Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница128 из 190
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   190

Іс жүргізу мерзімдері мен сатылары


Қылмыстық істі өз уақытында дұрыс қарау жəне қорытынды шығару өте маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңында іс жүргізудің мерзімдері нақты белгіленген. Іс жүргізу мерзімдерін дұрыс түсіну мен қолданудың теориялық жəне тəжірибелік маңызы өте зор. Іс жүргізу мерзімдері сот ісін жүргізудің жеткілікті түрде тез жүргізілуін қамтамасыз ету əдістерінің бірі жəне қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру құралы болып табылады. Іс жүргізу мерзімдері заңда көрсетілген қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерімен тығыз байланысты. ҚР ҚІЖК-ң 8-бабында қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттері ретінде, қылмыстарды тез жəне толық ашу көрсетілген.

Іс жүргізу мерзімдеріне байланысты нормалар ҚР ҚІЖКң əр түрлі баптарында жеке көрсетілген. Мысалы, мерзiмдердi есептеу (54-бап), мерзiмдi сақтау (55-бап), мерзiмдi өткiзiп алудың салдары жəне оны қалпына келтiру тəртiбi (56-бап), қамауға алудың мерзiмдерi, оларды ұзарту тəртiбi (153-бап), алдын ала тергеу мерзiмi (196-бап) жəне т.б.

Іс жүргізу мерзімдерінің өзіне тəн белгілері бар:

- іс жүргізу мерзімін заңдық мəн жай (факт) ретінде тану. Осы санаттағы пайда болатын құқықтық жағдай, іс жүргізуге қатысушылардың арнайы құқықтары мен міндеттерінің туындауына, олардың аяқталуына себепші болады;

  • заңда көрсетілген мерзімдер міндетті түрде сақталуы қажет;

  • мерзімдерді есептеу мен қалпына келтіру ерекшеліктері.

Қылмыстық іс жүргізу теориясында мерзімдерді белгілі бір түрлерге бөлу қалыптасқан. Заң əдебиеттерінде əр түрлі саралау тəсілдері кездеседі. Мерзімдерді уақыт ұзақтығына байланысты екі түрге бөлуге болады: ұзақтығы белгісіз мерзімдер жəне ұзақтығы белгілі мерзімдер.

Ұзақтығы белгісіз мерзімдердің мерзімі нақты көрсетілмейді. Олар іс бойынша белгілі бір əрекеттердің бар болуымен анықталады. Мерзімдердің ең ерте жəне ең кеш шектері өзара байланысты іс қимылдар аралығындағы кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатындығымен айқындалады. ҚР ҚІЖК-ң 121-бабына сай, заттай дəлелдемелер «үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін» істе қалады. Бұл жерде ерте мерзім заттай дəлелдемелер іс материалдарына қосылған мерзіммен қатар келетіні, ал жоғары мерзім үкім заңды күшіне енген уақытпен немесе істі тоқтату уақытымен бірге келетіні айқындалады.

Ұзақтығы белгілі мерзімдерге іс қимылдардың нақты қанша уақытқа созылатындығын көрсететін мерзімдерді айтамыз (сағат, тəулік, апта, ай, жыл).

Мерзімдерді белгілеу əдісіне байланысты екі түрге бөлуге болады: тікелей заңда көрсетілген мерзімдер жəне өкілетті адам белгілеген мерзімдір.

Тікелей заңда көрсетілген мерзімдер, олар заң нормаларында нақтылы көрсетіледі. Мсыалы, ҚР ҚІЖК-ң 184-бабына сай, қылмыс туралы арыз немесе хабар қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол түскен күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті.

Өкілетті адам белгілеген мерзімдірде шешімді арнайы лауазымды тұлға қабылдайды (ҚР ҚІЖК-ң 153-бабы).

Қылмыстық ізге түсу органдарының: ұсталған адамды жетпіс екі сағаттан артық ұстауға, ал сезіктіге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сəттен бастап он тəуліктен артық сезікті Адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ. Ұстау сəтінен бастап үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші мен анықтаушы ұстаудың негізі мен дəлелдері туралы хаттама жасайды. Жүргізілген ұстау туралы анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сəттен бастап он екі сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті.

Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге жəне талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық əрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға бұлтартпау шараларының бiрiн қолданады. Бұлтарпау шараларының түрлері заңда нақты көрсетілген (ҚР ҚІЖК-ң 140-бабы):

  • ешқайда кетпеу жəне өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;

  • жеке кепiлдiк беру;

  • əскери қызметшiнi əскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру;

  • кəмелетке толмағанды қарауға беру;

  • кепiл болу;

  • үйде қамауда ұстау;

  • қамау.

Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады. Оларға:

  1. қылмыстық іс қозғау;

  2. қылмыстарды алдын ала тергеу;

  3. басты сот талқылауын тағайындау;

  4. басты сот талқылауы;

  5. апелляциялық саты сотында іс жүргізу;

  6. үкімді орындау. Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни, жалпы ереже бойынша, əр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді. Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері

деп түсінуге болады жəне олардың əрқайсысының өзіне тəн міндеттері мен ерекшеліктері бар.

Қылмыстық іс қозғау сатысы. Əр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мəні - өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары қылмыстың белгілері ашылған əр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім ғана одан əрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мəн-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға жəне алдын ала тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтау органдары) берілген.

Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы.Қылмысты тез жəне толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын жəне заңмен реттелген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмыстарды тергеу екі түрде жүзеге асырылады: анықтау жəне алдын ала тергеу. Алдын ала тергеу жəне анықтау қызметі тергеу əрекеттерін (тінту, жауап алу, зат алу жəне т.б) қолдану арқылы жүргізіледі. Анықтау органдары тергеу əрекеттерімен қатар жедел іздестіру шараларын да қолданып қылмысты ашады. Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа тартумен аяқталмайды. Бұдан əрі қарай істелген қылмыстың мəн-жайын толық жəне жан-жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндеттеріне жатады.

Бастысотталқылауынтағайындаусатысы.Қылмыстық іс айыптау қорытындысымен бірінші сатыдағы сотқа келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа сатысы басталады. Бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мəселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу жəне анықтау жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша жиналған дəлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса, онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Бұдан кейін осы қаулыға сəйкес басты сот талқылауы жүргізіледі.

Бастысотталқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған жəне айыптаушы мен қорғаушы жақтары ұсынған дəлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот төрелігі жүзеге асырылады. Ал басты сот талқылауының өзі бес бөлімнен тұрады:1) дайындық бөлімі; 2) сот тергеуі; 3) соттағы сөзжарыстар; 4) сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару.

Апелляциялықтəртіппеністердіқарау.Бұл сатының негізгі мақсаты заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылардың дұрыстығын (заңдылығын, дəлелдігін) екінші саты сотының тез арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында жою болып табылады. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты сот үкімдеріне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда,

үкім жарияланған күннен бастап он тəулік ішінде беруге болады. Егер де үкімге апелляциялық шағым берілген болса, онда іс міндетті түрде апелляциялық сатының сотында қаралуы тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу басқа сөзбен айтқанда қылмыстық сот ісін жүргізудеп те аталады, қылмыстық іс жүргізу заңында жəне ғылыми еңбектерде де осы екі термин аралас қолданылады. Бұл терминдер бір-біріне қайшы емес, олар бір ұғымды білдіреді деп саналады. Себебі –қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу органдарының немесе прокурордың қызметімен аяқталмайды, қылмыстық іс жүргізудің жалғасы сот қызметі түрінде атқарылады. Сондықтан қылмыстық іс жүргізуді қылмыстықсотісінжүргізудеп те атауға болады. Яғни,

«қылмыстық сот ісін жүргізу» сот төрелігін жүзеге асырудың бір түрі болып табылады. Осыдан сот төрелігі ұғымының қылмыстық іс жүргізу ұғымымен сəйкес жері көрінеді қылмыстық істі сотта қарап шешу сот төрелігіне жатады. Бірақ та қылмыстық іс жүргізу ұғымы сот төрелігі ұғымымен бірдей емес. Соттөрелігі дегенімі з- бұл соттың қылмыстық істермен қатар басқа да (азаматтық, əкімшілік) істерді қарап шешу үшін мемлекет атынан атқарылатын қызметтің арнайы түрі болып табылады. «Сот төрелігі» ұғымының тікелей мағынасы – сот қызметі болып табылады да, ал «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы соттың қызметімен қатар, алдын ала тергеу органдарының жəне прокурордың қызметін қамтиды.

1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   190


написать администратору сайта