тест. клиника тест. 1. андай аауда беттеріні ккшіл ызаруы кездеседі A. ола саасыны стенозы
Скачать 139.43 Kb.
|
49. Лимфопролиферациялық синдромы бар науқасқа әсіресе қандай белгі тән? А. қан кету В. теріде қан талау бөртпелердің болуы С. лимфа түйіндердің ұлғаюы D. бұлшық етті гематомалар E. тіл ұшының ашып ауруы 50.Лейкопения дегеніміз не? А. лейкоцит санының азаюы В. лейкоцит формуласының өзгеруі С. лейкоцит санының көбеюі D. нейтропения деген түсінікке сәйкес келеді E. лейкоциттердің функциональдық қасиеттерінің өзгеруі 51. Нүктелі дақты (петехиялы- дақты) қанағыштыққа сипатты емес? А. тромбоцитопения В. тромбоцитопатия С. мұрыннан және қызыл иектен қан кету D. ұсақ нүктелі ауырмайтын геморрагиялар E. бұлшық етті гематомалар 52.Тамырішілік шашыраңқы қан ұю синдромында қанағыштықтың қай түрі тән? А.ангиматозды B. петехиялы-дақты C. петехиялы- гематомалық D. васкулитті пурпуралық E. гематомалық 53. Қалыпты жағдайдағы Ли-Уайт бойынша венозды қанның ұю уақыты мынаған тең: А.5 -10 мин. В. 1-2 мин. С. 3-5 мин. D. 13 мин. E. 14-15 мин 54.Тромбоцитопения дегеніміз не? А. тромбоциттердің санының көбеюі B. тромбоциттердің фибринолизі C. калликреин-кинин жүйесінің активациясы D. тромбоциттер санының азаюы E. тромбоциттердің функциональдық қасиеттерінің бұзылуы 55.Тромбоциттердің агрегациясы дегеніміз не? А. қан ұю факторларының синтезделуі B. зақымдалған тамырдың қабырғасына тромбоциттердің жабысуы C. тромбоциттердің бір-біріне жабысуы D. тромбоциттер санының азаюы E. тромбоциттердің санының көбеюі 56.Агранулоцитоз дегеніміз не? А. лейкоциттердің азаюы В. лейкоциттердің көбеюі С. перифериялық қанда гранулоциттердің болмауы D. лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы E.эритроциттердің азаюы 57. Миелопролиферациялық синдромның белгілеріне қайсысы сипатты емес: А. оссалгия В. сүйек миының лимфоидты пролиферациясы С. қанның жалпы анализінде миелобласттардың жоғары мөлшерде болуы D. сүйек миының миелоидты пролиферациясы E. гепатоспленомегалия 58. Геморрагиялық васкулиттің клиникалық белгілеріне қайсысы тән емес: А. абдоминальды ауырсыну В. қара май тәрізді нәжістің болуы С. артралгия D. петехиялық дақтар E. лимфа түйіндердің ұлғаюы 59. Лимфопролиферациялық синдромның белгілеріне қайсысы сипатты емес: А. гепатомегалия В. спленомегалия С. оссалгия D. тәбеттің бұрмалануы E. лимфа түйіндердің ұлғаюы 60.Трепанобиопсия дегеніміз не? А. сүйек миын мықын қырынан алу және құрамын зерттеу В. жағындыда талақтың пунктатының нәтижесін зерттеу С. сүйек миының гистологиялық препаратын дайындау D. жағындыда лимфа түйіндерінің пунктатын зерттеу E. төс сүйегінің құрамын зерттеу 61. Қант диабетіне тән: A. гипергликемия және гипоазотемия B. гипогликемия және гиперлипидемия C. гипотензия және гиперхолестеринемия D. гипергликемияның және глюкозурияның болуы E. гипо- и гипертензияның болуы 62. Қант диабетінің алғашқы клиникалық белгілері: A. сол жақ қабырға астында ауырсыну B. диспепсия және анорексия C. аяқтардың ісінуі D. полиурия, полидипсия E. көрудің нашарлауы, тахикардия 63. Тиреотоксикозға не тән емес? A. экзофтальм B. брадикардия C.ашуланшақтық D.қолдардың треморы E. тершеңдік 64. Кетоацидоздық команың себептеріне жатады, мынадан басқалары: A. ілеспелі аурулар B. инсулинотерапияның тоқтауы C. диетаның бұзылуы D. жеңіл қорытылатын көмірсуларды тамақтану рационынан алып тастау E. гиперкетонемия 65. Стриялар дегеніміз не? A. қабақ терісінде холестериннің жиналуы B. инсулин инъекциясы салдарынан тері асты май қабатының өзгеруі C. стероидты гормондардың катаболизмдік әсерінен пайда болатын терідегікөлденең және ұзына бойлы жолақтар D. тері астылық қан құйылулар E. папулезды бөртпе 66. Акромегалияға не тән? A. мұрының, төменгі жақтың, құлақтың үлкеюі B. дене салмағының төмендеуі C. терінің гиперпигментациясы D. терінің қышуы E. полидипсия 67. Қалқанша безінің қызметі жоғарылағанда негізігі зат алмасу процесі қалай өзгереді? A. жоғарылайды B. өзгермейді C. төмендейді D. балаларда төмендейді, өзгермейді E. балаларда жоғарылайды, ересектерде төмендейді 68. Гипогликемия дегеніміз не? A. бауырда гликогеннің азаюы B. несепте глюкозаның болмауы C. қанда глюкоза деңгейінің төмендеуі D. несепте глюкозаның болуы E. несепте глюкозаның болмауы 69. Көздің сирек жыпылықтау симптомын қалай атайды A. Греф симптомы B. Штельваг симтомы C. Мебиус сиптомы D. Кер симтомы E. Ортнер симптомы 70. Зимницкий сынамасы арқылы қант диабетінің қандай симптомын анықтауға болады? А. гиперстенурияны В. гипостенурияны С. изостенурияны D. никтурияны Е. олигурияны 71. Қант диабетіне ненің зақымдануы тән? A. ірі буындардың B. бронхтардың және өкпенің C. иммундық жүйенің D. микроциркуляторлы арнаның E. дәнекер тіннің 72. Қант диабеті диагнозын не дәлелдейді? А. гиперазотемия В. гиперкалиемия С. гиперхолестеринемия D. глюкозурия Е. эритроцитурия 73. Диффузды токсикалық зобқа тән емес A. тахикардия B. жүрек ұшында систолалық шу C. систолалық қан қысымның жоғарылауы D. дистолалық қан қысымның жоғарылауы E. гипергидроз 74. «Facies basedovica» қандай жағдайда анықталады A. гипотиреозда B. қант диабетінде C. акромегалияда D. тиреотоксикозда E. феохромоцитомада 75. Терінің қола түстес болуы қандай ауруға тән? A. қант диабеті B. аддисон ауруы C. гипотиреоз D. акромегалия E. тиреоидит 76. Гипотериозға не тән? A. дене салмағының төмендеуі B. тахикардия C. қалқанша безінің ұлғаюы D. брадикардия E. экзофтальм 77. Қант диабетінің алғашқы белгілерінің бірі: A. эпигастрий аймағында ауырсыну B. терінің қышуы C. физикалық күш түскенде ентігу D. полиартралгия E. шаштың түсуі 78. Терінің қандай өзгерістері қант диабетіне тән емес? A. қасыған іздері B. фурункулез C. рубеоз D. стрииялар E. ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар 79. Төмен қараған кезде жоғарғы қабақ пен шатыраш қабағы аралығында склераның ағарып көрініп тұруын қалай атайды? A. Греф симптомы B. Штельваг симтомы C. Мебиус сиптомы D. Кер симтомы E. Ортнер симптомы 80. Диабеттік команың ең жиі себебі: А. гипергликемия В. гиперкетонемия С. қаның гиперосмолярлығы D. гиперпируватемия Е. гипогликемия 81. Гипогликемиялық команың белгісі: А. терінің ылғалдылығы В. бұлшық еттердің гипотония С. глюкозурия D. кетоацидемия Е. олигурия 82. Аш қарынға алынған капиллярлы қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі: A. 1,5-2,7 ммоль/л; B. 7,3-9,5 ммоль/л; C. 3,88-5,55 ммоль/л D. 4,22-6,11 ммоль/л E. 2,5-3.5ммоль/л 83. Кетоацидоздық кома кезінде қосарлана кездесетін симптомдар: A. гипергликемия, гиперкетонемия, АҚ төмендуі, ацидоз B. гипергликемия, гиперкетонемия, АҚ төмендеуі, алкалоз C. гипогликемия, гиперкетонемия, ЭТЖ жылдамдауы, ацидоз D. нормогликемия, гиперкетонемия, ацидоз E. гипергликемия, гиперкетонемияның болмауы, алкалоз 84. Қант диабеті диагнозын қою үшін 75 г. глюкозамен пероральды жүктемеден соң, 2 сағат өткеннен кейін гипергликемияның шекаралық көрсеткіші ? A. 6 ммоль/л; B. 11,1 ммоль/л; C. 8 ммоль/л D. 8,5 ммоль/л E. 9,8 ммоль/л 85. Қандай патологияға беттің ай тәрізді болуы, гиперемиясы және айқын гипертрихозы тән: A. акромегалияға B. феохромоцитомаға C. қантсыз диабетке D. Иценко-Кушинг ауруына E. гипотиреозға 86. Кетоацидоз кезінде қандай симптом болмайды: А. ацетон иісінің болуы; В. жиі, шулы тыныс алу; С. кілегейлі қабықтардың, терінің құрғақтығы D. диффузды гипергидроз Е. лоқсу, құсу 87. Гиперкортицизм белгісіне жатпайды: А. тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы В. гирсутизм С. артериалық гипертензия D. Менструальды циклдің бұзылысы Е. Дене салмағының тапшылығы 88. Иценко-Кушинг ауруының диагностикалық алгоритміне жатпайды: А. электроэнцефалография В. кортизол және АКТГ деңгейін анықтау С. бүйрек үсті бездерінің УДЗ D. дексаметазонмен сынама Е. гипофиз аймағының магнитті резонансты томографиясы 89. Феохромоцитома кезінде жоғарылайды: А. глюкокортикоидтар; В. минералокортикоидтар; С. соматотропин; D. кортикотропин; Е. катехоламиндер. 90. 1 типті қант диабеті бар науқаста шөлдеу, полиурия күшейген, жағдайы тез нашарлаған, қандағы қант 19,6 ммоль/л, зәрде ацетон, аузынан ацетон иісі шығыды. Сіздің диагнозыңыз: А. Кетоацидозды кома В. Гиперосмолярлы кома С. Гипогликемиялық кома D. Гиперлактацидемиялық Е. Уремиялық кома 91. Қант диабетінің асқынуларына жатпайды: A. аяқтың гангренасы B. бүйрек жетіспеушілігі C. көз көруінің нашарлауы D. жүрек қақпағының ақауы E. полинейропатия 92. Иценко-Кушиг синдромына тән: A. терінің цианозы B. фурункулез C. іштің алдынғы іргесінде қоңыр-қызыл стриялардың болуы D. терідег қасыған іздер E. терінің бозаруы 93. Иценко-Кушиг ауруы қай бездің патологиясында дамиды? A. ұйқы безінің B. гипофиздің C. бүйрек үсті бездерінің D. жыныс бездерінің E. қалқанша безінің 94. Сау адамның аш қарынға, тамақтанудан екі сағаттан кейін және кез-келген уақыт аралығынан кейін тапсырған қанындағы глюкозаның қалыпты мөлшері: A. 5,5 ммоль - 9,0 ммоль/л B. 5,5 ммоль/л - 7,8 ммоль/л C. 6,7 ммоль/л - 7,8 ммоль/л D. 6,7 ммоль/л - 9,0 ммоль/л E. 5,5 ммоль/л - 6,7 ммоль/л 95. Артық салмағы бар 50 жастағы әйелде гликемияның деңгейі 2 рет аш қарынға 6,9 ммоль/л және 7,2 ммоль/л аралығында болды. Қандай патология болу мүмкін? A. семіздік B. І типті қант диабеті C. ІІ типті қант диабеті D. аш қрынға гликемияның бұзылуы E. глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы 96. Кетоацидозды комаға тән емес симптом: А. терісі құрғақ; В. көз алмалары жұмсақ С. шулы терең тыныс D. көзқарашығының тарылуы Е. аузынан ацетон иісі 97. Қандай клиникалық көрініс, бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігінің орталық генезді екендігін білдіреді: А. пигментацияның жоқтығы В. гипогликемияның айқын болуы С. гипотонияның ауырлығы D. айқын диспепсия Е. дене салмағын жоғалту дәрежесі 98. Иценко-Кушинг синдромы кезінде жоғарылайды: А. глюкокортикоидтар В. минералокортикоидтар С. соматотропин D. кортикотропин Е. катехоламиндер 99. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жетіспеушілігінің негізгі патогенетикалық блогі болып табылады: А. су– электролиттік бұзылыстар В. миокардтың жиырылғыш қызметінің төмендеуі С. энтеропатияның көрінісі ретінде ақуыз жеткіліксіздігі D. көмірсу алмасуының бұзылуы Е. терінің және шырышты қабаттарының зақымдануы 100. Екі жақты тотальді адреналэктомияның асқынуы: A.Шиен синдромы B. қант диабеті C. Нельсон синдромы D. Аддисон ауруы E. Симмонс синдромы 101. Қалыпты жағдайда қалқанша безі: A. көрінбейді және мойыншығы пальпацияланады B. көрінбейді және бөліктері бас бармақ көлеміндей пальпацияланады C. көрінеді және пальпацияланады D. көрінбейді және пальпацияланбайды E. жұтынған кезде көрінеді және пальпацияланады, мойын пішіні өзгермеген 102. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, іш қату, брадикардия байқалатын ауру: A. гипотиреоз B. акромегалия C. жайылмалы уытты жемсау D.феохромоцитом E. қант диабеті 103. Біріншілік гипотиреозда зақымданады: A. гипоталамус B. гипофиз C. қалқанша безі D. қалқанша маңы безі E. бүйрек үсті безі 104. Жеделдеу тиреоидитке тән : А. қалқанша бездің ұлғаюы, пальпация кезінде ауырсыну В. гипотиреоз С. гипертиреоз D. ауырсыну болмайды Е. қалқанша безінің гипоплазиясы 105. Жеделдеу тиреоидитке тән емес: А.дене ыстығының жоғарылауы В. ЭТЖ жоғарлауы С. айқын ауырсыну синдромы D. қалқанша безбен йод сіңірілунің жоғарылауы Е. лейкоцитоз 106. Қай гормонның деңгейі біріншілік гипотиреозды диагностикалауға мүмкіндік береді: А. бос Т3 В. бос Т4 С. ТТГ D. жалпы Т4 Е. СТГ 107. Тиреоидты шамасыздық туғызбайды: А. кретинизмді (жастайнан, туғанға дейін пайда болса) В. ювенильді гипотиреозды (ересек балаларда) С. ересектердегі гипотиреозды (шамалы жеткіліксіздік) D. микседеманы (ересектердегі толық жеткіліксіздік) Е. біріншілік гипогонадизмді 108. 35 жастағы науқас жүдеуіне, тәбетінің жоғарылауына, тершендікке, жүректің жиі соғуына, ашуланшақтыққа, ұйқының нашарлауына шағымданады. Қандай бездердің функцияларын зерттеу қажет ? A. гипофизді және қалқанша маңы безді B. гипофизді және жыныс бездерін C. бүйрек үсті безін және жыныс бездерін D. гипофизді және қалқанша безін E. ұйқы безін және гипоталамусты 109. Тиреотоксикоз кезінде ең жиі кездесетін аритмия: A. синусты брадикардия B. жыбыр аритмиясы C. атриовентрикулярлық тежелу (блокада) D. қарынша ішілік тежелу (блокада) E. жүрекше ішілік тежелу (блокада) 110. Қалқанша безі гормондарының әсерлеріне жатпайды: A. ағзаның өсуіне және дамуына, жасушалардың пролиферациясына әсер етеді B. жүрекке оң мәнді инотроптық және хронотроптық әсер етеді C. глюконеогенезді тежейді D. белок синтезін күшейтеді E. холестериннің метаболизміне әсер етеді 111. 2 дәрежелі зобтың белгілері: A. қалқанша безі төс артында орналасқан B. қалқанша безі көрінбейді, бірақ пальпациялаған кезде анықталады C. қалқанша безі жұтынған кезде көрінеді және пальпацияланады D. қалқанша безінде түйіннің анықталуы E. қалқанша безінде бірнеше түйіндердің болуы 112. Диффузды токсикалық зобтың жеделдеу тиреоидиттен айырмашылығы: A. тахикардия B. тершендік C. пальпацияда ауырсыну болмайды D. бұлшық еттердің әлсіздігі E. қалқанша бездің ұлғаюы 113. Біріншілік гипотиреозда қандай зертқаналық көрсеткіш барынша ақпаратты? A. гипопротеинемия B. ашқарынға және тамақтанғаннан кейінгі төмен гликемия C. қандағы тиротропин деңгейінің жоғарылауы D. қандағы гемоглобин деңгейінің жоғарылауы E. қандағы тиреоидты гормондар деңгейінің жоғарылауы 114. Гипотиреозға тән емес: А. суыққа жоғары сезімталдылық В. дене салмағының артуы С. шаштың түсуі D. Т3 – Т4 деңгейінің төмендеуі Е. полифекалия 115. Семіздік пен гипотиреозы бар науқасқа терінің қандай өзгерістері тән емес: А. стриялар, акне В. тығыз ісіктер С. тері жамылғасының бозғылт сарғыш реңді болуы D. шашының түсуі Е. гиперкератоз 116. Екіншілік гипотиреозға тән емес: А. қанда тиреотропиннің жоғарылауы В. қандағы Т4деңгейінің төмендеуі С. қандағы Т3деңгейінің төмендеуі D. қалқанша бездің йодты сіңруінің төмендеуі Е. қандағы ақуызды байланыстыратын тироксиннің жоғарылауы 117. Гипертиреоз кезінде жүрек аускультациясында қандай өзгерістер анықталмайды? A. тахикардия B. тондардың күшеюі C. өкпе артериясы үстінде акцент D. жүрек ұшында систолалық шу E. жыбыр аритмиясы 118. 62 жастағы науқаста селқостық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бетінің ісінуі, салмағының артуы, көз шарасының тарылуы, қабақтарының түсуі, брадикардия және айқын гиперхолестеринемия байқалады. Көрсетілген клиникалық көрініс қандай ауруға тән? А. Иценко-Кушинг ауруына В. B12 жетіспеушілік анемияға С. гипотиреозға D. диффузды-токсинді зобқа Е. атеросклерозға |