Главная страница
Навигация по странице:

  • Прокуратура.

  • Тергеу

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница126 из 190
    1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   190

    Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері


    Қылмыстық іс жүргізудің субъектілерін дұрыс анықтау, оларды арнайы топтарға бөлу өте маңыздыболып табылады. «Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тəртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы іс жүргізу құқығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығында құқық қолдану іс-əрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асырылады». 8

    Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз, бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мəжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады. Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады жəне олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тəртібін нығайтуға жəрдемдеседі.

    «Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын жəне қоғамдық тəртіп пен құқықтық тəртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура т.б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жататындықтарымен олар қоғамдық тəртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға ең алдымен полиция жəне ішкі істер органдарының ішкі əскер, патрульдік қызметтегі секілді, қоғамдық тəртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады. Құқық қорғау органдарының қызметтеріне: 1) конституциялық бақылау; 2) əділ соттылық; 3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; 4) прокурорлық қадағалау; 5) қылмысты





    8 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы: «Жеті жарғы» 2010. 192-193 беттер.

    анықтау жəне тергеу; 6) заң көмегі жəне қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-əрекеттер жатады».9

    Құқық қорғау органдарының ішінде тікелей қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысатын субектілер бар. Олардың өкілеттіктері ҚР ҚІЖК-ң 2 бөлімінде «Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар» деп белгіленген. «Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге жəне қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын жəне іс жүргізушілік пен құқықтар берілген жеке жəне заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек».10 Ал ҚР ҚІЖК- де «процеске қатысушылар» деп - қылмыстық iзге түсудi жəне сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жəбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi деп көрсетілген.

    Қылмыстық іс жүргізу субъектілері деп, қылмыстық процеске қатысатын барлық органдар мен тұлғаларды айтуға болады, қылмыстық іс бойынша жүргізілетін сот өндірісіне байланысты олардың мақсаттары əртүрлі болғанымен, қылмыстық іс жүргізу заңдылығына сəйкес əр қайсының құқықтары мен міндеттері бар. Қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің ұғымын анықтау, ең алдымен қылмыстық іс жүргізу процесінде жүзеге асыратын олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін анықтау үшін қажет.

    Заң əдебиеттерінде қылмыстық іс жүргізудің «субъектілері» жəне

    «қатысушылары» деген терминдерге ғалымдардың əртүрлі дау дамай көзқарастарын кездестіруге болады. Процесс субъектілері мен қатысушылары деп бөлу біршама жасанды сипат алып отыр, себебі құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылығы аталған құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. Қылмыстық іс жүргізу субъектілерін төмендегідей топтастыруға болады:

    1. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар сот, судья, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органының бастығы, анықтаушы.






    9 Сол жерде 193 бет.

    10 Төлубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық -Алматы:

    «Жеті жарғы» 2000. 234-235 беттер.

    1. Сот əділдігі шешімінің орындалуына қатысатын азаматтар, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының өкілдері (мысалы, алқа заседательдері, қоғамдық қорғаушылар, қоғамдық айыптаушылар).

    2. Іс жүргізудің қатысушылары (сезікті, айыпталушы жəне сотталушы, олардың қорғаушылары мен өкілдері, жəбірленуші, азаматтық талапкер жəне азаматтық жауапкер, олардың өкілдері).

    3. Қылмыстқ іс жүргізуге қатысушы өзге де субъектілер (куə, сарапшылар, мамандар, аудармашылар, сот отырысының хатшысы, куəгер, сот приставы, медиатор т.б.).

    Қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне тоқталып өтейік. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде «қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы деп белгіленген.

    Сот. Сот (судья) - қылмыстық процестің басты субъектісі болып табылады. Сот қылмыстық істерді сотта қарау жəне шешу жолымен сот əділдігін жүзеге асырады. Сондай ақ сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық жəне заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы да жүргізіледі. Сот билігін жүргізу алқабилердің қатысуымен де жүзеге асырылуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабында «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады» деп көрсетілген. Ата заңымыздың 7-бөлімі сот жəне сот төрелігіне арналған. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар - азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық жəне ведомствалық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

    ҚР ҚІЖК-ң 7-тарауы сот мəртебесіне арналған, онда кез-келген қылмыстық соттың заңды, тəуелсiз, құзыреттi жəне бейтарап құрамымен ғана қаралатындығы белгіленген. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін:

    • Жоғарғы Сот;

    • облыстық жəне оларға теңестiрiлген соттар;

    • аудандық жəне оларға теңестірілген соттар;

    • қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соттар, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың əскери соттары жүзеге асырады.

    Сот өкілеттілігі заңмен нақты айқындалған:

    1. адамды қылмыстың жасалуына кінəлі деп тануға жəне оған жаза тағайындауға;

    2. адамға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын не мəжбүрлеп тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;

    3. төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;

    4. тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге жəне олардың мерзімін ұзартуға;

    5. сот актілерін жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарауға;

    6. күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқықты.

    Сонымен қатар, егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мəн-жайлар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін осы мəн-жайлар мен фактілерге тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқығы бар. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, жəне ол заң бойынша жауапкершілікке əкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында судьялар басшылыққа алатын нақты қағидалар белгіленген. Сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ жəне бірыңғай болып табылады.

    Істі сот орындарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған төмендегі принциптерге негізделеді.

      • адамның кінəлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінəлі емес деп есептеледі;

      • бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе əкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

      • өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

      • сотта əркім өз сөзін тыңдауға құқылы;

      • жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тастаса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

      • айыпталушы өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес;

      • ешкім өзіне-өзі, жұбайына жəне заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;

      • адамның кінəлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарстырылады;

      • заңсыз тəсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

      • қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Қазақстан Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар,

    заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар жəне біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын жəне судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Жергілікті жəне басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.

    Прокуратура. Прокуратура - заңның дəлме–дəл жəне біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық мəртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тəртібі жəне прокурорлардың өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен бірге,

    «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін əрі шектейтін заңдармен, сондай–ақ Бас Прокурордың бұйрықтармен реттелген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сай: «Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəлме-дəл əрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, əкімшілік жəне орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тəртіпте жəне шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады». Прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тəуелсіз жүзеге асырады жəне Республика Президентіне ғана есеп береді. Қазіргі прокуратураның құрылымына келетін болсақ, төменгі прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға жəне Республиканың Бас Прокурорына бағына отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.

    «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы заңының 4-бабында прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны айқындалған:

    1. Конституцияның, Заң актiлерiнiң жəне Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

    2. жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, əкiмшiлiк жəне атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

    3. сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;

    4. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға жəне басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

    5. заңда белгiленген тəртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

    6. статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн жəне жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

    Қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурордың төмендегідей өкілеттіктері заңда белгіленген:

      • жүргiзiлетiн тексерiс мəселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға жəне олардан айғақтар алуға;

      • қызметтiк куəлiгiн көрсетiп, мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;

      • жүргiзiлетiн тексерiс мəселелерi жөнiнде банктерден жеке жəне заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мəлiметтердiң жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мəлiметтер алуға;

      • жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нəтижелерi туралы хабар берiп отыруды талап етуге;

      • басшылардан жəне басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай- күйi жəне оны қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық ақпаратты алуға;

      • тексерiске қатысу жəне қорытынды беруi үшiн мамандарды тартуға;

      • прокуратураға түскен материалдарға, арыздарға өзiнiң құзыретiне сəйкес тексерiс жүргiзудi талап етуге жəне бұлардың нəтижелерi туралы хабарлауды мiндеттеуге;

      • қауiпсiздiктi жəне қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;

      • сараптамалар тағайындауға;

      • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексерiс əрекеттерiн жасауға құқылы.

    Тексерiс нəтижелерi бойынша прокурор:

    1. наразылық енгiзедi;




    1. заң бұзушылықты болдырмау жөнiнде ұйғарым бередi;




    1. қылмысты қозғау, тəртiптiк жүргiзу немесе əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы жүргiзу, прокурордың талабын мəжбүрлеп орындау, жеткiзу (күштеп əкелу) жөнiнде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;




    1. адамның жəне азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актiнiң күшiн тоқтата тұрады;




    1. мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары енгiзген тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе алып тастайды;




    1. мемлекеттiң, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi;




    1. органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгiзедi.

    «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-бабында прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесі белгіленген:

    Прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме.
    2) Прокуратураны ұйымдастыру жəне оның қызмет мəселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
    Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық мəртебесі

    «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тəртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық жəне өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу жəне жолын кесу жөніндегі атқарушылық жəне өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

    «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңының 2-

    бабына сай, ішкі істер органдарының төмендегідей міндеттері бар:

    - қоғамдық тəртiптi қорғау жəне қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе əскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;


    • қылмыстар мен əкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу жəне тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;

    • құқық бұзушылық профилактикасы;

    • заңдарда белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама мен əкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асыру;

    • əкiмшiлiк жазалауларды орындау;

    • əкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тəртібін қамтамасыз ету жəне адамдарды ұстау режимін сақтау;

    • кəмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау жəне тыю;

    • қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жəрдем көрсету;

    • жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау жəне бақылау;

    • есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;

    • азаматтық жəне қызметтік қаруды жəне оның оқ-дəрілерін мемлекеттік бақылау;

    • күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды жəне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметін мемлекеттік бақылау;

    • мемлекеттік жəне өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;

    • виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртiбiн сақтауын бақылау;

    • соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;

    • өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық жəне табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жəрдем көрсету;

    • Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес лицензиялық жəне рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

    • Қазақстан Республикасының айрықша маңызды жəне айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік жəне күзет шараларын жүзеге асыру;

      • iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мəселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

    • есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жəне олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-əрекет жасау;

    • «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығына ие бола отырып, терроризмге қарсы операция жүргізуге жəне терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.

    Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі əскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер жəне өзге де ұйымдар құрайды. Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, əкімшілік полиция жəне полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің əскери құрылымдар мəртебесі бар əскери-тергеу органдары мен əскери полициясы құрылады. Криминалдық, əкімшілік жəне өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары мен əскери полициясын құруды, қайта құруды жəне таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.

    Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық іс жүргізудегі негізгі қатысушылардың бірі болып табылады. Тергеу бөлімінің бастығының процессуалдық өкілеттіктері Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген. . Тергеу бөлiмiнiң бастығы деп, алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы жəне өз құзыретi шегiнде iс-əрекет жасайтын оның орынбасарларын айтамыз (ҚР ҚІЖК-ң 63-бап).

    Тергеу бөлiмiнiң бастығы:

      • тергеу iсiн жүргiзудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді тергеушiге тапсыра алады;

      • тергеушiлердiң жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша олардың дер кезiнде iс-əрекет жасауына бақылау жасайды;

      • тергеушiлердiң алдын ала тергеу жəне күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына бақылау жасайды;

      • прокурор нұсқауларының, заңды белгiленге басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды;

      • iстер бойынша нұсқаулар бередi;

      • алдын ала тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсыра алады;

      • заңда көзделген жағдайларда тергеушiнi бойынша жүргiзуден шеттете алады;

      • өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алады жəне алдын ала тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу бөлiмшесiне бередi;

      • аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдай алады.

    Сонымен қатар, тергеу бөлiмiнiң бастығы қылмыстық қозғауға, қылмыстық iстi өзiнiң жүргiзуiне алуға жəне бұл орайда тергеушiнiң өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргiзуге немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге құқығы бар.

    Тергеу бөлiмi бастығының өкілеттіктері тергеушінің дербестігін шектей алмайды. Тергеуші тергеу бөлімі бастығының нұсқауларымен келіспеген жағдайда прокурорға шағым түсіре алады, осы арқылы тергеуші өкілеттігінің тұтастығына жəне оған берілген құқықтардың толық жүзеге асуына кепілдік береді.

    Тергеу бөлімі бастығының процессуалды өкілеттігін екі түрге бөле аламыз. Бірінші түрге, нақты қылмыстық істі тергеудегі проуессуалдық бақылау тəсілдері жатады. Екіншісін, оған бағынышты тергеушілерді процессуалды басқаруға бағытталған тəсілдер құрайды.

    Тергеуші. Қылмыстарды тез жəне толық ашу, кінəлілерді əшкерелеу міндеттерін шешуде, қылмыс жасағаны үшін міндетті түрде жауапкершілікке тарту қағидасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде тергеуші елеулі роль атқарады. Тергеушінің ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, ішкі істер органдарының жəне қаржы полициясының лауазымды тұлғасы ретіндегі іс- əрекетінің мазмұны қылмыстылықпен күресу міндеттерімен анықталады. Тергеуші анықтау органының жедел қызметкерлерімен əрекеттесе отырып, анықталған қылмыстарды ашу жөніндегі жұмысқа бірінші болып кіріседі. Қылмыстылықпен күресудің тиімділігі көбінесе оның бастамашылығына, кəсіби даярлығының деңгейіне, моральдық қасиеттеріне байланысты. Бірақ, тергеуші сонымен қатар заңға қызмет етеді. Оның алдын ала тергеуді жүргізу жөніндегі барлық іс-əрекеті қатаң түрде заңға бағындырылған. Қылмыстық процессуалдық заң қылмыстарды ашуға жəне оларды жасаған тұлғаларды əшкерелеуге бағытталған қандай да бір əрекеттерді жүзеге асыру тəртібін реттей отырып, тергеушінің өкілеттіктерінің көлемін, оның құқықтары мен міндеттерін бекітеді.

    ҚР ҚІЖК-ң 64-бабына сəйкес: Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уəкiлеттiк берiлген лауазымды адам: арнайы прокурор, iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi жəне қаржы полициясы органдарының тергеушiсi деп белгіленген.

    Тергеуші істің мəн-жайын жан-жақты, толық жəне объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған қатысты жеткілікті дəлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, заңға сəйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

    ҚР ҚІЖК 64-бабына сəйкес тергеуші, заңда прокурордың санкциясынан немесе соттың шешімінен алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс - əрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес қабылдайды жəне олардың заңды жəне уақытылы атқарылуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырады. Сонымен қатар, тергеулік іс əрекеттер жүргізу барысында ешбір адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмауы керек. Барлық тергеулік іс əрекеттер заңға сəйкес жүргізілуі керек. Себебі, Ата заңымыздың 17-бабында: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір көрсетуге не жазалауға болмайды» - деп тікелей көрсетілген. Өкінішке орай, кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл норманы көп жағдайда сақтай бермейді.
    1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   190


    написать администратору сайта