Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

  • 2.2 Акционерлiк қоғам

  • заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың түрлері. ЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері


    Скачать 75.8 Kb.
    НазваниеЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері
    Анкорзаңды тұлғалардың түрлер
    Дата20.05.2021
    Размер75.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЗаңды тұлғалардың түрлері.docx
    ТипДокументы
    #207548
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    5) бесінші кезекте – заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.

    Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау  болып табылады.

    Банкрот ұғымы  Азаматтық кодекстің 52-бабында көрсетілген . Оған сәйкес, банкроттық – борышқордың соттың  шешімімен танылған  оны таратуға негіз болып  табылатын  дәрменсіздігі . Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның  дәрменсіздігіне қатысты , яғни  борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік  есебінен  өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның  банкротқа ұшырауы  оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі  заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің  мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылған  борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыру үшін  жеткіліксіз  болған  жағдайда активтер оларға  әділ  етіп бөлінеді . Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ  мекемелер мен қазыналық  кәсіпорындарға  банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің  талаптарын орындау  үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған  жағдайда, олардың  міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21- қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының  «Банкроттық туралы » Заңының екінші бабына сәйкес, банкроттық қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борышқорға банкроттық рәсімді қолдануға банкроттық  ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен  жүзеге асырылуы мүмкін. Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі  арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз – ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын  банкроттық несие берушінің, сондай – ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес  өзге де адамдардың  сотқа өтініш беруі немесе  «Банкроттық  туралы » заң  талаптары арқылы  мүмкін болады. Борышқор  Азаматтық  кодекске сүйене  тоырып өзінің  дәрменсіздігіне  байланысты  банкроттық  туралы  іс қозғауды сұрап сотқа  өтініш  бере алады. Борышқор  өзін тарату  жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша   несие  берушілердің талабын  қанағаттандыра алмайтындығын , яғни дәрменсіздігін  сотқа берген өтінішінде  баяндауы  тиіс.

    Заңды тұлғаның банкрот болуы оның таратылуына негіз болған ретте, оның таратылу тәртібі өзгешелеу болып келеді.

    Банкроттық туралы Заңда несие берушінің өтінішіне қойылатын талаптар да көрсетілген.

    Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейін, бірақ іс қозғалғаннан соң бір айдан кешіктірілмей, банкроттық туралы іс соттың қарауына тағайындалуға тиіс, ол туралы сот ұйғарым шығарды. Банкроттық туралы іс сотқа өтініш түскен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде сот отырысында қаралуға тиіс («Банкроттық туралы» ҚР Заңының 34 бабы).

    Заңды тұлғаның таратылуы жөнінде мемлекеттік регистрге тиісті жазба жасалғаннан кейін оның таратылуы аяқталады.




    2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

    2.1 Шаруашылық серiктестiктер
    Жарлық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алаған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады. Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігі толық серіктер азаматтары ғана бола алады.

    Шаруашылық серіктестіктің  құрылтай құжаттарында Азаматтық Кодекстің 41-бабының 4 және 5-тармағында аталған мәліметтерге қоса әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшері, құрамын, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

    Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін.

    Шаруашылық серіктестік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін жүргізу шартын жасауға құқылы.  

    Акционерлік қоғам қатысушылар  тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін  жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

    Қатысушылар тізілімін  жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын  шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталынан қатысу үлесіне құқықтар шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінде осы құқықтардың тіркелген кезінен бастап туындайды. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін қалыптастыру жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленеді.

    Шаруашылық серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөліміндегі  нормалардың негізгі бөлігі акционерлік  қоғамның құқықтық режиміне барынша  сай келеді. Сондықтан  акционерлік қоғамды «Шаруашылық серіктестік» ұғымының ауқымынан шығару қисынсыз және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады. Ағылшын американ жүйесі елдеріндегі компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) құқықтары заңды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы  серіктестіктерден өзгешеленіп тұрады. Сондықтан оларда  акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңызды негізі бар.

    2.2 Акционерлiк қоғам

    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта