Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.3. Байқау мақсаты мен міндеттері

  • 2. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу 2.1.

  • 2.4. Байқау екі кезеңнен тұрады: Аудандық және облыстық 2.5.

  • Қатысушының аты- жөні Бағыты Мектебі, сыныбы, жетекшісі

  • І бағыт бойынша

  • 4. Оқылымды бағалау 4.1.

  • 2022 жыл. 5 мамыр

  • Байқаудың демеушісі: «Сырым Датұлы» атындағы Қоғамдық Қор. Қосымша

  • «СЫРЫМ БАТЫР» ДАСТАН. Ж.ТІЛЕКОВ. 1945жыл. Хабаровскіде жазған. Пролог

  • БАЙкАУ ЕРЕЖЕ10061252160302113649. Сырым батыр жыры мен шешендік сздеріне арналан Дала кемегері атты облысты байауды ережесі Жалпы ереже Облысты Сырым батыр


    Скачать 168 Kb.
    НазваниеСырым батыр жыры мен шешендік сздеріне арналан Дала кемегері атты облысты байауды ережесі Жалпы ереже Облысты Сырым батыр
    Дата25.03.2022
    Размер168 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБАЙкАУ ЕРЕЖЕ10061252160302113649.doc
    ТипДокументы
    #416745
    страница1 из 3
      1   2   3

    «Сырым батыр» жыры мен шешендік сөздеріне арналған «Дала кемеңгері» атты облыстық байқаудың ережесі
    1. Жалпы ереже

    1.1.Облыстық «Сырым батыр» дастаны мен шешендік сөздерін жатқа мәнерлеп оқу байқауы (бұдан әрі —Байқау) Сырым ауданында І рет 2021 жылдың қазан айында 5 – 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

    1.2. Байқауға облыстық білім басқармасына қарасты Жалпы білім беретін орта мектептер мен кешендер, лицейлер мен гимназиялардың оқушыларының кез–келген 5 – 11 сынып оқушылары қатыса алады.

    1.3. Байқау мақсаты мен міндеттері:

    - балалар арасында Сырым Датұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау;

    - балаларға қазақ халқының шешендік өнерін насихаттау;

    - өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

    - ұлттық жыр айту өнерін насихаттап, талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.

    - Ардагерлер өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы әдебиетке баулу.
    2. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

    2.1. Байқауды ұйымдастырушы— Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінің филиалы, Сырым Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейі болып табылады.

    2.2. Байқауды ұйымдастыратын және жүргізетін Сырым музейі.

    2.3.Байқаудың әділ қазылар алқасын БАҚ өкілдері, жергілікті ақын – жазушылардан, өнер және мәдениет қайраткерлерінен, облыстық қоғамдық ұйым өкілдерінен құралады.

    2.4. Байқау екі кезеңнен тұрады: Аудандық және облыстық

    2.5. Қатысуға сұраныстар төмендегі почтаға немесе Сырым музейіне 2022 жылдың 10шы сәуірге дейін жіберіледі.

    Сұраныста көрсетілуі керек:



    Қатысушының аты-

    жөні

    Бағыты


    Мектебі, сыныбы,

    жетекшісі

    Байланыс телефоны,

    e-mail







    Жыр













    Монолог








    Байқауға қатысуға сұраныстар мына электронды пошта арқылы қабылданады: syrym.museum@mail.ru.

    Музей тел 21-1-06.

    Ұялы номер: 87055907566 (Ватсап)
    3. Байқаудың шарты

    3.1. Байқау екі бағыттан тұрады және екі оқушы қатысады. (Бір бағытқа да қатысуға болады. Алайда екі оқушы әкелген дұрыс болады)

    І бағыт бойынша бір ғана жыр оқылады.(Оқушы өзінің қабілетіне қарай жаттап тоқтағанша оқиды)

    ІІ бағыт бойынша Сырым Датұлының шешендік сөздерінен монолог айту. (Жатқа)

    3.2. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.

    3.3. Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады, барлық кезеңде оқушыны байқаудан аластатуға немесе байқауға күшпен қатыстыруға тыйым салынады.
    4. Оқылымды бағалау

    4.1. Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:

    • сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);

    • мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына терең сезіну;

    • актерлік шеберлік;

    • орындаушының сыртқы түрі;

    • шығарма тақырыбымен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.

    4.2. Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.
    5. Байқау мерзімі мен кезеңдері

    Аудандарда өтілетін негізі Ікезең, ІІ кезең Сырым ауданында өтіледі —2022 жыл. 5 мамыр

    Өтетін орны: Аудандық мәдениет үйі. Сағат: 10:00
    6. Марапаттау

    6.1. Аудандық «Сырым батыр» жырын жатқа оқу байқауының жеңімпазы болып жоғары баллдары бойынша әр бағыт бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Оларды көбейтуге немесе азайтуға қазылар алқасы құқылы. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    Байқаудың демеушісі: «Сырым Датұлы» атындағы Қоғамдық Қор.

    Қосымша: Өзгерістер болса және нақты уақыты айтылатын болады. Мамыр айында облыстағы барлық мекемелер жырдың электронды нұсқасын алып балаларға жазғы каникулда беріп жіберу керек.


    Жалғанды жыр:

    «СЫРЫМ БАТЫР»

    ДАСТАН.
    Ж.ТІЛЕКОВ. 1945жыл. Хабаровскіде жазған.
    Пролог:

    Екі ғасыр бұрыңғы

    Сонау атам заманда.

    Екі басты аждаһа

    Аран ашып адамға,

    Айбат шегіп, ысқырып,

    Зәрін шашқан заманда,

    Қоңырауы шіркеудің

    Араласып азанға,

    Кіші жүздің даласы

    Азан-қазан заманда,

    Тарихтың жаңа жалауы

    Желбіреді далаңда –

    Хан мен қара айқасып,

    Белдесетін алаңда.
    Түйісу:

    Кіші жүз ханы Нұралы

    Болып тұрған мұрады.

    Көңілін судай тастырып,

    Орынбордың аузында

    Отыз ауыз тіктіріп,

    Салтанатын арттырып,

    Он екі қанат орданың

    Төрінен алтын тақ құрып,

    Төбеліндей торының

    Төрелерді жақ қылып,

    Қан балталы нөкерге

    Төңірегін бақтырып,

    Қошемет күйін ойнатып,

    Сырнай-керней тарттырып,

    Отырды алтын тағында,

    Саяның салқын самалын

    Сар қымыздай сапырып.

    Жасыл орман бағында,

    Әмір етіп: Атырау,

    Елек, Қобда, Жем, Жайық,

    Ойыл, Қыйыл, Сағызға.

    Уәзірлері тәжім қылып,

    Тәңіріндей табына:

    Ерәлі, Есім, Айшуақ

    Сұлтандары жанында.

    Қараның қызы демесең,

    Хан қасында туған ай

    Ақлима ханым да.

    Ордасының төрінде

    Орынбордың ұлығы

    Құметті қонақ барында,

    Дамылдап бір күн дау-жанжал,

    Дарқан қызған шағында,

    Шауып келіп шабарман

    Хабар айтты ханына:

    Алдияр, тақсыр, ханымыз,

    Алдыңызда малымыз,

    Жолыңызда жанымыз.

    Жалған болса сөзіміз,

    Төгілсін қасық қанымыз.

    Көлденең жатқан Електен

    Көктей өте жорытқан

    Бір батырға жолықтым.

    Түр-түсінен түңілдім,

    Жолыққан жерде торықтым,

    Ордаңызға жеткенше,

    Еніп, тағзым еткенше

    Шабуыл шектім, зорықтым.

    Тұлғасына қарасам,

    Адамға біткен бір алып.

    Жерге бітсе асқардай,

    Оны туған анасы

    Тоғыз күн ұдай толғатып,

    Оныншы күні тапқандай.

    Ажарына қарасам,

    Ашулы көкжал арыстандай.

    Айдалада айдаһар

    Айбатынан сасқандай.

    Қабағы тым қатыңғы,

    Қара бұлт басқан аспандай.

    Жас шамасын байқасам,

    Сәукеле қара сақалда

    Азын-шоғын ақ бардай.

    Қимылына қарасам,

    Найзағайын аспанның

    Қағып ап, көкке атқандай.

    Қамалдардың қақпасын

    Қақыратып ашқандай.

    Қараңғы айсыз түндерде

    Қалың қолды бастардай.

    Қаруына қарасам,

    Ашулы ұста долданып,

    Суарып кекке соққандай.

    Астына мінген азбангер

    Мыңнан оза шапқандай.

    Құлындайын құлдырап,

    Жұлдыздайын аққандай.

    Ізінен келіп сынасам,

    Жемнен келе жатқандай.

    Суыт жүріп келеді,

    Кеудесінде кек бардай,

    Жүрегінде дақ бардай.

    Қамсыз болып қалмаңыз,

    Қамсыз болып қалмаңыз.

    Қас батырдай сақтанбай.
    Нұралы сынды ханыңыз,

    Қабағы жар, алды мұз.

    Тағасыз тұлпар төзер ме,

    Құлап түспей, тайғанақтап.

    Хан ордасы қатерлі,

    Қаймықпай енер қай қазақ?

    Орданы орап нөкер тұр,

    Айбалтасын қайрап ап.

    Қарсылық қылған пендеге

    Көрсетпей ме қайғы азап?

    Кісендеп, көктеп, көгендеп,

    Сор кешуге айдамақ.

    Жағымсыз айтқан хабарға

    Хан ашусыз қалар ма?

    Хабар берген адамға

    Жарлық етті табанда

    Қол аяғын байлап ап,

    Жазалап, дүре соғарға.

    Кіріп келді бір маңғаз,

    Бітпей –ақ сөздің ақыры.

    Көн садақты семсерлі,

    Қынапты қара сапылы.

    Арыстаны айбаттың,

    Ағынды судай қарқыны,

    Жолбарысы жүректің

    Теңіздей терең ақылы.

    Тілдің жүйрік дүлділі,

    Көлдің қайыр лашыны.

    Он екі ата байұлы –

    Байбақтының нәсілі.

    Ақ Жайықтың көкжалы –

    Кіші жүзің батыры

    Хабаршыға кезіккен

    Осы Сырым Датұлы.

    Жағымсыз хабар айттың деп,

    Жарлық еткен Нұралы

    Қатулы түсін бұзбастан,

    Батырдан жөн сұрады:
    ХАН:

    Қарадан туған хан болмас,

    Айырдан туған нар болмас.

    Төреден тумай, паң болмас,

    Құлазыған қу дала

    Үйрек ұшып, қаз қонбас.

    Қырдың қырғыз, қарасы,

    Көргенсіздің баласы,

    Тақта отырған ханыңды

    Төрде отырған төрені,

    Ұлт бағынған ұлықты,

    Өзіңнен биік уәзірді,

    Нөкерді көзге ілмедің,

    Баса – көктеп еніпсің,

    Бір жортуыл шегіпсің,

    Шеру тартып жүр ме едің?

    Көкке тойған көбендей,

    Құтырып тасып жүр ме едің?

    Түңіліп түсің, түнеріп,

    Қуғын көрген бөрідей,

    Жанталасып жүр ме едің?

    Көргенсіздік емес пе,

    Сұраусыз келіп кіргенің?
    СЫРЫМ:

    Халқы болмай, хан болмас,

    Ақылсыз ханда ар болмас.

    Керуен бастап бармайтын,

    Көтепсіз қара нар болмас.

    Халыққа қамқор хан болмас,

    Көңілі шалқар көл болмас,

    Үйрек ұшып, қаз қонбас,

    Қаз қонбас тақыр татырдан

    Игілік күтіп ем қонбас,

    Елі болмас ер болмас,

    Үйірде болмас ат болмас,

    Ұяда болмас құс болмас.

    Хандығыңнан не пайдда?

    Халқыңның күні қараңғы,

    Таққа отырып, тақымдап,

    Тарылттың мынау заманды.

    Тар заманда тарығып,

    Таба алмай келдім амалды.

    Елімді қанап сұм патша,

    Салдырып жатыр қамалды.

    Балығы тайдай тулаған

    Жайыққа кісен салынды.

    Ораққа тиіп көрмеген

    Көкорай шалғын шабылды.

    Құлпырған тұба талының

    Тамыр түбі қазылды,

    Түрме тасы қаланды.

    Одаман шауып, шаңдатып,

    Ауыл күнде таланды.

    Қит еткен пенде – қылмысты,

    Тас қамалға қамалды.

    Бағындың деп патшаға,

    Бастағы еркін тағы алды.

    Ақсақалдан әл кетті,

    Пәлеге пәле жамалды.

    Өзіңнен шыққан уәзірлер

    Сүліктей елге қадалды.

    Салықтың санын көбейтіп,

    Қоралап айдап мал алды.

    Мал бере алмас жарлыдан

    Әзірейілдей, жан алды.

    Хандық құрған шағыңда

    Халық бір малға саналды.

    Айтып берші, алдияр,

    Аяушы барма адамды?

    Жауда шаптың елімді,

    Алмақ па едің кегіңді.

    Қазалаған қазақ па еді

    Бұрынғы ата – бабаңды?
    ХАН:

    • Арғы тегім – хан Шыңғыс

    Асыл нұрдан жараған.

    Одан бергі хандардың

    Ұрпағы содан тараған.

    Кешегі Әбілхайыр хан

    Аты шулы дана адам,

    Ақ патшадан жүлде алған,

    Аузына халық қараған.

    О да шаһит болғанда,

    Тағы иесіз қалғанда,

    Хан көтерген қазақтың

    Ханнан туған дарамын,

    Сөзін ұқпан қараның.

    Әбілхайыр хан салған

    Сара жолдан тайсалман.

    Ақ патшаға бас имей,

    Пананы қайдан табамын.

    Жағасында Жайықтың

    Қаланса тасы қаланың,

    Салса берік қамалын,

    Жаңара берер заманым.

    Тағылар талап ала алмас,

    Тайғақ болмас табаным.

    Пәленің бәрін қаптатып,

    Салықтың саын санадың.

    Байбақтыны басқарған

    Сөзі ме айтар дананың?

    Салмақ па екен салық та?

    Хан нәсібі халықтан,

    Бай нәсібі жарлыда,

    Би нәсібі даулыда.

    Бассыздық болса еліңде,

    Жау нәсібі жерінде.

    Халық иесі ханыңда

    Қырық адамдай ақыл бар.

    Ашулы келер батырлар,

    Ұғымпаз келер асылдар,

    Айтқанымды мақұл ал.

    Ханыңды патша ардақтап,

    Арнап жазған хаты бар.

    Маған тартқан мадақтап,

    Медаль, асыл заты бар.

    Ханға қарсы болғандар

    Даруазаға асылар.

    Жарлық етсе патша ағзам,

    Асаудың сұлқы басылар.
    СЫРЫМ:

    • Елдің бассыз болмағы

    Басқара білмес ханынан.

    Дау-жанжалдың болмағы

    Жүгініске келгенде,

    Төрелей білмес қазыдан.

    Байтақ жатқан халықтың

    Ханға нәсіп болмаған

    Зиянды хан заңынан.

    Малсыз жарлы-жақыбай

    Байға нәсіп болмағы

    Замананың тарынан.

    Ел қамын жеген еріңмін,

    Ежелден қыдыр дарыған

    Уайымын жедім жерімнің.

    Түлеп ұшқан қыранмын,

    Тұғырына қона алман.

    Түлкідей құйрық бұлғама,

    Талайлар тайған тағынан.

    Атаң Әбілхайыр хан

    Екі жүзді зайыр хан.

    Хандық құрған шағында

    Жаумен ауыз жаласқан,

    Жоңғар қалмақ ханына

    Қызын беріп,жарасқан*

    Үш арыстың баласын*

    Бағындырып алам деп,

    Шеңгелімді салам деп,

    Мансап үшін таласқан.

    Ойхон-Жойхон арасын*,

    Жаулаймын деп қазасын,

    Тапқан батыр Барақтан.

    Сені де қалап, ардақтап,

    Хан көтерген қазақ жоқ.

    Жарлығымен патшаның

    Хан тағына бас салдың.

    Халыққа қадір-бағаң жоқ.

    Қайырымы жоқ халқына

    Қадірсіз ханнан жаман жоқ.

    Атаңа тартқан нар қоспақ,

    Аруана болар шаман жоқ.

    Шеп салған жерін бұздырған-

    Ұрысты қатты қыздырған,

    Ханды халдан қашырған

    Абылай сынды асылдан

    Садаға кеткір антұрған,

    Жұртыңа тиер панаң жоқ.

    Талайларды таңбалап,

    Тәніне салған жараң көп.

    Қатерің жоқ демеймін,

    Қатерін тіккен адам көп.

    ***

    Ашуланып Нұралы,

    «Тарт, деді, ащы тіліңді»

    Әмір етті нөкерге

    «Байла деп батыр Сырымды.

    Тұс тұсынан нөкерлер

    Аркан ала жүгірді.

    Ажалды қарға секілді,

    Ағиыққа ұрынды.

    Бата алмай батыр түрінен,

    Нөкер біткен түңілді.

    Батыр сонда долданып,

    Қара бұлттай түнерді.

    Қабағы тастай жұмылды,

    Жараған қара бурадай,

    Бұрқырап түсі бұзылды.

    Хан тағына ұмтылды,

    Қынаптан қылыш суырды.

    Нұралы ханның ханымы

    Қарындасы батырдың

    Аяғана жығылды.

    Айдай сұлу Ақлима

    Алмасқа тосып денесін:

    Сабыр,-деді,-көкешім!

    Ашуды ақыл женетін.

    Қайратты ақыл билесе,

    Батыр мыңды жеңетін.

    Қастерін тіккен қалың жау

    Ақылсыз екен демесін.

    Қамал бұзар қас батыр,

    Қапысын тағы демесін!

    Қарусыз ханды ордада

    Қапыда шапты демесін.

    Қарындасқа қайырсыз

    Қара бауыр демесін.

    Ханның басын баурыңа

    Сауғаға беріп, сау аттан.

    Көре алмаған көп дұшпан

    Кек алмай кетті демесін.

    Айтқанымды сезерсің,

    Тілегімді берерсің.

    Қатерін сезген ханыңыз

    Ақылына келмесе,

    Айтқаныңа көңбесе,

    Сонда бір жорық шегерсің.

    Жаңарыстың баласы

    Орасан күшті ер елсің-

    Қоңыраулы найза қолға алып.

    Қол алдында желерсің.

    Мен де Даттан жасық боп

    Тумадым десем, не дерсің?»
    Жапанда

    Нұралыдай хаңынды

    Сауғаға беріп бауырға,

    Бірге туған қарындас

    Ақлима сынды аруға,

    Азбангерді тебініп,

    Батыр қайтты ауылға.

    Келелі кеңес қылмаққа

    Ауылдағы қауымға.

    Келе жатып жапанда

    Қара обаның баурында-

    Қабартиін тауында

    Бұрқыраған шаң көрді.

    Шаң астында бір топ жан

    Жөңкіте қуған мал көрді.

    «Ауылды шапқан жауым ба?»-

    Деді де Сырым сыдыртып

    Келсе, өзінің малы екен

    Жау қолында құлындай

    Шыңғырған жас бала екен:

    Жалғыз ұлы Сырымның

    Алты жасар Қазы екен.

    Қолына кісен салынған

    Қосылған жұпты жары екен.

    Текеден шыққан Шағанақ

    Ел жүрегін жаралап,

    Ер Сырымның ауылын

    Шауып қайтқан шағы екен.

    Жүгімен жұтқан түйені,

    Түгімен жұтқан биені

    Ел талағыш тағы екен.

    Бұлтты күндей күркіреп,

    Сырым шапты желіге,

    Туырылған торғын ту шалғын

    Толқыды қатты желіне.

    қҚалтырады қара оба,

    «Не керемет?!»-деді ме?!

    Дүрліге жосып, аң қашты.

    Дүбірінен безіне.

    Сермеді батыр алмасты,

    Текенің тентек езіне.

    Қарсыласқан жасағы

    Қас батырдан жеңіле,

    Текеге қашты одаман,

    Жылқыны тастай, шегіне.

    Қамшы басты Ер Сырым

    Астында Азбангеріне.

    Баурынан тері тамшылып,

    О да шапты керіле.

    Жеткізбеді дұшпанды

    Бас сауғалар шебіне.

    Ұя басар бүркіттің

    Түлкі түсті жеміне.

    Атаман атын аттатпай,

    Артынан жетті азбаны

    Жылқыда жүйрік дүлдүлі,

    Жүзден озған саңлағы.

    Қашқанменен Шағанақ,

    Көрінім жерге бармады.

    Мойнына шылбыр салғанда,

    Алқымынан алғанда,

    Батырдың батты зардабы.

    «Жанымды қи!»-деп жалынды,

    «Күнәмді кеш!»-деп зарлады.

    «Құтқарсан, құлдық ұрам!»-деп,

    Әбжыландай арбады.

    «Арбама-деді Ер Сырым,-

    Жау тілін ұқпас тосаңмын.

    Мен оқтаулы ақберген.

    Серіппеме тидің, от алдым.

    От алған мылтық оңдырмас,

    Оқтан өткір болған соң,

    Қай батырдан осалмын?!

    Тигенге тентек теңізбін!

    Тобыңды бұзар топанмын!

    Топандата тасармын!

    Сеңімді көкке атармын!

    Әзіреттен ант іштім,

    Анамнан ақ бата алдым,

    Қасарысқан дұшпанға

    Қайрымсыз қаталмын

    Қол-аяғың байлармын.

    Алдыма салып айдармын.

    Тәңіне таңба басармын,

    Есіңнен кетпес жасрмын:

    Құлағың кесіп, құлдыққа

    Хиуаға сатармын.

    Қамалыңды шабармын.

    Қарқ олжаға батармын»,-

    Деді де батыр шыңғыртып,

    Шағанақты байлады.

    Алдына салып жүгіртіп,

    Жылқымен бірге айдады.

    Алты жаста тартысы

    Алғаш көрген жас Қазы

    Осының болды айғағы.
      1   2   3


    написать администратору сайта