1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Скачать 1.18 Mb.
|
4) делагил 0,25 х 2 рет күніне 1-ай бойы 5) +преднизолон 30 мг тәулігіне 2 ай бойы 127. Плевраның үйкеліс шуына төмендегі сипаттамалардың қайсысы БАРЫНША тән? 1) жөтелден кейін әлсірейді 2) жөтелден кейін өзгермейді 3) жиі тыныс шығарғанда естіледі 4) тыныс шығаруыдың биік шыңында естіледі 5) +тыныс алуда және тыныс шығаруда естіледі 128. Салыстырмалы тығыздығы > 1,018; рН < 7,3; белок > 30г/л; оң мәнді Ривальт сынамасы; глюкоза < 3,3 ммоль/л плевра сұйықтығының анализі төмендегілердің қайсысына БАРЫНША тән: 1) +экссудатқа 2) пиотораксқа 3) транссудатқа 4) гемотораксқа 5) хилотораксқа 129. Төменде көрсетілген іріңді аурулардың қайсысы өкпенің жедел деструкциясының көп тараған формасы БАРЫНША тән? 1) бронхит 2) +абсцесс 3) плеврит 4) пневмония 5) бронхоэктатикалық ауру 130. 35 жастағы ер адам, көп мөлшердегі иісі сасық кейде «аузы толатын» қақырықты жөтелге, тез ашуланшақтық, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Бала кезінен бастап бронхиттің өршуімен жиі ауырады. Қараған кезде: саусақтары «барабан таяқшасы», тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді. Рентгенограммада сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күшейген өкпе суреті фонында ұя сияқты өзгеріс анықталады. Кеуде қуысы ағзалары солға ығысқан. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) пневмония 2) өкпе абсцессі 3) өкпе туберкулезі 4) +бронхоэктаз ауруы 5) өкпенің созылмалы обструктивті аурулары 131. Пневмонияға байланысты антибактериалды препараттарды қабылдап жүрген, ұзақ уақыттан бері қант диабетімен және ЖИА-мен ауыратын 50 жастағы ер адам кеудесінде пайда болған күшті ауырсыну сезімі мен ентігуге шағымданады. Қараған кезде жағдайы ауыр, диффузды цианоз, ЖСЖ - 120 мин., АҚҚ – 80/40 мм с.б. Кеуде торшасының оң жағында тыныс естілмейді, жоғары бөлігінде тимпанит, төменгі бөлігінде тұйық дыбыс анықталады. ЭКГ-де реполяризация үрдісінің бұзылыстары анықталады. Осы жағдайда төмендегі диагностикалық зерттеу әдістердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) спирографияны 2) бронхоскопияны 3) велоэргометрияны 4) эхокардиографияны 5) +кеуде ағзаларының рентгеноскопиясын 132. Ауруханадан тыс пневмонияға байланысты ем қабылдап жатқан 24 жастағы ер адам, аздаған физикалық жүктемеге ентігу, жүрек соғу, әлсіздікке шағымданады. Объективті: оң өкпенің төменгі бөлігінде бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің салыстырмалы шекаралары солға 1см-ге ығысқан. Жүрек ұшы түрткісі әлсіреген. Жүрек үндері анық емес, ЖСЖ - 100 мин. Төмен вольтажды ЭКГ, атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі. ЭХОКГ: ШФ - 49%, КДР СҚ - 6,0. Көрсетілген препараттаррдың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? 1) гепаринді 2) кардикетті 3) кордаронды 4)+ нимесулидті 5) преднизолонды 133. 27 - жастағы ер адамды, бала кезінен бастап жиі өршитін тұрақты қақырықты жөтел мазалайды. Бронхографияда бронхтардың сегменті мен субсегментінде жергілікті тәспі тәрізді кеңею анықталды. Ангиопульмографияда: жіңішке артериялар кистозды - ауалы қуыстарды айналып өтетіні анықталды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) пневмосклероз 2) локальды эндобронхит 3) диффузды эндобронхит 4) өкпенің қарапайым гипоплазиясы 5) +өкпенің кистозды гипоплазиясы 134. Сегментарлық бронхтардың және оның тармақтары сіңірлерінің гипоплазиясынан дамыған Вильямс–Кемпбелл синдромында тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі бронхтардың өзгерістерін қандай әдіс БАРЫНША сенімді анықтайды? 1) спирография 2) бронхоскопия 3) пикфлоуметрия 4) +кинобронхография 5) перфузиялық сцинтиграфия 135. 24 - жастағы әйел, бала кезінен кілегейлі қақырықты, еңкейгенде күшейетін тұрақты жөтел мазалайды. Объективті тыныс алғанда кеуденің сол жағы қалыңқы, перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхографияда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан «жүзімнің шашағы» тәрізді кистозды бронхоэктаздар анықталған. Төмендегі емдеу жоспарының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1)+ лобэктомия 2) пульмонэктомия 3) эндобронхиальды санация 4) антибактериальды терапия 5) санаторлық- курорттық ем 136. 32 - жастағы әйелде, ұзақ антибиотиктер қабылдағаннан кейін қалтырау, дене қызуының 39°С-қа көтерілуі байқалды. Терапияға доксициклин қосқаннан кейін жөтел және сұр түсті түйін тәрізді бөлшектер бөлініп, дауысы қарлығып, ентігу пайда болды. Қараған кезде тілдің екі жағында ақ жабындымен жабылған жаралар көрінеді. Рентгенологялық зерттеуде екі жақта да көптеген инфильтрация ошақтары, өкпе түбірі тығыздалған. Қақырық анализінде ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар. Төмедегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) сепсис 2) +өкпе кандидозы 3) өкпе саркоидозы 4) милиарлы туберкулез 5) ауруханадан тыс екі жақты пневмония 137. Туа пайда болған бөліктік өкпе эмфиземасы бар 20 - жастағы ер адамда физикалық жүктемеде кеуде клеткасында қатты ауыру сезімі және ентікпе пайда болды. Объективті: ерін және мұрын-ерін үшбұрышында цианоз, суық тер, ЖСЖ минутына- 35 рет. Оң жақ өкпеде тыныс естілмейді. Науқаста дамыған жедел тыныс жетіспеушілігіне қандай дерттің қосылуы себеп болуы БАРЫНША мүмкін? 1) пневмонияның 2) +пневмоторакстың 3) абсцестің жарылуы 4) өкпе артериясының тромбоэмболиясы 5) қолқаның аневризмасы 138. Миокард инфарктісі бар әйелде, айқын ентігу, қызғылт көбікті жөтел байқалады. ТАЖ– 35 рет мин. АҚҚ - 80/40 мм.с.б.б. ЖСЖ - минутына 115. Өкпенің барлық бөлімдерінен әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар тыңдалады. Дамып жатқан жағдайды патогенетикалық емдеу үшін БАРЫНША тағайындаған орынды: 1) плавикс 2) +допамин 3) верапамил 4) сальбутамол 5) натрия нитропруссид 139. Жол жарақатынан кейінгі екінші күні ер адам ентігуге, құрғақ жөтел, кеудедегі ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Объективті: ер адам қозған. Отырған қалып ұстауға тырысады. Диффузиялық цианоз. ТАЖ– 35 рет мин. Төменгі бөлімдерде екі жақтан да перкуторлы дыбыс әлсіреген, криптация естіледі. ЖСЖ - минутына 110. АҚҚ - 80/50 мм.с.б.б. Төмендегі жағдайлардың қайсысы тыныс алу жетіспеушілігіне әкелді? 1) бронх демікпесі 2) бронхиттің өршуі 3) екі жақты пневмония 4) өкпе артериясының бұтақтарының тромбоэмболиясы 5) + жедел респираторлық дистресс- синдромы 140. Қандай этиологиялы пневмония плевритпен асқынуы БАРЫНША мүмкін? 1) вирусты 2) хламидялық 3) микоплазмалық 4) легионеллезді 5) +пневмококкты 141. Анамнезінде бронхөкпе инфекциясымен жиі ауыратын 68 жастағы ер адамның рентгенограммасында өкпе түбірінің тамырлары кеңейген, шеткі тамыр суреті кедейленген; өкпе түбірінің «шабылуы»; өкпе артериясының конусы мен бағанасының ісінуі; жүректің оң жақ бөлігінің ұлғайюының анықталуы төмендегі аурулардың қайсысына БАРЫНША тән? 1) созылмалы бронхитке 2) түбірлік пневмонияға 3) бронхоэктаз ауруына 4) өкпедегі іркілісті өзгерістерге 5) +созылмалы өкпе текті жүрекке 142. Ентігу мазалайтын ер адамда оттегі ингаляциясынан және бронхолитиктерден кейін ентігу азаяды, жылы диффузды цианоз, эпигастриялық пульсация; сол жақтағы екінші қабырғаарлықта екінші үннің акценті; Грехем – Стилл симптомы бар; оң жақ қарыншан қабырғасының қалыңдауы мен қуысының кеңеюі; ортопноэның болмауы, қандай диагнозға сәйкес келуі БАРЫНША мүмкін: 1) өкпе эмфиземасына 2) бронх демікпесіне 3) созылмалы бронхитке 4) +созылмалы өкпетекті жүрекке 5) дилатациялық кардиомиопатияға 143. Созылмалы өкпетекті жүрекпен ауыратын ер адамда кіші қан айналым дилатациясы, оң жақ қарыншаға жүктеме алды және жүктемеден кейінгі күштемені (өкпе артериясының гипоксиялық вазоконстрикциясын төмендету нәтижесінде) азайту; сол жақ жүрекшенің қысымын төмендету және капиллярдан кейінгі өкпе гипертензиясын (сол жақ қарыншаның соңғы-дистолалық қысымын төмендету нәтижесінде) азайту мақсатында тағайындау БАРЫНША көрсетілген: 1) АПФ тежегіштерін 2) кальций антогонистерін 3) жүрек гликозидтерін 4) глюкокортикостероидтарды 5)+ұзақ әсерлі нитраттарды 144. Төмендегі зерттеулердің қайсысы өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауырлық дәрежесін анықтауға БАРЫНША сенімді? 1) +спирография 2) бронхография 3) бронхоскопия 4) өкпе антиографиясы 5) кеуде қуысындағы мүшелердің рентгенографиясы 145. Тұншығу ұстамасын басу үшін төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША сенімді? 1) тайлед 2) атровент 3) будесонид 4) салметерол 5) +сальбутамол 146. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын ер адамды төмендегі асқынулардың қайсысы өлімге алып келуі БАРЫНША мүмкін? 1) пневмония 2) экссудативті плеврит 3) спонтанды пневмоторакс 4) +жедел тыныс жетіспеушілігі 5) өкпе артерияларының ұсақ тамырларының тромбоэмболиясы 147. 23 - жастағы ер адам, дене қызуының 39 С дейін көтерілуіне, аздап бөлінетін қақырықпен жөтелге, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 36 мм/сағ. Көрсетілгекн зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) спирография 2) бронхоскопия 3) +кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы 4) кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы 5) плевра қуысын ультрадыбыстық зерттеу 148. Инвазивті зерттеу әдістерін тағайындау БАРЫНША тиімді: 1) ЖИА-ның диагностикасына 2) жүрек ақауларының диагностикасына 3) +миокардтың реваскулиризациясына 4) СЖЖ емдеу әдісін таңдауға 5) гипертрофиялық кардиомиопатияның емдеу тәсілін таңдауға 149. 43 жастағы ер адам, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады, сол қолға және жауырын астына таралады. Объективті: Жүрек үндері тұйық, айқын емес тахикардия. АҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V2-V4 шықпаларда SТ сегментінің элевациясы. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША орынды? 1) ӨАЭС (ЧПЭС) 2) +коронарография 3) вентрикулография 4) сцинтиграфия 5) позитронды-эмиссионды томография 150. Коронарлы ангиографияны тағайындау келесі жағдайларда орынды: 1) СЖЖ декомпенсациясы 2) + ЖИА үдеуі 3) жүрек ырғақ бұзылыстары 4) тұрақты стенокардия ФК I - II 5)тұрақты стенокардия ФК III-IV 151. Холтерлі мониторинг жүргізуге барлық көрсетілгендер жатады, біреуінен БАСҚАСЫ: 1) +тұрақты стенокардияның диагностикасы 2) антиаритмиялық дәрілік заттардың тиімділігін бақылау 3) тәуліктік жүрек ырғағы бұзылысының жиілігі мен жалпы ұзақтығын анықтау 4) кардиостимулятордың жұмысын бақылау және оның жарамдылығын анықтау 5) кенеттен жүректік өлім қаупі жоғары науқастарда жүрек ырғағын бағалау 152. Эндокардиальді және эпикардиальді картирлеу келесі көрсеткіштерді анықтау мақсатында жүргізіледі: 1) жүректің қақпақшалық қондырғысының жағдайын 2) жүрек-қан тамырының құрылымдық қызметін 3) жүрек тамыр жүйесінің морфологиясын 4) электроимпульсті терапияны жүргізу көрсеткішін 5) +хирургиялық деструкцияны қажет ететін аймақтың орнын 153. Созылмалы АВ-блокаданың дистальді түрінде қолдану БАРЫНША тиімді: 1) +тұрақты ЭКС 2) электроимпульсті терапия 3) алғашында уақытша, кейіннен тұрақты ЭКС 4) жүрекшелерді өңеш арқылы электростимуляциялау 5) гемодинамикалық бұзылыстар үдегендегі уақытша ЭКС 154. 34 жастағы ер пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен ауырады. Дәрі-дәрмекпен емдеу қысқа мерзімді әсер береді. Қозу толқындарының айналмалы қозғалысына жауап беретін, аритмиялық аймақты бұзу немесе жою, барлық жоғарыда аталған әдістермен мүмкін, мынадан басқа: 1) криодеструкция 2) лазерлі коагуляция 3) электротермо әсер ету 4) +электрокардиостимуляция 5) субэндокардиальды резекция 155. В-адреноблокаторларға көрсетілген әсердің барлығы тән, мынадан БАСҚАСЫ: 1) аритмиялық 2) гипотензивті 3) антиангинальді 4) бронхоспазмдық 5) +фибринолитикалық 156. Атрибальды фибрилляцияны емдеу барлық аталған әрекеттерден тұрады, сонымен қатар: 1) жүрек соғу жылдамдығын бақылау (тұрақты түрдегі) 2) синус ырғағын қалпына келтіруге тырысады 3) тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу 4) ауру синусын синдромының дамуын болдырмау 5) қайталанатын ұстамалардың алдын алу (пароксизмді тоқтату жағдайында) 157. СССУ кезінде ЭКС-ті имплантациялау барлық аталған жағдайларда көрсетіледі, мынадан басқа: 1) Моргньи-Адамс-Стокс ұстамалары 2) +қарыншалық тахикардияның пароксизмдері 3) ұзын (2-3 секундтан астам) спонтанды синусты үзілістер 4) атропин мен симпатомиметикамен емдеудің тиімсіздігінде 5) брадикардиядан тахикардияға тез өтуге байланысты тромбоэмболия 158. Аритмиялық зоналардың катетерлі радиожиіліктерді жоюы (абляциясы) тахиаритмиялардың барлық түрлері үшін ашық жүрек операцияларын алмастыра алады, мынадан басқа: 1) жүрекше тыпыры 2) + қарыншалық фибрилляция 3) жүрекшелік пароксизмальды тахикардия 4) АВ-түйіндік реципрокты пароксизмальды тахикардия 5) WPW синдромында қарыншаүстілік реципрокты тахикардия 159. Реанимация бөлімшесіне 55 - жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖЖЖ - 35 рет мин. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭКГ- тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет мин., қарыншаның жиырылу жиілігі 30-35 рет мин., QRS комплекстері-0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты диагнозы қойылған. Науқаста қандай асқыну дамуы, БАРЫНША мүмкін? |