құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жер учаскесi жерге заттық құқықтың объектiсi ретiнде түсiнiгi, белгiлерi жəне түрлерiЖеручаскесiдеп– заңда белгiленген тəртiппен жер қатынас-тары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн тұйық шекара iшiндегi бөлiнген жер бөлiгi. Жер учаскесiнiң белгiлерi мынадай:Тұрақты орналасқандығы; Белгiлi шекарада орналасқандығы; Учаскеге құқығы бар екендiгiн растайтын құжаттың болуы. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар дегенiмiз – осылардың негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқықтары (жеке меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар жəне жер учаскесiне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар. Құқық белгiлейтiн құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесiн иелiктен шығару туралы өзге мəмiлелер) жəне сот органдарының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын жəне жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешiмдерi жатады. Жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттар дегенiмiз – жер учаскесiнiң сəйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн жəне жер қатынастары жөнiндегi уəкiлеттi органның құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары. Құқықты куəландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi жəне уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер пайдалану құқығы актiсi жатады. Жер учаскесi бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей жəне өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық жəне өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай, бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiн-геннен кейiн əрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады. Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжатта көрсетiледi. Бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мəмiле жасалған кезде бұл бөлiк белгiленген тəртiп-пен алдын ала дербес жер учаскесi болып бөлiнiп шығарылуға тиiс. Жер пайдалану құқығы жəне жерге басқа да құқықтарЖер пайдалану құқығының түсiнiгi жəне оның түрлерi Жер пайдалану құқығының анықтамасы Жер кодексiнiң 12-бабында көрсетiлген. Жер пайдалану құқығы дегенiмiз – тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн өтеулi немесе өтеусiз негiзде мерзiмсiз немесе белгiлi бiр мезгiл iшiнде иелену жəне пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының келесiдей ерекшелiктерiн атап көрсетуге болады: Пайдаланудағы жер əрқашан да мемлекеттiң меншiгiнде болып қалады; Жер учаскесiн пайдалануға мерзiмсiз немесе бiр мерзiм iшiнде берiлiп отырады, ал, меншiк құқығында барлық пайдалану мерзiмсiз болып табылады; Жер учаскесiн пайдалануға ақылы түрде берiлуi мүмкiн, бұл пайдаланудыңтүрi өтеулi деп аталады. Жер заңдарында көрсетiлген тұлғаларға жер тегiн түрде берiледi, бұл пайдаланудыңтүрiөтеусiздепаталады. Жер пайдалану құқығының мынандай түрлерi бар: Тұрақты жер пайдалану құқығы; Уақытша жер пайдалану құқығы; Өтеулi жер пайдалану құқығы; Өтеусiз жер пайдалану құқығы; Иелiктен шығарылатын жер пайдалану құқығы; Иелiктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы. Тұрақты жер пайдалану деп жердi алдын ала мерзiмiн бел-гiлемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттiк тұлғаларға ғана берiледi. Бұл Жер кодексiнiң 34-бабында көрсетiлген. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға: кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй- жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға; ауыл шаруашылығы жəне орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға берiледi. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдiк жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды. Уақытша жер пайдалану құқығы алдын ала мерзiмiн белгiлей отырып пайдалану. Уақытша жер пайдалану құқығы екi түрге бөлiнедi: Қысқа мерзiмдi, ол бес жылға дейiн пайдалану; Ұзақ мерзiмдi, ол бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн. Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын жəне аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi. Өтеулi жер пайдалану құқығы дегенiмiз – жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын бiлдiредi. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн. Жер кодексiне сəйкес, жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алудың төрт түрлi жағдайы көрiнiс тапқан. Олар: Бiрiншiден, жердi жер учаскесiнiң кадастрлық бағалау құнына сəйкес сатып алу; Екiншiден, жер учаскесiн кадастрлық бағалау құнына сəйкес, сатып алу сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн ұзарту арқылы; Үшiншiден, жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай ай-қындалатын жеңiлдiктi бағамен; Төртiншiден, жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн создыру арқылы сатып ала алады. Өтеусiз жер пайдалану құқығы, керiсiнше мемлекеттен сатып алынбайтынын бiлдiредi. Оларға мыналар жатады: шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшiн; тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы үшiн; мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; бақша өсiру үшiн; қызметтiк жер телiмi; ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiгi жəне əлеуметтiк мəдени мақсаттағы обьектiлер құрылысы кезеңiне; тозған жəне бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен үйлердi жəне ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берiлген кезде, Ғибадат объектiлерi үшiн дiни объектiлер; Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады. Қызметтiк жер телiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзiмге сəйкес, осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемле-кеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi. Ол қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу жəне мал жаю үшiн берiледi. Иелiктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегенiмiз – оның иесi өзiне тиесiлi жер учаскесiн заңды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағы пайдалану. Яғни, иелiктен шығарылатын жер пайдалану құқығы деп оның иесi өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын заңда көрсетiлген жағдайлар мен тəртiптер арқылы оқшаулауға құқылы екендерiн бiлдiредi. Оқшаулау деп – азаматтық заңдармен реттелетiн азаматтың жер учаскесiмен құқық-тық мəмiлелердi жасауға мүмкiндiгi болып табылады. Бұл құқық барлық жер пайдаланушыларға тиесiлi емес. Иелiктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы дегенiмiз – оның иесi өзiне тиесiлi жер учаскесiн заңды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы. Жер пайдаланушылардың: ортақ пайдаланудағы; қорғаныс қажеттерiне берiлген; орман қорының; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы; қызметтiк жер телiмiнiң; уақытша өтеусiз жəне уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң; су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мəмiлелер жасасуына жол берiлмейдi. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару жəне оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ. |