Главная страница
Навигация по странице:

  • Курс: 6 Оқу семестрі: ХІ-ХІІ Емтихан: ХІ, ХІІ Шымкент 2022-2023 о.ж.

  • 5 кредит, 150-сұрақ Жауапты: Н.А.Бархыбаева

  • 6 курс жазбаша каз 22-23 гот 23.11. акушерлікгинекология кафедрасы Жалпы дрігерлік тжірибедегі акушерлік жне гинекология


    Скачать 263 Kb.
    Названиеакушерлікгинекология кафедрасы Жалпы дрігерлік тжірибедегі акушерлік жне гинекология
    Дата03.01.2023
    Размер263 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла6 курс жазбаша каз 22-23 гот 23.11.doc
    ТипДокументы
    #871569
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Ф-ОБ-012/062-1

    ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

    ШЫМКЕНТ КАМПУСЫ

    ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

    «АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
    «Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі акушерлік және гинекология»

    пәні бойынша

    емтихан сұрақтары

    Пән коды: ZhDTAG6203

    Білім беру бағдарламасы: 5В130100 «Жалпы медицина»

    Академиялық кредит/сағаттар: 5 кредит /150 сағат

    Тәжірибелік сабақ : 1,5 кредит /45 сағат

    ОБӨЖ : 1,5 кредит /45 сағат

    БӨЖ: 2 кредит /60 сағат


    Курс: 6

    Оқу семестрі: ХІ-ХІІ

    Емтихан: ХІ, ХІІ

    Шымкент 2022-2023 о.ж.
    5В130100-Жалпы медицина даярлау бағыты «Жалпы тәжірибелік дәрігер» дәрежесі бойынша білім беру бағдарламасы негізінде ZhDTAG6203-«Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі акушерлік және гинекология» пәні бойынша емтихан сұрақтары «Акушерлік-гинекология» кафедрасының мәжілісінде қаралды және қабылданды.

    “______” __________ 20___ ж. № ____ хаттамасы
    Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент __________________Л.М.Бегімбекова

    5 кредит, 150-сұрақ

    Жауапты: Н.А.Бархыбаева



    1

    1

    1

    Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз

    1

    1

    2

    Қолдану/ Перинаталдық көмекті аймақтандырудың деңгейлерін көрсетіңіз

    1

    1

    3

    Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының учаскелік терапевтері мен ЖТД жүргізетін іс шараларды көрсетіңіз

    1

    1

    4

    Қолдану/ Жүктіліктің ерте мерзіміндегі қан кетуді бағалау парағы (МСАК деңгейіндегі көмек) бойынша мәселені шешіңіз. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес)

    1

    1

    5

    Қолдану/ Жүктіліктің кеш мерзіміндегі қан кетудің дифференциалдық диагностикасын көрсетіңіз. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес)

    1

    1

    6

    Қолдану/ Сепсистік жағдай, сепсис кезінде бағалау парағы (МСАК деңгейіндегі көмек) бойынша мәселені шешіңіз. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес)

    1

    1

    7

    Қолдану/ Жүктіліктің кеш мерзіміндегі қан кетуді бағалау парағы (МСАК деңгейіндегі көмек) бойынша мәселені шешіңіз. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес)

    1

    1

    8

    Қолдану/ Жүкті әйелдерді диспансеризациялауды көрсетіңіз

    1

    1

    9

    Қолдану/ Физиологиялық босануды жүргізуді көрсетіңіз

    1

    1

    10

    Қолдану/ Босанғанан кейінгі қан кетуді бағалау парағы (МСАК деңгейіндегі көмек) бойынша мәселені шешіңіз. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес)

    1

    1

    11

    Қолдану/ Контрацепция түрлерін айқындап көрсетіңіз

    1

    1

    12

    Қолдану/ Босануға психо – социальді дайындық жүргізуді көрсетіңіз

    1

    1

    13

    Қолдану/ Гинекологиядағы нейроэндокринді синдромдардың түрлерін көрсетіңіз

    1

    1

    14

    Қолдану/ Гипертензиялық жағдайлар – преэклампсия және эклампсия кезінде бағалау парағы (МСАК деңгейіндегі көмек) бойынша мәселені шешіңіз. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес)

    1

    1

    15

    Қолдану/ Бедеуліктің клиникалық жіктелуін атап, көрсетіңіз. ( Әйел бедеулігі

    Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2019)

    1

    1

    16

    Қолдану/ Медициналық түсік түсіру процедурасына қарсы көрсеткіштерді реттеп көрсетіңіз

    1

    1

    17

    Қолдану/ Акушерлік перитониттің себептерін, жіктелуін атап көрсетіңіз

    1

    2

    1

    Талдау/ Плацентаның төмен орналасуының пайда болу себептерін жіктеңіз.

    (Плацентаның патологиясы.

    Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2017)

    1

    2

    2

    Талдау/ Амбулаториялық деңгейде жүктілікті көтереалмаушылықтың диагностикалық критерийлерін талдаңыз.

    (Жүктілікті көтереалмаушылық

    Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2016)

    1

    2

    3

    Талдау/ Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауының пайда болу себептеріне талдау жасаңыз.

    (ҚОПМБА

    Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2017)

    1

    2

    4

    Талдау/ Босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кетулерде госпитальды этапқа дейінгі жедел және шұғыл көмекті талдаңыз

    1

    2

    5

    Талдау/ Жүктіліктің ерте мерзіміндегі қан кетудің себептеріне талдау жасап, АМЖЖ деңгейінде жасалатын тактиканы анықтаңыз.

    1

    2

    6

    Талдау/ Жүктіліктің екінші триместріндегі қан кетудің себептеріне талдау жасап, АМЖЖ деңгейінде жасалатын тактиканы талдаңыз.

    1

    2

    7

    Талдау/ Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың диагностикалық критерийлерін талдап, жіктеңіз.

    (Жүктілердегі артериялық гипертензия

    Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2017)

    1

    2

    8

    Талдау/ Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайларда жасалатын негізгі және қосымша диагностикалық шараларды талдаңыз.

    (Жүктілердегі артериялық гипертензия

    Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2017)

    1

    2

    9

    Талдау/ Босанған әйелдің босанудан кейінгі патронажының мақсатын талдаңыз.

    1

    2

    10

    Талдау/ ВОЗ ұсынысы бойынша емшекпен емізудің 10 принципін талдаңыз

    1

    2

    11

    Талдау/ Жаңа туылған нәрестенің біріншілік реанимациясын жүргізуді талдаңыз.

    (Жаңа туған нәрестенің реанимациясы

    Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2018)

    1

    2

    12

    Талдау/ Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кетулерде госпитальды этапқа дейінгі жедел және шұғыл көмекті талдаңыз

    1

    2

    13

    Талдау/ Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы мен плацентаның төмен орналасуын салыстырып, талдау жүргізіңіз

    1

    2

    14

    Талдау/ Преэклампсияның ауыр дәрежесінде госпитальды этапқа дейінгі жедел көмекті талдаңыз

    1

    2

    15

    Талдау/ Эклампсия кезінде госпитальды этапқа дейінгі жедел көмекті талдаңыз

    1

    2

    16

    Талдау/ Контрацепция түрлеріне талдау жасаңыз

    1

    2

    17

    Талдау/ Бедеулік кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі және қосымша диагностикалық тексерулерді талдаңыз.

    ( Әйел бедеулігі

    Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2019)

    1

    3

    1

    Бағалау/ Диагностикалық критерилерді бағалап, жүктілердің құсуын, асқазан ішек жолдарының ауруларымен, инфекциялық аурулармен салыстырыңыз

    1

    3

    2

    Бағалау/ Дәрігерге 8 апталық жүкті әйел қаралуда. Тұқымқуалайтын қант диабетінің 1 типімен ауырады. Инсулин қабылдайды. Жағдайды талдап, жүктілікті жүргізу тактикасы, ана мен бала үшін қауіптілігін анықтаңыз.

    1

    3

    3

    Бағалау/ Емханаға 6апталық мерзімдегі жүкті әйел келді. Анамнезде жалғыз бүйрек, соңғы 6 жыл пиелонефритпен ауырады. Соңғы өршуі бір жыл бұрын, дәрігерге қаралмаған. Жағдайды талдап, келесі тактиканы қарастырыңыз.

    1

    3

    4

    Бағалау/ Диагностикалық критерилерді бағалап, босанудан кейінгі эндометритті, пельвиоперитонитті, аппендицитті салыстырыңыз.

    1

    3

    5

    Бағалау/ Емханаға 26 жастағы әйел отбасын жоспарлау сұрағымен келді. Анамнезде балалық шақта жиі ангина, 8 жастан бастап ревматологтың Д- есебінде жүректің митралды ақауы бойынша. Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесіктің стенозы диагнозымен тұрады. Шағымы жоқ. Уақытылы ем алған. 3 жылда өршу анықталмаған. Гемодинамикалық бұзылыс орта ауырлықта. Жағдайды талдап, ЭГА-на байланысты отбасын жоспарлауда дұрыс кеңес беріңіз.

    1

    3

    6

    Бағалау/ Емханаға 30 жастағы науқас 5 жыл көлеміндегі бедеулікке шағымданып келді. Анамнезінде гонорея. Қарау кезінде: жыныс ағзаларының дамуы қалыпты. Базальды температура үш цикл ішінде екі фазалы. Жағдайды бағалап, амбулаториялық жағдайда диагнозды және жүргізу тактикасын түсіндіріңіз.

    1

    3

    7

    Бағалау/ 26 жастағы әйел денесінің ісінуіне, сүт бездерінің ісінуі мен ауырсынуна, басының ауыруына, жылағыштыққа, тітіркенгіштікке шағымданады. Бұл симптомдар етеккірден 5 күн бұрын басталып, етеккір пайда болысымен жоғалады.Жағдайды бағалап, амбулаториялық жағдайда диагнозды және жүргізу тактикасын белгілеңіз.

    1

    3

    8

    Бағалау/ 49 жастағы әйел басының ауыруына, басына, мойнына ыстық құйылу сезіміне, жоғары тершеңдікке, жүрек қағуына, АҚҚ 170/100 мм сын.бағ. дейін жоғарылауына, тітіркенгіштікке, ұйқысыздыққа, жылағыштыққа, есте сақтаудың төмендеуіне, жарты жылдан бері сирек және мардымсыз етеккірге шағымданады. Жағдайды бағалап, амбулаториялық жағдайда диагнозды және жүргізу тактикасын анықтаңыз.

    1

    3

    9

    Бағалау/ Дәрігер қаралуына алғаш босанушы 35-36 апталық мерзімде ешқандай ауырсынусыз жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданып келді. Ұрықтың жүрек соғысы 165 соққы/мин. Жағдайды бағалаңыз және жүргізу тактикасын белгілеңіз.

    1

    3

    10

    Бағалау/ Сіз емханада дәрігерсіз. Сізге 23 жасар науқас келді. Науқасқа біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілді. Көріністе: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, сіреспелі, ампулярлық бөлімдерінің түйреуіш тәрізді кеңеюі, контрастық заттың құрсақ қуысына шығуы байқалмайды. Диагноз қойғаннан кейін жүргізу амалын қарастырыңыз.

    1

    3

    11

    Бағалау/ 28 жасар науқас ішінің кебуі, сүт бездеріндегі ауыру сезімі, қол-аяқтарының ісінуіне шағымданады. Барлық симптомдар етеккірге дейін бір апта бұрын басталып, аяқталғаннан кейін қайтады. Науқас жиі суық тиюмен ауырады. Гинекологиялық тексеру барысында патология анықталынбады, сүт бездері патологиясыз. Диагноз қойғаннан кейін жүргізу амалын қарастырыңыз.

    1

    3

    12

    Бағалау/ Жүкті әйел преэклампсияның жеңіл дәрежесінде 36 апталық мерзімде АҚ 160\110 мм с.б.б. көтерілді, бас ауруы мазалайды, УДЗ-де ұрық басы мен жамбасы 36 аптаға сай, ал іш өлшемі 34 аптаға сәйкес келетіні анықталды. Плацента жатырдың артқы қабырғасында, пісіп жетілудің III деңгейінде, көптеген перификаттармен, 2,5 см қалыңдықта. Қағанақ маңы суы азайған. Ұрықтың жүрек соғысы анықталады. КТГ бағалауы 8 балл. Ана- плацента-ұрық қанайналымы қалыпты. Мәліметтерді бағалап, диагноз қойыңыз, ана мен ұрық үшін болжам құрыңыз, жүктілікті жүргізу тактикасын қарастырыңыз.

    1

    3

    13

    Бағалау/ Жүкті әйел жыныс жолдарыннан қанды бөліндінің бөлінуімен түсті. УДЗ-де ұрық өлшемдері 35апталық жүктілікке сәйкес келеді, плацента жатырдың алдыңғы қабырғасында, ішкі ернеуден 2 см жоғары орналасқан. Плацентаның базалды беті мен жатыр қабырғасының аралығында 4х1 см көлемінде эхонегативті тығыздалу анықталады. Қағанақ маңы суы орташа көлемде. Ұрықтың жүрек соғысы аритмді 100 соққы/мин. Жағдайды бағалап, диагноз қойыңыз, жүктілікті жүргізу тактикасын қарастырыңыз.

    1

    3

    14

    Бағалау/ Босанғаннан кейінгі 20 тәулікте учаскелік дәрігерге босанушы сол жақты сүт безінің кенеттен пайда болған ауырсынуына, тығыздалуы мен гиперемиясына, дене температурасының 390С дейін жоғарылауына, басының ауыруына, енжарлыққа шағымданып келді. Объективті: сол жақты сүт безінің көлемінің ұлғаюы, емізік аймағындағы сызат, пальпация кезінде ауырсыну. Жағдайды бағалап, диагнозды және жүргізу тактикасын белгілеңіз.

    1

    3

    15

    Бағалау/ 26 апталық жүкті әйел, емханаға басының айналуына, аяқтарындағы ісінуге шағымданып келді. Анамнезінен жүктіліктің 22 аптасынан бастап АҚҚ 130/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы, протеинуриясыз. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері түсі қалыпты түсті, таза. АҚҚ= 140/100 мм.сын.бағ. Аяқтың балтыр және табан аймағында ісінулер. ЖНА: белок 0,33 г/л. Жағдайды бағалап, диагнозды және жүргізу тактикасын түсіндіріңіз.

    1

    3

    16

    Бағалау/ Әйел Д., 30 жаста, емханаға үш айдан бері етеккірінің болмауына, күніне 4–5 рет құсуға, жүрек айнуға, апатияға және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданып келді. Тері түсі бозғылт, құрғақ, пульс 92 рет минутына, АҚҚ 90\6о мм сын. бағ. б. Қынаптық тексеру: жатыр жұмсақ консистенциялы, 10-11 апталық жүктілік мерзіміне сай ұлғайған, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Күмбездер бос. Жағдайды бағалап, диагнозды және жүргізу тактикасын болжаңыз.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта