Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница38 из 45
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45


Е) Қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы
60.

Біріншілік өкпелік гипертензиямен ауыратын науқастарға хирургиялық емдеу әдісі мына жағдайда көрсетілген

A) III ФК

B) IV ФК

C) I және II ФК

D) Барлық науқастарға

E) +Дәрілерге рефрактерлікте
61.

16 жастағы жігіт мезгіл - мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты.

Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты?

А) Вентрикулография

B) Өңеш арқылы эхокардиография

C) +ЭКГ Холтерлік мониторлау

D) Жүректің өңеш арқылы электростимуляция

E) Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу
62.

Дилатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болуы БАРЫНША мүмкін:

A) ЭКГ

B) +ЭхоКГ

C) Сцинтиграфия

D) Коронароангиография

E) Позитронды-эмиссионды томография
63.

49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A)+ Инфекциялық эндокардит

B) Инфаркттан кейінгі синдром

C) Перикардит

D) Плеврит

E) Сепсис
64.

59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сб.бб.

Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?

A) Но-шпаны

B) Дофаминді

C) Папаверинді

D) Преднизолонды

E) +Нитропруссидті
65.

25 жастағы әйел суықтағаннан кейін аз мөлшерлі қиын бөлінетін кілегейлі- ірінді қақырықты жөтелге, делсалдыққа шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,5°С жоғарылайды. Сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бронхофонияның күшеюі анықталды. Аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциттер- 9х109/л., ЭТЖ- 25 мм/сағ.

Өкпе рентгенограммасында төменде көрсетілген өзгерістерінің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Сол жақ өкпе суретінің күшеюі

B) Өкпе түбірлерінің кеңеюі, структурасының жоғалуы

C) Сол өкпенің төменгі алаңының интенсивті қараюы

D) +Сол өкпенің төменгі алаңында орналасқан ошақты инфильтративті көлеңкелер

E) Оң жақ костодиафрагмальды синустың 7 қабырғасына дейін тегістелуі
66.

30 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін ауыр экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті ( соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған). Жағдайы ауыр, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.

Парентеральді тағайындалған сальметеролға қосу БАРЫНША тиімді?

А) Натрий кромогликатты

B) Гидрокортизонды

C) +Преднизолонды

D) Будесонидті

E) Эуфиллинді
67.

Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:

1) +кандидалар

2) эхинококтар

3) аспергиллалар

4) микоплазмалар

5) ішек таяқшалары
68.

Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:

1) хламидия

2) +клебсиелла

3) микоплазма

4) гриптің вирусы

5) ішек таяқшалары
69.

Ағымы жедел ауру, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы - төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика қандай дертке БАРЫНША тән :

1) саркоидозға

2) пневмокониозға

3) +ошақты пневмонияға

4 ) милиарлы туберкулезге

5) инфильтративті туберкулезге
70

38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) өкпе рагінің

2) жедел бронхиттің

3) +ошақты пневмонияның

4 ) крупозды пневмонияның

5) өкпенің ошақты туберкулезінің
71.

Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін:

1) микоплазмамен

2) клебсиелламен

3) аденовируспен

4) пневмококкпен

5) +стафилококкпен
72.

72 жастағы ер адам, ауырпневмонияға шалдығып, жоғары дене температурасы төмендеп, тез әлсіздік, бас айналу,құлақта шу, жүрек айнуы және құсу пайда болды. Объективті: бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, минутына ЖСЖ-120 рет минутына, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының кереңдігі, АҚҚ - 80/50 мм.с.б.б.

Жағдайының күрт нашарлауының себебі БАРЫНША болуы мүмкін:

1) сепсис

2) кардиогенді шок

3) + инфекциялы- токсикалық шок

4) өкпе артериясы тромбоэмболиясы

5) жедел респираторлық дистресс- синдромы
73.

Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда, дерттің 7-ші күні оң жақ жауырын астынан тыныс естілмейді.

Науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін:

1) құрғақ плеврит

2) плевра эмпиемасы

3) бауырасты абсцессі

4)+ экссудативті плеврит

5) спонтанды пневмоторакс
74.

65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды.

Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:

1) компьютерлік томография

2) трансбронхиальды пункция

3) онкомаркерлерге тексеру

4) магнитті резонансты томогрфия

5)+ экссудатты цитологиялық зерттеу
75.

Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі БАРЫНША мүмкін:

1) бронх шырыштарының ісінуі

2) трахеобронхиальды дискинезия

3) +мукоцилиарлы жеткіліксіздігі

4) бронхтардың гиперпластикалық өзгерістері

5) майда бронхтардың экспираторлы коллапсы
76.

Құрғақ жөтелде ұзақ уақыт бойы қан түкіру қандай ауруға БАРЫНША тән?

1) пневмокониозға

2) өкпе туберкулезіне

3)+ бронхогенді қатерлі ісікке

4 ) созылмалы бронхитке

5) бронхоэктазды ауруға
77.

Профилактикалық тексеру жүргізгенде ер адам, 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:

1) жедел бронхиттің

2) бронхоэктазды аурудың

3) созылмалы іріңді бронхиттің

4)+ созылмалы катаральды бронхиттің

5) созылмалы обструктивті бронхиттің
78.

48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) пневмония

2) өкпе туберкулезі

3) бронхоэктазды ауру

4)+ созылмалы іріңді бронхит

5) созылмалы катаральды бронхит
79.

35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар.

Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді?

1) теофиллин per os

2) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т

3) вентолин небулайзер арқылы

4) +преднизолон 30-60 мг к/т

5) беротекпен ингаляцияны жалғастыру
80.

48 жастағы ер адам, күніне 5-6 рет тұншығу ұстамасына шағымданады; көбікті шырышты қақырығы бар жөтел; әр түнде тұншығу ұстамасынан оянады.Қараған кезде ТАЖ– 26 рет минутына.Дем шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

1) бронх демікпесі, орта дәрежелі, өршу, ДН II

2) + бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршу, ДН II

3) созылмалы обструктивті бронхит, өршу, ДН II

4) созылмалы обструктивті бронхит, өршу, ДН III

5) бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршу, ДН III
81.

67 жастағы инфарктан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистоласы бар ер адамда орташа ауырлықты бронх демікпесінің өршуі байқалады.

Қандай базисті терапияны тағайындаған БАРЫНША тиімді?

1) теотардты

2) атровентті

3) кетотифенді

4) +фликсатидті

5) сальметеролды
82.

Бронхты астма емінің бірінші кезеңінде тағайындаған, БАРЫНША тиімді:

1) преднизолонды

2) +сальбутамолды

3) монтелукасты

4) теофиллинді

5) будесонидті
83.

ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін:

1) экспираторлық диспноэ

2) қақырықт бөлінетін жөтел

3) қорапты сипатты өкпелік дыбыс

4)+ жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция

5) құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі
84.

ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін:

1) оксигенотерапия

2) антибактериальды ем

3) тыныс жеткіліксіздігін реттеу

4) муколитикалық, мукорегуляторлық ем

5) +бронхолитиктерді жүйелі қолдану
85.

35 жастағы ер адамның оң жағындағы қабырғааралығында амфоралық тыныс естіледі. Қандай дерт болуы БАРЫНША мүмкін:

1) пневмоторакс

2) +өкпе абсцессі

3) өкпе гангренасы

4) өкпе эмфиземасы

5) бронхоэктаздық ауру
86.

38 жастағы әйел, ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. 3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35 мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) +саркоидоздың

2) өкпе амилоидозаның

3) ауруханадан тыс пневмонияның

4) фиброздаушы альвеолиттің

5) оң өкпенің ошақты туберкулезінің
87.

43 жастағы әйел адам, 4 ай бұрын субфебрильді қызба, аз өнімді жөтел, ақырындап ұлғаятын ентігу, әлсіздік пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде тыныс әлсіреген, базальды бөлікте – крепитация. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі байқалады. Қанда: лейкоциттер –10,5 мың, ЭТЖ - 23мм/сағ. Пенициллинмен жүргізілген антибиотикотерапия науқастың жағдайын нашарлатты, ентігу артты. СТФ (ФВД) зерттеу: тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивті титрінің белгілері.

Бұл дертте қандай этиологиялық фактордың маңызды болуы БАРЫНША мүмкін?

1) вирустық

2) +саңырауқұлақтық

3) токсикалық

4 ) паразитарлық

5) бактериальдік
88.

Компьютерлі томографияда ұялы өкпе және екіжақты «бұлыңғыр әйнек» сияқты өзгерістердің сипаттамасы тән:

1) + фиброздаушы альвеолит

2) екі жақты пневмония

3) милиарлы туберкулез

4) өкпе амилоидозы

5) өкпе саркоидозы
89.

52 жастағы әйел,3 - 4 ай бойы құрғақ жөтелге, физикалық жүктемеде ентігуге, түнгі терлеуге, әлсіздікке, қызбаға 38,5 ° C дейін шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесі, терісі ылғалды, полилимфаденит. Бронхопульмональды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы рентгенологияда анықталды. Бауыр қабырғасының шетінен 2 см шығып тұр.ЭТЖ - 43 мм / сағ. AЛT, AСT жоғары. Трансбронхиальді өкпе биопсиясы бойынша эпителиоидты-жасушалы гранулемалар некрозсыз табылған.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША орынды болып табылады?

1) муколитикитер

2) +преднизолон

3) антибиотиктер

4) антипиретиктер

5) туберкулостатиктер
90.

65 жастағы 3 жыл бұрын жедел миокард инфарктісіне алған ер адамда бірте бірте ентігу артады. Кеуде қуысының ауыру сезімінсіз плевральды жалқық, қызба және қан анализіндегі өзгерістер анықталды.

Жалқықтың пайда болуының ең ықтимал себебі:

1) тоқыраулық жүрек жеткіліксіздігі +

2) жүйелі қызыл жегі

3) постинфаркттық синдром

4) өкпе туберкулезі

5) өкпелік инфаркт
91.

Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтауға БАРЫНША мәліметті әдіс:

1) науқастың шағымдары мен анамнезі

2) рентгенологиялық зерттеу

3) спирографиялық зерттеу

4) науқасты физикалық тексеру

5) +артериалық қанның газдық құрамын зерттеу
92.

Кенеттен кеудеде ауыру сезімі, арта түскен ентігу, цианоз, қораптық перкуторлы дыбыс, тыныс алудың күрт әлсіреуі ең сипатты:

1) плеврит

2) пневмония

3) + пневмоторакс

4) миокард инфарктісі

5) қабырға аралық невралгия
93.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясына күдіктенгенде БАРЫНША тағайындаған орынды:

A) пролонгирленген әсерлі нитраттар

B) +тромболитикалық дәрілер

C) кальций антагонистері

D) антибиотиктер

E) варфарин
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45


написать администратору сайта