Главная страница
Навигация по странице:

  • Жерге

  • Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница142 из 190
    1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   190

    Жерге жеке меншiк құқығы, оның объектiлерi мен субъектiлерi жəне жүзеге асыру ерекшелiктерi


    Жерге жеке меншiк құқығы – жеке тұлғаның немесе мемле-кеттiк емес заңды тұлғаның өзiне тиесiлi жер учаскесiн заңда көрсетiлген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану жəне билiк ету құқығы болып танылады.

    Қазақстанда жерге жеке меншiк құқығы шектеулi нысанда жүзеге асырылады:

          1. Қазақстанның азаматтарына алты жағдайда ғана берiледi. Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сəйкес, ауыл шаруа-шылық мақсатындағы жерлер келесi жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн:

    Шаруа/фермер/ қожалығын жүргiзу үшiн; Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн; Орман өсiру үшiн;

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн; Саяжай құрылысы үшiн;

    Үйлердi/құрылыстар мен ғимараттарды/олардың мақсатына сəйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндi-рiстiк жəне өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi жəне олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi;

          1. Қазақстанның заңды тұлғаларына үш жағдайда берiледi. Ауылшаруашылық тауарлы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлуi мүмкiн Орман өсiру үшiн;

    Үйлердi /құрылыстар мен ғимараттарды/олардың мақсатына сəйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi жəне олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi.

          1. Шетелдiк тұлғаларға бiр ғана жағдайда. Үйлердi /құрылыстар мен ғимараттарды/олардың мақсатына сəйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi жəне олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi.

    Жерге жеке меншiк құқығының объектiлерi болып Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген тəртiпке сəйкес, елдi мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, заңда көзделген жағдайда орман жəне су қорларының жерлерi табылады. Жерге жеке меншiк құқығын орнатпастан бұрын, жер учаскелерiн, жер пайдалану құқығын жəне жер үлестерiн жер айналымына енгiзудiң заңды түрде қамтамасыз етiлген мүмкiн-дiгiн анықтау қажет. Яғни жеке меншiк құқығының объектiсi болып табылатын жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы шаруашылық жəне азаматтық айналымнан алынбаған, жер заңдарымен жеке меншiкте болу мүмкiндiгi анықталған, жер учаскесiнiң шекаралары айқындалған жəне ол жер учаскесiне құқықтарды куəландыратын құжаттарында көрiнiс тапқан жер учаскесi болуы тиiс.

    Жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың жəне оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi.

    Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi – азаматтар жəне мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер жер заңдарында өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексi заңды күшiне енгенге дейiн шетел азаматтары, шетел заңды тұлғалары жəне азаматтығы жоқ адамдар жерге жеке меншiк иесi болып табылмайтын. Қазiргi кезде жер заңнамасын саралау нəтижесiнде аталған тұлғалардың жеке меншiк құқығында үйлердi /құрылыстар мен ғимараттарды/ олардың мақсатына сəйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi жəне олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi бола алатыны анықталды.
        1. 1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   190


    написать администратору сайта