тест. клиника тест. 1. андай аауда беттеріні ккшіл ызаруы кездеседі A. ола саасыны стенозы
Скачать 139.43 Kb.
|
18.Асциттіанықтайтын белгілерге қайсысы жатпайды? А. науқасты тікесінен тұрғызып қарағанда іш төмен қарай салбырайды B. науқасты шалқасынан жатқызғанда іштің пішіні «бақа іші» сияқты болады C. іштің алдыңғы іргесіндегі веналары білеуленеді D.іш домалақ пішінді, кіндік ішіне түсіңкі E. кіндік шығыңқы болады 19. Метеоризмнің пайда болу себебі қандай? А. ішекте газдың көбеюі B. ішектің тегіс бұлшық етінің тонусы жоғарылауы C. ішек қабырғасымен ауа сіңірілуінің жоғарылауы D. ішектің перистальтикасының күшеюі E.ішектің секрециялық қызметінің бұзылуы 20. Нәрестеде «фонтан » тәрізді құсудың болуы нені дәлелдейді? А. өт жолдарының дискинезиясын B. пилоростенозды C. гастродуоденитті D. кардия сфинктрінің жетіспеушілігін E. энтеритті 21. Өңеш эндоскопиясының мүмкіндігіне сәйкес келмейтін жағдай: A. кілегей қабатын қарау және өзгерістерін анықтау B. өзгеріске күмәнді аймақтан биоптат алу C. варикозды кеңейген веналардан қан кетуді тоқтату D. өңеш дивертикулдарын анықтау E. өңештің бұлшық ет жағдайын зерттеу 22. Ас қазандағы сұйықтықты алу үшін қолданылатын зондтың ішкі диаметрі: A. 1-2 ммB. 4-5 ммC. 6-8 ммD. 2-3 ммE. 8-10 мм23. Көрсетілген тәсілдердің қайсысы асқазан функцияларын зерттеу үшін қолданылмайды? A.фракциялық әдіспен секрецияны анықтау B.ЭФГДС C.асқазан сөлінің рН-метриясы D.контрасттық рентгеноскопиясы E.иррогоскопия 24. Helіcobacter pylorі дегеніміз не? A. грамтеріс микроаэрофильді бактерия B. грамоң таяқша C. грамоң кокк D. қарапайым E. микоплазма 25. Нәжістің қалыпты түсі неге байланысты? A. стеркобилинге B. құрамында майлардың болуына C. құрамында өсімдіктекті клетчатканың болуына D. қорытылмаған астың болуына E. құрамында крахмал болуына 26. Асқазанның секреторлық қызметі туралы қорытынды беріңіз: базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 8 мэкв/сағ., гистаминмен жасалған субмаксимальді стимуляциядан кейін - 26 мэкв/сағ. A. қалыпты B. төмен C. күрт төмендеген D. анацидті жағдай E. жоғарылаған 27. Асқазанның секреторлы қызметі қандай? Егер базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 0,3 мэкв/сағ., гистаминмен субмаксимальді қоздырылғаннан кейін - 0,5 мэкв/сағ., бос HCL – 0, асқазан сөлінде пепсин жоқ. A. жоғарылаған B. қалыпты C. төмендеген D. ахилия E. күрт жоғарылаған 28. Қай патологияда «оң» көлеңке, «теріс» тін («ниша» симптомы) рентгенологиялық белгісі анықталады? A. жедел гастрит B. созылмалы гастрит C. асқазанның ойық жарасы D. асқазан ісігі E. колит 29. Тоқ ішектің төменгі бөлігінен қан кеткенде копрограммада қандай өзгерістер анықталады? A. нәжістің түсі қою-коңыр B. нәжісте алқызыл қан анықталады C. қара май тәрізді нәжіс (melaena) D. амилорея ++++ E. Стеаторея ++++ 30. Асқазан сөлін зерттегенде қандай көрсеткіштер анықталады? 1. Бос тұз қышқылының мөлшері анықталады А. 1,2,3 2. Кілегейдің мөлшері анықталады В. 2,3,5 3. Жалпы қышқылдылық деңгейі С. 1,3,5 4. Эритроциттердің пішінін анықтайды D. 3,4,5 5. Байланысқан тұз қышқылының мөлшері анықталады Е. 1,4 31. Асқазанның ойық жара ауруында барынша анық мәлімет беретін диагностика әдісі: A. ас қазан секрециясын зерттеу B. клиникалық белгілер C. копрограмма D. асқазанды рентгенологиялық әдіспен тексеру E. ФГДС зерттеу және кілегей қабатының биопсиясы 32. Асқазан секрециясын фракциялық әдіспен зерттегенде қолданыла-тын қоздырғыштардың қайсысы физиологиялық болып табылады? A. алма шырыны B. кофе ерітіндісі C. капуста қайнатпасы D. тәтті шай E. тері астына инсулин егу 33. Асқазанның секреторлы қызметі қандай? Егер базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 1,2 мэкв/сағ., гистаминмен субмаксимальді қоздырылғаннан кейін кейін - 2 мэкв/сағ., бос HCL- дың дебит-сағаты – 0? A. қалыпты B. төмендеген C. күрт төмендеген D. ахилия E. жоғарылаған 34. Асқазанның секреторлық қызметі туралы қорытынды беріңіз: базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 0,9 мэкв/сағ., гистаминмен жасалған субмаксимальді қоздырудан кейін 4,0 мэкв/сағ. A. қалыпты B. жоғарылаған C. күрт жоғарылаған D. төмен E. күрт төмендеген 35.Асқазанның рентгеноскопиясында (графиясында) қай патологияның диагностикалық белгілері анықталады? A. асқазан ойық жарасы, асқазан ісігінің B. жедел гастриттің C. созылмалы гастриттің D. созылмалы панкреатиттің E. эзофагиттің 36. Қай патологияда «толу дефекті» рентгенологиялық белгісі анықталады? A. жедел гастрит B. созылмалы гастрит C. асқазан ісігі D. асқазан ойық жарасы E. колит 37. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен қан кеткенде копрограммада қандай өзгерістер анықталады? A. нәжістің түсі алтын-сары B. нәжісте алқызыл қан анықталады C. қара май тәрізді нәжіс,Грегерсен реакциясы ++++ D. ахолиялық нәжіс E. лейкоциттер көп мөлшерде 38. Ректороманоскопия әдісімен қандай ішектің патологиясын анықтауға болады? A. аш ішектің B. тоқ ішектің өрлеме бөлігінің C. көлденең ішектің D. тоқ ішектің төмендеме бөлігінің E. тік және сигма тәрізді ішектің 39. Нәжістегі жасырын қанды тексеру әдісі A. макроскопиялық B. лакмус қағазын қолдану арқылы C.судан III-пен боялған препараттың микроскопиясы D. Люголь ерітіндісімен боялған препараттың микроскопиясы E. химиялық әдіспен (Грегерсен реакциясы) 40 . Өңештен қан кетуге қай тұжырым сәйкес келмейді: А. өңеш жарасы себебінен B. өңеш көк тамырларының кеңеюі салдарынан C. өңештің кілегей қабаты тамырларының бөгде денемен зақымдануынан D. «кофе қойыртпағы» тәрізді құсығы E. кеткен қанның түсі өзгеріссіз 41. Қандай шағымдардың жиынтығы диспепсия синдромына кіреді? A.анорексия, кардиалгия, тенезмдер B. дисфагия, ықылық, дизурия C. қыжыл, бас ауру, іш өту D. тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу E. гиперсаливация, жүректің шалыс соғуы, іш қату 42. Үлкен дәретке барғысы келгендей сезім болуы - бұл: A. іш кебуі B. мелена C. тенезмдер D. полифекалия E. креаторея 43. Асқазан ауырсынуына тән : A. тамақтану уақытына тікелей тәуелді B. тенезмдермен қатар байқалуы C. үлкен дәретке отыруымен байланысты D. үлкен дәреттен соң жеңілденуі E. газ шыққан соң жеңілденуі 44. Іш кебуінің себебіне жатпайды: A. газдар түзілуінің күшеюі B. газ сіңірілуінің бұзылысы C. ішек қабырғасы тонусының төмендеуі D. белоктарға бай тағамдарды қолдану E. көп мөлшерде клетчаткалы тағамдарды қолдану 45. Шіру диспепсиясы белгілеріне жатпайды: A. жағымсыз иісті жел шығуы B. креаторея C. метеоризм шамалы D. амилорея E. іш өту 46.Арықтау, шөлдеу, гипопротеинемия- қай синдромның белгісі: A. гипохлоргидрия синдромының B. колиттік синдромның C. гиперхлоргидрия синдромының D. обстипация синдромының E. сіңірілудің бұзылу синдромының 47.Ашу диспепсиясында нәжістің реакциясы: A. қышқыл B. сілтілі C. бейтарап D. өзгермеген E. бейтарап немесе сілтілі 48. Оң екі елі ішек жара ауруында қай аймақта ауырсыну байқалады? A. семсер тәрізді өскіннің астында ортаңғы сызықтың бойымен B. эпигастрийде ортаңғы сызықтың сол жағында C. эпигастрийде ортаңғы сызықтың оң жағында D. төс артында E. кіндік аймағында 49. Асқазан патологиясында ауырсынудың даму себептеріне жатпайды: A. тегіс бұлшық еттердің спазмы B. кілегейлі қабатындағыдефектке асқазан сөлінің әсері C. мүшеішілік қысымның жоғарылауы D. кілегейлі қабатының қабынуы E. кілегейлі қабатының гиперплазиясы 50. Диспепсияның жара тектес вариантындағы шағымдарға жатпайды: A. асқазанда толып тұрғандай сезім B. эпигастрийде түнгі ауырсыну C. эпигастрийде аш қарынға ауырсыну D. эпигастрийде тамақ ішкен соң ауырсыну E. антацидтер қабылдағаннан кейін басылатын ауырсыну 51. Іш қатудың органикалық себептеріне мынадан басқасы жатады: A. жабысулардың болуы B. ішек аномалиялары C. ішек перистальтикасының күшеюі D. ісік салдарынан ішек саңылауының тарылуы E. тыртықтану салдарынан ішек саңылауының тарылуы 52.Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді: A. бейтарап майлардың B. май қышқылдарының C. бұлшық ет талшықтарының D. стеркобилиннің E. крахмалдың 53. Шіру диспепсиясында нәжіс реакциясы болады: A. қышқыл B. сілтілі C. бейтарап D. өзгермеген E. бейтарап немесе сілтілі 54.Диспепсияның дискинезиялық вариантындағы шағымдарға жат-пайды: A. асқазанда толып тұрғандай сезім B. ауырлық сезім C. лоқсу D. тез тойыну E. антацидтер қабылдағаннан кейін басылатын ауырсыну 55. Ас қазанның пилорикалық бөлігінің жарасы кезінде ауырсынудың орны: A. семсер тәрізді өскіннің астында B. эпигастрийде ортанғы сызықтың сол жағында C. эпигастрийде ортанғы сызықтың оң жағында D. төс артында E. сол жақ қабырға асты аймағында 56. Метеоризмді шақырмайтын жағдай: A. ішекте газдардың шамадан көт түзілуі B. ішек қабырғасы арқылы газдардың сіңірілуінің бәсеңдеуі C. ішек гипотониясы D. портальді гипертензия E. механикалық және химиялық тітіркендіргіш қасиеті аз тағам қабылдау 57. Жара ауруының қандай асқынуында кеш «шалпыл дыбысы» және эпигастрий аймағында күшейген перистальтика байқалады? A. қан кету B. тесілу C. пенетрация D. калтқының стенозы E. малигнизация 58. Ашу диспепсиясының белгілеріне жатпайды: A. метеоризм B. іштің құрылдауы C. йіссіз жел шыққаннан кейін азаятын, шаншып ауырсыну D. нәжіс ашық түсті, сұйық, көпіршікті E. нәжіс сұйық, қанық-қоңыр түсті, сасық иісті 59. Іш өту механизміне жатпайды: A. қабыну әсерінен көп мөлшерде экссудаттың бөлінуі B. ішек перистальтикасының күшеюі C. қорытылған тағам сіңірілуінің бұзылуы D. ішектер тонусының әлсіздігі E. ұйқы безінің сыртқы секрециясының бұзылуы 60. Созылмалы гастрит диагнозын қоюда ең маңызды: клиникасы асқазан сөлін зерттеу ФГДС ФГДС,биопсиямен E.копрограмма 61. Қай ауруға белдеме тәрізді, күшті, жедел басталатын ауырсыну сипатты: А. панкреатитке B. гастритке C. эзофагитке D. он екі елі ішектің жарасына E. эзофагитке 62. Ұйқы безінің ауруларында диспепсиялық шағымдардың болуы неге байланысты? А. асқазан сөлінің гиперсекрециясына В. асқазан сөлінің гипосекрециясына С. ұйқы безінің фермент өндіру қызметінің бұзылуына D. ішектің қозғалыс қызметінің жоғарылауына E. ұйқы безінің ішкі секреция қызметінің бұзылуына 63. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметі бұзылғанда нәжісте қандай өзгеріс болмайды? А. креаторея B. стеаторея C. полифекалия D.амилорея E. мелена 64. Жедел панкреатиті бар науқасты қарағанда Мондор симптомының оң мәнді болуы неге байланысты? А. ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылуына В. интоксикацияның ауыр болуы мен ұйқы безіндегі капилляростазға С. ұйқы безі капсуласының керілуіне D. ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметінің бұзылуына E. ішектің секрециялық қызметінің бұзылуына 65.Кіндік пен сол жақ қабырға доғасының ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында ауырсынудың болуы қай симптомға сипатты? А. Дежарден B. Мондор C. Мейо-Робсон D. Кач E. Грот 66. Ұйқы безінің пальпациясын қай жерде жүргізеді? А. сол жақ мықын аймағында B. іштің оң жақ бүйір аймағында C.оң жақ мықын аймағында D. алдын ала анықталған асқазанның шекарасынан 2-3 см жоғары E. іштің сол жақ бүйір аймағында 67. Ұйқы безінің қабынуында зәрде қандай өзгерістер анықталады? А. цилиндрурия B. өт пигменттерінің жоғарылауы C. глюкозурия D. протеинурия E. амилаза мөлшерінің жоғарылауы 68.Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметінің жетіспеушілігінде қанның биохимиялық анализінде не анықталады? А. гиперхолестеринемия B. АлТ және АсТ деңгейлерінің жоғарылауы C. гипербилирубинемия D. гипергликемия E. α-амилазаның жоғарылауы 69. Ұйқы безінің ауруларын анықтауда қандай аспаптық әдіс анағұрлым мәлімет береді: А. дуоденалды зондтау B. дуоденография C. ультрадыбысты зерттеу D. лапароскопия E. холецистография 70. Ұйқы безінің ауруларына тән емес симптом: А.Шоффар В. Кер С. Дежарден D. Мейо-Робсон Е. Грот 71. Жедел панкреатитте ауырсынудың болуы неге байланысты? А. глиссон капсуласының керілуіне В. ұйқы безінің түтікше ішілік қысымының жоғарылауы мен капсуласының керілуіне С. ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметінің жетіспеушілігіне D. өт жолдарының бітелуіне E. ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің жетіспеушілігіне 72. Панкреатогенді диареяға сипатты: А. полифекалия, сұйық, кілегейлі, іріңді В. қышқыл иісті, сарғыш жасыл түсті, қоймалжың С. кілегейлі, қан аралас, сұйық D. шірік иісті, жартылай сұйық, қорытылмаған ас қалдықтарымен E. полифекалия, стеаторея, жағымсыз сасық иісті, унитаздан нашар жуылады 73. Ұйқы безінің патологиясы бар науқасты қарағанда Грот симптомына тән белгіні көрсетіңіз: А. іш құрсағының алдыңғы іргесінде ұйқы безінің проекциясында тері асты шел май қабатының атрофиясы B. тері жамылғысы қуқылданып, көгерген жерлердің болуы C. көздің ақ қабаты мен тері жамылғысының сарғаюы D. іші ұлғайған, тері асты веналары білеуленген E.іш құрсағының алдыңғы іргесінде ұйқы безінің проекциясында терінің гиперпигментациясы 74.Ұйқы безін пальпациялағанда қалыпты жағдайда қандай қасиеттері анықталады? А. тығыз, ауырмайды, шұрылдайды, цилиндр тәрізді, диаметрі 5 см B. цилиндр тәрізді, диаметрі 3-4 cм, ауырмайды, шұрылдамайды C. цилиндр тәрізді, диаметрі 6 см, ауырады D. беті кедір бұдырлы, цилиндр тәрізді, шұрылдайды, ауырады E.диаметрі 1,5-3 см, көлденең орналасқан, цилиндр тәрізді, жұмсақ, ауырмайды 75. Дежарден нүктесіндегі ауырсынуды қай жерде анықтайды? А.кіндікті оң жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары В. кіндік пен сол жақ қабырға доғасының ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында С.кіндікті сол жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 2 см жоғары E.сол жақ төс-бұғана-емізікті бұлшық ет аяқшаларының арасында 76. Ұйқы безінің ауруларына биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер тән? А. тимол және сулема сынамаларының оң болуы В. билирубин, γ-глютамил транспептидазаның жоғарылауы С. АЛТ және АСТ деңгейлерінің жоғарылауы D. α амилаза, липаза, трипсин ферменттерінің жоғарылауы E. холестерин, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы 77.YIII кеуделік нерв сегменті аймағында тері гиперестезиясының болуы қай симптомға сипатты? А. Дежарден B. Мондор C. Мейо-Робсон D. Кач E. Грот 78.Ұйқы безінің ауруларында нәжісте иммундыферменттік әдіспен не анықтайды? А. амилазаны B. эластаза-1 C. химотрипсинді D. липазаны E. трипсинді 79.Қалыпты жағдайда қан сары суында α-амилазаның мөлшері қандай? А. 12-32 мг/ (cағ•мл) B. 20-60 мг/ (cағ•мл) C. 17-38 мг/ (cағ•мл) D. 18-52 мг/ (cағ•мл) E. 2-10 мг/ (cағ•мл) 80.Ұйқы безінің ауруларында копрограммада нейтралды майлардың болуы неге байланысты анықтайды? А. липазаның жетіспеушілігіне B. диастазаның көбеюіне C. трипсиннің жетіспеушілігіне D. химотрипсиннің жетіспеушілігіне E. амилазаның жетіспеушілігіне 81. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромы кезінде ең тиімді тексеру әдісі: A. УДЗ B. комьютерлік томография C. амилазаны тексеру D. копрограмма E. қандағы қантты тексеру 82. Созылмалы панкреатиттің копрологиялық белгісіне жатпайды: A. амилорея B. стеаторея C. креаторея D. йодофильді флора E. бірен-саран эпителиальді жасушалар 83. Ұйқы безінің қабыну синдромына тән емес симптом: A. Шоффар B. Василенко C. Дежарден D. Мейо-Робсон E. Гротт 84. Созылмалы панкреатит өршуіне тән белгіні атаңыз: A. іш өтуі, мелена B. іш өтуі, ауырсынуы, креаторея, стеаторея C. іш өтуі, кебуі, копрограммада лейкоциттер болады D. іш ауруы, құсу, іш қатуы E. кіші дәретте қан болуы 85. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілік синдромы кезіндегі нәжістің сипаттамасы: A. көп мөлшерде, майлы жылтырымен, бетінде май тамшыларымен, жағымсыз сасық иісті, унитаздан нашар жуылады B. ашық түсті, сұйық, көпіршікті, жеміс-жидектердің қорытылмаған қалдықтары. C. нәжіс сұйық, қанық-қоңыр түсті, сасық иісті D. қатты, тығыз, құмалақ тәрізді E. жасыл түсті, су тәрізді сұйық |