заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың түрлері. ЗАды тЛа туралы тсінік, зады тЛаларды пайда болуы мен таратылу негіздері
Скачать 75.8 Kb.
|
1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;2) жекелеген ұйымдық құқықтық нысандардағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі. Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді. Коммерциялық, емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сыңдағы № 142-П ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.Коммерциялық, емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-қуқықтық нысандары эсер етеді. Сондықтан коммерциялық, емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін аныктау үшін оның күрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, баскаруды ұйымдастырудың жөне қаржыландырудың әдістерің ескере отырьш зерделеген жөн.Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы швртқа осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.Жоғарыда аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне қарай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады. Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім-ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелер жатқызылуы мүмкін. Олар "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заңды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін шаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады. Ұйымдардың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бұл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып үйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады. Ұйымдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметтер тегін, оларды қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады. Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайрымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен ғана түсіндірілмейді. Жеңілдік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды саралайды, мұндағы басты критерий — көрсетілетін қызметтердің қоғамдық пайдалылығының дәрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.ҚОРЫТЫНДЫЗаңды тұлға болып танылады меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығының оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жек құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым болып табылады. Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Азаматтық құқықтың тағы бірден-бір субъектілері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы реттейді. Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Менің жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады: -Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері; -Коммерциялық заңды тұлға; -Коммерциялық емес заңды тұлға. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативті, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң ұүжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін. Заңды тұлғалар бірлестік құра алады. Заңды тұлға осы Кодекстің, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негізінде жұмыс істейді. Жалпы кіріспе бөлімінде айтылып кеткендей курстық жұмыстың мақсаты заңды тұлға ұғымына тоқталу, және осы заңды тұлға құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы заңды тұлға тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе оның маңыздылығын ашып көрсетілді. Сонымен қоса заңды тұрғаларды құрудың тәсілдері, заңды тұлғаларды тарату негiздерi мен тәртібі, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және қайта құру туралы жазылып кетті. Менің ойымша осы мәселелердің бәрі толық қарастырылды. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда ҚР Конституциялық заңымен енгізілген өзгерістері және толықтырулармен), (соңғы өзгерістер 2007ж 21 мамыр ҚР заңымен енгізіледі). 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы бөлім) 27.12.1994 ж. (15.01.2001ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), (соңғы өзгерістермен толықтырулар 2007 ж 12 қаңтар ҚР заңымен енгізілді, 10.12.2008ж № 101-IV, 20.01.2010). 3. Ғ. Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы, 2001 жыл. 4. Ғ.А.Жайлин. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: I,II том Оқулық. Алматы 2004 ж. 5. Басин Ю.Г. Юридические лица по Гражданскому праву РК. Алматы 1996. 6. Гражданское право. (Отв. ред. Ю.К.Толстой, А.П.Сергеев) Спб., 1996, Т1.1998, Т2 1999. 7. Гражданское право. Том I. Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Алматы 2000. 8. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Гражданское право. (учебное пособие). Алматы 1999. 9. Грибанов В.П. Осущесвление и защита гражданских прав. Москва, 2000. 10. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті Жарғы» 2003. |