құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Экология қүқығының принциптеріҚандай да болмасын жүйені құру үшін белгілі бір басшылыққа алатын бастамалар қажет. Осы бастамаларға сүйене отырып тиісті жүйе өзінің функционалды міндетін жүзеге асырады. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуына байланысты қызметті жүзеге асыру барысында, өз қызметтерін белгілі бір қағидаларға негіздеп жүзеге асыруға тиіс. Сонда ғана олардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметтері нəтижелі болады. Жалпы қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар халықаралық деңгейде де бекітілген. Алғашқы рет халықаралық деңгейде экологиялық құқықтың қағидалары 1972 жылы БҰҰ Стокгольм конференциясының Декларациясында көрініс тапты. Бұл декларацияда халықаралық деңгейде қоршаған ортаны қорғаудың барлық жүйесі негізделуі тиіс 26 негізгі қағида анықталған. Декларацияның барлық қағидаларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидалар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясат қағидалары жəне осы саладағы халықаралық саясат қағидалары. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті; қазіргі мен болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау қағидасы; табиғи ортаның қалпына келу мүмкіндігін адамның жан-жақты қолдау қағидасы; қалпына келмейтін табиғи ресурстарды сарқылудан қорғау қағидасы; адамның табиғи ортаны токсикалық жəне басқа да улы заттармен ластанудан қорғау қағидасы; қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі мен даму қажеттілігін жоспарлау қағидасы; табиғи ортаға зиян келтірмей ғылым мен техниканы дамыту қағидасы; экологиялық тəрбие, білім беру, экологиялық мəліметтерді тарату қағидасы, жаппай жою қаруларын қолданбау жəне жою қағидалары жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды белгілейтін негізгі қағидалар қоршаған ортада өмір сүрудің қолайлы жағдайларына адамдардың ажыратылмайтын құқықтары мен адамның табиғи ресурстарды сақтауға міндеттері болып табылады. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында да көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 бабында ҚР əрбір азаматының денсаулығын сақтау құқығы көрсетілген, яғни таза, қолайлы қоршаған ортаны сақтау жолымен бұл құқыққа кепілдік беріледі. ҚР Констиуциясының 38 бабында, еліміздің əрбір азаматы табиғатты қорғау, табиғи байлықтарға ұқыпты қарау міндеті көрсітілген. Бұл қағида əрі қарай Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодесінің 5- бабында бектіліген. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясына қарағанда азаматтардың “өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай- күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне” құқығы тікелей көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген мемлекеттердің ұлттық саясат қағидаларына қоршаған ортаны қорғау саласында өз саясаттарына сəйкес əрбір мемлекеттің өз ресурстарын дайындауға құқығы; экономикалық жəне əлеуметтік дамуы; апаттардың алдын алу жəне жою; экологиялық мəселелерді шешу кезінде демографиялық факторларды есепке алу; ұлттық басқару құрылымдарын құру жəне оларға жоспарлау мен бақылау функцияларын беру; дамушы мемлекеттердің ұлттық мемлекеттік саясатты дайындаудың ерекше талаптары; ұлттық ғылым мен техниканың дамуы; мемлекеттер арасында ғылыми мəліметтермен алмасу; теңіз ортасын қорғау бойынша шаралар жатады. Қоршаған орта жəне даму декларациясы қағидаларын негізге ала отырып, əрбір мемлекет өздерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидаларын қалыптастырды. |