Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Квадраттық функция
| Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп гимназиясы
|
Педагогтің аты-жөні:
| Смагулова А.М.
|
Күні:
| 07.02.2022
|
Сыныбы: 8
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Квадраттық функциялары, олардың графиктері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 8.4.1.2.
түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу;
|
Сабақтың мақсаты:
| • квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады;
• аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
• есептерді шығарғанда квадраттық функцияны қолданады;
|
Бағалау критерийлері
| • квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады;
• аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
• есептерді шығарғанда квадраттық функцияны қолданады;
|
Құндылықтарға баулу
| Квадраттық функция графигін салу алгоритмін, қасиеттерін сипаттайды, өз шешімін негіздейді, коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды.
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.
| Ұйымдастыру:
оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу, топтық және жұптық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін ескертемін. Жәнеде бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып өтемін.
2. Топқа бөлу:
Мозайка әдісі бойынша топтарға бөлу.
https://internet-applications-from-timofei.blogspot.com/2021/01/pazlhablon.html?m=1
| Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне көңіл күй сыйлайды.
«Мозайка»әдісі бойынша 3-топқа арналған кеспе парақтарын таңдап алады. Санға сәйкес оқушылар топқа бөлінеді. Кеспе қағазын топпен жинайды, шыққын суреттегі тапсырма орындайды.
| Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Түрлі түсті кеспе қағаздар
https://internet-applications-from-timofei.blogspot.com/2021/01/pazlhablon.html?m=1
|
15 мин.
| Топтық жұмыс: «Елші» әдісі
Әрбір топ дескрипторға сай 2 тапсырма дайындайды, дайындаған тапсырмаларын келесі топқа береді, әр топ өз тапсырмаларын орындайды. Орындап болғаннан кейін тапсырманы тексеріп, топтарды бағалайды.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
| Окушылар дикрипторға сай тапсырма құрастырады.
«Елші» әдісі арқылы бір - біріне тапсырманы береді. Пікір алмасып, ой бөліседі. Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады.
Оқушыларға бірдей тапсырма құрастырады.
Топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп әр топ қорғайды. Барлығы бір жетістікке жетеді.
| Дескриптор:___түрдегі_квадраттық_функциясына_сай_есеп_құрастырады_Бағалау'>Дескриптор:
түрдегі квадраттық функциясына сай есеп құрастырады
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| 8-сынып оқулығы.
Алматы «Мектеп» 2018
|
Сабақтың ортасы 10 мин.
Жеке жұмыс.
| «А,В,С» әдісі
Әр оқушыға деңгейлік тапсырма беріледі.
А деңгейі:
Нүктенің абциссасы: 1) 3: 2) 6
болғанда y= 2x2-3x+1 функциясы графигіндегі нүктенің ординатасын табыңдар.
В деңгейі:
y= x2 параболасының шаблоның пайдаланып, төмендегі функциялардың графигін салындар.
y= x2-4 y= (х+4)2
С деңгейі:
y= x2 параболасының шаблоның пайдаланып, төмендегі функциялардың графигін салындар.
y= (х-3)2+2 y= -(х+3)2-1
Саралау: Оқушылардың деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беремін.
Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.
| «А,В,С» әдісі арқылы
Берілген тапсырмаларды орындайды
|
Дескриптор:
- ординатасын есептейді
- функцияның график салады
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
| 8-сынып оқулығы.
|
Топтық жұмыс
10 мин.
| «Сәйкестендіру әдісі»
Топ басшылары Quizlet арқылы топтарына бал жинайды
https://quizlet.com/_b0ssbh?x=1qqt&i=1giaww
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
Топ оқушыларының электронды оқулықтағы мысалдарды дұрыс түсініп талдауларын бақылап, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға бағыт-бағдар беремін.
| «Сәйкестендіру» әдісі арқылы бойынша 3-топқа арналған кеспе парақтарын алады, ал топ басшылары Quizlet арқылы сәйкестендіруді орындайды, топтарына бал жинайды
| Дескриптор:
-Есепті шығарып,мәнін табады
-нүктелерін белгілейді
-график салады
3-балл Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
| ДК экраны
8-сынып оқулығы,
карточка
https://quizlet.com/_b0ssbh?x=1qqt&i=1giaww
|
Сабақтың соңы.
Ой толғаныс.
Рефлексия
5 мин.
| «Элективті тест» әдісі
https://www.plickers.com/set/61fd5c3b33c3a70012eb0d2c
«Графиктер сөйлейді» әдісі
| «Элективті тест» әдісі
Оқушылар QR кодтарын қолдана отырып жұмыс істейді.
Телефонның көмегімен мұғалім QR кодтары бар балалар көтерген карталарды жауаптарымен қарап шығады. Дәл сол сәтте тақтада дұрыс және бұрыс жауаптардың дереу статистикасы пайда болады
| Бағалау: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| ДК экраны https://www.plickers.com/set/61fd5c3b33c3a70012eb0d2c
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы берілген уақытта есепті шеше алмаған оқушыға ширектерді еске түсірту арқылы, таңбаларды анықтауға мүмкіндік жаратамыз;
Қарқын тәсілі арқылы жылдам орындайтын оқушалар және көмек қажет болатын оқушыларболады. Көмек қажет оқушыларға белгілі бір уақыт беріліп, уақыт біткен соң жылдам орындаған оқушылар аяқтай алмаған оқушыларға көмек көрсетеді.
| 10-балдык жүйе бойынша бағалау
«Дұрыс- бұрыс» әдісі бойынша бағалау.
| Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу тұруына назар аудару.
Дәрісханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру сонымен қатар қарындашты, сызғышты қолдану кезінде сақ болу
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|