Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстан

  • Жердi

  • Жердi қорғау мен ұтымды пайдалану қағидасы.

  • Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қағидасы.

  • Жердi нысаналы пайдалану қағидасы

  • Жердiң жай-күйi қолжетiмдiлiк ақпаратпен ету қағидасы.

  • Жердi ақылы пайдалану қағидасы.

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница139 из 190
    1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   190

    Жер құқығының қағидалары


    Құқық қағидасы – бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мəнiн жəне мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бiр жағынан, олар құқықтың заңдылықтарын көрсетедi, екiншi жағынан, құқықтық реттеудiң барлық аясында əрекет ететiн жəне барлық субъектiлерге тарайтын жалпы нормаларды бiлдiредi. Бұл нормалар заңда тiкелей көрсетiледi немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшiн алға қоятын идеялар ретiнде бола тұрып, құқық нормаларын жетiлдiру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесi адам мен қоғамның маңызды мүдделерi мен қажеттiлiктерiне бейiмделедi. Құқық қағидалары құқықтың мəнiн бiлдiруде оған негiз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар əдiлдiк пен бос-тандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады. Құқық қағидалары əдiлдiк, туралық көрсеткiшi болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленедi, олардың ұзақ уақыт бойына өзгермейтiндiгi құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады.

    Заң əдебиеттерiнде жер заңдары қағидаларына көп көңiл бөлiнген. Қазақстандық ғалымдар iшiнде С.Б. Байсалов, Д.Л. Байдельдинов, А.Е. Еренов, Ə.Е. Бектұрғанов, Н.Б. Мұхитдинов, Б.Ж. Əбдiрайымов, Л.Қ. Еркiнбаева жəне басқа да ғалымдар қағидаларды зерттеген. Ресей ғалымдарының iшiнде бұл салада зерттеулер жүргiзген ғалымдар – Б.В. Ерофеев, О.И. Колбасов, В.В. Петров жəне т.б.

    Жер құқығының қағидалары дегенiмiз – жер құқық-қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негiзгi заңды түрде бекi-тiлген бастамалар жиынтығы.

    Атақты ғалым заңгер, Ə.Е. Бектұрғановтың пiкiрi бойынша, жер заңдарының қағидалары келесiлер болуы керек дейдi:

    жердi табиғат объектiсi, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен тiршiлiгiнiң негiзi ретiнде сақтау жəне қорғау;

    жерде экологиялық қауiпсiздiк шараларын сөзсiз iске асыру; жерлердi мақсатты жəне ұтымды пайдалану; ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң басымдығы;

    жерге жердiң жеке меншiк иесiне жəне жер пайдаланушыларға зиян келтiрмеу;

    ақылы жер пайдалану;

    жер нарығы тəртiптерiн сақтау.

    Жер кодексiнiң 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудiң қағидалары

    (принциптерi) аталған:

    Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы жəне бөлiнбейтiндiгi;

    Жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;

    Жердi қорғау жəне ұтымды пайдалану; Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; Жердi нысаналы пайдалану;

    Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң басымдығы;

    Жердiң жай-күйi жəне оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз

    ету;

    Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау; Жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

    Жердi ақылы пайдалану.

    Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмау- шылығы жəне бөлiнбейтiндiгi қағидасы. Бұл қағида жер заңдарында жаңадан орын алған жəне Қазақстан Республикасының егемендiгiн қамтамасыз ететiн маңызды қағидалардың бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сəйкес, жер учаскесiн Қазақстан азаматы мен заңды тұлғасына, сонымен қатар, мемлекеттiк емес шетел тұлғаларына жеке меншiкке беру мемлекет аумағын бөлiп берудi немесе берiлген жер учаскесiн мемлекеттiк басқару шеңберiнен шығаруды бiлдiрмейдi. Жер учаскесi жеке меншiкке берiлгенiмен мемлекеттiк реттеу аясында қалады. Сол себептен, қазiргi нарықтық жағдайда, жер учаскесiнiң азаматтық айналымның еркiн объектiсi ретiнде танылып отырған шақта мемлекет егемендiгiн, аумағының тұтастығын жəне бөлiнбейтiндiгiн қамтамасыз ету үшiн аталған қағиданы ұстану жəне басшылыққа алу өте орынды. Қазақстан Республикасының аумағына жататын жер бiртұтас, тек мемлекетке тиiстi екендiгiн бiлдiредi. Яғни, қандай да бiр басқа мемлекеттiң Республика жерiне қандай да бiр талаптары қабылданбайды немесе салуға болмайды деген қағиданы бекiтедi.

    Жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау қағидасы. Бұл қағида бойынша жер адамның өмiр тiршiлiгiнiң, оның əлеуметтiк жəне экономикалық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға қажеттi табиғи ресурс болып табылады. Осы табиғи ресурстарды қорғау мен сақтауды жүзеге асырмай əлеуметтiк жəне экономикалық қажеттiктердi iске асыру мүмкiн еместiгiн бiлдiредi.

    Жердi қорғау мен ұтымды пайдалану қағидасы. Жердi ұтымды пайдалану қағидасының мазмұны жер санаттарының түрiне қарай əртүрлi болады: ауылшаруашылық мақсатқа арналған жерлердi пайдалану кезiнде оларды ұтымды пайдалану қағидасы жоғары деңгейдегi сапалы өнiм ала отырып, ауылшаруашылық жердiң өнiмдiлiгiн жүйелi түрде көтерудi көздейдi; ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерде ұтымдылық жер учаскесiн үнемдеу мен объектiлердi алқаптарда өте пайдалы əдiспен орналастыруда көрiнедi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (рекреациялық немесе тарихи-мəдени

    мақсаттағы) жерi пайдалануда ұтымдылық, аталған жерлердi пайдаланудағы арнайы мақсатын қамтамасыз етiп адамдардың демалуын жəне тарихи-мəдени объектiлердi дұрыс сақталуын қамтамасыз етуден көрiнедi. Бұл қағида жер құқығының барлық институттарын қамтып өтедi жəне көптеген жер-құқық нормаларынан көрiнiс табады.

    Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қағидасы. Бұл қағида жердi табиғи ресурс ретiнде қорғау мен сақтау қағидасынан туындайды. Кеңес Одағында, Қазақстан Республикасының аумағындағы полигондарды толып жатқан əртүрлi атом жары-лыстары жүргiзiлдi. Осылардың əсерiнен, жер күйзелiске ұшырап жердiң құнарлылығы төмендедi. Арал жəне Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтарына айналды. Көптеген өндiрiс орындары экологиялық шараларды қолданбайды, жерге, суға, ауаға өндiрiс қалдықтары мен улы заттарды залалсыздандырмай шығарып тастайды.

    Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады жəне табиғи жүйелердi сақтаудың жəне қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады. Экологиялық қауiпсiздiк дегенiмiз – жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк жəне табиғи əсер ету нəтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай- күйi. Қазiргi таңда экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы қабылданған. Аталған тұжырымдамаға сəйкес, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң келесi кезеңдерi қарастырыл-ған:

    Бiрiншi кезең (2004 – 2007 жылдар) – қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету жəне оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын əзiрлеу.

    Екiншi кезең (2008 – 2010 жылдар) – қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру жəне табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.

    Yшiншiкезең(2011 2015 жылдар) қоршаған ортаның сапасын жақсарту жəне қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.

    Қазақстан Республикасында экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында:

    • жер ландшафтын тұрақты ұстап тұру жағдайын жасау немесе қорғау жерге орналастырудың басты мақсаты болып табылады. Оған жерге орналастырудың мынадай мақсаттары бағынады: – жерге орналастырудың схемасын жасау, жаңа жерлердi игеру жобасын жасау, ерекше режиммен пайдалану аумағын анықтау;

    • жердi аумақтық экологиялық жағдайын бұзатын тəсiлмен пайдалану, жер учаскесiндегi топырақтың құнарлылығын төмендететiн жағдай эксплуатациялау, экологиялық жағдайдың нашарлауы бұл учаскенi алып қоюға негiз болады;

    • жаңа немесе реконструкциялап объектiлердi, үйлердi, ғимараттарды өндiрiске енгiзу, сонымен қатар, жер жағдайы мен қоршаған ортаға керi əсер ететiн жаңа технологияларды енгiзу мiндеттi түрде қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру барысында қарастырылуы керек. Мұндай жұмыстарды жүргiзу алдында мемлекеттiк санитарлық-гигиеналық жəне экологиялық сараптаманың оң шешiмдi қорытындысы болуы тиiс;

    • жерге керi əсер ететiн процестердi жоюы үшiн алдын ала жер қорының жағдайына бақылау жүйесi ретiнде жер монито-рингi үздiксiз жүргiзiлiп отыруы керек.

    Жердi нысаналы пайдалану қағидасы. Бұл қағида жер құқығының барлық институттарының мазмұнын қамтиды. Егер мүлiк (үйлер, ғимараттар, көлiк құралдарын жəне т.б.) өз мақсатында емес басқа мақсатта қолдануға мүмкiн болса, жердi оның пайдалану режимiн куəландыратын құжатта көрсетiлмеген пайдалануға болмайды. Мəселен, осы мақсат көрсетiлмесе егiстiкке бөлiнген жерге орман ағаштарын отырғызуға болмайды немесе керiсiнше орман ағаштарын отырғызуға арналған жердi егiстiкке пайдалануға болмайды.

    Жердiң нысаналы мақсаты бұл жердiң категориясына сəйкес, заңмен белгiленген тəртiп пен жағдайды нақты мақсатта пайдалану шегi.

    Сонымен бiрге, жердiң құқықтық режимi оларды пайдаланудың ережелерiмен жəне жер, орман, су, қоршаған ортаны қорғау заңдарымен жəне жер қойнауын қорғау заңдарына сəйкес, азаматтық айналымға енгiзу, қорғау, мониторинг жəне есептеу ар-қылы жердiң анықталған категориясын қамтуы негiзiнде анықталады.

    Жердiң негiзгi санаттарының құқықтық режимi жəне нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының жер заңдарымен жəне жер орналастыру құжаттарымен анықталады.

    Жер кодексiнiң 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сəйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иесi жердi оның нысаналы мақсатына сəйкес, ал, уақытша жер пайдалану негiзiнде – жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сəйкес, пайдалануға мiндеттi. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын анықтамай меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы пайда болуы мүмкiн емес. Жердiң нысаналы мақсатын өздiгiнше өзгерту құқық бұзушылық болып табылады жəне меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына негiз болуы мүмкiн. Жердi нысаналы пайдалану барлық жер заңдарының спецификасын көрсететiн қағида болып табылады. Жердi нысаналы пайдалану жердi санаттар мен алқаптарға бөлу негiзiн құрайды.

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер басымдығы қағидасы. Бұл қағида Жер кодексiнiң 4-бабы 6-тармағында қаралған. Соған сəйкес, ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы

    өндiрiсiндегi шығындары ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемi мен олардың сапасын қалпына келтiру арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында республикалық бюджет кiрiсiне өтелуге тиiс.

    Осыған ұқсас норма Жер кодексiнiң 165-бабы 1-тармағы 4-бөлiгiнде бекiтiлген. Соған сəйкес, топырақ құнарлылығының бүлiнуiне əкеп соғатын, су режимiн нашарлатып ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелерiне зиянды заттар бөлiп шығаратын объектiлердi салу мен пайдалану жер сапасының нашарлаған жағдайында, келтiрiлген шығын толық көлемiнде өтелуге тиiс.

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы жер кадастры құжаттары мен ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға жарамды деп танылған жерлер бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн берiлу керектiгiнен көрiнедi. Ауыл ша-руашылығы емес қажеттiк үшiн ауыл шаруашылығына жарамсыз немесе төмен сападағы алқаптар берiлуi керек

    Жердiң жай-күйi қолжетiмдiлiк ақпаратпен ету қағидасы. Бұл қағиданың мазмұнынан Жер кодексiнiң 157-бабында жүзеге асырылғанын көруiмiзге болады. Соған сəйкес, мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи жəне шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мəлiметтердiң, өзге де қажеттi мəлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастры жер учаскелерiне құқықты субектiлер туралы ақпаратты енгiзедi. Ал, Жер кодексiнiң 158-бабы 5, 6- тармағына сəйкес, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк кəсiпорындар мен лауазымды адамдар жер кадастр құжаттамасына енгiзiлетiн мəлiметтердiң дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

    Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау қағидасы. Жердi қорғау шараларын қаржыландыру мемлекетiмiздiң экономикалық нарық жағдайына өтумен байланысты көптеген өзгерiске ұшырады. Ең алдымен, қаржыландыру көздерi көбейдi. Егер алғашқы уақытта бұл тек мемлекеттiк бюджеттiң жəне жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың еншiсi болатын. Жердi қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру 2005 жылы 5 қаңтарда қабылданған 2005–2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану бағдарламасы бойынша республикалық қаражат есебiнен қарастырылған. Қаржыландырудың жалпы көлемi 4655318 мың теңгенi құрайды. Соның iшiнде: 2005 жылға – 1474669 мың теңге; 2006 жылға – 1905685 мың теңге; ал 2007 жылға 1274964 мың теңгенi құрайды. Жердi қорғау шараларын жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыру жергiлiктi бағдарламаларға сəйкес анықталады.

    Жердi ақылы пайдалану қағидасы. Бұл 1917 жылғы Жер туралы декретпен жердi тегiн пайдалану қағидасы заңды тұрғыда бекiтiлiп, мемлекет жердi жеке жəне заңды тұлғаларға тегiн жəне мерзiмсiз пайдалануға берген. Заң əдебиеттерiнде бұрын да жердi шаруаларға жердi өтеусiз беру қағидасы күмəн келтiрген, өйткенi ол жердiң қалыпты нарықтық айналымын құру туралы жалпы ережеге сай келмейдi. Жердi жəне өзге табиғи ресурстарды тегiн пайдалану оларға қатысты ешкiмнiң меншiгi емес деген түсiнiктiң дамуына септiгiн тигiзедi. Жердi тегiн пайдалану жерге ұқыпты қарау тəрбиесi жеткiлiксiз болды, оның құнын анықтау бойынша экономикалық зерттеулердi жүргiзудi тежедi, елдегi жер экономикалық жағдайдың нашарлауы себептерiнiң бiрi болып табылды.

    Жер пайдаланудың ақылылығы жердi басқарудың ең негiзгi қағидасы болып табылады. Ол жердi пайдалану тек ақы төлеу арқылы ғана жүзеге асырылады деген ұғымды бiлдiредi. Жердi пайдаланудың тегiндiгi жердi ұтымды пайдалануға жеткiлiктi ынталандырмай, елiмiздегi жер ресурстарының экологиялық жағдайының нашарлап кетуiне əкеп соқты. Ақылық қағидасының негiзiнде жердiң экономикалық құны, яғни, бағасы жатыр. Жердiң ақшалай бағасы жердiң рөлiн өзге құнды ресурстармен салыстырып, ұтымсыз пайдалану кезiнде келтiрiлген шығынды дəл анықтауға мүмкiндiк бередi.

    Ақылылық қағидасының негiзiнде жердi экономикалық (құндық) бағалау жатыр. Жер нарық экономикасының бiр бөлiгi жəне объектiсi десек те болады. Ақшалай бағасының болуы жердiң құны мен бағасы (материалдық-техникалық, еңбек) бар өзге ресурстармен қатар, өндiрiстегi рөлiн салыстыруға мүмкiндiк бередi, бағалы жерлердi ауыл шаруашылықтан өзге мақсаттарға ойланбастан беруге жол бермейдi, сондай-ақ оларды ұтымсыз пайдаланған кезде жер алқаптарына келтiрiлген залалды нақтырақ анықтауға мүмкiндiк бередi.

    Жер пайдаланудың ақылылығы жердi басқарудың ең негiзгi қағидасы болып табылады. Ол жердi пайдалану тек ақы төлеу арқылы ғана жүзеге асырылады деген ұғымды бiлдiредi. Жердi пайдаланудың тегiндiгi жердi ұтымды пайдалануға жеткiлiктi ынталандырмай, елiмiздегi жер ресурстарының экологиялық жағдайының нашарлап кетуiне əкеп соқты. Ақылық қағидасының негiзiнде жердiң экономикалық құны, яғни, бағасы жатыр. Жердiң ақшалай бағасы жердiң рөлiн өзге құнды ресурстармен салыстырып, ұтымсыз пайдалану кезiнде келтiрiлген шығынды дəл анықтауға мүмкiндiк бередi.

    Ақылық қағидасының негiзiнде жердi экономикалық (құндық) бағалау жатыр. Жер нарық экономикасының бiр бөлiгi жəне объектiсi десек те болады. Ақшалай бағасының болуы жердiң құны мен бағасы (материалдық-техникалық, еңбек) бар өзге ресурстармен қатар, өндiрiстегi рөлiн салыстыруға мүмкiндiк бередi, бағалы жерлердi ауылшаруашылықтан өзге мақсаттарға ойланбастан беруге жол бермейдi, сондай-ақ оларды ұтымсыз пайдаланған жағдайда жер алқаптарына келтiрiлген залалды нақты анықтауға мүмкiндiк бередi.
      1. 1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   190


    написать администратору сайта