тест. клиника тест. 1. андай аауда беттеріні ккшіл ызаруы кездеседі A. ола саасыны стенозы
Скачать 139.43 Kb.
|
64. Биік, тез пульс қай кезде болады? A. үшжармалы қақпақтың жетіспеушілігінде B. қолқа қақпағының жетіспеушілігінде C. қолқа сағасының тарылуында D. митральдық стенозда E. митральдық қақпақшаның жетіспеушілігінде 65. Пульс тапшылығы нені білдіреді? A.аз, баяу пульс B. тез, жылдам пульс C. жіп тәрізді, сыздықтаған пульс D. жүрек жиырылу жиілігімен тамыр соғуының арасындағы айырмашылық E. бос, сирек пульс 66. Брадикардияға қайсысы жатады? A. пульс минутына 90 реттен көп B. пульс минутына 80 рет C. пульс минутына 70 рет D. пульс минутына 60- тан аз емес E. пульс минутына 60 – тан аз 67 . Пульс жиілеуінің жүректен тыс себептеріне қайсысы жатпайды? A. невроздар B. тиреотоксикоз C. анемиялар D. дене қызуы көтерілуі E. ұстамалы тахикардия 68. Мойынтырық ойығын сипағанда анықталатын айқын пульсация нені білдіреді? A. сол қарыншаның гипертрофиясын B. қолқа доғасының кенеюін C. оң жүрекшенің гипертрофиясын D. оң қарыншаның гипертрофиясын E. перикардит 69. Оң жақ салыстырмалы тұйықтықтың оңға ығысуы қандай жағдайда байқалады? A. сол жақ қарыншаның дилатациясында B. оң жақ қарыншаның және оң жақ жүрекшкнің дилатациясында C. қолқа аневризмасында D. өкпелік гипертензияда E. сол жақ жүрекшкнің гипертрофиясында 70.1 жасқа дейін балаларда салыстырмалы тұйықтықтың жоғарғы шекарасы анықталады: A. ІІ қабырғада B. ІІІ қабырғада C. IV қабырғада D. II қабырға аралықта E. III қабырға аралықта 71.Жүрек-тамыр ауруларындағы жөтелдің механизмі: A. бронхының қабынуы B. өкпенің қабынуы C. кіші қан айналым шеңберінде қан іркілуі D. үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілуі E. тахикардия 72. Жүрек бүкірі дегеніміз: A. прекардиальды аймақта пульсация болуы B. эпигастрий аймағында пульсация болуы C. ІІ қабырға аралықта оң жақта пульсация болуы D. жүрек тұсында кеуде қабырғасының дөңістенуі ( ІІІ-IV кабырға аралықта төстің сол жақ қырында) E. жүрек түрткісі 73.Тахикардияға қайсысы жатады? A. пульс минутына 90 реттен көп B. пульс минутына 80 рет C. пульс минутына 70 рет D. пульс минутына 60- тан аз емес E. пульс минутына 60 – тан аз 74. Пульс сиреуінің жүрек-тамыр жүйесі жағынан болатын себептерге жатпайды: A. Толық атриовентрикулярлық блок. B. Қан қысымының тез жоғары көтерілуі, не тез төмен түсуі. C. Синус ырғағының әлсіздік синдромы D. Қолқа сағасының тарылуы. E. Невроздар 75. Аз, баяу пульс анықталуы қай кезде болады? A. қолқа сағасының тарылуы B қолқа қақпағының жетіспеушілігінде C. артериалдық гипертензияда D. үшжармалы қақпақтың жетіспеушілігінде E. тиреотоксикозда 76. Жүрек соққысымен синхронды, дем алған кезде жоғарылайтын айқын эпигастральді пульсация қандай жағдайда байқалады? A. он жақ қарыншаның гипертрофиясында B. ошақты пневмонияда C. қолқа аневризмасында D. он жақ жүрекшенің гипертрофиясында E. өкпелік гипертензияда 77. Үлкен қан айналым шеңберінде қысым жоғарлап, іркіліс пайда болғанда қандай шағымдар айтылады? A. оң жақ қабырға астында ауырсыну, аяқтардың ісінуі B. ентігу C. жүрек аймағында ауырсыну D. жөтел E. қан түкіру 78. 1-2 жастағы балаларда жүрек ұшы түрткісі анықталады: A. V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан1 см. сыртқа B. IV қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1 см. сыртқа C. IV қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1-2 см. ішке D. V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1см. ішке E. анықталмайды 79. Синусты тахикардияға қайсы себеп тән емес? A. физикалық күш түседі B. парасимпатикалық нерв жүйесінің қозуы C. дене қызуы көтерілуі D. симпатикалық нерв жүйесінің қозуы E. бас ми зақымдануы 80. Абсолюттық тұйықтық шекарасының үлкеюі қандай жағдайда байқалады? A. сол қарыншаның гипертрофиясында B. перикардите C. артериальді гипертензияда D. өкпе эмфиземасында E. стенокардияда 81.Iтон компоненттері: А. қақпақтық, бұлшық ет, тамырлар, қарыншалық B. қарыншалық, бұлшық ет, тамырлар C. бұлшық ет, қақпақтық, жүрекшелік D. қақпақтық, бұлшық ет, тамырлар, жүрекшелік E. бұлшық ет, қақпақтық, тамырлар 82. ІІ тонның ұзақтығы: А. 0,3с – 0,5с B. 0,03-0,05 с C. 0,05-0,07с D. 0,08-0,09с E. 0,08-0,1с 83. Қос жармалы қақпақтың кеуде сарайындағы орны: А. сол жақтан ІІ қабырғаның төске бекінген жері B. сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында C. ІІІ қабырғаның төске бекінген деңгейдегі төс ортасында D. төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см қашықтықта ІІ қабырға аралықта E. сол жақтан ІІІ қабырғаның төске бекінген жері 84. Өкпе артериясы қақпағының кеуде сарайындағы орны: А. сол жақтан ІІІ қабырғаның төске бекінген жері B. төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см қашықтықта ІІ қабырға аралықта C. төстің сол жақ шетінен 2-2,5 см қашықтықта D. ІІ қабырға аралықта сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында E. төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см қашықтықта ІІ қабырға аралықта 85. Үш жармалы қақпақтың тыңдау нүктесінің орны: А. жүрек ұшы түрткісінде B. семсерше өскіннің негізінде C. ІІ қабырға аралықта сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында D. төстің сол жақ жанында, ІІ қабырға аралықта. E. ІІ қабырға аралықта оң жақтан төс ќырында. 86. Боткин-Эрб нүктесінде қай қақпақты тыңдайды: А. қолқа қақпағын қосымша тыңдайды B. үш жармалы қақпағын C. өкпе артериясы қақпағын D. қос жармалы қақпағын E. қос жармалы және қолқа қақпақтарын 87. ІІ тон жақсы естіледі: А. жүрек ұшы соққысының үстінде B. төстің оң және сол жағынан ІІ қабырға аралықтарда C. төстің сол жақ ІV қабырға аралығында D. семсерше өскіннің негізінде E. 1-ші тыңдау нүктесінде 88. Жүрек аускультациясының жүргізу реті: А. қос жармалы қақпақ→қолқа қақпағы →өкпе артериясының қақпағы →үш жармалы қақпақ →Боткин-Эрб нүктесі B. қолқа қақпағы → қос жармалы қақпақ →өкпе артериясының қақпағы→ Боткин-Эрб нүктесі→үш жармалы қақпақ C. қос жармалы қақпақ→қолқа қақпағы→Боткин-Эрб нүктесі→үш жармалы қақпақ → өкпе артериясының қақпағы D. қос жармалы қақпақ→ өкпе артериясының қақпағы → қолқа қақпағы →үш жармалы қақпақ →Боткин-Эрб нүктесі E. қос жармалы қақпақ→қолқа қақпағы →үш жармалы қақпақ →Боткин-Эрб нүктесі 89. Нәрестелердің жүрек ұшы мен Боткин-Эрб нүктесінде қай тон анық естіледі: А. ІІІ тон B. ІІ тон C. І тон D. І және ІІ тондар E. ІVтон 90. Балаларда 2-3 жастан 11-12 жас аралығында жүректің ІІ тоны жақсы естілетін нүкте: А. жүрек ұшында B . төстің сол жақ қырында, ІІ қабырға аралықта C. төстің сол және оң жақ қырымен ІІ қабырға аралықта D.семсерше өскіннің негізінде E. ІІ қабырға аралықта оң жақтан төс ќырында. 91. ІІ тон жүрек циклінің қай фазасына сәйкес келеді: А. систолалық В. систолалық және диастолалық С. жүрекшелердің және қарыншалардың жиырылуына D. диастолалық E. қарыншалардың жиырылуына 92. Қалыпты жағдайда І тонның ұзақтығы: А. 0,11-0,14сВ. 0,08-0,1сС. 0,05-0,07сD. 0,08-0,09сE. 0,09-0,10 с 93. Қолқа қақпағының кеуде сарайына проекциясы: А. ІІ қабырғаның төске бекінген деңгейдегі төс ортасында В. сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында С. ІІІ қабырғаның төске бекінген деңгейдегі төс ортасында D. төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см қашықтықта ІІ қабырға аралықта E. сол жақтан ІІІ қабырғаның төске бекінген жері 94. Үш жармалы қақпақтың кеуде сарайына проекциясы: А. сол және оң жақтағы ІV қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында В. төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см қашықтықта ІІ қабырға аралықта С. ІІІ қабырғаның төске бекінген деңгейдегі төс ортасында D. сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында E. оң жақтан ІІІ қабырғаның төске бекінген жері 95. Өкпе артериясы қақпағының тыңдау нүктесінің орны қай жерде: А. жүрек ұшы түрткісінде В. семсерше өскіннің негізінде С. ІІ қабырға аралықта сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында D. төстің сол жақ жанында, ІІ қабырға аралықта E. ІІ қабырға аралықта оң жақтан төс ќырында 96. Боткин-Эрб нүктесі келесі орында орналасады: А. төстің сол жақ ќырында ІІІ қабырғада В. төстің сол жақ ќырында ІІ қабырға аралықта C. төстің сол жақ ќырында ІІІ қабырға аралықта D. семсерше өскіннің негізінде E. төстің оң жақ ќырында ІІІ қабырға аралықта 97. І тонның айқын тыңдалатын нүктесі: А. жүрек ұшы түрткісінде B. ІІ қабырға аралықта сол жақта C. жүрек ұшы түрткісінде және семсерше өскіннің негізінде D. ІІ қабырға аралықта оң жақта E. Боткин-Эрб нүктесінде 98. Оң жақта екінші қабырға аралықта жүректің қай тоны жақсы естіледі? А. ІІ тон B. ІІІ тон C. І тон D. ІVтон E. І және ІІ тондар 99. Балаларда ересектермен салыстырғанда жүректің қай тоны анық естіледі? А. І тон B. ІІІ және ІV тондар C. ІІ тон D. І және ІІ тондар E. ІVтон . 100. Балаларда жүректің ІІІтоны жақсы естілетін аймақ: А. жүрек ұшында және семсерше өскіннің негізінде B. жүрек ұшында және төстің сол жақ қырында, ІІ қабырға аралықта C. төстің сол және оң жақ қырымен ІІ қабырға аралықта D. жүрек ұшында және нағыз тұйық аймағында E. жүрек ұшында және шала тұйық аймағында 101. Жүректің І және ІІ тондары қай жағдайларда күшейеді? A. астениктерде, анемияда, кардионеврозда, өкпенің семеуінде, тиреотоксикозда, өкпенің қабынуында B. астениктерде, тиреотоксикозда, қарынша аневризмасында, анемияда C. анемияда, кардиосклерозда, өкпенің қабынуында, физикалық күш түскенде D. қарынша аневризмасында, астениктерде, тиреотоксикозда, гипотиреозда, анемияда E. астениктерде, өкпенің қабынуында, гипотиреозда, өкпенің семеуінде, кардионеврозда, семіздікте. 102. Жүрек ұшында І тонның жеке әлсіреуі қай кезде болады? A.қос жармалы қақпақтың стенозында B.экстрасистолияда C. қос жармалы қақпақтың стенозы мен шамасыздығында D.үш жармалы қақпақтың стенозында E. қос жармалы қақпақтың шамасыздығында 103. Жүрек-тамыр жүйесінің қай патологиясында қолқа қақпағы үстінде ІІ тонның акценті анықталады? A.өкпе артериясының гипертензиясында B.қос жармалы қақпақтың шамасыздығында C. артериялық гипертензияда D.Аэрц синдромында E.қолқа қақпағының шамасыздығында 104.Жүректің І тонның екіге бөлінуі қай кезде анықталады? A.гис будасыныњ бір сабағының блокадасында B. қолқа аневризмасында C. қос жармалы қақпақтың стенозында D. қос жармалы қақпақтың стенозы мен шамасыздығында E. қолқа қақпағының стенозында 105.Жүрек ұшында “бөдене бытпылы” үш буынды дыбыс қай ақауға тән? A. қос жармалы қақпақтың стенозы мен шамасыздығына B. үш жармалы қақпақтың стенозында C. қос жармалы қақпақтың шамасыздығына D. қос жармалы қақпақтың стенозына E. қолқа қақпағының стенозында 106. Жүректен тыс пайда болатын шулар қалай аталады? А. интракардиальды B.Экстракардиальды C. Субкардиальды D. пульмональды E. ретрокардиальды 107. Митральды стенозға тән емес аускультациялық белгі: А. жүрек ұшында бірінші тон күшейеді және шапалақ ұрғандағыдай сипатта болады B. жүрек ұшында систолалық шу C. митралды қақпақ ашылуының қосымша тоны естіледі D. өкпе артериясында екінші тонның акценті естіледі E. жүрек ұшында диастолалық шу 108. 5-ші тыңдау нүктеде диастолалық шу естіледі. Бұл қай ақауға тән шу: А. қос жармалы қақпақтың стенозына B. қос жармалы қақпақтың шамасыздығына C. өкпе артериясы қақпағының шамасыздығына D. қолқа қақпағының стенозына E. қолқа қақпағының шамасыздығына. 109. Сан артериясын фонендоскоппен басқанда Виноградов-Дюрозьенің қос тонының естілуі жүректің қай ақауына тән? A. өкпе артериясы қақпағының шамасыздығына B. қолқа қақпағының шамасыздығына C. қос жармалы қақпақтың стенозына D. қос жармалы қақпақтың шамасыздығына E. қолқа қақпағының стенозына 110. Дені сау 6 жасар баланың жүрегінің өкпе артериясының үстін тыңдағанда жұмсақ систолалық шу естіледі, иррадияциясы жоқ. Сіздің болжамыңыз? A. кардиальдық функциональды шу B. қолқа қақпағының шамасыздығы C. өкпе артериясы қақпағының шамасыздығы D. өкпе артериясы қақпағының стенозы E. өкпе артериясы қақпағының зақымдануынан органикалық шу 111. Жүректің І және ІІ тондары қай жағдайларда әлсірейді? A. қарынша аневризмасында, өкпенің семеуінде, кардиосклерозда, тиреотоксикозда, өкпенің қабынуында B.астениктерде, кардионеврозда,анемияда, өкпенің семеуінде, тиреотоксикозда, өкпенің қабынуында C.тиреотоксикозда, анемияда, кардиосклерозда, қарынша аневризмасында, өкпенің қабынуында, перикардитте D.қарынша аневризмасында, семіздікте, өкпе эмфиземасында, миокардитте, кардиосклерозда, перикардитте E.миокардитте, кардионеврозда, семіздікте, өкпенің қабынуында, гипотиреозда, өкпенің семеуінде. 112. Қолқа қақпағында ІІ тонның жеке әлсіреуі қай кезде байқалады? A. қолқа қақпағының шамасыздығында B. қолқа қақпағының атеросклерозында C.артериялық гипертензияда D.қолқа қақпағының стенозында E.мерездік мезоаортитте 113. Жүрек ұшында І тонның жеке күшеуінің себептері: A. қос жармалы қақпақтың стенозы мен шамасыздығында, үш жармалы қақпақтың стенозы мен шамасыздығында, экстрасистолияда B. қос жармалы қақпақтың стенозында, үш жармалы қақпақтың шамасыздығында, экстрасистолияда, атриовентрикулалық толық блокадада C. қос жармалы қақпақтың стенозында, үш жармалы қақпақтың стенозында, экстрасистолияда, атриовентрикулалық толық блокадада D. үш жармалы қақпақтың стенозында, үш жармалы қақпақтың шамасыздығында, атриовентрикулалық толық блокадада, экстрасистолияда E. үш жармалы қақпақтың шамасыздығында, қос жармалы қақпақтың стенозында, атриовентрикулалық толық блокадада, экстрасистолияда 114. Өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті болуы неге байланысты? A.өкпе артериясында қысымның жоғарлауына B.өкпе артериясы қақпағының шамасыздығына C. өкпе веналарында қысымның төмендеуіне D. өкпе веналарында қысымның жоғарлауына E. өкпе артериясында қысымның төмендеуіне 115. Жүрек-тамыр жүйесінің қай патологиясында жүрек ұшында шоқырақ ырғағы анықталады? A. миокард инфарктында B. артериялық гипотензияда C. Аэрц синдромында D. қолқа қақпағының шамасыздығында E. қолқа қақпағының стенозында 116. Функциялық шулардың органикалық шулардан айырмашылығы: А. зақымданған қақпақтың үстінде естіледі B. қанның құрамы мен ағысы жылдамдығының өзгерістерінде естіледі C. қақпақтардың шамасыздығында дамиды D. систолада да және диастолада жақсы естіледі E. қақпақтардың тарылуында (стенозда) 117. Жүректің экстракардиальды шуларын анықтаңыз: А. систолалық, плевра үйкеліс шуы, диастолалық B. үлпершек үйкелісінің шуы, плевроперикард шуы, кардио-пульмональды шуы C. үлпершек үйкелісінің шуы, кардио-пульмональды шуы D. диастолалық, систолалық, плевроперикард шуы E. плевро-перикардиальды шуы, үлпершек үйкелісінің шуы 118. Қос жармалы қақпақтың шамасыздығында жүрек ұшында қай шу естіледі? А.систолалық В. диастолалық С. систолалық және диастолалық D. Флинттің пресистолалық шуы E. Грэхем-Стилл шуы 119. Мойындырық ойығының тұсынан зырылдауық шуды қай патологияда естуге болады? A. миокард инфаркты B. Перикардит C. Анемия D. қолқа қақпағының стенозы E. қос жармалы қақпақтың стенозы 120. Жас баланың жүрек ұшында I тон әлсіреген, систолалық шу естіледі. Шу сол жақ қолтық асты сызыққа, сол жауырын бұрышына беріледі. Бұл белгілер қай ақауға тән? А. қос жармалы қақпақтың стенозына B. қос жармалы қақпақтың шамасыздығына C. өкпе артериясы қақпағының шамасыздығына D. қолқа қақпағының стенозына E. қолқа қақпағының шамасыздығына. 121. Тамыр будасын құрайды: А. аорта + сол жүрекше + оң жүрекше B. аорта + өкпе артериясы + жоғарғы қуыс венасы C. сол қарынша + сол жүрекше D. оң қарынша E.оң қарынша + оң жүрекше 122. Жүректің сол контурын құрайды: А. аорта + өкпе артериясы В. аорта + оң жүрекше С. сол жүрекше доғасы + сол қарынша D. сол қарынша E. оң қарынша 123. Сол қарынша гипертрофиясында жүректің сол жақ шекарасы қайда ығысады: А. солға B. оңға C. жоғары D. жоғары + солға E. жоғары + оңға 124. Митральды конфигурация көрінісі: А. жүрек мықыны жақсы білінеді B. жүрек мықыны жуандайды C. - тәрізді D. етіктің түрі сияқты E. трапеция тәрізді 125. Қолқалық конфигурация көрінісі: А. мықыны білінеді, етікке ұқсайды B. мықыны білінбейді C. - тәрізді D. трапеция тәрізді E. етікке ұқсайды 126. Жүректің нағыз тұйық шекарасының сол шегі сәйкеседі: А. жүректің оң жақ шегіне B. жүректің сол жақ шегіне C. сол жақ жүрекшеге D. оң қарыншаға E. оң жақ жүрекшеге 127. Қалыпты жағдайда жүректің сол жақ ШТШ-сы ересектерде орналасады: А. VІ-шы қабырға аралықта бұғана орта сызығында B V-шы қабырға аралықта бұғана орта сызығынан үстінде 1-2 см ішке C. V-шы қабырға аралықта қолтық алды сызығында D VІ-шы қабырға аралықта бұғана орта сызығына 1-2 см.жетпейді E VІ-шы қабырға аралықта бұғана орта сызығында 128. Жүрек мықыны орналасады: а. тамыр будасы мен жүректің сол жақ шегінің ортасында б. тамыр будасы мен жүректің оң жақ шегінің арасында в. оң жақ қарынша мен сол жақ қарынша ортасында г. сол жақ жүрекше мен оң жақ қарынша ортасында д. тамыр будасы мен жүректің жоғарғы шегінің ортасында 129. Жүректің өкпемен жабылған бөлігінің перкуссиядағы шекарасының дыбысы: а. дабыл дыбысы б. қорап тәрізді дыбыс в. шала тұйық дыбыс г. тұйық дыбыс д. дабыл шала тұйық дыбысы |