заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың түрлері. ЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері
Скачать 75.8 Kb.
|
Акционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталдың акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі.Акционерлік қоғам – қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік құқықтарын куәландыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді, тек сатып алған акция құнымен шығып тәуекеліне барады.Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.Акция дегеніміз– оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқан және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқы бар акционер екендігін дәлеледейтін құжат. Сонымен бірге акционерлерлік кәсіпорынның ісін басқаруға құқық береді. Акцияны еркін сатуға немесе сатып алуға, сыйлауға немесе сатып алуға, сыйлауға немесе кепілдікке қалдыруға болады.Қазіргі заманғы жағдайда барлық елдерде ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам және компания түрінде жұмыс істейді.Акционерлік қоғамдардар барлық елдерде ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам және компания түрінде жұмыс істейді. Акционерлік қоғамдардар барлық міндеттемелері бойынша заң алдында жауап береді, бірақ барлық акция пакетінің құнынан аспайтын шектеулі мөлшерде тәукелге бара алады. Сонымен қатар акционерлік қоғамдар жеке жағдайда қабылданған кейбір аз акционерлерінің мүлікті міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлік қоғам пайдасының белгілі бір бөлігі акция иелеріне процент түрінде беріледі. Ол дивидент деп аталады. Акционерлік қоғам өз қызметін тоқтатқан жағдайда акционерлер жою квотасын (мөлшерін), яғни кәсіпорын мүлкін сатудан түсетін құнның бөлігін алуға акция иелерінің құқы жоқ. Сондықтан әрбір акционер өздерінің акцияларын бағалы қағаз ретінде еркін ұстай алады, ал мүлікті акционерлік қоғамның басқару ұйымдары өз құздарында ұстайды. Акция екі түрлі болады. Біріншісі – кәдімгі жай акциялар. Екіншісі – дивидендтің нақты процентін алуға құқық беретін акциялар. Акция өзінің иелеріне акционерлік кәсіпорынды басқаруға, қатысуға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция – бір дауыс деген принцип басшылыққа алынады. Акционердің акциясы көп болған сайын оның акционерлік кәсіпорынның істеріне әсері де соншалықты мол болады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруды акциялардың бақылау пакетін қолына алған акционер шешуші роль атқарады. Ашық акционерлік кәсіпорын мүшелерінің құрамы акцияларды сату және сатып алу нәтижесінде еркін ауысып отыруы мүмкін. Бірақ, мұндай акционерлік меншіктегі өз үлестерін осы қоғамның басқа қатысушыларына немесе оған қатысушыларының келісімімен үшінші тұлғаларға сатуына немесе аударуына болады. Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: ашық және жабық. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады. Ашық акционерлік қоғамның қатысушыларына барлық азаматтар кіреді, олар қоғамның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз акцияларын сата немесе басқа біреуге бере алады. Акцияларды сату немесе басқа біреулерге беру тек осы акционерлік қоғамның мүшелерінің қабылдау процедурасынан өткен қоғамның жаңа мүшелерінің, онда да бұрынғы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамда оның мүліктік және қаржылық капиталы одан әрі осы қоғамның акцияларын ашық және еркін сату жолымен құрылады және қалыптасады. Бастапқыда акциялар оларды шығарғаннан кейін құнның өз бағасымен, одан соң оларды қайта сату қалыптасқан сұраныс пен ұсыныстың негізінде нарықтық бағамен – акция бағасымен жүргізіледі. Ашық типтегі акционерлік қоғам- бұл тұрғындардың ішінара меншік иесі болуына мүмкіндік беретін ұжымдық бизнесті ұйымдастырудың барынша кең тараған және өркениетті тәсілі.2.3 Өндiрiстiк кооператив Өндірістік кооператив — деп азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүшелік жарналарын (акция) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік деп танылады. Кооператив мүшелері екі немесе азамат басынан құралуы қажет. Өндірістік кооперативтің мүшелері өзінің міндеттемелері бойынша өндірістік коператив туралы заңда көрсетілген мөлшер мен тәртіпке бағынуы қажет. Сонымен қатар өзінің құқығы Заң Кодексінде белгіленген. Өндірістік кооперативтің өзіндік жарғысы бар. Жарғыда өндірістік кооперативтің атауы,тұрғылықты орны, оның органдарының құру тәртібі және олардың құзіреті , қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленген. Бұл мәліметтерден басқа кооператив мүшелері жарнасының мөлшері туралы, кооператив мүшелерінің құрамы мен жарна қосу тәртібі және олардың жаранларды енгізу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысуы жөніндегі міндеттемелерді үшін жауапкершілігі туралы, кооперативтің таза табысын бөлу тәртібі туралы, кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзіреті және олардың шешімдер қабылдау, соның ішінде шешшімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер жөніндеегі шешімдер қабылдау тәртібі туралы ережелер болуға тиіс. Егер заңды тұлғаны бірадам құрса. Онда оның қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленеді. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін. |