заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың түрлері. ЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері
Скачать 75.8 Kb.
|
Өндірістік кооперативтің мүлкі. Өндірістік кооперативтің мүлік, егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерінің пайдаларына олардың жаранарларына барабар бөлінеді.Кооператив таза табысы оның мүшелері арасында, егер кооператив жарғысында өзгеше тәртіп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлінеді. Өндірістік кооператив таратылған немесе кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда кооператив мүшесінің өз ұпайын бөліп алуға құқылы. Өндірістік кооперативті басқару. Бұл туралы азаматтық кодекстің 99-бабында жазылған. Бапта өндірістік кооперативті басқарудың жоғарғы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.Өндірістік кооперативте кооперативтің атқарушы органдарының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесі құрылуы мүмкін.Қадағалау кеңесі мүшелерінің өндірістік кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Басқарма және оның төрағасыа кооператив қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесі мен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.Тек кооператив мүшелері ғана қадағалау кеңесі мен өндірістік кооператив басқармасының мүшесі бола алады.Кооператив мүшесі бір мезгілде қадағалау кеңесініің мүшесі және басқаарма мүшесі бола алмайды.Өндірістік кооперативті басқару органдарының құзіреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау және кооператив атынан әрекет жасау тәртібі заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекшк құзіретіне мыналар жатады:1.коопператив жарғысын өзгерту;2.атқарушы,тексеруші органдарды және қадағалау кеңесін құру мен олардың мүшелерін кері шақырып алу;3.кооператив мүшелерін қабылдау және шығару;4.кооперативтің қаржы есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;5.кооперативті қайта құру мен таратуды шешу.Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелерді шешуді де жатқызуы мүмкін. Жалпы жиналыстың немесе кооперативтің қадағалау кеңесінің ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелерді олар кооперативті натқарушы органдардың шешуіне бере алмайды.Жалпы жиналыс шешімдер қабылдаған кезде кооператив мүшесінің бір даусы болады.Өндірістік кооперативтің мүшесі кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы. Бұл ретте оған оның жарнасы төленуге немесе берілуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа төлемдер төлеу жүзеге асырылуғу тиіс.Кооперативтен шағатын мүшеге жарна мен басқа мүлік есепті кезең аяқталып, кооперативтің қаржы есебі бекітілгеннен кейін берілді.Өндірістік кооперативтің мүшесі өзіне кооператив жарғысында жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте,сондай-ақ заңқұжаттары менқұрылтай құжаттарында көзделген басқа да реттерде жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкін. Өндірістік кооперативтің мүшесі кооперативтен соған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты жалпы жиналыстың шешімі бойынша бойынша шығарылуы мүмкін. Өндірістік кооперативтің одан шығарылған мүшесі өз жарнасын және жаңа айтылғандай сәйкес кооператив жарғысында көзделген басқа да төлемдерді алуға құқылы. Өндірістік кооперативтің мүшесі өз жарнасын немесе оның бір бөлігін егер заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында өзгеше козделмесе, кооперативтің басқа мүшесіне беруге құқылы. Өндірістік кооперативтің мүшесі болып табылмайтын азаматқа жарнаны беруге кооперативтің келісуімен ғана рұқсат етіледі.Бұл ретте кооперативтің басқа мүшелері мұндай жрнаны сатып алуды басым құқықты пайдаланады. Өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері,егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүщесі етіп қабылдануы мүмкін. Қайтыс болған кооператив мүшесінің мұрагері кооперативкекіруденбас тартқанда немесе кооператив мұрагерлері қабылдаудан бас тартқанда оған мүліктегі қайтыс болған кооператив мүшесінің пайына бара-бар үлес,сондай-ақ кооперативтің таза табысын қайтыс болған адамға тиесілі бөлігі және кооператив қызметінеқосқан жеке еңбегі үшін сыйақы төленеді. Өндірістік кооператив мүшесінің жарнасынан оның жеке борышын өндіріп алуға оның мұндай борышты заң құжаттары мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша жабу үшін басқа мүлкі жетпеген жағдайда ғана жол беріледі. Өндірістік кооператив өз мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкін. Өндірістік кооперативті қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі Азаматтық Кодексте және басқа заң құжаттарында белгіленеді.Өндірістік кооператив өз мүшелерінің бірауызды шешімі бойынша шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылуы мүмкін.2.4 Мемлекеттiк кәсiпорын Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы бойынша мемлекеттік кәсіпорындарға: шаруашылық жүргізу; жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқықтарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 102-104-баптарында, ал нақты нормалары Мемлекеттік мүлік туралы заңда қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға: Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; Оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік тіркеу құжаттары: 1) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (белгіленген нысанда); 2) жарғы; 3) шешім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы); 4) орналасқан жерін растайтын құжат; 5) түбіртек (немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат); 6) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың салық төлеуші куәліктерінің көшірмелері. Егер заңды тұлға табиғи монополиялар субъектісі болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның жазбаша келісімі. Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі(Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысы бойынша) жүзеге асырылады. Кәсіпорын басшысының қызметіне кандидатураларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: 1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы; 2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды: он сегіз жасқа толмаған; бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган): конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды; конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын анықтайды; конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады, тиісті саланың уәкілетті органы өкілдерінің арасынан комиссия төрағасын және комиссия хатшысын тағайындайды. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: конкурстық құжаттаманы дайындайды; тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді; конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді; конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шешімді енгізеді. Республикалық, облыстық және аудандық кәсіпорын басшысының қызметін атқаруға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) интернет-сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады. 2.5 Коммерциялық емес ұйымдар Коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі және заң актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: |