, А.Е. Бектұрғанов, А.Х. Хаджиев, Л.Қ. Еркiнбаева, Г.Т. Айғаринова т.б. Оқупəнiретiндежерқұқығы– дəрiстiк жəне тəжiрибелiк сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негiзгi ережелерiнiң белгiленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады. |