диссер Жүнісқадырова. Зерттеуді таырыбы Неке келісім шарты ыты табиаты, мазмны жне тотатылуы
Скачать 377.21 Kb.
|
Осы ретте заман талабына сәйкес неке келісім-шартының қажеттілігі туындайды. Алайда Қазақстанда ажырасқандардың саны жылдан жылға артып жатқанына қарамастан неке келісім-шартына отыру мәселесі қолға алынбай келеді, маңызсыз саналады. Бір жылдың ішінде некесін қиғандардың көп бөлігі сол жылдың аяғына дейін ажырасып тынады. Атам-заманнан, кеңес үкіметі билігін жүргізген заманның өзінде ажырасу көрсеткіші дәл қазіргі жағдайға жетпеген. Ажырасқан күннің өзінде аса маңызды себептердің болуы шарт еді: үйден бейхабар кету, ерлі-зайыптының бірі қайтыс болуы, бедеулік, мал-мүлікке бола туындайтын жанжал салдарынан түрмеге отырғызу сынды. Кеңес үкіметі билеп тұрғанда ажырасу үлкен кемшілік есебінде қабылданатын, жұмыста қаралайтын, қоғам қабылдамайтын, сондықтан қиын-қыстау кезеңдер болса да ерлі-зайыптылар бірлесіп тұра беретін. Ажырасу көрсеткіші өте төмен, тіпті жоқ болды десек те рас. Неке келісім-шарты отбасылық өмірде болатын, алдағы уақытта кездесетін келеңсіз жағдайларды шешуге көмек беретін құрал іспеттес. Заманға қарай ТМД елдерінде неке келісім-шарттарына деген сұраныс артып келеді. Қазіргі терминде неке контрактісі деп аталады. Жалпы неке келісім шартының пайда болуы сонау ежелгі римдіктерден бастау алатынын бастапқы тарауда айтылған. Латын тілінен «tabulae nuptiales» шыққан неке келісім-шарты жеке мүліктің пайда болуына байланысты азаматтық құқығы бар келісім ретінде қарастырылды, яғни, қыз жасауына қатысты мәселелерді реттейтін, ажырасу процесі болған жағдайда алдын алу жолдары шешілетін. Неке келісім-шартына отыру міндетті болмаса да рим азаматтары арасында атаулы отбасылық құқықтық институт кеңінен таралды. Сыртқы әсерлердің қатысуынсыз мүлікке және жеке басына қатысты мәселелерді бейбіт түрде шешуге бағытталған. Сол арқылы өз отбасын сыртқы қозғаушы күштерден сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Еуропалық қауымдастықта ерлі-зайыпты арасындағы келісім де кеңінен таралған. Экономикалық, материалдық мәселені реттеуде маңызы зор. Дәстүрлі көзқарастың біртіндеп ұмытылып, заман талаптарына жауап беретін келісім-шарттардың туындауы соның дәлелі. Екі тарап отбасы болғанда және ажырасқан жағдайда материалдық жағынан бір-бірінен тәуелсіз, ары қарай дербес күйде өмірін жалғастыруға құқылы. Мемлекет уақыт келе неке келісім-шартының тиімділігін түсіне бастады, себебі екі тараптың өзара жауапкершілігі арта түсетіндігі байқалды. Мемлекеттің экономикалық жағдайының өзгерістеріне қарамастан атаулы келісім-шартқа деген сұраныс жылдан жылға арта түсті. Некелеспес бұрын келісім-шартқа отыру арқылы даудама мәселелерді заңды түрде шешуге болатынына көз жетті. Бұл әрине тек Батыс және Еуропа елдеріне үйреншікті жағдай. Ал ТМД елдері үшін, Қазақстан, Ресей сынды мемлекеттерге таңсық жағдай, жаңашылдық. 1990 жылдары тәуелсіздік алған жылдардан бастап неке келісім шартының институты жандана бастады. Ажырасу саны өсе келе оны алдын алу шаралары мен келісім-шарт жасасу қажеттілігі сұранысқа ие болды. Халықтың тұрмысы реттеліп, жеке мүліктер пайда бола бастады. Сондықтан ерлі-зайыптылар ажырасқанда сотта даудамаға жеткізбей бейбіт түрде ортақ мәмілеге келу үшін неке келісім шартын жасасу негізделді. Екі тараптың құқығын сақтайтын келісім шартын жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында 1993 жылы қазан айынан бастап енгізілді. Ерлі-зайыптының мүліктік құқығы 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Заңымен бекітілді. Оның өзектілігі нормативті-құқықтық актілерде неке шартының толық мәнін ашу және тәжірибеде қолдану қажеттілігінде. Қазіргі таңда неке шартын реттейтін нормативті актілер жетіспейді, яғни тақырыптың зерттелуін қажет етеді. Қазақстанда неке келісім шартының ақсап тұру себебі: заңнама ерлі-зайыптылардың өзара қатынасын реттейді, ерлі-зайыпты некесінде бірінші тарап екіншісіне қысым көрсете алмайды деген тармақ көрсетілмеген, шартта көрсетілген нормаға қарағанда заңнама нормасы басым, неке келісім-шартын жасау түсінігі дұрыс емес, психологиялық тұрғыдан теріс түсінік қалыптасқан, Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан діни көзқарастар да әр түрлі, діни ұстаным ерлі-зайыптының арасындағы қатынасты тек құқықтық нормамен қадағалауға болмайды деген негіз бар, некелесетін жұптың басында жеке мүлік болған жағдайда неке келісім-шартына отыру, екі тараптың келісім шартқа деген көзқарасы, біреуі құптаса, екіншісі кері шегініп жұбайына сенімсіздігі туындайды. Неке келісім-шартының нормаларын қалыптастыруда туындайтын кедергілердің бірі – танымалдылығы аз, яғни ақпараттың жеткіліксіздігі, адамдардың құқықтық білімсіздігі, қорқыныш пен үрейдің басым болуы. Мәселен, Еуропа мен АҚШ елдерінде неке келісім шартына отырғандар саны 70-90% құраса, Қазақстанда бар болғаны 3-7%. Тәжірибеде аз қолданылады. 1. Қоғамның құқықтық саласына араласа алмайды, себебі неке келісім шартының дәстүрлі қалыптасқан тәжірибесі жеткіліксіз. 2. Еуропаға қарағанда Қазақстанда ерте жаста некеге отыратын жұптардың көрсеткіші орта есеппен санағанда 4-5 жылға аз. 3. Әйелдер қауымы ер адамға тәуелді, құқықтық білімі жеткіліксіз. 4.Қазақстандағы құқықтық мәдениеттің жағдайы мүшкіл. Жемқорлықтың басым болуы құқықтық нормалардың дұрыс бағытта дамуына кедергі келтіреді. 5. Халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайы нашар. Жұмыссыз, баспанасыз жүргендер саны жылдан жылға артып келеді. Отбасын асырай алмай тастап кеткендер қаншама. Біздің елде жұптың некесі сүйіспеншілік негізінде құрылған деген пайым бар, сондықтан оны капитал, мүлік бірлестігі есебінде қарастыру мүмкін емес, психологиялық тұрғыдан халық санасының жеткіліксіздігін байқатады. Сапалы, сауатты түрде жасалған неке келісім шарты көптеген даудамалардың алдын алып, нормативті реттелуіне ықпал етеді. Әлеуметтік мәселелердің құқықтық негізде шешілуіне, құқықтық сауаттылардың санын арттыруға септігін тигізеді. Заман талаптарына жауап беретін неке контрактісі уақыт келе жоғары сұранысқа ие болатынына сенеміз. Неке келісім шарты махаббатты нығайтып, дағдарыстың алдын алады, сотқа жеткізбей бейбіт түрде келеңсіз жағдайларды шешетін құрал іспеттес. Қазақстанда неке келісімін материалдық жағдайы жақсы, қомақты қаржысы бар жұптар жасасады. Қазіргі таңда неке контрактісі ажырасу кезінде келеңсіз жағдайлады шешетін тиімді құрал ғана емес, сондай-ақ отбасылық өмірде қаржы мәселесін реттеуші есебінде қабылданады. Неке келісімі Қазақстан Республикасының Неке және отбасы кодексімен регламенттеледі. Неке келісім-шартында ерлі-зайыпты тараптардың мүлкі қалай реттелуі тиіс тармақтары көрсетіледі. Яғнии ортақ мүлікке ортақ, бөліп немесе жеке иелік етуі талқыланады. Әр тараптың құқығы белгіленеді. Неке келісім шартында ерлі-зайыптылар келесі шарттарды жазуға құқылы: Бірге тұрғанда міндеттер мен құқықтарын анықтау. Мәселен, күйеуі бүкіл отбасы мүшелерін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге құқылы, жұбайы тек бала тәрбиесіне жауапты. Ерлі-зайыптының екеуі жұмыс істеген жағдайда, әр тараптың ортақ тұрмысқа қажеттіліктерді сатып алуда қанша қаржы бөлетіндігі көрсетіледі. Отбасы бюджетін кім басқаратыны анықталады. Қаржыны бірлесіп жұмсау, жинақтау немесе әр қайсысы бөлек ұстау мәселелері талқыланады. Отбасы шығыны, яки қай тарап неге жауапты, мәселен, коммуналкаға күйеуі жауапты болса, жұбайы тамақпен қамтамасыз ету сынды. Балаларды қамтамасыздандыруда екі тарапқа да ортақ, тең жауапкершілік артылады. Ажырасқан жағдайда әр тарапқа тиесілі мүлік мөлшері көрсетіледі. Мәселен, жұбайы мен балаларына үй, күйеуіне машина. Некеде туған, асырап алған балалар болса мұра қалдыру. Әр қайсына тиесілі мүлік нақтыланып жазылады. Келісім шартта көрсетілген барлық шарттың құқықтық негізі бар. Қазақстанда неке келісім шартын жасасу ерікті түрде жасалады, тек ерлі-зайыптының біреуі шетелдік азамат болған жағдайда және Қазақстан жерінде мүлік алатын болса заңды түрде міндеттеледі. Ата Заңымыздың талаптары бойынша шет елдің азаматы Қазақстан жерінде мал-мүлік жинақтай алмайды, сол себепті некелескен қазақстан азаматы мен шетелдік азаматтың арасында жеке мүлкі жөнінде барлық сұрақтар анықталып талқылануы тиіс. Екі тарап ажырасқан жағдайда мәселен жер немесе тұрғын үй бөліске түспейді, отанымыздың азаматына тиесілі болады. Қазақстан Республикасының неке және отбасы кодексі ерлі-зайыптының ортақ мал-мүлкіне қатысты мәселелерді шешуді көздейді. Мал-мүліктің тәркілену процесі екі түрде ерікті келісім шарт жасау және заңды түрде сот шешімімен жүргізіледі. Қазақстандықтар ажырасу кезінде екінші әдіске көбірек жүгінеді. Жұптың тараптары ортақ мал-мүлікке тең құқылы. Ортақ балалары болса, олардың жасы кәмелетке толмаған жағдайда сот шешімінің тағайындауымен тараптың біріне оларды бағу жүктеледі. Некеге отырмас бұрын тараптардың әр қайсында мал мүлкі болған жағдайда ажырасу процесінен кейін өз иеліктерінде сақталады. Статистикаға көз жүгіртетін болсақ, британиялық «Экономист» басылымындағы сараптама бойынша 2014 жылы Қазақстан әлем бойынша ажырасу көрсеткіші жоғары он елдің қатарына жатқызылды. Мәліметтерге сүйенсек, 2012 жылы 48 513, 2013 жылы 51 482, 2014 жылы 52 673, 2015 жылы 53 293 ажырасқан жұптар тіркелген. Көріп отырғанымыздай ажырасу динамикасы жылдан жылға өсіп келеді. Осы процесте неке келісім шарты екі тараптың түсіністікпен жанжалсыз мәселені шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан кез келген азамат неке келісім шарты туралы хабардар болуы маңызды. Диаграмма № 3 Статистикалық мәліметтерге назар аударсақ, 2019 жылы некелескен жұптардың саны алдыңғы жылдарға қарағанда күрт төмендеген – 27,9% құраса, оның қаладағысы-18,7%, ал ауылдағы көрсеткіші 9,2% жеткен. Енді оң жақтағы графаға назар аударыңыз, бұл ажырасудың статистикасы, 2014 жылы 11,6% құраса, оның қаладағы көрсеткіші 8,7%, ауыл 2,9% құрайды. 2019 жылы 13,1 % өскен, қала 9,7%, ауыл 3,4% құрайды. Неке және отбасы институты құлдырау үстінде тұрғандығының айғағы. Неке келісім шарты ажырасу процесінен кейін тоқтайды, егер онда ажырасқаннан кейінгі екі тарапқа қойылған шарттар көрсетілсе оны екеуі де орындауы тиіс. Неке келісім шартында қарастырылатын мәселелер: отбасы қаражаты, ажырасу кезінде мал мүліктің мұрагерлікке өтуі, болашақ мүлікке иелік ету, ортақ балаларды бағу және тәрбиелеу, ата-аналарын бағу және т.б. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар мал мүлікті жеке немесе ортақ түрде иелік ете алады. Неке келісім шарты азаматтардың құқығын шектемеу керек. Яғни, еңбек етуге, ерікті түрде шешім қабылдау, діни наным-сенімдер және т.б. Атаулы келісім тек мал мүлікке қатысты. Махаббат, адалдық, ерлі-зайыптының міндеті, моральдық әдеті сынды мәселелер қарастырылмайды. Неке келісім шартында ажырасқан жағдайда ортақ балалар кіммен қалатындығы көрсетілмейді, заңды түрде негізсіз, күші жоқ. Тек алимент төлеу мәселесіне қатысты ортақ келісімдерді қарастыруға болады. Келісімнің басты мақсаты екі тараптың құқығы мен мүмкіндігін шектемеу керек. Өркениетті елдерде неке келісім шарты бұрыннан қалыптасып дамып кеткендігін баршаға мәлім, Қазақстан үшін бұл тың әрі жаңа бастама. Неке келісімі деген сөздің өзі қазақстандықтар үшін тың. Заман талабына сай отандық неке келісім шартын жасау қажеттілікке айналып отыр. Екі тарапқа бір-бірінің алдында жауапкершілігін жүктейді әрі оның маңыздылығын арттырады. Неке келісімі туралы ақпарат аз болғандықтан көптеген қазақстандықтар ол жөнінде бейхабар. Шет елдеріндей түсіндірме тернингтері өткізілмейді, ғаламтор арқылы заңнамалық сауаттылық жұмыстары жеткіліксіз, БАҚ, жарнамалық билбордтар арқылы ақпараттандыру қолға алынбаған. Осы сынды мәселелерді заң тұрғысынан зерттеп, оны шешу жолдары қарастырылса Қазақстан өркениетті елдердің қатарына бір қадам болса да жақындай түседі деген сенімдеміз. Зерттеу жұмысымыз аясында 60 адамға сауалнама жүргізілді, соның ішінде некеде тұрған жұбайларға қатысты. Атаулы сауалнама 2020 жылдың 13-16 наурыз аралығында Алматы қаласының Әуезов аудандық АХАТ бөлімінде алынды. Сауалнама 4 жабық, 1 ашық түрдегі сұрақтан тұрды. Диаграмма № 4 Атаулы диаграммадан көріп отырғанымыздай 60 адамның 72 % неке келісімі жөнінде хабардар болса, 22 % бейхабар, ал 6 %, яки 4 адам бірінші рет ондай келісім шарттың барын білді. Дәл осы мәлімет неке келісім шартының қаншалықты қоғамда орны барын көрсетеді. Қажеттілік болғанымен сұраныс жоқ не көрсеткіші өте төмен. Диаграмма № 5 Екінші диаграммадан байқап отырғанымыздай неке келісім шарты туралы жағымды пікір қалыптастырған жұптар саны 48% құраса, бейтарап күй кешетіндер саны 40%. Қалған 12% теріс көзқараста, яки жақтамайды әрі қабылдамайды. Заңды саладағы қарапайым халықтың сауаттылық деңгейі әлі де төмен екендігі байқалады. Диаграмма № 6 Үшінші диаграммадан көріп отырғанымыздай қоғамда неке келісім шартының қажеттілігі сарапталған, 52% қарсы болса, 42% жақтаған. Диаграмма № 7 Төртінші диаграммада маңызды сұрақтың жауаптары алынған. 40% қарсылығын білдірген, 32% нақты шешім қабылдай алмайтындығын айтса, 28% неке келісім шартына отыруға дайын азаматтар екені анықталды. Жоғарыда айтылған зерттеуімізге, Әуезов ауданының АХАТ бөлімінде жүргізілген сауалнамаға қайта оралатын болсақ, неке келісім шартының қажеттілігі туралы сауалнаманың осы бір пунктіне көп адам көңіл бөлмеді. Психологиялық күйзеліске түскендер де болды. Кейбіреуі бұл сұрақты жауапсыз қалдырған. 17% неке келісім шартының не екенін, оның мәнін білмейтіндігін мойындады. 60 адамның ішінде неке келісімінің пайдасы мен кемшілігін айқындап нақты жауап бергендер де болды. Ерлі-зайыптының заңды құқықтарын реттеу аса мұқияттылықты қажет етеді, неке келісім екі тараптың контрактісі десек артық болмас. Неке келісім шартында мүлік, ерлі-зайыптының жеке және ортақ кірісі қарастырылады. Оның негізгі пунктері: некеге дейінгі және некедегі иелік еткен мал-мүлік, ортақ қаржымен қамтамасыз етуде тараптардың құқығы мен міндеті, келісім мерзімі және өзгерту, толықтыру шаралары, келісімді тоқтату. Келісімнің ерекшелігі: жекеменшік қатынасқа регламент жасай алмауы, нотариустың рәсімдеуімен жазбаша түрде жазылуы, некеге дейін және некеде жасауға болады, екі тараптың ортақ шешімімен созылады немесе тоқтатылады, мемлекеттік рәсімдеуге жарамайды. Келісімде көрсетілмейді, енгізілмейтін шарттар: ерлі-зайыптының арасындағы өзара қарым-қатынас, балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері, құқығын шектейтін шарттар, келісім шартты бұзу үшін сотқа жүгіну, мұрагерлікке, жеке кәсіппен айналысуды шектейтін талаптар, жеке кіріс алу, т.б. Келісім шартқа отырған ерлі-зайыптылар үшін тиімді тұсы: кез келген уақытта некеге дейін және кейін жасауға болады, ажырасу кезінде келісімде қарастырылған мәселелер жанжалдан сақтайды, некеге дейінгі жиналған және некедегі мал мүліктің есебін жасауда тиімді. Некеге дейін жиналған мүлік сол тараптың иелігінде қалады, некеде жиналған мүлік ортақ тәркілеуге түседі. Сондай-ақ сыйға берілген мүлікке иелік ету мәселесі қарастырылады. Бұл мәселеде алдын ала сыйға берілген мүлікті қалай бөлісу керектігін талқылап алу қажет. Неке келісімі ажырасқан жағдайда даудамасыз мүлікті бөлісуде тиімді. Мәселен, ерлі-зайыптылар неке барысында бизнесті талқылаған. Күйеуі некеге дейін шағын автомобиль кәсібімен айналысқан, некеге отырғаннан кейін отбасылық қаржыдан ақша құйылып бизнес өркендеген, ажырасқанда әйелі бизнестің жарты құнын талап еткен, екі тараптың құқығын сақтай отырып сот процесі жүргізілді, некеге дейінгі, неке кезінде бизнес кірісі мен шығысы зерттеліп сараптама жасалды, әрине мұндай процестерге біраз уақыт кетеді, ал неке келісімі алдын ала атаулы мәселелерді шешіп қоюға көмектеседі. Неке келісім арқылы жұптың қаржылық мүмкіндігін саралауға болады. Мәселен, келіп түскен кірісті бағалап оны жұмсау мүмкіндігін анықтау керек, ірі қомақты сатылым болса жоспарлап оған иелік ететін тараптардың құқығы анықталады. Тіпті қарыздар мен несиені реттеуге мүмкіндік береді. Мәселен неке кезінде алған қарыз немесе несие болса ажырасу кезінде неке келісімінде көрсетілген пунктер бойынша шешім табуға болады. Құжатта отбасылық қаражаттың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Тіпті азық-түлік пен қомақты заттарды алу, коммуналдық қажеттіліктерді өтеу сынды сұрақтарды енгізуге болады. Екі тарап қарым-қатнасын тоқтатқан жағдайда жұмыссыз әйелін немесе күйеуіне материалдық көмек көрсету пункті бар. Қаржылай көмек алудың мөлшері, берілу мерзімі көрсетіледі. Өзара келісім шарт ашық әрі шынайы түрде жүргізіледі, барлық құқықтары сақталады. Келісім жасаудың тиімсіз тұстарына жатады: некесін қимаған жастар арасында материалдық жағдайды бағалау әрі талқылау біздің елде арсыз іс саналады, нотариустың қызметі қымбат, келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін жағдайда келісімнің алғашқы мәні күшін жойып басқа арнаға ауысуы мүмкін, іс жүзінде тиімсіз болуы мүмкін. Тәжірибеде мұндай жағдайлар жиі кездеседі, нәтижесінде ажырасқан ерлі-зайыптылар мал мүлікті сот шешімі арқылы бөліскен жағдайлар болған. Келісім шарт жасағанда отбасылық өмірдің барлық қыры мен сырын қамту мүмкін емес. Біз көріпкел емеспіз алда не күтіп тұрғанын білмейміз. Келісім шартта нақты фактілер көрсетіледі, яки мазмұны екіжүзді болмауы керек. Түсініспеушілік жағдайда іс сотқа дейін жетіп, неке келісімінің заңдық негізі болмағандықтан күшін жоятынын ұмытпау шарт. Сондықтан келісім шарттың мәтінін жазғанда тәжірибесі мол, кәсіби білікті, сауатты мамандардан кеңес алған жөн. Латын Америкасы елдерінде-Бразилия, Колумбия-неке шартын тек үйленгенге дейін жасауға болады. Осы аймақтағы барлық мемлекеттердің ішінде Перуде ерлі-зайыптылардың мүлкінің шарттық режимі мәселелері ең либералды түрде реттеледі. Перу Азаматтық кодексінің 296 неке кезеңінде ерлі-зайыптылар бір режимді екіншісіне ауыстыруға құқылы. Режимді өзгерту туралы келісімнің жарамдылығы оны нотариалды түрде қабылдауға және азаматтық хал актілерін кітапқа енгізуге байланысты[51]. Соңғысы, жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасына енгізу орынды болып көрінеді. Әрине, неке шартын жасасу және өзгерту кезінде Тараптардың еркіндігін шектеуді ішкі заңнамаға ауыстыру қажет емес, өйткені неке шарты қазақстандық заңды шындыққа берік енгені жөн[52]. Сонымен қатар, Нидерландыда және Латын Америкасында осы шектеулерді белгілеу салықтарды айналып өтуге және мүлікті бір жұбайынан екінші жұбайына беру арқылы кредиторларға зиян келтіруге жол бермеуге бағытталған, бірақ бұл ережеге айналады деп қорқады. ҚР АК-нің 159-бабында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде (яғни. алдау, зорлық-зомбылық, қауіп-қатер, ауыр жағдайлардың жиынтығы), келісім мүлдем жасалмайды немесе басқа шарттармен жасалмайды. Алдау, қорқыту және зорлық-зомбылық тек неке шартында ғана емес, сонымен бірге оның мүдделері үшін әрекет ететін басқа адамдардан да туындауы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Бұл ретте алдау деп неке шартын жасасу мақсатында басқа Тарапты қасақана (қасақана) жаңылыстыру түсініледі. Алдау белсенді іс-әрекеттер жасауда (жалған мәліметтерді хабарлауда), сондай-ақ әрекетсіздікте (шарт жасасуға әсер етуі мүмкін немесе әсер етуі мүмкін фактілер туралы үнсіздік) көрінуі мүмкін. Зорлық-зомбылық мәмілеге қатысушыға (немесе оған жақын адамдарға) неке шартын жасасуға мәжбүрлеу мақсатында физикалық немесе адамгершілік азап келтіру, яғни әңгіме басқа адамның еркіне құқыққа қарсы әсер ету туралы болып отыр. Қауіп-қатер, егер ол неке шартына қол қоймаса, оған немесе оның туыстарына айтарлықтай физикалық немесе моральдық зиян келтіру туралы мәлімдемелер арқылы адамның еркіне заңсыз психикалық әсер ету. Неке шартын қауіптің әсерінен жасалған келісім ретінде жарамсыз деп тану үшін қауіптің болжамды емес, маңызды және нақты болуы қажет екенін ескеру қажет. Неке шартын жалған мәміле деп тану үшін және осы негізде тиісінше жарамсыз деп тану үшін өзара байланысты екі фактінің болуы қажет: жәбірленуші тарап ауыр жағдайлардың жиынтығы салдарынан мәміле жасауға мәжбүр болады; мәміле тарап үшін өте қолайсыз жағдайларда жасалады. Екінші Тараптың кінәсі-ол адамның ауыр жағдайларын біліп, оны пайдаланып, оны өзінің пайдасына мәміле жасауға (неке шартын жасасуға) мәжбүр етті; төртіншіден, қамқоршысының келісімінсіз алкогольді немесе есірткіні теріс пайдалану салдарынан сот қабілеті шектеулі азаматпен неке шартын жасасу. Мұндай мәмілелерге әрекет қабілеттілігі шектеулі адам, өз әрекеттерінің мағынасын түсінуге немесе оларды басқаруға қабілетсіз адам жасаған мәмілелер, алдау, зорлық-зомбылық, қауіп-қатер немесе ауыр жағдайлардың әсерінен жасалған, адастырудың әсерінен жасалған мәмілелер, сондай-ақ ерлі-зайыптылар қоятын неке шартының осындай шарты бар мәмілелер жатады өте қолайсыз жағдайда. Осындай барлық жағдайларда шартты жарамсыз деп тану туралы арызды тек жұбайы, ал ол қабілетсіз болған кезде - оның заңды өкілі ұсынуға құқылы. Неке келісімінде ерлі-зайыптының өзара қарым-қатынасы талқыға алынбайды, қарастырмайды. Қазақстандықтар үшін неке келісімі тың дүние, сондықтан оны жасау кезінде ерлі-зайыптының арам ойы пайда болады, ажырасу туралы ой қалыптасады, бұл өзара түсіністік пен шынайы сезімді құртады. Себебі даудама кезінде, әсіресе ажырасу процесінде әр тарап өзін ақтап шығуға, қорғауға талпынады. Алайда ажырасу процесінде туындайтын мәселелерді неке келісімі арқылы болжап алдын алу сақтық шараларын жасау жөн, қаржысыз, өмірден түңіліп күйзеліске ұшырағандар саны азаяр еді. Неке келісімі ерікті түрде жасалады, алайда көп жағдайда қысым немесе манипуляция негізінді тараптың бірі қаламайтын жағдайлар да тәжірибеде кездеседі. Бұл әсіресе материалдық жағдайы әр түрлі тараптардың некесіне қатысты. Кейбір азаматтар заңды түрде некеге отырғысы келмейді, мұндай жағдайда олардың жасасқан келісім шарты заң алдында негізсіз, ешқандай күші жоқ. Яғни заңды түрде некелеспеген жұптар ортақ мал мүлікке иелік ете алмайды. Қорытынды жасайтын болсақ, неке келісімі отбасы ішіндегі материалдық жағдайды реттейтін тиімді құрал. Мұндай әдіс мал-мүлкін сақтап, қаржылық активін көбейткісі келетін жұптарға тән, олар нотариусқа жұмсалатын шығынды маңызды санамайды, бастысы тиімділігі. Себебі мұндай жұптарға ажырасу процесі тек проблема әкелетінін жақсы түсінеді. Бұл, ең алдымен, неке шартын реттейтін жалпы ережелер ҚР Азаматтық кодексінде қамтылуына байланысты. Сонымен қатар, ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкіне қатысты ерекше отбасылық келісімдер, ал ерлі-зайыптылардың бөлек мүлкіне қатысты қарапайым азаматтық шарттар неліктен қолданылуы керек екенін түсіндіру мүмкін емес сияқты. Құқық нормаларын талдау нәтижесінде автор неке шарты ерлі зайыптылар мүлкінің құқықтық режимін белгілеуге немесе өзгертуге бағытталған шарттарды біріктіретін азаматтық-құқықтық шарттардың жеке түрі ретінде қарастырылуы керек деген қорытындыға келеді. Егер шарттар олар тудыратын құқықтық салдарлар бойынша жіктелсе, ортақ меншікті бөлу туралы шарттар мен ортақ меншіктегі объектілерді пайдалану тәртібі туралы келісімдер де осы түрге жатқызылуы керек. |