Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница166 из 190
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   190

Сақтандыру қызметінің мақсаты мен алатын орны.


Сақтандыру ісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері жəне ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Сақтандыру қызметін ұйымдастыру жəне мемлекеттік реттеу мен лицензияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға , сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы жəне « жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар , оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шеңберіндегі пруденциялдық нормативтер уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде əзірлейтін жəне беретін сақтандыру өнімі болып табылады.

Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі қызметті уəкілетті органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзегеасыруға құқылы.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа

дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Бұл ретте сақтандыру қағидаларының туындауы сақтанушының сақтандырылған мүліктік мүдделеріне зиян келтіруі ықтимал сақтандыру тəуекелінің (ықтимал қауіпті оқиғаның немесе орын алуы ықтималдығына орай сақтандыру жүргізілетін қауіпті-қатерлі оқиғалар жиынтығының) мəн-жайына байланысты сақтандыру жағдайының басталуы кезінде көрініс табатын келеңсіз экономикалық салдар залалын өтеуді нысаналайтын əрі əрқайсысы өз мүддесін көздейтін сақтанушы мен сақтандырушының арасында азаматтық заңнамаға сəйкес жасалған ерікті сақтандыру шартына, сондай-ақ міндетгі сақтандыру заңнамалық актілеріне не оларға сəйкес жасасылған міндетті сақтандыру шартына негізделеді.

Сақтандыру барысында негізінен сақтанушының не үшінші тұлғаның мүлкі жəне мүліктік мүддесі (мəселен, жеке сақтандырудағы азаматтардың

өміріне, денсаулығына жəне еңбекке қабілеттілігіне байланысты, мүліктік сақтандырудағы мүлікті иеленуге, пайдалануға əрі оған билік етуге байланысты, азаматтық-құқықтық сақтандырудағы заңды немесе жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына не мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүліктік мүдделер) сақтандыру қорғауымен қамтылады. Демек, сақтанушы (insured) өзінің не үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, еңбекке қабілеттілігіне, мүлкіне байланысты сақтандыру мүддесін білдіретін мүліктік мүддесін сақтандыратын жеке немесе заңды тұлға ретінде заңнамалық актіге не жасалған сақтандыру шартына орай тиісті сақтандырушымен екі арадағы азаматтық кұқықтық қатынастарға қатысады. Осы орайда ескеретін маңызды жайт, сақтандырушымен жасалған ерікті немесе міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы ( өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылған, былайша айтқанда сақтандырылған тұлға) болып табылады.

Ал сақтандырушы (assurer, insured) сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде келтірілген зиянды өтеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттемеге орай сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға - заңда не сақтандыру шартында көзделген мəн- жайларға байланысты сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға) шартта белгіленген сақтандыру соммасы шегінде сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін төлеуге міндетті занды түлға болып саналады.

Сақтандыру құқықтық қызметтің айрықша түрі ретінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) жұмылдыру арқылы сақтандыру қорын əрі сақтандыру резервтерін құру жəне сақтандырылған мүліктік мүдделерге келтірілген зиянды сақтандыру төлемін жүзеге асыру жолымен өтеу ауқымында тікелей көрініс табады. Сақтандыру бүгінгі таңда қалай болмасын өндірістік аяда, салада жəне ортада келтірілген зиянды уақтылы əрі толығымен өтеу

есебінен қоғамдағы əлеуметтік жəне құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мақсатты сақтандыру қорының уақытша бос қаражаттарын сақтандыру ұйымының инвестициялық қызметінде пайдалануға, сақтандыру өнімдерін өткізуге байланысты сақтандыру операцияларының дамуына, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесіндегі жаңа сақтандыру түрлерінің, оның ішінде кəсіпкерлік тəуекелдерді сақтандырудың заңнамалық жəне шарттық негіздерінің тиімділігіне мүдделік танытып отыр.

Сақтандырудың заңи аспектісі сақтандыру өтеуінің міндеттілігін белгілеу үшін жасалатын ерікті не міндетті сақтандыру шарты немесе тікелей заңнамалық акті негізінде тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтуға байланысты сақтанушы мен сақтандырушы қатысатын құқықтық қатынастарын білдіреді. Сақтандырудың кұқықтық аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жəне оларды əр түрлі төтенше əрі қолайсыз құбылыстар салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін пайдалану жөніндегі нысандар мен əдістердің жиынтығынан тұратын кұқықтық қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру, өтемдік жəне қорғау алдын алу функциялары арқылы көрініс табады.Осы ретте сақтандыру:сақтандыру тəуекелінің болуына байланысты материалдық зиян келтіретін сақтандыру жағдайының орын алуы, занды жəне жеке тұлғалардың (сақтанушылардың) өздеріне келтірілуі ықтимал зиянды өтеуге деген мұқтаждықтарының қанағаттандырылуы, сақтанушы төлеген сыйлықақылар мен жарналар есебінен құрылған мақсатты сақтандыру қоры қаражаттарының сақтандыру өтеуінің нысанында қайтарылуы сияқты жəне т.б. өзіне тəн белгілерімен ерекшелінеді.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (оның 2- бабының 1-тармағында көрсетілгендей) кəсіпкерлік қызмет түрі ретіндесақтандыруды жүзеге асырудың ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын , сақтандыру брокерлерін кұру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке жəне заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін жəне сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Аталган заңмен тікелей реттелген сақтандыру қатынастарын қоспағанда, сақтандыруға байланысты туындайтын жəне өзге де заңнамалық актілер қолданылатын аядағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделетін сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі туралы заңдармен, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек жəне Əкімшілік құқығы пəндерімен реттеліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, алеуметтік жəне өзге де тəуекелдерден қорғаудың тиімді құралы , сондай- ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді кезі ретіндегі

сақтандырудың қызметінің рөлін нығайту жəне ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау бағыттары болып табылады.

Қазақстанда сақтандыру рыногын дамытудың негізгі қағидаларының біріне жеке сақтандыруды (personal assurance), оның ішінде ұзақ мерзімді (жинақтаушы) түрлерін дамыту жатады. Өйткені сақтандыру ұйымдары жеке сақтандырудың жинақтаушы түрлері арқылы экономикаға жеткілікті көлемде əрі ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын тартып, институционалды инвестициялар жүйесінің дамуына айтарлықтай мүмкіндік туғызады жəне ел экономикасы үшін өте тиімді жағдай жасайды. Бұл орайда жеке тұлғалар жеке сақтандырудың жəне өмірді сақтандырудың барлық спектрі: қайтыс болуы жағдайын сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру; шартта белгіленген жасқа немесе мерзімге дейін өмір сүру жағдайын сақтандыру; еңбек ету қабілетін жоғалту жағдайын сақтандыру бойынша нақтылы сақтанушылар бола алатын азаматтар ретінде, ал жұмыс берушілер (заңды немесе жеке тұлғалар) өз қызметкерлерінің жазатайым оқиғаларға байланысты қайтыс болу жағдайын сақтандыруға, қосымша зейнетақыны сақтандыруға, кызметкерлерінің өмірін сақтандыруға жəне т.б.мəн-жайларға қатысты мемлекеттің заманауи заңдық талаптарына сəйкес орындалуды қажет етіп отыр.

Бүгінде сақтандыру нарығын, сақтандыруды жəне сақтандыру қызметін дамыту үрдісіндегі тағы бір маңызды көрініс халықтың сақтандыру мəдениеті болып табылады.Сақтандыру нарығының даму көрсеткіштері тұрғылықты халықтың сақтандыру мəдениетінің қалыптасуы деңгейіне тікелей байланысты болады. Бұл ретте халықтың сақтандыру мəдениетін тиісінше қалыптастыру саласында сақтандыру рыногынын барлық кəсіби катысушыларының жəне олардың бірлестіктерінің, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен келісімделген халық үшін сақтандырудың тартымдылығын арттыратын : тұрақты негізде халық арасында сақтандыру рыногының кəсіби қатысушыларымен əрі олардың бірлестіктерімен бірлесіп сақтандыру қызметтерін көрсету рыногы жəне сақтандыру өнімдері туралы, оның ішінде көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқыктарын қорғау мəселелері жөнінде толық жəне объективті ақпарат берілуіне бағытталған оқу - ағарту сондай-ақ түсіндірме жұмысын жүргізу ; сақтандыру рыногы қатысушыларының кəсіби біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған тұрақты тақырыптық конференциялар жəне семинарлар өткізу; сақтандыру рыногындағы заңсыз немесе занға қайшы қызмет, оның ішінде сақтандыру агенттерінің жəне резидент емес сақтандыру ұйымдары делдалдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметі жөнінде халықты хабардар ету; сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу кезінде жəне сақтандыру қызметінің басқа да құжаттарында пайдаланылатын терминологияны бір ізге келтіру; сақтандыру ұйымдарының жəне олардың бірлестіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-əрекет етуді жандандыруы, көпшілік халық үшін

сақтандыру жөнінде жалпы білім беретін əрі оқытатын бағдарламаларды ұйымдастыруы сияқты іс - шаралар жүзеге асырылуға тиіс.

    1. 1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   190


написать администратору сайта