құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жерге меншiк құқығының жəне өзге құқықтардың пайда болу негiздерiЖepге меншiк немесе пайдалану құқығы: меншiк немесе жер пайдалану құқығын табыстау; меншiк немесе жер пайдалану құқығын беру; меншiк немесе жер пайдалану құқығының əмбебап құқық-тық мирасқорлық тəртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды. Меншiк немесе жер пайдалану құқығын табыстау, беру жəне оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы: мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мəмiлелердiң негiзiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды. Жерге меншiк жəне басқа да құқықтар келесi негiздер арқылы пайда болу мүмкiн: Меншiк немесе жер пайдалану құқығын табыстау. Табыстау дегенiмiз – жердi тұлғаға тiкелей мемлекет арқылы беруiн бiлдiредi. Азаматтарға жəне заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесiне құқық табыстау жөнiндегi құзыретiне сəйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Меншiк немесе жер пайдалану құқығын беру; Беру дегенi-мiз – тұлғаға жерге құқықтың басқа бiр тұлғамен азаматтық құқықтық мəмiле арқылы беруiн бiлдiредi. Əмбебап, мирасқорлық тəртiбi арқылы ауысуы. Əмбебап, мирасқорлық дегенiмiз – жерге құқықтың мұрагерлiк арқылы пайда болуын бiлдiредi. Мысалы: мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, т.б. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кент-тердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтер-дiң əкiмдерi өздерiнiң белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Жер кодексiне сəйкес, мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi: жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау. Жер учаскелерiне меншiк жəне жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке жəне заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң болуы немесе болмауы көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойна-уын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi. Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бас-тап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады. мəлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау). Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уəкiлеттi органдары (елдi мекендерде сəулет жəне қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сəйкес мəлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды. жерге орналастыру жобасын əзiрлеу жəне бекiту. Комис-сияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы əзiрленедi. Жерге орналастыру жобасының құрамында: берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi жəне жер пайдаланушылар, сондай-ақ берiлетiн жер учаскесiнiң ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады. жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң шешiм қабылдауы. Жер учаскесiн беру туралы шешiмдер немесе жер учаскесiн беруден бас тарту жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), сəулет жəне қала құрылысының уəкiлеттi органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының (олар құрылған болса) өкiлдерi арасынан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданады. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн. Сонымен қатар, жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тарту облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi, оның дəлелдi себептерi көрсетiлуге, ал, көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң жер учаскелерiне тиiстi құқықтар табыстау туралы шешiмi жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданып, өтiнiш берушiге шешiм қабылданған кезден бастап жетi күн мерзiмде жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiмнiң көшiрмесi тапсырылады. Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң əкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға бекiтуге жiбередi. |