1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Скачать 1.18 Mb.
|
94. 74 жастағы әйел, жедел басталған тыныстың қиындауына шағымданады. Жүрек ауруы және эмфиземамен ауырады. Түнде айқын ентігу, қызғылт түсті қақырық бөлінетін жөтелден оянды. Қарап тексергенде: ТЖ - 36 рет мин., АҚҚ 200/110 мм.с.б.б., пульс 110 рет минутына. Дене қызуы 38ºС. Өкпенің төменгі бөліктерінің екі жағынан да ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аускультациясында бөдене ырғағы, тахикардия анықталады. Науқаста рентген көрінісінің қандай болуы БАРЫНША мүмкін: 1) екі жақты плевральді сұйықтық 2) «қарлы боран» типті көптеген майда ошақтар 3) төменгі аймақтарда екі жақты интенсивті инфильтрация 4) сол жүрекше көлеңкесінің ұлғаюы және плевральді синустардағы сұйықтық 5) +жүрек көлеңкесінің ұлғаюы және альвеолярлы суреттің екі жақты күшеюі 95. Созылмалы өкпелік жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы БАРЫНША мүмкін: 1) сол қарыншаның дилятациясы 2) оң қарыншаның дилятациясы 3) сол қарыншаның гипертрофиясы 4) оң қарыншаның гипертрофиясы 5) +оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы 96. ӨСОА-мен ауыратын науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) тыныс жолдарының обструкциясы 2) бронхиальді ағаштың деформациясы 3) жүректің минуттық көлемінің азаюы 4) +өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы 5) бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі 97. Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды. Дамыған жағдайдың себебі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) спонтанды пневмоторакс 2) бронх демікпесінің ұстамасы 3) тыныс жолдарындағы бөгде зат 4) өкпе артериясының ауалы эмболиясы 5) +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы 98. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын ер адамда, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да мына белгінің анықталуы БАРЫНША мүмкін: 1) қарыншаішілік бөгемелер 2) солжақ қарынша гипертрофиясы 3) солжақ жүрекше гипертрофиясы 4)+оңжақ қарынша гипертрофиясы 5) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі 99. Тромбофилиямен ауыратын әйелде, тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үнінің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте қосқан жөн: 1) антибиотиктерді 2) бета-блокаторларды 3) +антикоагулянттарды 4) кортикостероидтарды 5) АПФ ингибиторларын 100. Кәсіптік канцерогендерге жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) +асбест 2) бензин 3) қорғасын 4) кремний 5) марганец 101. 50 жастағы шахтер көмір кенішінде 12 жыл жұмыс істеген, антракосиликозды анықтауға байланысты жұмыстан шеттетілді. 5 жылдан кейін науқастың жөтелі мен әлсіздігі артты; Тершеңдік пайда болды, әсіресе түнде; салмақ жоғалту, субфебилитет. Аускультация: қатты тыныс алу, екі жағында құрғақ және ылғалды сыралдар естіледі. ЭТЖ - 27 мм / сағ. Антракосиликозға қандай өкпе патологиясы қосылды? А пневмония C) + өкпе туберкулезі C) созылмалы бронхит D) орталық өкпе рагы E) бронхоэктазия 102. 45 жастағы антакосиликознан зардап шегетін шахтер, жөтелге, ентігудің артуына, физикалық жүктемеге төзімділік төмендеуіне, әлсіздік, терлеу, қызба, салмақ жоғалтуға (2 айда 4 кг) шағымданады. Екі жағынан да өкпенің төменгі бөліктерінде қатты дем алудың фонында құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. ЭТЖ - 23 мм / сағ. Науқастың нашарлауының себептерін анықтау үшін ең ақпараттылықты тексеру қандай? 1) бронхоскопия 2) + туберкулинді сынау 3) компьютерлік томография 4) компьютерлік спирография 5) микрофлораның сезімталдылығындағы қақырық себіндісі 103. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) диуретиктерді 2) +муколитиктерді 3) бета- блокаторларды 4) антибиотиктерді 5) ұзартылған әсерлі нитраттарды 104. Тыныс жеткіліксізді бар және пневмокониозбен ауыратын науқастың кіші қан айналымындағы қысымын төмендету үшін тағайындалатын БАРЫНША тиімді дәрі: 1) +изокет 2) лазолван 3) дигоксин 4) варфарин 5) верошпирон 105. Муковисцедоз сенімді диагностикалық белгілері болып табылады: A) қайталанатын өкпе ауруы B) шырышты қақырықың үлкен мөлшері C) қайталанатын стафилококты инфекция. D) тырнақ фалангтарындағы түйрегіш тәрізді өзгерістер E) + терідегі натрий және хлордың иондарының көп мөлшері 106. Қайталанатын пневмония, қинайтын тұтқыр қақырықпен ұстама тәрізді жөтел, бронхобструктивті синдром, жиі іш қату, физикалық дамудың артта қалуымен жасөспірімде қандай патологияға күдіктенеміз? 1) + муковисцидоз 2) АҚТҚ-жұқпасы 3) туа біткен эмфизема 4) антитритриннің жетіспеушілігі 5) бастапқы иммунитет тапшылығы 107. Қандай туа пайда болған өкпе дертінде үдемелі өкпе эмфиземасының дамуы БАРЫНША мүмкін? 1) саркоидозда 2) муковисцидозда 3) гамартохондромада 4) бронх демікпесінде 5)+ a1-антитрипсин жеткіліксіздігінде 108. 28 жастағы әйел бөлінуі қиын қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: температура 380С. ТАЖ- 24 рет минутта. Соққылау дыбысын жауырын бұрышынан оң жақтан қысқыруы; мұнда ылғалды ортакөпіршікті сырылдар естіледі. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? 1) жедел бронхит 2) бронх демікпесі 3) эксудиативті плеврит 4) + ауруханадан тыс пневмония 5) бронхоэктазия ауруы 109. 22 жастағы жас жігіт, ұстама тәрізді құрғақ жөтел, аптасына екі рет түнде демікпе шабуылдарына шағымданады. Ұстамаларды басу үшін беротек, преднизолон 10 мг /тәу. қабылдайды. Қарау кезінде ТАЖ– 26 рет мин. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы - 62%. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? 1) бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі, өршу ДН I 2) + бронх демікпесі, орташа дәрежелі, өршу, ДН II 3) бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршу ДН III 4) бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу, ДН І 5) өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, орташа ауырлық, өршу, ДН II 110. 48 жастағы әйел, құрғақ жөтелге, ентігуге, буындардағы және бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, тершеңдік, әлсіздік, дене температурасының 37,8° С көтерілуі. 3 ай бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті: кеуде қуысының алдыңғы бетінде түйінді эритема, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегамия. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғырылаған, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы. Квейм тесті оң мәнді. Рентгенограммада көптеген әр түрлі формадағы және мөлшердегі ошақтар, бір-бірімен қосылып дұрыс емес формадағы түзілген ірі конгломераттар анықталады. Компьютерлік томографияда: кеуделік лимфа түйіндердің ұлғаюы. Диагнозды дәлелдеу үшін келтірілген әдістердің қайсысы БАРЫНША тиімді? 1) +өкпенің трансбронхиальді биопсиясы 2) магнитті-резонансты томография 3) бронхография 4) спирография 5) ангиография 111. 16 жасар мектеп оқушысы емханаға қызбаға, тыныс алу кезінде кеуде қуысы күйдіруіне, сары-жасыл түсті қиын бөлінетін күшті ұстаматәрізді жөтелге, бұлшықет ауруы, бас ауруы, әлсіздікке шағымданады. Суықтану фонында жедел ауырады. Өкпелерде қатты тыныс естіледі, жауырын бұрышының төменгі жағында дауысты ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? A) жедел бронхит B) жедел ларингит C) + ауруханадан тыс пневмония D бронхоэктаз ауруы E) жедел респираторлы вирустық инфекция 112. 17 жастағы қыз балада 4 ай бойы кенеттен пайда болатын жөтел ұстамасы, ентігу және ысқырықты сырылдар мазалайды. Тыныстық дискомфорт ұйқысын айына 1-2 рет бөледі. Қыз баланың анасы аллергиялық ринитпен ауырады. ОФВ1 – 82%. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) өкпе ісінуі 2) жүрек демікпесі 3) +бронхиальды демікпе 4) ауруханадан тыс пневмония 5) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 113. Өкпенің барлық беткейінен құрғақ ысқырықты сырылдар үсету анықталған кезде, төмендегі атал ғанжағдайлардың қайсысы, БАРЫНША мүмкін? а) өкпе тінінің тығыздығы 2) өкпенің ауалығының артуы 3) өкпе тінінде қуысының болуы 4) плевралық қуыста сұйықтық болуы 5) +бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы 114. 19 жастағы студент температурасы 38,6 ° C дейін көтерілуіне; иісі бар үлкен мөлшерде іріңді қақырықты жөтел; ентігу, қан түкіру, мазасыздыққа шағымданады. Бала кезінде жиі жөтел мен кқп қақырықпен өтетін суық тиіп ауырумен зардап шеккен. Соңғы 5 жылда жыл сайынғы өршулерді байқайды. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? а) жедел бронхит 2) бронх демікпесі 3) ауруханадан тыс пневмония 4) + бронхоэктаз ауруы 5) созылмалы обструктивті өкпе ауруы 115. 17 жасар студент С. дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуіне, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, суықта қол және аяқ ұштарының қатты ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Физикалық тексергенде қатқыл тыныс естіледі, сырыл жоқ.ИФА кезінде «атипиялық» қоздырғыш анықталды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) метрид 100, 0 т/і 3 күнде 1 рет 2) гентамицин 80 мг/тәлігіне т/і 10 күн 3) амоксиклав 625 мг 2 рет 10 күн 4) цефтриаксон 2,0 т/і 2 рет 14 күн 5) +азитромицин 0,5 г 3 күн 116. Бронхиальды демікпені емдеуге БАРЫНША мүмкін базисті препарат: 1) эуфиллин 2) фенотерол 3) сальбутамол 4)+ беклометазон 5) ипратропиум бромид 117. 75 жастағы ер кісі, көп шылым шегеді, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен құрғақ жөтелге, айқын ентігуге шағымданады. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? 1) өкпе абсцессі 2) жедел бронхит 3) бронх демікпесі 4) бронхоэктазия ауруы 5)+ өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 118. Көп жылдардан бері бронхиальды демікпемен ауыратын 58 жастағы ер адамды соңғы кезде жүректің шалыс соғуы, ентігуі мазалайды. Қарағанда, созылмалы жүрек шамасыздығының IIБ, 3 ФК белгілері анықталды. ЭКГ-де -жыбыр аритмиясы. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді? 1) атенолол 25 мг күніне 2) фуросемид 40 мг күніне 3) верошпирон 25 мг күніне 4) +дигоксин 0, 025 мг күніне 5) изоптин 20 мг 3 рет күніне 119. Ауруханадан тыс пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышына жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) легионелла 2)+ пневмококк 3) стафилококк 4) гемофильді таяқша 5) көк іріңді таяқша 120. Аталған аурулардың қайсысына «бұлыңғыр шыны» және «ұялы өкпе» рентгендік симптомдары тән? 1) өкпе рагы 2) өкпелік ателектаз 3) екі жақты пневмония 4) спонтанды пневмоторакс 5) + идиопатиялық фиброздық альвеолит 121. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитті анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) фибробронхоскопияны 2) өкпенің рентгенографиясын 3) кеуде қуысының томографиясын 4) +өкпенің ашық биопсиясын 5) галлиймен 67 өкпе сцинтиграфиясын 122. 39 жастағы әйел, ентігуге және өнімсіз жөтелмен; жалпы әлсіздік, артралгия, миалгия, салмақ жоғалтуға шағымданып келді. Аускультацияда «целлофан шытыры» типі бойынша нәзік крепитация тыңдалады. Компьютерлі томографияда ретті емес сызықты көлеңкелер, өкпелік аймақтардың түссіздігінің азаюы «бұлыңғыр әйнек» типі бойынша және диаметрі 2-ден 20 мм-ге дейін кистозды ағару анықталады. Төмендегі дәрі-дәрмектердің қайсысын емдеу жоспарына қосуБАРЫНША орынды болып табылады? 1) спирива 18 мкг тәулігіне 2) ксефокам 24 мг тәулігіне 3) +преднизолон 40 мг тәулігіне 4) карбоцистеин 250 мг тәулігіне 5) ципрофлоксацин 400 мг тәулігіне 123. Жайылмалы саркоидозда тағайындалатын БАРЫНША тиімді терапия: 1) дренаждық 2) муколитикалық 3) антибактериальдық 4)+ глюкокортикоидтық 5) бронхдилатирлеуші 124. Саркоидты гранулемаларда жасушалар табылуы БАРЫНША мүмкін: 1) бокалтәрізді 2) кірпікшелі 3) ксантомды 4) +гигантты 5) шаңдық 125. 37 - жастағы әйел салмақ жоғалтуы, тез шаршағыштық, субфебрильді қызба, ентігу, буындардағы ауырсынуға шағымданады. Зерттеу жүргізгенде увеит және денесінде түйінді эритема тәрізді түйіндер анықталды. Рентгенологиялық зерттеуде билатеральды қақпалық аденопатия анықталды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1)+ саркоидоз 2) кокцидиомикоз 3) Капоши саркомасы 4) Ходжкин ауруы 5) біріншілік туберкулез 126. 30 жастағы әйелде түйінді эритема дамып, өз бетінше жазылған. Кеуденің шолу рентгенограммасында сол өкпенің төменгі бөлігінде белгісіз инфильтрация анықталды. Қақырықтың бактериологиялық зерттеуінде, асқорыту жүйесінде, бронхоальвеолярлық лаваждық себіндіні зерттегенде, ді терілік сынамада туберкулез дәлелденбеді. Компьютерлік томографияда сол өкпенің төменгі бөлігінде фиброздың белгісі жоқ паренхималық түйіндер және кеуде қуысының лимфа түйіндері үлкейгені анықталды. Төмендегі көрсетілге тәсілдердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) метотрексат 10 мг аптасына 2) бақылау, симптоматикалық терапия 3) төсектік режим, күнге қыздырынбау |