құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Кəсіпкерлік құқықтың қағидаларыҚұқық қағидасы (лат. prіncіpіum – принцип; негіз, алғы бастама) – бұл құқық саласының түп-негізі, бастамасы, басшылыққа алатын идеялар. Құқық қағидасы бұл барлық мемлекеттік құқық жүйесінің негізі болып табылады. Кəсіпкерлік құқықтың қағидалары: Кəсіпкерлік қызметтің еркіндігі. Аталған қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сəйкес: «Əркiмнiң кəсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кəсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi əрi шектеледi. Жосықсыз бəсекеге тыйым салынады». Демек, кез келген азамат кəсіпкерлікпен айналысу шешімін жəне қандай құқықтық нысан мен кəсіпкерліктің қандай түрімен айналысуды өзі шешеді. Бұл қағида ҚР Азаматтық кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде де бекітіледі. Меншік нысанының көптігі. Бұл қағида ҚР Конституциясына негізделеді. Бəсекелестікті қолдау жəне жосықсыз бəсекелестікке жол бермеу қағидасы. Аталған қағида да ҚР Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сəйкес: «Монополистiк қызмет заңмен реттеледi əрi шектеледi. Жосықсыз бəсекеге тыйым салынады». Жеке кəсіпкерлердің мүдделерімен мемлекет пен қоғамның мүдделерінің ұштасуы қағидасы. Заңдылық қағидасы. Шаруашылық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастар сияқты Азаматтық Кодекспен реттеледі. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану жəне билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен (мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету жəне т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар жəне мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кəсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. Жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары: -жеке кəсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі жəне оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; -кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кəсіпкерлік субъектілерінің теңдігі; -жеке меншікке (жеке кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі; -Қазақстан Республикасында шағын кəсіпкерлікті дамытудың басымдығы; -жеке кəсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кəсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады. |