құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Бақылау сұрақтары:1) Қылмыс дегеніміз не жəне оның белгілері?2)Қылмысқұрамыныңтүсінігіжəнебелгілері? Қылмыстықжазаныңтүсінігіжəнебелгілері? Қылмыссанаттарыныңтүрлері? Қылмыстықіс-əрекеттердіңқоғамғақауіптілігінжоятынмəн-жайлардыңтүрлері? Кəмелеткетолмайқылмысжасағандардыңжуаптылығыныңерекшеліктері? 12-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІҚылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасы Қылмыстық іс жүргізудің субъектілеріІс жүргізу мерзімдері мен сатылары Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы мен жалпы сипаттамасыҚылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тəртібін бекітетін жəне қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мəселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзіне тəн ерекшеліктері бар: Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі өз алдына дербес жəне жетекші құқық саласы; өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген; өкілетті органдардың (құқық қорғау органдарының) қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген қызметі; олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны жəне бағытымен ерекшеленеді. Қылмыстық іс жүргізу - бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья жəне сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау жəне шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаты қылмыстарды тергеу кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеу, соттың қылмыстық істі мəні бойынша қарауы жəне шешуі, сондай ақ осы қатынастардың тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, конституциялық құрылысты қорғауға бағытталуын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен (ҚР ҚІЖК) реттелген. ҚР ҚІЖК-ң 8-бабына сəйкес, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін екіге бөліп көрсетуге болады: Тікелей міндеттер: қылмыстарды тез жəне толық ашу, оларды жасаған адамдарды əшкерелеу жəне қылмыстық жауапқа тарту, əдiл сот талқылауы жəне қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Жалпы əлеуметтік міндеттер: адамды жəне азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кiнəсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тəртібін нығайту, қылмыстың алдын алу, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жəрдемдесу. Қылмыстық іс жүргізу құқығы көптеген құқық салаларымен жəне оларға тиесілі ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты дұрыс анықтау қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалармен арақатынасын анықтауға жəне құқық жүйесіндегі алатын орнын белгілеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қылмыстық құқық, қылмыстық атқару құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, құқық қорғау органдары, криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, сот статистикасы, криминология жəне т.б. Қылмыстық іс жүргізу құқығы, өзге құқық салаларымен міндеттер мен принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін, біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізудің өзіне тəн функциялары бар. Функциялар іс жүргізу қызметінің негізгі түрлері мен бағыттарын анықтайды. Оларды негізгі жəне қосымша функциялар деп екі түрге бөлеміз. Негізгі функцияларға: қылмыстық істі тергеу; қылмыстық ізге түсу; заңдылыққа прокурорлық қадағалау; қорғау; қылмыстық істі сотта қарау мен шешу жатады. Қосымша функциялар: ақтау; азаматтық талапты қолдау; азаматтық талаптан қорғау; процеске қатысушылардың қауіпсіздігі; қылмыстардың алдын алу. Қылмыстық іс жүргізудің функцияларының мазмұны мен мəнін дұрыс анықтау, процеске қатысушылардың мəртебесін белгілеуге жəне олардың іс қимылдарының нысандары мен шектерін ажыратуға мүмкіндік береді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының принциптері бар. Принциптер (қағидалар) деп қылмыстық іс жүргізудің жалпы құрылымын анықтайтын басшы көзқарастарды, негізгі қызмет ережелерді түсінеміз. «Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыстан туындаған жəне қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мəнін жəне олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау жəне нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мəнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекеттік қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер» 6 ҚР ҚІЖК-ң 9-бабына сəйкес, қылмыстық процесс принциптерiнiң мəнi мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мəнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердi бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дəлелдеу күшi жоқ деп тануға əкелiп соқтырады. ҚР ҚІЖК-де принциптердің тізбегін жинақтап көрсететін арнайы норма жоқ. Бірақ принциптер кодексте əртүрлі баптарда 6 Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық -Алматы: «Жеті жарғы» 2000. – 130 бет. белгіленген. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сəйкес келеді. Оларға: заңдылық (10-бап), сот əдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы (11-бап), адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау (12-бап), жеке адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу (13-бап), адамның жеке басына тиiспеушiлiк (14-бап), қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау (15-бап), жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф жəне өзге де хабарлардың құпиясы (16-бап), тұрғын үйге қол сұқпаушылық (17- бап), меншiкке қол сұқпаушылық (18-бап), кiнəсiздiк презумпциясы (19-бап), қайта соттауға жəне қылмыстық iзге түсуге жол берiлмеуi (20-бап), сот əдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк негiздерiнде жүзеге асыру (21-бап), судьялардың тəуелсiздiгi (22-бап), сот iсiн жүргiзудi тараптардың бəсекелестiгi мен тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыру (23-бап), істiң мəн-жайын жан-жақты, толық жəне объективтi зерттеу (24-бап), дəлелдемелердi iшкi сенім бойынша бағалау (25-бап), сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету (26-бап), куəлiк айғақтар беру мiндетiнен босату (27-бап), бiлiктi заң көмегiне құқықты қамтамасыз ету (28-бап), жариялылық (29-бап), қылмыстық сот iсiн жүргiзу тілі (30-бап), іс жүргiзу əрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы (31-бап). Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында (77-бап) белгіленуі болып табылады. «Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ жəне бірыңғай болып табылады».7 Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу принциптері Қазақстан Республикасның конституциялық заңдарында, салалық құқықтық актілердің кейбір нормаларында көрініс тапқан. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері деп, тиісті нормалардан тұратын құқықтық актілердің жиынтығын (жүйесін) айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерін ҚР ҚІЖК-ң 1-бабына сəйкес төмендегідей бөліп көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі; -Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық жəне өзге де мiндеттемелерi; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тəртібін реттейтiн нормативтiк қаулылары. 7 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: «ЮРИСТ» баспасы, 2007. – 31 бет. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13 желтоқсан 1997 жылы қабылданып, өзінің заңды күшіне 1 қаңтар 1998 жылы енгізілген (16 қаңтар 2013 жылы соңғы өзгертулер мен толықтырулар болды). Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылысы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу өндірісінің мазмұны мен кезеңдеріне тікелей тəуелділік негізінде құрылған. ҚР ҚІЖК-сі 13 бөлімнен жəне 62 тараудан тұрады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық іс жүргізуге қатысты негізгі заң болғанымен, оның талаптарын орындау үшін көптеген басқа заңдарды да дұрыс қолдана білу қажет. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының доктриналық жəне құқықтық түсіндірмелерін де назардан тыс қалдыруға болмайды. |