Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница134 из 190
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   190

Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік-құқықтық реттеу механизмі


Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу: қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды; экологиялық нормалауды; қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді; мемлекеттік экологиялық сараптаманы; экологиялық рұқсаттар беруді; мемлекеттік экологиялық бақылауды; қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыруды, табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру жүйесін; мемлекеттік экологиялық мониторингті; табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен учаскелерін мемлекеттік есепке алуды; экологиялық білім беру мен ағарту ісін қамтиды.

Табиғиресурстардыпайдаланусаласындағымемлекеттікбасқару:

  1. табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік жоспарлауды;

  2. табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға жəне молықтыруға мемлекеттік бақылау жасауды;

  3. табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар беруді жəне шарттар (келісімшарттар) жасасуды;

  4. табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуді ұйымдастыруды;

  5. табиғи ресурстардың мониторингі мен кадастрларын жүргізуді;

  6. табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгілеу мен квоталар бөлуді;

  7. табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды;

  8. табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.

Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезiнде қосарланушылықты болдырмау жəне мұндай қызмет процесiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетiгiн құру жолымен мемлекеттiк бақылау органдарын күшейтудi көздейдi.

Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары инспекциялар өткiзумен немесе құқық қолдану iс- қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мəселелерге қатысты тəуелсiз жəне əдiл шешiмдер қабылдау үшiн барлық өкiлеттiктерге ие болуы тиiс.

Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн дамыту:

  • құқық қолданудың жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиiмдi жүйесiнiң негiзгi сипаттамасын табуға мемлекеттiк органдарға көмектесетiн жəне ұзақ мерзiмдi перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау

органдарының институционалдық реформасын жүргiзуге ықпал ететiн модельдi құруға;

  • мемлекеттiк органдарды, өнеркəсiп кəсiпорындарын, үкiметтiк емес ұйымдарды жəне қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық, заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа жəне ақпарат алмасуға жəрдемдесуге;

  • экологиялық менеджмент жүйесiнiң маңызды құралы ретiнде өндiрiстiк бақылауды мiндеттi жүзеге асыруға;

  • табиғат қорғау iс-шараларының орындалуына қызметтiң барлық деңгейiндегi жауапкершiлiктi нақты айқындауға;

  • қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық жəне əлеуметтiк кепiлдiктер беруге бағытталуы тиiс.

Жердің, жер қойнауы мен орманның, судың пайдалануға берілуі мен қайтып алынуының белгілі бір тəртібін ұсына отырып, оларға есеп жүргізу, кəсіпорындар мен ұйымдардың, азамттардың іс-əрекетін бақылауға алып, мемлекеттік басқару институты негізінен бүкіл табиғатты пайдалану саласының тиімділігін қамтиды. Жер қорын мемелкеттік басқару - жер құқығы институттарының бірі. Жер құқық қатынастарының ішінде өзіндік ерекше сипаты бар. Оның негізгі бағыты жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру, олардың əлеуметтік жəне экономикалық қасиеттерін жүзеге асыру шараларын, соның ішінде құқықтық шаралар, тəртіптер мен ережелерді белгілеу, олардың орындалуын жүзеге асырумен бірге бақылау жұмысын атқару болып табылады. Ал табиғатты дұрыс пайдалану дегеніміз мемлекеттің табиғи байлықтарын тиімді пайдалануды, адамдардың табиғатқа кері əсер тигізбеуін қамтитын белсенді қызмет.

Жалпы экологиялық басқару мына мəселерді жүзеге асырады: Экологиялық заң талаптарының тексерумен қатар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды өткеру əдістерінен;

Қоршаған ортаның сапалық нормативтері мен зиянды əрекеттердің лимиттерін анықтау;

Экологиялық зиянды іс - əрекеттерді тоқтату;

Кінəлі адамдарға əкімшілік жолмен шаралар қолдану.

Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғаудағы қоғамдық қатынас саласындағы басқарылатын жүйе бөлігіне – кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жəне азаматтар, яғни байлықты тікелей пайдаланушылар кіреді. Басқаратын жүйе бөлігіне мемлекеттік билік органдары, министрліктер, ведомстволар жəне т.б. кіреді. Бірақ нақты өмірде объекті мен субъекті арасын бөліп қарастыру мүмкін бола бермейді. Айналасып жүрген қызметінің сипаты мен мазмұнына сəйкес қайсыбір заңды тұлғаны басқаратын не басқарылатын жүйе бөлігіне жатқызуға болады. Мысалы, ауыл шаруашылығымен айналысатын

заңды тұлға жер пайдаланушы ретінде, басқару объектісі болады жəне де осы заңды тұлға жер пайдалануға қатысты басқару субъектісі де бола алады. Бұның бəрі заңды тұлғаның жасайтын қоғамдық қатынастар сипатына байланысты болады. Бірақ бұл жағдайда əлеуметтік басқарудың құрылымдық – қызметтік сипатының маңыздылығын ескермеуге, басқарушы жəне басқарылатын жүйе бөліктерінен де бас тартуға негіз бола алмайды.

Бірақ, бір тұлға бір қоғамдық қатынаста бір мезгілде басқарудың субъектісі жəне объектісі бола алмайды. Басқару қатынастарына қатысушылар арасындағы байланыс сипаты, қорыта келгенде, олардың иерархиялық орнымен емес, басқару мен билеудегі атқаратын қызметі жəне қатынастарындағы жалпы əлеуметтік рөлімен айқындалады.

Жалпы басқару объектісі мен субъектісін бөліп қарастырудың теориялық қана емес, тəжірибиелік те маңызы бар. Ең алдымен, ол кез келген ұжым қызметінің негізгі мазмұнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Адамдарға билік арқылы ықпал ететін жүйе, негізінен əкімшілік – құқықтық ыңғайында жұмыс атқарады. Бұл жүйедегі тұлғалар қызметінің ең басты мазмұны олардың адамдар, ұжымдар т.б. қатынастарын ұйымдастыру жəне реттеу қабілеті болып табылады.

Əрине, бағыну тəртібіне сəйкес бұлар да басқарылады. Алайда, олар басқарудың объектісі емес, субъектісі ретінде бағаланады. Басқарушы субъектілерді басқару олардың қызметінің түрлері мен тəсілдерін жетілдіру болса, объектіні басқару – адамдар өмірінің материалдық қызметі жəне мəдени деңгейін жоғарлатуға байланысты қызметі мен олардың белсенділігін арттыруына, жағдайын жақсартуына жəне дамытуына негізделеді.

Өзінің көп салалы қызметінде мемлекет əртүрлі қатынастар жасады, олардың ішінде басқару қызметтерді жүзеге асыру жалғыз ғана құралы емес. Мемлекет елдің əлеуметтік-экономикалық өмірінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Бірақ басқару мемлекеттің өзінің шаруашылық ұйымдастыру қызметін өтеудегі ең маңызды құралы болып табылады. Басқару арқылы нарықтың бүгінгі жəне болашақ ұрпақтың мүддесіне сəйкес экономикалық дамуы, табиғаттың игерілуі, қорғалуы жəне өзгеруі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезеңде біздің қоғам дамуында мемлекеттік басқару, жеке кəсіпорындар мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың табиғатты пайдаланудағы қызметтеріне ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы қоршаған ортаны қорғау жəне пайдалану процесіне де əсер етеді.

Мемлекеттік басқарудың негізгі міндеті – барлық мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің, лауазымды тұлғалардың меншік түріне жəне бағыныштылыққа қарамастан, экологиялық заңның нормалары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару дегеніміз мемлекеттің табиғи байлықтарға меншік құқығынан, аумақты билеушілік құқығынан туындайтын табиғат қорғау қызметін жүзеге асырудағы мемлекет органдарының атқарушы – билік қызметі. Бұл анықтама табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың мазмұнын толық айқындамайды. Бірақ, біріншіден, басқару мемлекеттік органдарының атқарушы билік ету қызметі; екіншіден, бұл қызмет табиғатты қорғауға бағытталған. Жалпы алғанда, жоғарыдағы анықтама, заңдық əдебиеттерде кездесетін нарықтық қатынастар жағдайындағы қоршаған ортаның сапасын мемлекет тарапынан басқару идеясын сəйкес келеді. Себебі, табиғатты қорғаудағы ең басты жəне негізгі мəселе сапаға қол жеткізу.

Қоршаған табиғи ортаның сапасы кез келген табиғи ортаға тəн - əлеуметтік, эстетикалық, құқықтық, санитарлық - гигиеналық, медициналық, экологиялық т.с.с. нормалар мен стандарттарға сай болатын қасиеттерінің жиынтығы. Кей жағдайда, қоршаған ортаның сапасы дегенде, оның адам мен қоғамның қажетттілігін өтейтін табиғатты пайдалану критерийлері мен нормативтеріне сай келетін жағдай деп түсіну қажет. Басқаша айтқанда, табиғи ортаның сапасы дегеніміз адамның өмір сүруі мен қызметін қамтамасыз ететін табиғат жағдайы. Осыған сəйкес қоршаған ортаның сапасы басқарудың мемлекеттің табиғатты қорғаудағы қызметінің деңгейімен байланысты деп түсіну қажет. Бұл деңгей жеке адамның да, қоғамның да биологиялық, экологиялық, əлеуметтік–мəдени қажеттілігін, бүгінде, болашақтада да кешенді түрде өтеуі тиіс. Табиғатты ұтымды пайдалануды мемлекет тарапынан басқару мен қоршаған ортаның сапасын басқару бүтін мен бөлшектеғй байланысып, сəйкес келеді. Яғни, мемлекеттік басқару – табиғатты тиімді басқару жүйесі болғандықтан, жоғары деңгейлі басқа жүйелер де осының бөлігі ретінде көрінеді. Сондықтан жерді, суды, орманды ұтымды пайдалануды басқару, нақтылы басқару қатынастары ретінде жоғары деңгейлі жүйе де, жүйенің бөлігі де, яғни табиғатты дұрыс пайдалануды басқару болып табылады. Жүйенің бөлігі ретінде, сол жүйемен байланыста, үнемі ықпал етуде, тəуелділікте болады.

Сонымен, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару үш негізгі деңгейде бөлек қарауға болады: 1) табиғи ортаның сапасын мемлекеттік басқару; 2) табиғатты ұтымды пайдалануды мемлекеттік басқару; 3) табиғат байлықтарының жекелеген түрлерін ұтымды пайдалануды мемелкеттік басқару. Осыған байланысты, табиғатты ұтымды пайдаланудағы қатынастар жүйесі ішіндегі жəне жүйеаралық басқаруға байланысты қатынастар болып табылады. Жүйенің бөліктері арасындағы басқару қатынастарының сипаты мен мазмұны басқарылатын объектінің ерекшеліктері мен жүйенің өзінің басқаруы мүмкіншілігіне байланысты болады. Бұл қатынастарға жүйенің өз əсері болады, сондай-ақ қатынастар да жүйеге өз

əсерін тигізеді. Осындай өзара ықпал ету процесінің нəтижесінде, қоршаған табиғи ортаның сапасын басқарудағы негізгі мəселе, жетілдіру мəселесі шешімін табуға тиіс. Басқару қатынастарының сипаты мен мазмұны басқарылатын объектінің ерекшеліктері мен жүйенің өзінің басқару мүмкіншілігіне байланысты болады.

Табиғи байлықты қорғау мен пайдалану саласындағы басқару, мемлекеттік органдардың атқарушы билік ету қызметі ретінде жүзеге асырылғанда, көптеген мақсаттарды көздейді. Сондықтан бұл басқарушы жүйенің тиісті қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін басқарудың басты мақсатын анықтау қажет. Ол мақсат ең алдымен объектінің ерекшеліктерімен байланысты болады. Əдебиетте айтылған табиғи байлықтарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мəселесінің, əкімшілік құқығы жəне табиғи ресурстар құқықтарының алатын орны туралы əртүрлі пікірлерді былайша анықтау қажет: əкімшілік құқығы мемлекеттік басқарудағы ұйымдастыру мəселелерін зерттейді (мемлекеттік органдардың аппаратының құрылымын, түрлерін жəне жұмыс тəсілдерін, кадрлар тағайындау, бөлімдердің арақатынасын т.б. айқындау); жер, орман, су құқығы табиғи байлықты қорғау мен пайдалануды ұйымдастыру мəселесімен айналысады (жер кадастрын жүргізу, жоспарлау, бақылау, бөліп беру, қайтып алу т.б.); жерге, суға. Пайдалы қазба байлықтарына, орманға мемлекеттік меншік құқығының болуы табиғатты пайдалану саласындағы басқару ерекшелігін анықтайды. Сондықтан да əкімшілік құқығы əоқулықтарының ешқайсысында табиғи байлықтарды қорғау мен оны пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруға арналған шағын да, бірде бір тарауды кездесе алмауымыз кездейсоқ жағдай емес. Табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың объектісі жер, жер қойнауы, су, орман жəне т.б. өзіндік ерекшеліктері бар табиғи ресурстар. Басқарудың негізгі мақсаты бүгінгі жəне келешек ұрпақтың мүддесіне сай олардың минералды шикізатқа, су жəне орман ресурстарына, таза ауаға т.б. мұқтаждықтарын өтеу үшін, осы байлықты ұтымды пайдалану мен қорғау болып табылады. Осы саладағы кеңестік мемлекеттік басқарудан ең негізгі ерекшелігіосындай. Ал басқа ерекшеліктері осыған бағынышты сипатта

болады.

Сонымен бірге, нақтылы объектілерді алғанда, негізгі мақсаты əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қазба байлықтарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақарудың негізгі мақсаты олардың сақталуын көздейді. Су ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты – суды пайдалануды ғылыми тұрғыдан негіздеп, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, судың ластануын, сарқылмауын қадағалау болып табылады. Жануарлар дүниесін қорғау жəне оны пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты – жабайы жануарлардың табиғи жағдайда сақталуымен байланысты. Орман қорларын басқару мақсаты - орманды дұрыс пайдалану, қорғау, күзету, өсіру.

Жеке объектілерге байланысты басқарудың басты міндеттері тиісті нормативті актілерде көрсетілген. Осы міндеттерді шешудің нақтылы мақсаттары айқындалған. Нақты мақсаттарды анықтау тиісті мемлекеттік органдардың арасында басқару қызметтерін дұрыс бөлуге, жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыру мерзімдерін нақтылауға т.б. көмегін тигізеді.

Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану саласындағы басқару субъектілері туралы сұрақтар басқару түрлері туралы сұрақтармен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды пайдалануды басқаруды қоғамдық құрылымдар, заңды тұлғалар жəне мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осыған сəйкес мемлекеттік басқарудан басқа қоғамдық, өндірістік, ведомстволық басқаруды бөліп қарауға болады.

Табиғатты қорғауда мемлекеттік басқарудың тəжірибелік, ұйымдастырушылық қызметі белгілі бір іс-əрекет кешенінен тұрады. Ол - басқару қызметі деп аталады. Қызметтің мазмұны табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастырудың талабына байланысты болады. Табиғи байлықтардың ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік басқарудың мынадай қызметтерін бөлек қарастыруға болады: табиғи объектілерді қорғауды жəне пайдалануды жоспарлау, мемлекеттік жер кадастрларын жасау, табиғат объектілерін зерттеу, олардың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жүргізу, табиғи объектілерді пайдалануда туындайтын даулы мəселелерді шешу.

Басқарудың мазмұны басқару қызметтерінен (функцияларынан) құралады. Басқару қызметі қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты қызметтің тұрақты бағытын білдіреді. Бұндай қызметтерге :

қоғам мен табиғаттың өзара арақатынасы аясында басқару органдары жүйесін құру;

заңға сəйкес актілер шығару;

қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды басқару қызметін үйлестіру;

табиғи ресурстарды басқару;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауды жоспарлау жəне қоршаған ортаның жағдайын жақсарту;

экологиялық нормалау; экологиялық сараптама; экологиялық лицензиялау; экологиялық сертификаттау; эклогиялық аудит;

қоршаған ортаның жағдайын бақылау;

жекелеген табиғи объетілердің жағдайы мен пайдаланылуын есепке алу; экологиялық тəрбие жəне білім беру;

табиғи объектілердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;

қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы туралы дауларды əкімшілік тəртіппен шешу жатады.

Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар.

Б і р і н ш і - Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстардың меншік иесі. Е к і н ш і - Қазақстан Республикасы - халықтың ресми өкілі.

Ү ш і н ш і - қоршаған ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдары заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқына ие болады.

Қоршаған ортаны қоргау саласында өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдерді, барлық министрліктердің, ведомстволардың, ведомстволық бағыныштылығына жəне меншік нысандарына қарамастан кəсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың орындауы міндетті болады.

Экологиялық сараптаманың мақсаты - табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзатын шаруашылық жұмысына, өзге де жөнсіздікке жол бермеу болып табылады. Оның міндеттері шаруашылық жəне өзге де қызметтің қоршаған ортаға жасаған ықпалына бағаның толық жəне дұрыс берілуіне, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жəне айналадағы табиғи ортаны сақтау женінде ұсынылатнн шаралардың жеткілікті жəне негізді болуына, жоспарланатын шаруашылық жəне өзге де қызметтің табиғат қорғау зандарының талаптарына сай келуіне бақылау жасау болып табылады.

Қоғамдық экологиялық сараптамада өз бастамасы бойынша қоғамдық бірлестіктер, тапсырыс берушінің мəлімдеуімен ұйымдар жүргізетін экологиялық сараптаманың ұсыныс түрінде күші бар жəне оның нəтижелері заң жүзінде болады.

Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі тиісті табиғи ортаның пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын арнайы уəкілдік алған органдар тарапынан атқарылатын табиғаттың жай-күйіне байқау жəне оны бағалап, болжам жасап отыратын қызмет.

Оның мақсаты — табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін тиісті мағлұматтар алып отыру. Ондай мағлұматтарды тек қана табиғи ортаны байқау, бағалау жəне болжау барысында алуға болады.

Байқау жүргізгенде табиғи ортаның шынайы жайы туралы ақпарат жиналады.

Бағалау табиғи немесе антропогенді əсерлердің салдарынан келетін зиянды немесе табиғат қорларының адамдардың мүддесі үшін қолданылуын жəне олардың қызметіне оңтайлылығын анықтайды.

Болжау алынған ақпараттарға сүйеніп, табиғи орта өзгерісін жəне ол тигізетін əсерлерді шамалайды.

Мониторингтің түрлері табиғи ортаның құрамына қарай жүргізіледі. Мемлекеттік мониторингтің жүйесіне жер мониторингі, су мониторингі, жер қойнауы мониторингі, орман жəне өсімдіктер мониторингі, жануарлар мониторингі жəне атмосфералық ауа мониторингі жатады.

Мемлекеттік мониторинг қызметін тиісті заң қүжаттары кеізінде табиғат қорғау жəне бақылау органдарн атқарады.

Мемлекеттік мониторингінің қүрылымын, мазмүны мен оны жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкімет белгілейді.

Қоршаған ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау өзінің алдына шаруашылық жəне өзге де қызметтің ықпалымен сол ортаның жайы мен өзгерістеріне бақылауды, оны қорғау жəне сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңдардың талаптары мен оның сапалық нормативтерін сақтау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын тексеруді міндет етіп қояды.

Осы міндеттерден табиғи ортаны пайдалануды жəне қорғауды бақылау — бұл құқықтық қорғауды іске асыратын өзіндік жүйесі бар, дербес мемлекеттік қызмет екені айқындалады. Оның обьектілері жалпы айналадағы табиғи ортаны қорғауды бақылау міндеттерінен туындайды.

Қоршаған ортаны пайдалану жəне қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесі мемлекеттік, өндірістік жəне қоғамдық бақылаудан тұрады.

Мемлекеттік бақылауды барлық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары жəне арнайы уəкілдік берілген өзге де органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Өндірістік бақылауды кəсіпорындар, ұйымдар жүзеге асырады жəне өзіне айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен табиғи ортаны сауықтыру жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын, табиги орта сапасы нормативтерінің сяқталуын, табиғат қорғау заңдары талаптарының орындалуын тексеруді міндет деп санайды.

Қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктердің техникалық жəне мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың қолданылып жүрген табиғат қорғау заңдарының сақталуына, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғау, үтымды пайдалану жəне молықтыру жөніндегі шаралардың орындалуына қоғамдық тексеру жүргізуі.

Қоғамдық бақылаудың ұйымдастыру тəртібі қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін жарғылармен реттеледі.

Аталған мемлекеттік, өндірістік жəне қоғамдық бақылаулардың жүмысын үйымдастыру жəне үйлестіру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жəне оның органдарына тапсырылған.

Қоршаған ортаның пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау қызметін атқаратын органдардың жүйесіне атқарушы органдар, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, оның жергілікті органдары жəне басқа да арнаулы өкілетті органдар жатады.

Атқарушы органдардың қызметі осы органдар туралы қабылданған заңдармен реттеледі. Олардың бақылау қызметі Экология, Жер, Су, Орман кодекстерінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі жəне басқа экологиялық ережелер қарастырылған басқа заңдарда да бар.

Республиканың облыстарында, қалаларында жəне аудандарында табиғи ресурстардың пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауға басшылықты облыстың, қаланың жəне ауданның мемлекеттік бас инспекторлары жүзеге асырады, олар сонымен бірге лауазымы бойынша экология жəне табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитеттер төрағаларының орынбасарлары, қалалық жəне аудандық комитеттерінің төрағалары болып есептеледі.

Мемлекеттік бақылау органының қоршаған ортаның пайдаланылуы мен қорғалуына байланысты құзыретінің екі түрлі нысаны бар: рұқсат беру жəне оның күшін жою.

Мемлекеттік табиғат қорғау органы арнайы табиғатты пайдалануға рұқсат беру құзыретін табиғатты қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, өзге де арнайы уəкілдік берілген органдарга жүктеуге құқығы бар. Өндірістік жəне өзге де мақсаттағы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың құрамына қатысады.

Қорыта келгенде, қоршаған табиғи ортаның тиімділігі мен сапасын сақтау – мемлекеттің жəне оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Біріншіден, мемлекет табиғи байлықтардың иесі жəне шаруашылықпен айналысатын субъект болып табылады. Бұл жағдайда мемлекетке басқа тұлғалар иелерінде болмайтын экономикалық, материалдық жəне құқықтық құралдардың арақатынасын реттеуге мүмкіндік береді. Табиғи байлықтарды тиімді жəне кешенді түрде пайдалану үшін мемлекет экономикалық жағдайды ескере отырып, өзіне керекті құқықтарды иеленеді. Билік жүргізуші органдары мен басқару органдары мемлекет атынан табиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Ол табиғи байлықтарды пайдалану түрлері мен тəсілдерін таңдауға ерікті.

Екіншіден, мемлекет барлық ұлттар мен халықтардың қалауын, мүдделерін қорғайды. Ол бүкіл халықтың саяси ұйымы болып табылады.
    1. 1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   190


написать администратору сайта