Главная страница

заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың түрлері. ЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері


Скачать 75.8 Kb.
НазваниеЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері
Анкорзаңды тұлғалардың түрлер
Дата20.05.2021
Размер75.8 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЗаңды тұлғалардың түрлері.docx
ТипДокументы
#207548
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6

Тарату – заңды  тұлғаның  құқықтары мен  міндеттерін  мирасқорлыққа  өткізбей тоқтату  тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе  ықтиярсыз жүргізілуі  мүмкін.

Заңды  тұлғаның мүлкін  меншіктенушінің  немесе меншік иесінің уәкілдік  берген органның  шешімі  бойынша, сондай-ақ  құрылтай  құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік  берілген заңды  тұлға органның шешімі  бойынша заңды тұлға кез-келген  негіз  бойынша таратылуы  мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде  тарату  туралы болып  отыр. Заңды тұлғаны тарату дегеніміз – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден алу арқылы оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы анықталмаса, тіркеуші орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын тіркейді. Таратуды тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттар ұсынылады: белгіленген үлгідегі таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр ұстаушының белгісі соғылған арызы); заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т.б.); құрылтай құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы; таратуды тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі; заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат («Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы» ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі № 66 бұйрығының 9 бабы). Заңды тұлға ерікті түрде және ықтиярсыз тәртіппен таратылуы мүмкін. Ерікті тәртіпте таратылуына кез келген негіз ықпал етеді (заңды тұлға мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі негізінде, құрылтай құжаттары бойынша тарату жөнінде шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі негізінде).

Ықтиярсыз таратылу соттың шешімі бойынша жүзеге асады.

Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:

1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет ұдайы жүзеге асырылған;

4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжатында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не, қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;

5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Сонымен қатар, заңнама мемлекеттік органдардың, несие берушілердің заңды тұлғаны тарату жөніндегі талаптың сотқа беруін көздейді.

Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап заңды тұлға мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылу жайлы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 51 бабына сәйкес, заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары мынадай кезек:

1) бірінші кезекте – таратылған заңды тұлға өміріне немесе деңсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте — несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылған банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;

4) төртінші кезекте – бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;

1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта