құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жер құқық қатынастарының мазмұнына байланысты:жердi табиғи объектiсi ретiнде қорғаумен байланысты қатынастар; жердi өндiрiс құралы ретiнде пайдаланумен байланысты қатынастар; жер ресурстарын мемлекеттiк басқарумен байланысты қатынастар; жер заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк қолданумен байланысты қатынастар; Жер құқық қатынастары қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiнiң мазмұнына байланысты:жерге меншiк құқығын жүзеге асырумен байланысты қатынастар; жерге меншiк құқығынан туындайтын өзге құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қатынастар. Жер құқық қатынастарының мерзiмiне байланысты:тұрақты қатынастар; тұрақты жер пайдалану құқығынан жəне жерге меншiк құқығынан туындайтын қатынастар т.б. уақытша қатынастар; жер учаскесiн қысқа (5жыл) немесе ұзақ (49жыл) мерзiмдi уақытша пайдаланудан туындайтын қатынастар т.б. Жер құқық қатынастарының туындау негiздерiне байланысты:бастапқы жер құқық қатынастары; туынды жер құқық қатынастары. Жер құқық қатынастары нормаларының мазмұнына байланысты:материалдық қатынастар; процессуалдық қатынастар. Жер құқығының əдiстерi жəне жүйесiЖер қатынастарының ерекшелiктерi жер құқығында қолданылатын реттеу əдiстерiнiң мамзұнына жанама түрде байланысты болады. Белгiлi əдiс түрiн қолдану жер құқық қатынастарының қандай салада қалыптасқандығын бiлдiредi. Мəселен, жер қорын мемлекеттiк басқарумен байланысты жер құқық қатынастарына билiк əдiсi қолданылса, жер учаскесiн жалға беру барысында шартты əдiстер тобы қолданылады. Жер құқығының əдiстерi дегенiмiз – жер қатынастарын реттейтiн, яғни, жер құқық қатынастары субъектiлерiне əсер ету амалдары мен тəсiлдерiнiң жиынтығы. Жер құқығының əдiстерi екi түрге бөлiнедi: импера-тивтi жəне диспозитивтi. Жер құқығының императивтi əдiстерi – билiк пен бағыныштылыққа негiзделген, мiндеттi қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесiн бiлдiретiн билiк органдары болады. Императивтi əдiстер жер ресурстарын мемлекеттiк басқару саласында, мем-лекеттiк басқару функциясын жүзеге асырудың тəртiбiн анықтауда, жер учаскесiнiң шектi мөлшерiн анықтауда, жер учаскесiн тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерiн белгiлегенде, т.б. жағдайларда қолданылады. Жер құқығының диспозитивтi əдiстерi – жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдiгiне, шарт еркiндiгiне негiзделген. Бұл əдiстер жерге жеке меншiк құқығын жүзеге асыру саласында жəне жерде дербес шаруашылық жүргiзуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесiне қатыс-ты өз бетiнше шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi. Жер құқық қатынастарының ерекшелiгi, осы саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде императивтiк жəне диспозитивтiк əдiстердiң өзара үйлесiмдiлiгiмен айқындалады. Қазiргi қоғам талаптарының өзгеруi, жас құқық салаларының пайда болуы құқықтық реттеу əдiсiн құқық саласын жеке дара қарастырудың алғышарты ретiнде тану көзқарасын өзгерттi. Себебi, көптеген құқық салалары, мысалы, жер құқығы, аграрлық құқық, кəсiпкерлiк құқық, т.б. салалар аталған екi əдiстi де қолданады. Сол себептен, құқықтық реттеудiң белгiлi бiр нысанын қолдану құқық саласын бөлiп қарастырудың негiзi болып табылмайды. Жер құқығының жүйесiн, жер қатынастарын реттеу барысында əртүрлi мiндеттер атқаратын институттар ретiнде қарау қажет. Жер құқығын жəне құқықтық сала ретiнде көрсететiн басты институттар ол жалпы институттары, ал, жер қатынастарының жекелеген түрлерiнiң немесе кейбiр сұрақтарды ғана реттеуге бағытталған жер құқықтық нормалары – арнайы институттар болып табылады. Сонымен, жер құқығының жалпы бөлiмiн жалпы институттар құраса, ерекше бөлiмiн – арнайы институттар құрайды. Шын мəнiнде, қатынастарды реттеп отырған құқық жүйесiн ғылыми тұрғыдан түсiндiру, сол саланың жеке құрылымдық бөлiктерiн, олардың ерекшеленуiмен өзара байланыстарын жəне iшкi қалыптасу заңдылықтарын қамтиды. Бұл процестiң бiр маңызды жағы барлық басқа институттарға немесе олардың басым көпшiлiгiне бiрдей жалпы ережелер қолданылатынын жəне осы институттар бiртектес немесе өздерiнiң бiрiгуi кезiнде, аталмыш құқық саласын қалыптастыратынын анықтайды. Жер құқығының жүйесi дегенiмiз – өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесi келесi бөлiмдерден тұрады: жалпы бөлiм, ерекше бөлiм жəне арнайыбөлiм. Жалпы бөлiмде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсiнiгi, пəнi, əдiстерi, қағидалары, қайнар көздерi қарастырылған. Сонымен бiрге, жерге меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттiк реттеу жəне жер заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк мəселелерi көрiнiс тапқан. Жер құқығының ерекше бөлiмiнде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимi мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық режимi, елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерiнiң құқықтық режимi, өнеркəсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жəне өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердiң құқықтық режимi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жерлердiң құқықтық режимi, орман қорының жерi, су қорының жерi, бо-салқы жерлердiң құқықтық режимi. Арнайы бөлiм шетелдердiң жер заңдарын зерттейдi. Шетел мемлекеттерiнiң, Қазақстан жерiн пайдалану мəселелерiн, халықаралық шарттармен реттелетiн жердi жалдау қатынастарын жəне жердi халықаралық қорғау жəне жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мəселелерiн зерттейдi. |