Главная страница

диссер Жүнісқадырова. Зерттеуді таырыбы Неке келісім шарты ыты табиаты, мазмны жне тотатылуы


Скачать 377.21 Kb.
НазваниеЗерттеуді таырыбы Неке келісім шарты ыты табиаты, мазмны жне тотатылуы
Дата11.10.2022
Размер377.21 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файладиссер Жүнісқадырова.docx
ТипДокументы
#727127
страница5 из 5
1   2   3   4   5

Қорытынды
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы кодексі» қабылданғаннан кейін неке келісім шартына қатысты абыр-сабыр сөздер лезде тоқтатылды. Бірқатар сенімділік пайда болды. Бұл кодекстің пайда болуымен отандық азаматтық құқықтың революция кезеңі, өркендеу кезеңі бастау алды десек артық болмас. Егер меншікті құқық тек белгілі бір затты иемденуге қатысты мәселені талқылауға мүмкіндік берсе, неке келісім шарты иелік ету құқығын жүзеге асыру құралы іспеттес. Отандық қоғамда меншікті бөлісу, оған иелік ету ажырасу процесінде талқыланатын, меншіктік құқық нормаларына сәйкес. Қазіргі таңда некелесу алдында немесе кезінде неке келісім шарты арқылы ортақ меншікті басқару оған иелік ету мүмкіндігі бар.

Ерлі-зайыптылардың отбасылық мүлік мәселелерін шешу туралы неке келісім шарты Батыс елдерінде бұрыннан бері қолданылып келеді. Алғаш рет Қазақстан заңнамасында бұл институт 1993 жылы Қазақ КСР-нің Неке және отбасы туралы кодексіне неке келісім шарты туралы жеке бап ретінде енгізілген. Алайда нарықтық қатынастардың дамуымен, азаматтардың әл-ауқатының өсуімен және отбасының мүліктік базасының кеңеюімен бұл институт неғұрлым тартымды және өзекті бола бастады. 2012 жылдың 18 қаңтарда күшіне енген «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі бес баптан тұратын неке келісім шартының маңыздылығын айтарлықтай кеңейтті.

Шетелдік неке келісім шарттарын саралай келіп, біздің байқағанымыз барлық келісім шарттар жазбаша түрде толтырылады, ерлі-зайыптының бірігіп шешуімен орындалады, кәсіби білікті маман жазады, нотариалды түрде куәландырады, неке келісім шарты некеге дейін және некелескен кезде жасалғанымен тек неке ресми түрде қиылғанда заңды күшіне енеді, неке келісім шартында тек ортақ немесе жеке меншік құқығын растайтын ережелер қойылады, ерлі-зайыптының құқықтарын шектемеуі тиіс. Ортақ мал мүлікті ерлі-зайыптылар неке келісімінде көрсетілгендей бірігіп, бөлек, аралас түрде басқарады. Неке қиылмас бұрын әр тараптың жиған-терген мал мүлкі ажырасқаннан кейін өз меншігінде сақталады. Даудама туындаған жағдайда сотқа шағымдануға құқылы. Себебі заң алдында неке келісім шартының күші әлсіз.

Отанымыздағы неке келісіміне деген сұраныстың төмендігі мынады:

  • Қоғамның құқықтық саласына араласа алмайды, себебі неке келісім шартының дәстүрлі қалыптасқан тәжірибесі жеткіліксіз.

  • Еуропаға қарағанда Қазақстанда ерте жаста некеге отыратын жұптардың көрсеткіші орта есеппен санағанда 4-5 жылға аз.

  • Әйелдер қауымы ер адамға тәуелді, құқықтық білімі жеткіліксіз.

  • Қазақстандағы құқықтық мәдениеттің жағдайы мүшкіл. Жемқорлықтың басым болуы құқықтық нормалардың дұрыс бағытта дамуына кедергі келтіреді.

  • Халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайы нашар. Жұмыссыз, баспанасыз жүргендер саны жылдан жылға артып келеді. Отбасын асырай алмай тастап кеткендер қаншама. Біздің елде жұптың некесі сүйіспеншілік негізінде құрылған деген пайым бар, сондықтан оны капитал, мүлік бірлестігі есебінде қарастыру мүмкін емес, психологиялық тұрғыдан халық санасының жеткіліксіздігін байқатады.

Сапалы, сауатты түрде жасалған неке келісім шарты көптеген даудамалардың алдын алып, нормативті реттелуіне ықпал етеді. Әлеуметтік мәселелердің құқықтық негізде шешілуіне, құқықтық сауаттылардың санын арттыруға септігін тигізеді. Заман талаптарына жауап беретін неке контрактісі уақыт келе жоғары сұранысқа ие болатынына сенеміз. Неке контрактісі махаббатты нығайтып, дағдарыстың алдын алады, сотқа жеткізбей бейбіт түрде келеңсіз жағдайларды шешетін құрал іспеттес.

Неке келісімі туралы ақпарат аз болғандықтан көптеген қазақстандықтар ол жөнінде бейхабар. Шет елдеріндей түсіндірме тернингтері өткізілмейді, ғаламтор арқылы заңнамалық сауаттылық жұмыстары жеткіліксіз, БАҚ, жарнамалық билбордтар арқылы ақпараттандыру қолға алынбаған. Осы сынды мәселелерді заң тұрғысынан зерттеп, оны шешу жолдары қарастырылса Қазақстан өркениетті елдердің қатарына бір қадам болса да жақындай түседі деген сенімдеміз.

Неке келісімінде ерлі-зайыптының өзара қарым-қатынасы талқыға алынбайды, қарастырмайды. Қазақстандықтар үшін неке келісімі тың дүние, сондықтан оны жасау кезінде ерлі-зайыптының арам ойы пайда болады, ажырасу туралы ой қалыптасады, бұл өзара түсіністік пен шынайы сезімді құртады. Себебі даудама кезінде, әсіресе ажырасу процесінде әр тарап өзін ақтап шығуға, қорғауға талпынады. Алайда ажырасу процесінде туындайтын мәселелерді неке келісімі арқылы болжап алдын алу сақтық шараларын жасау жөн, қаржысыз, өмірден түңіліп күйзеліске ұшырағандар саны азаяр еді. Неке келісімі ерікті түрде жасалады, алайда көп жағдайда қысым немесе манипуляция негізінді тараптың бірі қаламайтын жағдайлар да тәжірибеде кездеседі. Бұл әсіресе материалдық жағдайы әр түрлі тараптардың некесіне қатысты. Кейбір азаматтар заңды түрде некеге отырғысы келмейді, мұндай жағдайда олардың жасасқан келісім шарты заң алдында негізсіз, ешқандай күші жоқ. Яғни заңды түрде некелеспеген жұптар ортақ мал мүлікке иелік ете алмайды.

Қорытынды жасайтын болсақ, неке келісімі отбасы ішіндегі материалдық жағдайды реттейтін тиімді құрал. Мұндай әдіс мал-мүлкін сақтап, қаржылық активін көбейткісі келетін жұптарға тән, олар нотариусқа жұмсалатын шығынды маңызды санамайды, бастысы тиімділігі. Себебі мұндай жұптарға ажырасу процесі тек проблема әкелетінін жақсы түсінеді. Бұл әсіресе жеке бизнеспен айналысатын адамдарға қатысты мәселе.

Неке келісім шартын жасау үшін оның қағидаларын, адам психологияын жан-жақты зерттеу керек. Зерттеу нәтижелерін жинақтап тәжірибеде қолдануды үйрену керек. Оның заңды күші болуы шарт. Азаматтық заңнаманың нормативті актілері тәріздес сақталып, қорғалуы шарт деп ойлаймыз. Әр некенің келісім индивидуалдылығын сақтағаны жөн. Заңнама саласын жетілдіргісі келетін жас ғалымдар үшін бұл таптырмас жаңалық әрі ізденіс.

1   2   3   4   5


написать администратору сайта