тест. клиника тест. 1. андай аауда беттеріні ккшіл ызаруы кездеседі A. ола саасыны стенозы
Скачать 139.43 Kb.
|
11. Жас балаларда ошақты пневмонияға күдік туғанда кеуде сарайының қай жерін мұқият тыңдау қажет? А. қолтық астын В. өкпенің ұшын С. жауырын үстін D. кеуде алдынан екінші қабырға аралықты E. жауырын аралықты 12. Өкпеден қан кетудің белгілеріне кірмейді: А. алқызыл түсті В. көпіршікті C. жөтелмен байланысты D. қоңыр түсті E. реакциясы сілтілі 13. Қақырықтың түсі таңқурай сілікпесі сияқты болуы қай ауруға тән? А. өкпенің қатерлі ісігіне В. өкпе шеменіне C. пневмонияға D. өкпе туберкулезіне E. ларингитке 14. Қандағы оттегінің парциальды қысымының дәрежесі қаншаға төмендегенде тыныс жетіспеушілігінің клиникалық белгілері байқалады? А. 90 ℅ B. 98 ℅ C. 95 ℅ D. 60 ℅ E. 80 ℅ 15. Созылмалы тыныс жетіспеушілігінің зертханалық өзгерістері қандай болады? А. полицетемия, гемоглобин көрсеткіші жоғары В.лейкоцитоз, ЭТЖ↑ С. эритропения, ЭТЖ↓ D. тромбоцитопения E. лимфоцитоз Вариант III 1. Дауыс дірілі екі жақта бірдей қай кезде әлсірейді: A. трахеитте B. бронхитте C. ателектазда D. өкпе эмфиземасында E. экссудациялық плевритте 2. Кеуде сарайы күбі тәрізді кеңейген, алдыңғы-артқы көлемі үлкейген, көлденең мөлшеріне жақындаған. Бұғана асты, бұғана үсті ойықтары тегістелген, эпигастрий бұрышы доғалданған. Бұл кеуде сарайының қандай түрі: A. қалыпты B. нормостениялық C. гиперстениялық D. астениялық E. эмфизематоздық 3. Қандай патологияда жөтелдің күші және бөлінетін қақырықтың мөлшері науқастың белгілі бір қалпына байланысты? A. крупозды пневмонияда, ошақты пневмонияда B. бронхтық демікпеде, пневмосклерозда C. жедел бронхитте, құрғақ плевритте D. өкпе абсцесінде, бронхоэктаз ауруында E. өкпе эмфиземасында, созылмалы бронхитте 4. Ұсақ бронхтар спазмында және жабысқақ қақырық болғанда болады: A. тахипноэ B. инспираторлы ентігу C. стеноздық тыныс D.экспираторлы ентігу E. Куссмауль тынысы 5. Сыртқы тыныс қызметі обструкциялық типте бұзылғанда спирограммада қандай көрсеткіш өзгереді? A. тыныстық көлем артады B. өкпенің тіршілік сыйымдылығы төмендейді C. тиффно индексі төмендейді D. тыныс алудың резервтік көлемі төмендейді E. тыныс алу сыйымдылығы артады 6. Өкпенің тіршілік сиымдылығын мынадан құралады: A. тыныс алудың резертік көлемі B. тыныс шығарудың резервтік көлемі C. тыныс көлемі D. тыныс көлемі+ тыныс алудың резертік көлемі+. тыныс шығарудың резервтік көлемі E. өкпенің қалдық функциональдық көлемі 7. Бронхтық тыныс қалыпты жағдайда қай жерде естіледі? А. бронхтардың бәрінде B. ұсақ бронхтарда C. өкпенің тек жоғарғы бөліктерінде D. кеңірдек үстінде және оның тарамдалу жерінде E. өкпенің тек төменгі бөліктерінде 8. Везикулалық тыныс анағұрлым әлсіреуімен қатар құрғақ “дискантты” сырылдарды қай кезде естуге болады? А. өкпе абсцесінде B. пневмонияда C. жедел бронхитте D. бронхтық демікпе ұстамасында E. крупозды пневмонияда 9. Өкпенің тығыздалу синдромындаперкуссиялық дыбыс: А. қорабтық В. дабыл С. тұйықталған D. айқын өкпелік E. тұйықталған-дабыл 10. Өкпе тінінің тығыздалу синдромына әкелетін аурулардың қайсына «тот басқан» түсті қақырық тән? А. бөліктік пневмонияға В. пневмосклерозға С. өкпе шеменіне D. ошақты пневмонияға E. ателектазға 11. 2 жастағы баланы үріген тәрізді жөтел мен инспирациялық ентігу мазалайды. Қай патология деп ойлайлыз? А. трахеит В. бронхит C. пневмония D. ларингит E. бронхиолит 12. Тыныс ағзасы ауруларымен ауыратын науқастардың негізгі шағымдары: А. ентігу, тұншығу, жөтел, қакырық бөлу, кеуде сарайының ауырсынуы В. жөтел, дене қызуының жоғарылауы, кеуде сарайының ауырсынуы С. қакырық бөлу, жөтел, басының ауырсынуы D. ентігу, тұншығу, жөтел, кеуде сарайының ауырсынуы, қызба E. дене қызуының жоғарылауы, басының ауырсынуы, лоқсу 13. Плевра қуысына транссудаттың жиналуы қай ауруға сипатты? А. пневмонияға В. жүрек ауруларына С. өкпе туберкулезіне D. өкпе іріңдігіне E. бронхитке 14. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромында пункцияны қай жерге жасайды? А. қолтық арты сызығымен VIII-ші қабырға аралықта В. қолтық орта сызығымен VII-ші қабырға аралықта С. қолтық орта сызығымен VIII-ші қабырға аралықта D. жауырын сызығымен VII-ші қабырға аралықта E. жауырын сызығымен VIII-ші қабырға аралықта 15. Өкпеде қуыс болу синдромының негізгі клиникалық көрінісі қандай? А. жөтелден кейін, ауызын толтыра қақырық тастау В. тот басқан түсті қақырықпен жөтелу С. кеуде сарайында ауырсыну сезімі D. тұншығу ұстамасы E. ұстама тәрізді жөтел Вариант IV 1. Балаларда оң жақ бұғана орта сызығының бойымен өкпенің төменгі шекарасы қай қабырға деңгейінде орналасады? A. 6 қабырғада B. 8 қабырғада C. 9 қабырғада D. 10 қабырғада E. 7 қабырғада 2. Балаларда сол жақ қолтық асты сызығының бойымен өкпенің төменгі шекарасы қай қабырға деңгейінде орналасады? A. 6 қабырғада B. 8 қабырғада C. 9 қабырғада D. 10 қабырғада E. 7 қабырғада 3.Экссудациялық плевритпен науқасты қараған кезде анықталады: A. тыныс алғанда кеуденің зақымдалған бөлігі қалыңқы B. қабырға аралықтары ішке кіріңкі C. мойын веналары білеуленген D. қосымша тыныс бұлшық еттері тыныс алуға қатысады E. төменгі шекаралары төмен, жоғарғы шекаралары жоғары ығысқан 4. Қандай патологияда науқас таңғы уақытта көлемі 50 мл-ден 500 мл-ге дейін кілегейлі-іріңді қақырық бөлінуіне шағымданады? A. ошақты пневмонияда B. бронхтық демікпеде C. экссудациялық плевритте D. бронхоэктаз ауруында E. жедел бронхитте 5. Әлсіреген дауыс дірілі, қораптық дыбыс, әлсіреген везикулалы тыныс және тыныс шығару фазасында басым естілетін құрғақ «ысқырықты» сырылдар қандай синдромға тән? A. өкпе тығыздалу синдромына B. өкпеде бос қуыс пайда болу синдромына C. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромына D. плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромына E. плевра қуысында ауа жиналу синдромына 6. Қандай патологияда қақырықта Шарко-Лейден кристалдары және Куршман серіппесі анықталады? A. өкпе эмфиземасында B. созылмалы бронхитте C. бронхтық демікпеде D. ошақты пневмонияда E. крупозды пневмонияда 7. Крепитацияға не сипатты? А. жөтелгенде өзгергіштік B. дем алудың биік шыңында пайда болады C. дем шығарғанда пайда болады D. дем алғанда және дем шығарғанда пайда болады E. дем алудың басында естіледі 8. Амфоралық тыныс деген не? А. мойыны жіңішке құмыраға үрлегенде естілетін дыбысқа ұқсас B. қардың сықырына ұқсас дыбыс C. қағаздың сықырына D. майда тамшының жарылысына ұқсайды E. ысқырыққа ұқсайды 9. Крупозды пневмонияның қай сатысында крепитация естілмейді? А. бастапқы (І сатысында) В. крупозды пневмонияда құрғақ сырылдар естіледі С. шарықтау сатысында ( ІІ сатысында) D. крупозды пневмонияда ірі көпіршікті сырылдар естіледі E. шешілу сатысында (ІІІ сатысында) 10. Жас баланың өкпесінің шолу рентгенограммасында оң өкпенің төменгі бөлігінде, өкпе түбірінің кеңеюімен, өкпе суретінің күшеюімен қосарланған бірнеше ошақты қараюдың болуы неге сипатты? А. бөліктік пневмонияға В. пневмосклерозға С. өкпе шеменіне D. ошақты пневмонияға E. ателектазға 11. Қай жағдайда инспирациялық ентігу болады? А. тыныс жолдарына бөгде дене түскенде B. бронх демікпесінде C. өкпе эмфиземасының бастапқы сатысында D. созылмалы обструкциялық бронхитте E. созылмалы обструкциялық емес бронхитте 12. Қан түкірудің себептері қандай? А. өкпенің қатерлі ісігі, бронхтың түйілуі B. өкпе инфаркты, бронхтың түйілуі, митралды қақпақтың стенозы C. өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің қабынуы, өкпе эмфиземасы D. өкпенің қабынуы, митралды қақпақтың стенозы E. өкпенің қатерлі ісігі, өкпе абсцесі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы 13.Сол жақ плевра қусына сұйықтық жиналғанда не анықталады? А. аускультацияда құрғақ сырылдар В. бронхофонияның күшеюі С. плевра үйкеліс шуы D перкуссияда қорабты дыбыс E. Траубе кеңістігінің жойылуы 14. Плевра қуысында экссудаттың болуына тән емес белгіні көрсетіңіз: А. меншікті салмағы 1025 В. фибриноген көп мөлшерде С. Ривольт сынамасы теріс мәнді D. белок 15г/л E. Ривольт сынамасы оң мәнді 15. Плевра қуысында ауа болу синдромында рентгенде не анықтауға болады? А. гомогенді қараюды В. ішкі контуры тегіс, горизонтальді деңгейлі сұйықтығы бар қуыс С. өкпе тінінің ағаруы, өкпе суреті әлсіреген, өкпе түбірі кеңейген D. кеуде сарайының латеральді жағында ашық жолақтың болу және осы жақта өкпе суретінің жойылуы E. шеттері қиғаштау, онша айқын емес, біртекті қараю № 1-вариант 2-вариант 3-вариант 4-вариант 1 E D D A 2 C B E C 3 C D D A 4 D C D D 5 C D C C 6 C A D C 7 B B D B 8 E C D A 9 D A C C 10 B B A D 11 B A D A 12 C D A E 13 A A B E 14 E D A C 15 D A A D I-вариант 1. Қай ауруда реноваскулярлық гипертензия болады? A. гломерулонефритте B. пиелонефритте C. бүйрекке тас біту ауруында D. бүйрек тамырларының атеросклерозында E. амилоидозда 2. Үшінші дәрежелі нефроптозда мынадай өзгерістер анықталады: A. бүйректің 1/3-1/2 бөлігін пальпация арқылы анықтауға болады B. бүйректі пальпация жасап толық анықтауға болады, ол жақсы қозғалады, бірақ омыртқаның екінші жағына ығыспайды C. бүйрек құрсақ қуысында еркін қозғалып, омыртқа жотасынан асып, құрсақ қуысының екінші жағына ығысуы мүмкін D. бүйрек пальпацияланбайды E. бүйректің тығыздығы өте қатты болады, ол қозғалмайды 3. Бүйрек ауруында науқастың терісінің түсі бозаруы не себептен болады? A. бүйректің концентрациялау қабілетінің төмендеуінен B. анемия және артериолалардың спазмынан C. артериялық қысымның төмендеуі және бас айналудан D. бүйрек қызметінің жетіспеушілігінен және уремиядан E. протеинурия мен онкотикалық қысымның төмендеуінен 4. 5-7 жастағы жас балаларда тәуліктік диурездің орташа мөлшері қандай болады? А.390 мл B.232 мл C. 487 мл D. 462 мл E. 764 мл 5. Бүйректік протеинурияның механизмі қандай? А.белокқа бай тағамдарды қабылдауымен байланысты B. қанда онкотикалық қысымның жоғарылауы C.сыртқы тітіркендіргіш әсерінен бүйрек шумақтары мембранасының өткізгіштігі жоғарылауы D.бүйректің көлемі ұлғаюынан капсуласының керілуіне байланысты E.бүйрек шумақтары мембранасының өткізгіштігі төмендеуі 6.Зәрде Штернгеймер-Мальбин жасушаларының болуы қай ауруға сипатты? А.гломерулонефритке B. пиелонефритке C.бүйрек жетіспеушілігіне D.циститке E.уретритке 7. Зәр шығару жүйесінің патологиясындағы негізгі шағымдарға мынадан басқалары жатады: A. бел аймағының ауырсынуы B. зәр шығарудың бұзылуы C. зәр түсінің өзгеруі D. бас айналып, басы ауруы E.дене температурасының жоғарылауы 8. Қай патологияға оксалатурия сипатты? A. гломерулонефритке B. пиелонефритке C. бүйрек поликистозына D. несептас ауруына E. циститке 9. Санмен белгіленген терминдерді әріппен белгіленген анықтамалар-мен сәйкестендіріңіз: 1. изостенурия С 2. дизурия Д 3. поллакиурия А 4. странгурия Е 5. никтурия В A. қуық, несеп жолы ауруларына байланысты кіші дәреттің жиілеуі B. зәрдің түнде көбірек бөлінуі C. несеп тығыздығының әр порцияда шамамен бірқалыпты болуы D. несеп шығару кезінде сыздап ауруына байланысты қиналу E. ауырсынып зәр бөлу 10.Нефритикалық синдромда жүректің сол қарыншалық жетіспеушілігінің механизмі қандай? А. артериялық қан қысымы мен айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы B. қанда онкотикалық қысымның жоғарылауы C.бүйрек шумақтары мембранасының өткізгіштігі жоғарылауы D. артериялық қан қысымының төмендеуі E. бүйректің көлемі ұлғаюынан капсуласының керілуіне байланысты 11. Нефротикалық синдромның негізгі белгілері: А.протеинурия, лейкоцитурия, гипоальбуминемия, ісіну В.протеинурия, липидурия, гипоальбуминемия, гиперлипидемия, ісіну С.гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия D.протеинурия, билирубинурия, глюкозурия, ісіну E. глюкозурия, кетонурия, оксалатурия, бактериурия 12. Қай ауруға нефротикалық синдром сипатты? А. пилонефритке B. циститке C. гломерулонефритке D. уретритке E. бүйректе тас болу ауруына 13. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің анағурлым тән белгісі: A. артериялық гипертензия B. гиперкалиемия C. қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы D. олигурия E. протеинурия 14. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің даму себебіне қай ауру жатады? A. жедел пиелонефрит B. созылмалы гломерулонефрит C. жедел гломерулонефрит D. цистит E. паранефрит 15. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің бүркемелі (латентті) кезеңіне сәйкес келеді. A. никтурия, шумақтық фильтрация 50 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1017 дейін төмендейді, гипоизостенурия B. никтурия, изурия, несептің салыстырмалы тығыздығы 1009-1011 дейін төмендейді, шумақтық фильтрация 30 мл/мин дейін төмендейді C. құсу мен лоқсу, іш өту, кахексия, шумақтық фильтрация 15 мл/мин дейін төмендейді D. никтурия, шумақтық фильтрация 80 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1020 дейін төмендейді, гипоизостенурия E. никтурия, шумақтық фильтрация 50 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1017 дейін төмендейді, гиперстенурия II-вариант 1.Қандай жағдайда бүйректі пальпация әдісімен анықтауға болады: A. тек қана бүйрек төмендегенде, патологиялық козғалғанда, бүйрек үлкейгенде B. 90% жағдайда пальпациямен анықтауға болады C. бүйректің жедел ауруларында бүйректі пальпациямен анықтауға болады D. бүйректің созылмалы ауруларында пальпациямен анықтауға болады E. астениктерде ғана 100% бүйректі пальпациямен анықтайды 2. Бүйрек коликасындағы ауырсыну сипатталады: A.бел аймағында күшті тұрақты ауырсынумен B. бүйрек тұсынан басталып, несеп жолы бойымен төмен қуық маңына тарайтын жедел ұстамалы ауырсынумен C. қасағаның үстінен сыздап ауырсынумен D.бел аймағында тұрақты түрде сыздап ауырсынумен E. зәр бөлінгенде пайда болатын ауырсынумен 3. Странгурия дегеніміз не? A. кіші дәретке жиі отыру B. несеп бөлінуінің тоқтауы C. бірдей уақыт аралығында несеп бөлу D. несептің түнге қарай көп бөлінуі E. ауырсынып зәр бөлу 4. Қай әдіспен зәрдің шөгіндісінде формалық элементтерді тексереді? А. Зимницский әдісі B. Нечипоренко әдісі C. зәрдің жалпы анализі D. Реберг-Тареев сынамасы E. зәрдің бактериологиялық әдісі 5.Зәрде ауыспалы эпителий жасушаларының болуы қай жағдайға сипатты? А. сыртқы жыныс мүшелердің қабынуына B. пиелитке C. гломерулонефритке D. үрпінің қабынуына E. бүйрек жетіспеушілігіне 6.Зәр шығару жүйесінің патологиясында қанның биохимиялық анализінен әсіресе неніанықтайды? А.мочевина, креатинин, индикан, холестерин, жалпы белок және оның фракциялары B. мочевина, билирубин, глюкоза, креатинин, инсулин C. α амилаза, холестерин, мочевина D.липопротеидтер, холестерин, глюкоза E. жалпы белок және оның фракциялары, билирубин |