Главная страница
Навигация по странице:

  • 11. Митральды қақпақтың жетіспеушілігінде жүрек негізінде ІІ тон қалай өзгереді

  • 13. Жүрек ұшында диастолалық діріл сезіледі. Бұл қандай ақауда байқалады

  • 14. Қандай жағдайда жүрек үшында І тонның әлсіреуі естіледі

  • 15. Қос жармалы қақпақтың тарылуында ФКГ-да қандай шу жазылады

  • 16. Китаев рефлексі қай ақауға тән

  • 17. Қолқа қақпағының шамасыздығында қандай функциональдық шу естіледі

  • 19. «Каротидтер биі» қай ақауға тән

  • 34. Жүректің ишемиялық ауруының дамуында қандай жағдай себепкер болмайды

  • 39. Алдынғы бүйірлік инфаркт дамығанда ЭКГ-да қандай тіркемелерде өзгерістер анықталады

  • 41. Жүректің оң бөлімдері гипертрофиясының себептеріне қандай жағдайлар жатады

  • 42. Жүректің салыстырмалы шекараларының жоғарыға және оңға ығысуы нені білдіреді

  • 43. Миогенді дилятация неге алып келеді

  • 46. Жедел сол қарыншалық жетіспеушіліктің белгісіне қайсы көрсеткіш жатпайды

  • 48. ЖҰТ-ң күшеюі және солға ығысуы жүректің қай бөлігінің гипертрофиясын және дилятациясын көрсетеді

  • 49. Қан тамырларында қан айналымы қызметінің жедел жеткіліксіздігі қалай аталады

  • 56. Бас мидың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінен туатын қысқа мерзімді естен айырылу қалай аталады

  • 61. Жүректің ауырсыну сезімі дамуында жүректен тыс себептерге қайсысы жатады

  • тест. клиника тест. 1. андай аауда беттеріні ккшіл ызаруы кездеседі A. ола саасыны стенозы


    Скачать 139.43 Kb.
    Название1. андай аауда беттеріні ккшіл ызаруы кездеседі A. ола саасыны стенозы
    Дата20.09.2021
    Размер139.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаклиника тест.docx
    ТипДокументы
    #234728
    страница1 из 20
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

    1. Қандай ақауда беттерінің көкшіл қызаруы кездеседі:

    A. қолқа сағасының стенозы

    B. митральды стенозда

    C. үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде

    D. өкпе артерия қақпағының тарылуында

    E. қос жармалы қақпағының жетіспеушілігінде

    2. «Бөдене ырғағының» үшінші тонның пайда болуының себебі:

    A. қос жармалы қармақтың ашылу шертпесі

    B. өкпе артерия қақпағының дыбысты ашылуы

    C. қос жармалы қақпақтың дыбысты жабылуы

    D. өкпе артерия қақпағының дыбысты жабылуы

    E. қолқа қақпағының дыбыспен ашылуы

    3. «Шапалақ» тәріздес І тон кездеседі:

    A. митральды стенозда

    B. қос жармалы қақпақтың жетіспеушілігінде

    C. үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігінде

    D. қолқа сағасының тарылуында

    E. қолқа жетіспеушілігінде

    4. ФКГ-да митральды стенозға тән белгілерін анықтаңыз:

    A. жүрек ұшында І-ІІ тонның амплитудасы төмендейді, біртіндеп бәсендейтін диастолалық шу ІІ тоннан соң

    B. І тонның амплитудасы төмендеген, жүрек ұшында ұзарған систолалық шу

    C. І тонның амплитудасы биік, ІІ тоннан соң қос жармалы қақапақтың ашылу шертпесі, ашылу тоннан соң диастолалық шу

    D. жүрек ұшында І тонның амплитудасы биік, систолалық шу

    E. жүрек ұшында ІІ тонның амплитудасы биік, диастолалық шу

    5. Қолқа шамасыздыѓындаѓы пульс ерекшеліктері:

    A. брадикардия

    B. жыбыр аритмиясы

    C. баяу, толымдылыѓы аз

    D. биік, тез пульс

    E. Тахикардия

    6. Қолқа ќаќпаѓыныњ жетіспеушілігіне тєн:

    A. тері жамылѓысыныњ ќуќылдануы

    B. каротидтер биі

    C. оњ мєнді веналыќ пульс

    D. pulsus dіfferens (әр түрлі пульс)

    E. шоќыраќ ырѓаѓы

    7. Мюссе симптомы байќалады:

    A. қолқа стенозында

    B. қолқа ќаќпаѓыныњ шамасыздыѓында

    C. митральды ќаќпаќ шамасыздыѓында

    D. өкпе артериясы ќаќпаѓыныњ шамасыздыѓында

    E. үш жармалы қақпақ шамасыздығы

    8. «Pulsus defferens» пайда болу себебі:

    A.кезбе нервтің басылуы

    B. коронар артериясының басылуы

    C. сол бұғана артериясының ұлғайған сол жүрекшемен басылуы

    D. кезбе нервтің салдануы

    E. өкпе артериясының ұлғайған оң жүрекшемен басылуы

    9. Траубеның қос тоны кездеседі:

    A. митральды қақпақ шамасыздығында

    B. митральды стенозда

    C. қолқа қақпағы шамасыздығында

    D. қолқа стенозында

    E. үш жармалы қақпақ шамасыздығында

    10. Қолқа қақпағы шамасыздығы белгілеріне тән емес:

    A. Флинт шуы

    B. Грехем- Стилл шуы

    C. қолқа үстінде ІІ тонның әлсіреуі

    D. 5-ші тындау нүктесінде диастолалық шу

    E. қолқа үстінде диастолалық шу


    11. Митральды қақпақтың жетіспеушілігінде жүрек негізінде ІІ тон қалай өзгереді?

    A. өкпе артерия үстінде ІІ тонның акценті естіледі

    B. қолқа үстінде ІІ тонның акценті

    C. өкпе артерия үстінде ІІ тонның әлсіреуі

    D. 2-ші тыңдау нүктеде ІІ тонның әлсіреуі

    E. 4-ші тындау нүктесінде диастолалық шу

    12. Митральды жетіспеушілігі кезіндегі систолалық шудың даму себебі:

    A. сол қарыншадан сол жүрекшеге қанның кері өтуі

    B. регургитация толқынымен пайда болған тербелістердің бір-бірімен қабаттасуы

    C. гипертрофияланған және дилятацияланған оң қарыншаның жұмысының күшеюі

    D. митральдық қақпақшаның күшті дауыспен ашылуы

    E. өкпе веналардында қысымның жоғарылау салдарынан


    13. Жүрек ұшында диастолалық діріл сезіледі. Бұл қандай ақауда байқалады?

    A. митральды стенозда

    B. қолқа қақпағының жетіспеушілігінде

    C. қолқа сағасының тарылуында

    D. митральды жетіспеушілігінде

    E. үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігінде


    14. Қандай жағдайда жүрек үшында І тонның әлсіреуі естіледі?

    A. үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігінде

    B. қос жармалы қақпақтың жетіспеушілігінде

    C. артериялық гипертонияда

    D. өкпе артериясының стенозында

    E. кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензияда


    15. Қос жармалы қақпақтың тарылуында ФКГ-да қандай шу жазылады?

    A. барлық систолаға таралған систолалық шу

    B. диастолалық баяулайтын шу

    C. мезодиастолалық шу

    D. қысқа систолалық

    E. систолодиастолалық


    16. Китаев рефлексі қай ақауға тән?

    A. митральды шамасыздыққа және митральды стенозға

    B. үш жармалы қақпақ шамасыздығына

    C. қолқа қақпағының шамасыздығына

    D. қолқа қақпағының тарылуына

    E. үш жармалы қақпақтың тарылуына


    17. Қолқа қақпағының шамасыздығында қандай функциональдық шу естіледі?

    A. Флинт шуы

    B. Грехем-Стилл шуы

    C. Риверо- Корвалло

    D. өкпе артерисы үстіндегі шу

    E. мойынтырық ойығындағы шу

    18. Пульстық қысымның жоғарылауы байқалады:

    A. қолқа стенозында

    B. қолқа қақпағы шамасыздығында

    C. митральды қақпақ шамасыздығында

    D. үш жармалы қақпақ шамасыздығында

    E. өкпе артериясы қақпағының шамасыздығында


    19. «Каротидтер биі» қай ақауға тән?

    A. қос жармалы қақпақ стенозына

    B. қолқа қақпағының шамасыздығына

    C. үш жармалы қақпақ шамасыздығына

    D. қолқа сағасының тарылуына

    E. митральды қақпақ шамасыздығына

    20. Қолқа стенозына тән, емес:

    A. сол қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы

    B. қолқа үстінде дөрекі систолалық шу

    C. шудың ұйқы артерясына таралуы

    D. Траубенің қос тоны

    E. қолқа үстінде ІІ тонның әлсіреуі

    21. Миокард инфарктындағы ауырсыну синдромының сипаты:

    A. нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан кейін ауырсыну тоқтайды

    B. тыныштық күйде ауырсыну басылады

    C. ауырсыну валидолды қабылдағаннан кейін тоқтайды

    D. күшті ауырсыну, нитроглицерин таблеткасы көмектеспейді

    E. ауырсыну баралгинмен басылады

    22. Стенокардия ұстамасы кезіндегі науқастың төсектегі жағдайы:

    A. тынышсыздануы, қозу

    B. пассивті жағдайы

    C. мәжбүр қалыпта ортопноэ

    D. бір қалпында қалшиып қалады

    E. ерекше жағдай анықталмайды

    23. Миокард инфарктының жедел сатысында ЭКГ-гі белгілері:

    A. Т тісшесі теріс

    B. Т тісшесі өте биік

    C. SТ- аралығы изосызықтан ауытқыған Т тісшесімен қосылып кеткен (ST+T)

    D. терең әрі кенейген Q, Т теріс

    E. терең Q, кішкене R, Т теріс көріне бастайды

    24. Миокард инфарктының резорбциялық некроздық синдромында қандай ферменттің жоғарылауы сипатты:

    A. КФК

    B. альдолаза

    C. сілтілі фосфотаза

    D. гамма глютамил транспептидаза

    E. глютамил трансфераза

    25. Миокард инфарктының дамуында коронарлық артерияда қандай өзгерістер негізгі себеп болып есептеледі:

    A. тромбоз

    B. спазм қысқа уақытқа

    C. дилятация

    D. тамыр өткізгіштігінің артуы

    E. қабыну

    26. Миокард инфаркты кезінде қызбаның пайда болуы неге байланысты:

    A. ауырсыну синдромына

    B. резорбциялы – некроздық синдромға

    C. қабынуға

    D. пневмонияға

    E. кардиогенді шокқа

    27. Алдыңғы қалқалық жүрек ұшын қамтыған инфаркт болса ЭКГ-да қандай тіркемелерде өзгерістер анықталады:

    A. I, AVL,V1-V2, V3,V4

    B. ІІ,ІІІ, AVF,

    C. І, ІІ, AVL, V5- V6

    D. І, ІІ, AVF, V5-V6

    E.І, AVL, V1- V6

    28. Стенокардия ұстамасы кезінде ЭКГ-да қандай өзгерістер тіркелуі мүмкін:

    A. ST сегментінің изосызықтан 1 мм-ден жоғары, немесе төмен ығысуы, теріс Т тісшесі пайда болуы

    B. R тісшесінің амплитудасы төмендеуі

    C. патологиялық Q тісшесінің пайда болуы

    D. SТ сегментінің изосызықтан жоғары немесе төмен 1 мм-ден аз ығысуы

    E. SТ сегменті изосызықта болуы және патологиялық Q тісшесінің пайда болуы

    29. Артқы бүйрлік миокард инфаркты пайда болған жағдайда ЭКГ-да қандай тіркемеде өзгеріс анықталады:

    A. V1, V2

    B. V3, V4

    C. ІІ, ІІІ, AVF, V5-V6

    D. І, ІІ, AVL, V5-V6

    E. І,ІІ, AVL, V1- V2, V5-V6

    30. Миокард инфарктына сипатты:

    A. гиперемия және гипергидроз

    B. бозғылттану және гипергидроз

    C. гиперемия және гипогидроз

    D. бозғылтану және терінің құрғауы

    E. гиперемия және терінің құрғауы

    31. Стенокардия ұстамасы кезінде ауырсынудың сипаты:

    A. өткір, шаншу тәрізді, тыныс алғанда, шығарғанда күшейеді

    B. төс артында, күйдіріп ауырсыну, сол қолға беріледі

    C. емізік тұсында сыздап ауырсыну, ешқайда берілмейді

    D. тұрақты сыздап ауырсыну жүрек маңайында болады

    E. жауырын астында шаншып ауырсыну

    32.Алдыңғы жайлмалы инфаркт болса ЭКГ-да қандай тіркемелерде өзгерістер анықталады:

    A. V1, V4

    B. ІІ,ІІІ, AVF,

    C. І, ІІ, AVL, V5- V6

    D. ІІ, І, AVF, V5-V6

    E. І, AVL, V1- V6

    33. Миокард инфарктының резорбциялы-некроздық синдромына қандай ферменттің қалыптан көбеюі тән:

    A. альдолаза

    B. лактатдегидрогеназа

    C. сілтілі фосфатаза

    D. гамма глютимал транспептидаза

    E. глютамил трансфераза


    34. Жүректің ишемиялық ауруының дамуында қандай жағдай себепкер болмайды?

    A. нервті-психикалық күш түсуі

    B. адамның көбінесе отырып, аз қимыл жасауы (гиподинамия)

    C. тамақты көп ішу

    D. стрептококкты инфекциямен ауыру

    E. темекі тарту

    35. Алдыңғы қалқалық инфаркт болса ЭКГ-да қандай тіркемелерде өзгерістер анықталады:

    A.І, AVL, V1-V2, V3

    B. ІІ,ІІІ, AVF,

    C. І, ІІ, AVL, V5- V6

    D. ІІ, І, AVF, V5-V6

    E. І, AVL, V5- V6

    36. Миокард инфарктында перифериялық қанда қандай өзгерістер болады:

    A. миокард инфарктының жеделдеу сатысында лейкоцитоз, 2-4 күндері өте

    жоғары, ЭТЖ параллельді жоғарылайды

    B. миокард инфарктының тыртықтану сатысында лейкоцитоз, 2-4 күндері

    максимальді жоғарылайды, ЭТЖ өзгермейді

    C. миокард инфарктының жедел сатысында лейкоцитоз шамамен 1апта сақталады, одан кейін ЭТЖ жоғарылайды, лейкоциттер қалпына келеді

    D. қанның жалпы анализінде өзгеріс анықталмайды

    E. ауырсынудың алғашқы сағатында лейкоцитоз, ЭТЖ өзгеріп тұрады

    37. Миокард инфарктында ауырсынудың сипаты:

    A. төс артында өте күшті қысып ауырсыну, ұзақтығы 30 мин. көп,

    нитроглицерин көмектеспейді

    B. төс артында күйдіріп ауырсыну, ұзақтығы 20-25 мин.дейін нитроглицерин

    көмектеседі

    C. жауырын арасында тұрақты сыздап ауырсыну

    D. сыздап жүрек ұшы тұсында ұзақ ауырсыну

    E. төс артында шаншып ауырсыну

    38. Миокард инфарктының жедел сатысына сипатты емес:

    A. ST сегменті изосызықтан жоғарылайды

    B. монофазалық қисық сызық пайда болады

    C. патологиялық Q пайда болады

    D. Т тісшесі теріс

    E. R тісшесінің амплитудасы төмендейді


    39. Алдынғы бүйірлік инфаркт дамығанда ЭКГ-да қандай тіркемелерде өзгерістер анықталады?

    A.ІІІ, AVF, V3

    B. V3, V4

    C. ІІ, ІІІ, AVF

    D. ІІІ, AVF, V4

    E.I, AVL, V1-V2, V5-V6

    40. Стенокардия ұстамасы кезіндегі ауырсынудың ұзақтығы :

    A. тәулік бойы тұрақты ауырсыну

    B. 1-2 сағаттық ауырсыну

    C. бірнеше секундтан 40-45 мин.дейін

    D. 1-2 мин-тан 25-30 мин.дейін

    E. 30 мин-тан ұзақ


    41. Жүректің оң бөлімдері гипертрофиясының себептеріне қандай жағдайлар жатады?

    A. артериялық гипертензия

    B. кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия

    C. артериялық гипотония

    D. қолқа қақпағының ақаулары

    E. үлкен қан айналым шеңберіндегі веноздық гипертензия


    42. Жүректің салыстырмалы шекараларының жоғарыға және оңға ығысуы нені білдіреді?

    A. сол жүрекшенің және сол қарыншаның гипертрофиясын

    B. жүректің барлық камераларының дилятациясын

    C. сол жүрекше мен оң жүрекшенің гипертрофиясын

    D. оң қарыншаның гипертрофиясын

    E. сол және оң қарыншалардың гипертрофиясын


    43. Миогенді дилятация неге алып келеді?

    A. миокардтың жиырылу күшінің артуына

    B. айтарлықтай өзгеріс болмайды

    C. миокардтың жиырылу күшінің төмендеуіне

    D. кейбір жағдайда миокардтың жиырылу күші артады, кейде төмендейді

    E. миокардтың жиырылу күші өзгермейді

    44. Созылмалысолқарыншалықжетіспеушіліктеентігудіңсебебі:

    A. гидроторакс

    B. альвеола аралық қабырғалардың ісінуі

    C. гепатомегалия

    D. асцит

    E. гидроперикардиум

    45. Созылмалы сол қарыншалық жетіспеушіліктің белгісіне қай көрсеткіш жатады:

    A. мойын веналарының білеуленуі

    B. асцит

    C. ентігу

    D. гепатомегалия

    E. перифериялық ісіну


    46. Жедел сол қарыншалық жетіспеушіліктің белгісіне қайсы көрсеткіш жатпайды?

    A. жүрек демікпесі

    B. өкпе шемені

    C. орталық веналық қысымның көтерілуі

    D. ортопноэ

    E. жайылма цианоз

    47. Жүректің сол жақ бөлімдерінің гипертрофиясының жиі себебі:

    A. бронхтық демікпе

    B. қос жармалы қақпақтың жетіспеушілігі

    C. созылмалы бронхит

    D. үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігі

    E. өкпе эмфиземасы


    48. ЖҰТ-ң күшеюі және солға ығысуы жүректің қай бөлігінің гипертрофиясын және дилятациясын көрсетеді?

    A. оң қарыншаның

    B. сол қарыншаның

    C. сол жүрекшенің

    D. сол жүрекше және сол қарыншаның

    E. оң жүрекшенің


    49. Қан тамырларында қан айналымы қызметінің жедел жеткіліксіздігі қалай аталады?

    A. ступор

    B. сопор

    C. коллапс

    D. кома

    E. кенеттен өлу

    50. Сол қарыншаның рентгендегі гипертрофия белгілері:

    A. жүректің қолқалық конфигурациясы

    B. конфигурациясы өзгермейді

    C.митральды конфигурация

    D. конус тәрізді конфигурация

    E. трапеция тәрізді конфигурация

    51. Жедел сол қарыншалық жетіспеушіліктің жиі себебі:

    A. миокард инфаркты

    B. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

    C. үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігі

    D. бронхтық демікпе

    E. созылмалы бронхит

    52. Жүрек бөлімдерінің гипертрофиясын және дилятациясын анықтауда қай зерттеу әдісі анағұрлым мағлұмат береді:

    A. ЭхоКГ

    B. ЭКГ

    C. Велоэргометрия

    D. ФКГ

    E. рентгенография

    53. Жүрек түрткісінің пайда болуы қай бөлімнің гипертрофиясын білдіреді:

    A. сол жүрекшенің

    B. сол қарыншаның

    C. оң қарыншаның

    D. оң жүрекшенің

    E. ол гипертрофия белгісіне жатпайды

    54. Сол қарыншалық жетіспеушілік белгілері немен байланысты:

    A. кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензиямен

    B. капиллярлардыңқысылып-түйілуімен

    C. үлкенқанайналымшеңберіндевеноздықіркіліспен

    D. өкпетамырларыныңтонусыбұзылуымен

    E. үлкенқанайналымшеңберіндегидростатикалыққысымныңкөтерілуімен

    55. Жүрек миокардының тікелей зақымдануынан дамыған жүрек жетіспеушілігінің себебін көрсетіңіз:

    A. қолқа сағасының тарылуы

    B. қос жармалы қақпақтың жетіспеушілігі

    C. перикардит

    D. миокард инфаркты

    E. артериялық гипертония


    56. Бас мидың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінен туатын қысқа мерзімді естен айырылу қалай аталады?

    A.кенеттен өлу

    B. эпилепсия

    C. ступор

    D. естен тану (талма)

    E. сопор

    57. Сол қарыншаның ЭКГ-дағы гипертрофия белгілері:

    A. жүректің электр осі горизонтальды, І, AVL, V5-6, тіркемелерінде R тісшесі биік, ІІІ, AVF, V1-2тіркемелерде S тісшесі терең

    B. жүректің электр өсі вертикальді, V1-2биік R тісшесі, V5-6, терең S

    C. жүректің электр өсі қалыпты, R тісшесі V4 ең биік

    D. кеңейген қос өркешті Р тісшесі , І, ІІ, AVL, V5-6тіркемелерінде

    E. биік үшкір Р тісшесі , ІІ,ІІІ, AVF, V1-2 тіркемелерінде

    58. Созылмалы сол қарыншалық жетіспеушілікте ентігудің себебі:

    A. гидроторакс

    B. гепатомегалия

    C.қалыңдаған альвеолалы-капиллярлық мембрана арқылы газдардың диффузиясының бұзылысы

    D. асцит

    E. гидроперикардиум.

    59. Сол қарыншалық жетіспеушілік кезіндегі жөтел мен ентігудің ерекшеліктеріне не жатпайды:

    A. шалқасынан жатқанда күшеюі

    B. зәр қуатын дәрілерді енгізген соң, олардың бәсеңдеуі

    C. физикалық күш түскенде олардың күшеюі

    D. сыртқы орта температурасының күрт өзгеруінде олардың күшеюі

    E. көп сұйықтық ішкен соң олардың күшеюі

    60. Оң қарыншалық жетіспеушіліктің белгілеріне не жатпайды:

    A. перифериялық ісіну

    B. гепатомегалия

    C. гидроперикард

    D. күшейген ЖҰТ

    E. мойын веналарының білеуленуі


    61. Жүректің ауырсыну сезімі дамуында жүректен тыс себептерге қайсысы жатады?

    A. миокард инфаркты

    B. қолқа кеңеюі

    C. стенокардия

    D. қабырға аралықневралгия

    E. миокардит

    62. Жүректік ісінудің ерекшелігі:

    A. жергілікті (локальды) ісіктің болуы

    B. бетінен басталуы

    C. таңертең ісінуі

    D. аяқтарынан басталуы, кешке қарай күшеюі

    E. жүктілікке байланысты болуы

    63. Жүрек ауруларындағы естен танудың механизмі (sіncope):

    A. тахикардия

    B. мидың жедел ишемиясы

    C. артериалық қысымның қалыпты болуы

    D. перифериялық венаның қабынуы

    E. ісіну

      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


    написать администратору сайта