құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
/ Н.Д. Эрнашвили. – 7-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА: Закон и право, 2009. – 607 с.)Банктік құқықтың нормасы белгілі бір шеңбер аралығындағы тұлғалар (банктік қызметтің міндетті субьектілері жəне несиелік ұйымдардың клиенттері) үшін арналған жəне көп мəрте қолдануға арналған жалпы ереже болып табылады. Құқықтық нысанда белгіленген ереженің жалпы сипаты қандай да бір жалғыз қатынасты емес, біртекті, қайталанып отыратын қатынастарды реттеуді көздейді. Банктік құқық институты – құқық саласы ішіндегі біртекті қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Банктік құқықтың институттарының айырмашылықтары олармен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Сонымен, банктік құқықта банктік шот институты, банктік салым институты, банктік құпия институты секілді жəне т.б. құқықтық институттар бар. Осылайша, банктік құқықтың құрылымы банктік қызметті іске асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың жүйесімен обьективті түрде шартталған, оның ішкі құрылымын, күрделі, көп деңгейлі сипаты бар алуан түрлі нормалардың белгілі бір тəртіпте біріктірілуін жəне орналастырылуын білдіреді. Банктік құқықтың жүйесі. Банктік құқықтың қайнар көздеріБанктік құқық екі бөлімнен: жалпы жəне ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге банктік құқықтың ерекше бөлімнің институттарының барлығын немесе басым бөлігін реттеу барысында қолданылатын ережелерді қамтитын институттар мен нормалар кіреді, сол себепті, мұнда банктік қызметті іске асырудың құқықтық нысандары мен əдістерін, негізгі қағидаттарын жəне оны мемлекеттік органдар тарапынан реттеуді, ҚР банктік жүйесінің ұйымдық- құқықтық құрылымын, несиелік ұйымдардың жəне олардың клиенттерінің құқықтық жағдайының негізгі белгілерін бекітетін институттар мен нормалар жатады. Банктік құқықтың жалпы бөлімінің нормалары обьектілерінің айрықшылығына қарай нысаналы мақсаты бар институттарды қамтитын ерекше бөліммен нақтылана түседі. Дегенмен, банктік құқықтың ерекше бөлімінің ішіндегі тиісінше құқықтық институттар неғұрлым ірі құрылымдарға – тарауларға біріктіріледі. Осылайша, ерекше бөлімге төмендегідей салалардағы қатынастарды реттейтін институттар мен нормалар топтастырылған тараулар кіреді: банктік ресурстарды тарту жөніндегі операциялар: банктік салым институты; салымдарды сақтандыру институты; банктік шот институты; банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы институты; есеп айырысу құқықтық қатынастары; өзінің жəне тартылған қаражаттарды орналастыру жөніндегі операциялар: банктік несие институты; лизинг институты; коммерциялық несие институы; кепіл институты; факторинг институты; валюталық операциялар: «шетелдік валюта» жəне «валюталық құндылықтар» институты; валюталық бақылау институты; шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастар институты; шетелдік валютамен есеп айырысу институты; банктердің есебі жəне есеп беруі; банктік қызметке салық салу. Банктікқұқықтыңқайнаркөздері.Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің құрылысы, қызмет етуі жəне дамуы барысында, соның ішінде, ҚР Ұлттық банкі жəне басқа да мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ, несиелік ұйымдардың одақтары мен ассоциациялары тарапынан банктік жүйені реттеу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын, оның сыртқы нысандарының жүйесін білдіреді. Банктік құқықтың келесідей қайнар көздері бар: ҚР Конституциясы. ҚР банктік заңнамасы. Банктік құқықтың нормаларын қамтитын заңға сəйкес қабылданған актілер. Халықаралық құқық нормалары жəне ҚР халықаралық шарттары. ҚР Конститутциялық Сотының шгешімдері. ҚР Ұлттық банкінің ішкі актілері жəне несиелік ұйымдардың локальдық актілері. Несиелік ұйымдардың одақтарының жəне ассоциацияларының актілері. Шарттар банктік тəжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дəстүрлері. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктік жүйе қалыптасқан. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының орталық банкі жəне Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ұлттық банк ҚР Ұлттық банкі туралы заңмен, басқа да нормативтік-құқықтық актілермен, халықаралық келісім-шарттармен, сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкі туралы ережемен белгіленген шектерде Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. (Қазақстанда қаржы-банк жүйесі қалай қалыптасты? // Қазақ тарихы. - 2005. - № 4. - 74-77 б.б.) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзінің жеке балансы бар, толық шаруашылық есеп принципінде қызмет ететін заңды тұлға болып табылады. Ұлттық банктің филиалдары, өкілдіктері, ұйымдары болады жəне шетелдерде өзінің басқармалары мен бөлімшелерін аша алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, халықаралық банктермен, қаржылық-несиелік ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық банк өзінің міндеттерін атқару барысында табыс табу мақсатын көздемейді жəне өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметімен үйлестіре отырып атқаруға міндетті. Себебі, Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық кеңесшісі, агенті болып табылады. [27] (Банковская деятельность. Сборник нормативных актов Республики Казахстан. - Алматы: ЮРИСТ, 2008. – 276 с.) Ұлттық банктің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының сыртқы жəне ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету. Атаулы міндетіне қарай Ұлттық банкке республиканың экономикалық даму мақсатына жетуге жəне дүние жүзілік экономикаға кіруге ықпал ететін ақша айналымы, несие, банк есебін ұйымдастыру жəне валюталық қатынастар саласындағы мемлекет саясатын жүргізу; тұрақты ақша, несие жəне банк жүйесін қамтамасыз етуге ықпал ету; банктік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер шығару жəне оларды іске асыру барысында бақылау арқылы кредиторлар мен банк клиенттерінің мүдделерін қорғау жүктеледі. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді; банктің, Үкімет агентінің жəне мемлекеттік органның қызметін атқарады; банктердің қызметін бақылауды жəне қадағалауды, олардың қызметін реттеуді; валюталық реттеуді жəне валюталық бақылауды; алтын-валюталық қорды басқаруды жүзеге асырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша қаражаттарын шығару жəне олардың айналымын ұйымдастыру жөніндегі қызметте монополист болып табылады. Осы қызметі барысында Ұлттық банк номинал структурасын, банкноттар мен монеталардың дизайнын, қажетті санын анықтайды жəне оларды дайындауды қамтамасыз етеді; бұрын қолданылған банкноттар мен монеталарды ауыстыру, айналымнан шығару, сақтау жəне жоюды анықтау тəртібін бекітеді; қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтау, тасымалдау ережелерін бекітеді, тасымалдауды, сақтауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың резервтік мемлекеттік қорларын құрады. [28] (Банковская деятельность. Сборник нормативных актов Республики Казахстан. - Алматы: ЮРИСТ, 2008. – 276 с.) Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту жөніндегі ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айналымдағы ақша массасының мөлшерін реттейді; ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктік проценттік ставкалардың деңгейін реттеуді іске асырады; бағалы қағаздар шығарады, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатады, сатып алады; қаржылық құралдармен жүргізілетін операцияларды іске асырады; республика аумағында айналымда бар төлем құралдарының түрлерін анықтайды жəне олардың айналымының ережелерін бекітеді. Банктердің қызметін бақылау жəне қадағалау, олардың қызметін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі коммерциялық банктердің барлық қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруге құқылы. Ол банктерді ашуға, оларды қайта құруға жəне жоюға рұқсат береді, филиалдар мен өкілдіктер ашуға келісім береді, бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызмет атқаратын ұйымдардың жарғылық қорына банктердің қатысуына, бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызмет атқаруға лицензия беруге келісімін, сондай- ақ, банктік операциялардың жекелелеген түрлерін іске асыруға лицензия береді. Коммерциялық банктердің бухгалтерлік, статистикалық жəне тағы да басқа есеп беру нысандарын, мерзімдерін, тізімін бекітеді. Осы функциясына қарай қаржыландыру, несие беру, есептесу жəне кассалық операцияларды жүргізу ережелерін дайындайды. Валюталық реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шетел валютасындағы бағалы қағаздардың, шетел валютасының айналымының саласын жəне тəртібін анықтайды, шетел валютасындағы операцияларды жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді; резиденттер мен резидент еместердің шетел валютасымен операциялар жасау ережесін бекітеді; валюталық операциялардың барлық түрлерін іске асырады. Коммерциялық банк дегеніміз – ақша қаражаттарымен болатын операцияларды, сондай-ақ, оған заңмен жүктелген басқа да банк операцияларын жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме. Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейіне жатады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне кешенді қаржылық қызмет көрсететін көп функциялық мекеме болып табылады. [13-15] (Банковское дело: Учебник / Под редакцией О.И. Лаврушина. – Москва.: «Финансы и статистика», 1998. – 576 с.: ил.) Банк ісінің тəжірибесінде коммерциялық банктердің екі үлгісі: əмбебап жəне арнайы банктер белгілі. Əмбебап банктер банктік операциялардың барлық түрлерін іске асырса, арнайы банктер керісінше, банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін ғана жүзеге асырады. Коммерциялық банктердің қызметінің мəні – оны басқа органдардан жəне кəсіпорындардан ажырататын белгілі бір функцияларды атқаруымен сипатталады. Бұл функциялар банктер көрсететін қызметтермен жəне олардың клиенттерінің мүдделеріне сəйкес белгілі бір əрекеттерді орындауымен түсіндіріледі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік қызметтің 200-ден астам түрлерін көрсетеді. Дегенмен, коммерциялық банктердің атқаратын негізгі операцияларына салымшылардан депозит қабылдау, ақша төлемдерін жəне есептесуді іске асыру, несие беруді жатқызуға болады. Коммерциялық банктердің несиелік операциялары. Несие дегеніміз – жеке жəне заңды тұлғалар арасында болатын, қайтарылып берілуі, ақылы болуы жəне мерзімділігі анықталған ақша құнын тапсыру кезінде туындайтын қатынастар. Банктік несиелеудің келесідей ерекшеліктері бар: атаулы құқықтық қатынастар арнайы субьектілер құрамымен сипатталады; коммерциялық банктер беретін несиелер тек ақшалай нысанда болады; коммерциялық банктер мен олардың клиенттері арасында жасалатын несиелік шарттардың ерекшеліктері – несиенің қайтарылатындығында. Банктік несиелеудің негізгі принциптеріне несиенің қайтарымдылығы, мерзімділігі, ақылылығы, қамтамасыз етілуі, нысаналы мақсатының болуы жатады. [216] (Банковское дело / Под редакцией проф. В.И. Колесникова, проф. Л.П. Кроливецкой. – Москва.: «Финансы и статистика», 1996. – 476 с.) Банктік несиелеу, яғни, банктің банктің несиелік операциялары несиелік шарт негізінде іске асырылады. Несиелік шартты жасау үшін банктің несиені беру жөніндегі келісімі жəне қарыз алушыға ақша берілуі қажет. Несиелеу қарызға алынған ақша қаражаттарын уақытында қайтарып берумен жəне қайтарып беруге мүмкіндік бермейтін əр түрлі тəуекелдердің болуымен байланысты. Сондықтан да, несие беретін коммерциялық банк қарыз алушының төлем қабілеттілігін немесе несиені қайтарып беру мүмкіндігін тексереді. [306-307] (Банковское дело: Учебник / Под редакцией О.И. Лаврушина. – Москва.: «Финансы и статистика», 1998. – 576 с.: ил.) Несиелік мəмленің басты элементтерінің бірі – несиені алушының несиені қайтарып беруді қамтамасыз ете алатындай мүлкінің болуында. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету коммерциялық банк үшін маңызды болып табылады. |