Главная страница
Навигация по странице:

  • Анықтау органының бастығы

  • Жəбірленуші.

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница127 из 190
    1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   190

    Анықтау органы жəне анықтаушы.


    ҚР ҚІЖК 65-бабына сəйке анықтау органдарына:


    1. iшкi iстер органдары;




    1. ұлттық қауiпсiздiк органдары;




    1. алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV Заңымен;




    1. қаржы полициясы органдары;




    1. контрабанда жəне кеден төлемдерiн төлеуден жалтару туралы iстер бойынша - кеден органдары;




    1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да əскерлерi мен əскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша əскери қызметiн өткеріп жүрген əскери қызметшiлер; əскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; əскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың жəне мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша əскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады.

    Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдары;

    1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңдарды

    2. бұзу туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфiнде жасалған қылмыстар туралы iстер бойынша - шекара бөлiмдерiнiң командирлерi;




    1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да əскерлерi мен əскери құрамаларында шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша əскери қызметiн атқарып жүрген өздерiне бағынысты əскери қызметшiлер, сондай-ақ олар əскери жиындар өткеру кезiнде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша; əскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың жəне мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған қылмыстары туралы iстер бойынша - əскери полиция органы болмаған жағдайда əскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, əскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;




    1. өздерiнiң қызметкерлерi болған елдерiнде жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң жəне өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;


    10-1) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған жəне тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;


    1. өртке байланысты барлық қылмыстар туралы iстер бойынша - өртпен күресу қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмшелерi жатады.


    Анықтау органының бастығы болып, қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген (190-1 жəне 285-баптарында) қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi жүргiзу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, анықтау органы бөлімінің бастығы жəне олардың орынбасарлары ие болады (ҚР ҚІЖК-ң 66-бабы).

    Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау жəне жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық жүргiзу жəне жедел iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін

    маңызы болатын, нақты деректері бар нəтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен заңда белгіленген тəртіппен жібереді. Заңда анықтау органының бастығының басқа да өкілеттіктері көрсетілген.

    Анықтаушы - өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi жүргiзудi жүзеге асыруға уəкiлеттi мемлекеттiк лауазымды адам болып табылады (ҚР ҚІЖК-ң 67-бабы). Анықтаушы қылмыстық процессуалдық заңда айқындалған нысандарда сотқа дейiнгi жүргiзудiң басталуы жəне жүзеге асырылуы туралы шешiм қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекiтуi, прокурордың, соттың санкциялары немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешiмдер қабылдауға жəне тергеу мен басқа да iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуге құқылы.

    Сонымен қатар, заңда анықтаушының міндеттері де көрсетілген. Олар:

    • анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлуi мiндеттi қылмыстық iстер бойынша кiдiртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу əрекеттерi мен жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi;

    • анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының жəне анықтау органының жекелеген тергеу əрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті;

    • үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тəркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың əрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті;

    • анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi.

    Қылмыстық процесс субъектілерінің ішінде, іс жүргізуге қатысушылардың алатын орны ерекше. «Сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жəбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер бұлардың барлығы өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап қылмыстық үрдіске қатысушылар деп аталады» 11

    Қылмыстық процеске қатысушылар ретінде сезікті мен айыпталушының процессуалдық мəртебесін анықтау өте маңызды болып табылады. Біздің елімізде сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын тиісті түрде қамтамасыз ету мəселелеріне заңгер мамандардың тарапынан баяу көзқарас, қазіргі таңдағы қылмыстылықтың жоғары деңгейі, сот тергеу тəжірибесіндегі



    11 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы: «Жеті жарғы» 2010. 235 бет.

    орын алатын сот қателіктері бұл мəселеге аса үлкен жауаптылықпен қарауды талап етеді. 12

    Сезікті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68- бабының 2-бөлігінде: «Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмəн келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгіленген негіздерде жəне тəртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам сезікті болып танылады» деп көрсетілген. Заң бойынша қылмыстық істе сезіктінің пайда болуының бірнеше шарттары бар:

    • қылмыстық іс қозғалған кезден бастап;

    • адамның сезікті ретінде ұсталуы (ұстау үшін ҚР ҚІЖК-ң 132-бабында көрсетілген негіздер болуы міндетті);

    • айыпталғанға дейін бұлтарпау шарасының біреуін қолдану (ҚР ҚІЖК-ң

      1. бабында көрсетілген негіздер).

    Сезікті қылмыстық сот ісін жүргізудің тұрақты қатысушысы болып табылмайды. Адамды сезікті деп танудың негізінде, оның қылмыстық əрекет (əрекетсіздікті) жасау күдігі жатыр. Ол құқық қорғау органдарымен дəлелденуі қажет, басқаша жағдайда адам сезікті санатынан алынып тасталады. Сезіктінің құқығы ол осы санатқа кірген бірінші күннен бастап қорғалуы қажет. Осы кезден бастап адам адвокат-қорғаушының көмегіне жүгінуге құқықты болуы шарт. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында «сезіктіні ұстау» жəне «нақты ұстау сəті» ұғымдарын нақтылап анықтау қажет деп ойлаймыз.13

    Қылмыстық іс жүргізу заңына сай, сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша жəне құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тəсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы жəне ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы. Заң бойынша күдікті деп тану туралы қаулы шығарылады. Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға ұсынылады. Тергеушi күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдiктiнiң құқықтарын түсiндiруге жəне қаулының көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi. Қаулы шығарылғаннан кейiн оның көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.




    12 Қуаналиева Г.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын қамтамыз ету мəселелері: заң ғылым.доктор дисс. авторефераты. 12.00.09. Алматы, 2010. 19 бет.

    13 Қуаналиева Г.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын қамтамыз ету мəселелері: заң ғылым.доктор. ... дисс. авторефераты. 12.00.09. Алматы, 2010. 20 бет.

    Айыпталушы. Айыпталушының процесуалдық жағдайы сезіктіге ұқсас келеді. Адамның кінəсі дəлелденбей оған қылмыскер ретінде қарауға болмайды. Кез келген тікелей немесе жанама түрде айыпталушыны қылмыскерге теңестіру оған деген қарым-қатынастың жалпы сипатына, сондай-ақ оның құқықтарын қамтамасыз етуге əсер етеді.

    ҚР ҚІЖК-ң 69-бабының 1-бөлігіне сəйкес: «Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған жəне бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады». Заңда адамның қылмыстық сот ісін жүргізу сатыларындағы жағдайы да анықталған. Мəселен, сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы, - ақталушы ретінде танылады.

    Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айыпталушының құқықтары тікелей құқықтары көрсетілген. Олар:

    - заңға қайшы келмейтін құралдармен жəне тəсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жəне қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына;

    - өзінің не үшін айыпталғандығын білуге жəне қылмыстық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулылардың көшірмелерін алуға;

    • қылмыстық қудалау органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;

    • қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне;

    • бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға

    • өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;

    • айғақ беруден бас тартуға;

    • дəлелдер ұсынуға;

    • өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті жəне қарсылықты мəлімдеуге;

    • ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге жəне түсінісуге;

    • аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

    • қорғаушысының болуына;

    • заңда көзделген жағдайларда жəне тəртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушысымен оңаша жəне құпия жолығуға;

    • тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу əрекеттеріне қатысуға;

    • заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тəртібімен жəбірленушімен татуласуға;

    • өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу əрекеттерінің хаттамаларымен танысуға жəне оларға ескертулер беруге;

    • сараптама тағайындалған, жүргізілген кезде, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚР ҚІЖК-ң 244, 254, 354 жəне 355-баптарында көзделген əрекеттерді жүзеге асыруға;

    • тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға жəне одан кез келген мəліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

    • айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының жəне оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;

    • тергеушінің, анықтаушының, прокурордың жəне соттың əрекеттері

    (əрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;

    • ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;

    • жария сот талқылауын талап етуге құқылы.

    Cонымен қатар, заңда сотталушының жəне ақталған адамның құқықтары да белгіленген.

    Сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу мəртебесі халықаралық стандарттарға сай болып, олардың қамтамасыз етілуіне Қазақстан Республикасы кепілдік беруі қажет.

    Қорғаушы. Қорғаушы ретінде іске адвокат қатыса алады. Қорғаушы деп заңда белгiленген тəртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын жəне оларға заң көмегiн көрсететiн адамды айтамыз (ҚР ҚІЖК-ң 70-бабы).

    Қорғаушы айып тағылғаннан немесе заңға сəйкес сезiктi деп танылған кезден бастап, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сəтінде iске қатысуға жiберiледi. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ. Қорғаушы ретінде адвоктпен бірге өзге де адамдар да қатыса алады.

    Қорғаушыдан бас тарту тəртібі де заңда көрсетілген. Сонымен қатар, Қорғаушыны іске қатысуға шақыру, тағайындау, ауыстыру, қорғаушының өкілеттігі, оның еңбегiне ақы төлеу мəселелері заңда реттелген. Қорғаушының іске міндетті қатысуы ҚР ҚІЖК-ң 71-бабында көрсетілген. Олар:

      • ол туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiш жасаса;

    • күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кəмелетке толмаса;

    • күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

    • күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi

    жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

    • адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;

    • айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе ол мəжбүр етiлiп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлсе;

    • күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;

    • қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге жəбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердiң өкiлi қатысса;

    • сотта қаралған кезде прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;

    • айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса жəне алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.


    Жəбірленуші. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ішінде ерекше орынды жəбірленуші алады. Жəбірленуші болмаса, ешкімге зиян келмесе іс жүргізу де орын алмайтын еді. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңында жəбірленушінің құқықтары мен міндеттеріне аса мəн берілген. ҚР ҚІЖК-ң 75- бабына сай: «Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене жəне мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жəбiрленушi болып танылады». Адам қылмыстық процесте қылмыстық іс қозғалған кезден бастап тиісті қаулы шығысымен жəбірленуші болып танылады. Егер адамды жəбiрленушi деп танығаннан кейiн оның бұл жағдайда болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өзiнiң қаулысымен ол адамның iске жəбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады. Жəбiрленушi қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге, бойынша белгiлi барлық мəн-жайларды шын хабарлауға жəне қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мəн-жайлар туралы мəлiметтердi жарияламауға; тергеу əрекеттерiн жүргiзу кезiнде жəне сот

    отырысы уақытында белгiленген тəртiптi сақтауға мiндеттi. Жəбiрленушi жауап беруден бас тартқаны үшiн жəне қасақана жалған айғақ бергенi үшiн заңдарға сəйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

      1. 1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   190


    написать администратору сайта