Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница43 из 45
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45


Қандай тәсілмен емдеу БАРЫНША тиімді?

1) кардиологтың бақылауы

2) медикаменттік ем

3) оперативті вальвулотомия

4) митральді қақпақшаны протездеу

5) +аорталық қақпақшаны протездеу
217.

21 - жастағы ер адам, жүрегінің жиі соғуына, ырғақ бұзылысына, бас айналуға шағымданады. Объективті: жүрек үндері айқын, жүрек ұшында тұрғанда күшейіп, аяқты көтеріп жатқанда әлсірейтін систолалық сартыл (щелчок) және систолалық шуыл естіледі. ЭхоКГ: қосжармалы қақапақшаның алдыңғы жармасының иілмесі.

Бұл тәрізді аускультациялық өзгеріс, мынаған БАРЫНША тән:

1) +митральді қақапақшаның пролапсы

2) сопақ саңылаудың бітіспеуі

3) митральді қақпақшаның жетіспеушілігі

4) сол жақ атриовентрикулярлы саңлаудың стенозы

5) митральді қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі
218.

30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған.

Қандай топтың дәрілерін БІРІНШІ кезекте тағайындаған барынша тиімді?

1) +диуретиктерді

2) кортикостероидтарды

3) β-адреноблокаторларды

4) кальций антагонистерін

5) антиаритмиялық препараттарды
219.

Қарыншалардың дилатациясымен асқынған жүрек жетіспеушілігі, жыбыр аритмиялы, шоқырақ ырғақты және іркілмелі сырыл бар жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын науқастың емдеу жоспарына, қандай дәріні қосқан БАРЫНША тиімді?

1) диуретиктерді

2) кортикостероидтарды

3) β-адреноблокаторларды

4) кальций антагонистерін

5) +жүрек гликозидтерін
220.

Массивті протеинурия мен шумақтық фильтрацияның төмендеуі фонында болатын артериалды гипертензия, қандай жағдайға БАРЫНША тән:

1) циститке

2) пиелонефритке

3)+ гломерулонефритке

4) зәр-тас ауруына

5) бүйректің қанмен қамтамасыздығының бұзылысына
221.

Бас ауыруы және эпилепсия формалы синдроммен сипатталатын артериалды қысымның ұстамалы жоғарылауы қандай гипертензияға БАРЫНША тән?

1) бүйректік

2) эндокринді

3) +нейрогенді

4) реноваскулярлы

5) гемодинамикалық
222.

45 - жастан жоғары адамдарда тершеңдік және құюлу сезімімен қосарласатын артериалды қысымның ұстамалы жоғарылауы қандай гипертензияға БАРЫНША тән?

1) бүйректікке

2)+ эндокриндіге

3) нейрогендіге

4) реноваскулярлыға

5) гемодинамикалыққа
223.

Артериялық гипертония және үдемелі стенокардиямен ауыратын 69 жастағы ер адам ентігумен, бауырдың ұлғаюы , аятары ісінумен келді.

Емдеу жоспарында аталған барлық дәрі-дәрмектерді қосуға ұсынылады, мынадан басқа:

A) эгилок

B) моноприл

C) фуросемид

D) гипотиазид

E) +нифедипин
224.

58 - жастағы әйел артериальды гипертензия, қантты диабет, семіздікпен ауырады.

Емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді?

1) тенорик

2) +физиотенз

3) амлодипин

4) гипотиазид

5) фуросемид
225.

78 - жастағы ер адам артериалды гипертензиямен ауырады. Урологта қуық асты безінің аденомасымен есепте тұрады.

Емдеу жоспарына АҚ төмендетіп, зәр шығару жолдарының тарылуын азайтуға төмендегілердің қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?

1) урегитті

2) эсмололды

3)+ кардураны

4) нолипрелді

5) верапамилді
226.

75 - жастағы ер адам кенеттен басының ауырғанын сезіп, есінен танып қалды. 25 -жылдан бері артериальды гипертензиямен ауырады. Объективті: аздап тежелген, сөйлеуі қиындаған. Ромберг қалпында тұрақсыз, сол жақ мұрын-ерін сызығы тегістелген. Жүрек үндері бәсеңдеген. АҚҚ - 220/130 мм с.б.б., ЖЖЖ- 84 рет мин. Жалпы зәр анализі: белок - 0,033 г/л, эритроциттер - 0-1, лейкоциттер - 4-5 к/а. ЭКГ: синустық ырғақ, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. ST сегменті V5-V6 шықпаларда 0,5 мм төмендеген. Бас миының магнитті-резонансты томографиясында – жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгерістер.

Бұл жағдай гипертониялық криздің қандай түрі болуы БАРЫНША мүмкін?

1) күрделі милық

2) +милық-ишемиялық

3) гипертониялық - кардиальды

4) жайылған гипертониялық

5) церебральды ангиопатиялық гипертензивті
227.

37 - жастағы әйел, басының ауыруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, кейде тырысулар, шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 - жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларда қиғаш өрлеп жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015.

Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы жағдайды жақсартуы БАРЫНША мүмкін?

1) ААФ ингибиторлары

2) b-адреноблокаторлары

3) +оперативті ем

4) I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері

5) ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері
228.

34 - жастағы ер адам, қорқыныш сезімі, діріл, зәр шығаруға қажеттілік сезімі, дене қызуының 38º С дейін көтерілуі мен қосарласатын АҚҚ-ның кенеттен 270/130 - 240/110 мм с.б.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары қызарған, жүрек үндері күшейген, тахикардия. ЖЖЖ -120 рет мин. АҚҚ - 240/120 мм с.б.б. Жалпы қан анализі: лейкоциттер - 8,6 мың, эозинофил - 8%, глюкоза - 7,2 ммоль/л. Адреналиннің зәрмен тәуліктік экскрециясы - 48 н/моль, норадреналин - 160 н/моль.

Төмендегі дәрілердің қайсысын БІРІНШІ кезекте тағайындаған барынша тиімді?

1) изокетті к/т

2) обзиданды к/т

3) дроперидолды к/т

4) +фентоламинді к/т

5) эналаприлатты к/т
229.

53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4 әкетулерінде Т-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін:

1) артериальды гипертензиясы

2) Q тісшесіз миокард инфарктісі

3) нейроциркуляторлық дистониясы

4) бірінші рет пайда болған стенокардия

5)+ эндокринді генезді кардиомиопатия
230.

23 жастағы әйел, жүрек аймағында шаншып ауырсыну, ентігу туралы шағыммен келді. Екі апта бұрын ол аденовирус инфекциясын басынан өткерген. Қанда: лейкоциттерде - 15,2 мың, ЭТЖ - 48 мм / сағ, СРБ,АСТ - 112 IU / l. Электрокардиограммада - І дәрежелі АВ блокадасы.

Ауруды патогенетикалық емдеуде төмендегілерді қолдану БАРЫНША орынды болып табылады:

1) аевит

2) абактал

3) милдронат

4) феназепам

5)+нимесулид
231.

Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы БАРЫНША тән?

1) алкогольдік

2) анемиялық

3) +гипотиреоидтық

4) гипертиреоидтық

5) климактериялық
232.

Науқас 39 жаста, алкогольді ішімдікті көп ішеді, жүрек аймақтағы қысып ауырсынуға шағымданады, физикалық күштемемен байланысы жоқ, ентігу, жүрек қағуы. Қарау кезінде: тері жамылғысы боз, Дюпютреннің контрактурасы. Жүректің шекаралары ортаңғы бұғана сызығына дейін ұлғайған, тондары айқын бәсеңдеген, жыпылықтаушы аритмия. АҚҚ - 100/60 мм .рт.ст. Бауыр 4 см-ге ұлғайған, аяқтары ісінген. ЭКГ-да: жүрекше жыбыры жиілігі 125 - 140 рет минутына қарыншалық жиырылумен. QT интервалы ұзарған. T тісшесі V2-V6-де теріс. Бұл ауруды емдеуде ең орынды болып табылады:

A) витаминді терапия

B) + толық абстиненция

C) диуретикалық терапия

D метаболиттік терапия

E) антиаритмиялық терапия
233.

26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.

Сіздің диагнозыңыз?

1) жалқық (выпотной) перикардит

2) инфекциалық эндокардит

3) жүйелі қызыл жегі

4) +ревматизмдік емес миокардит

5) ревматизмдік жүрек ақауы
234.

Негізгі зат алмасудың жоғарылауы, тершеңдік, тахикардия, ТЗ, Т4 ұлғаюы, ТТГ төмендеуі қандай метаболизмдік кардиомиопатияға БАРЫНША тән?

1) алкогольдік

2) анемиялық

3) гипотиреоидтық

4) +гипертиреоидтық

5) климакстық
235.

Үш апта бұрын вирусты инфекциямен ауырған 28 - жастағы ер адам, жүрек аймағының сыздап ауыруына, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тұйықталған жүрек үндері, тахикардия, экстрасистолия анықталған. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, кардиоспецификалық ферменттер аздап жоғарылаған. ЭхоКГ- миокардтың жиырылу қызметі аздап төмендеген.

Осы ауруды емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді:

1) метаболиктерді

2) антибиотиктерді

3) антиоксиданттарды

4) антикоагулянттарды

5) +стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды
236.

Жай герпес вирусынан туындаған миокардиттің емдеу бағдарламасына көрсетілгендердің барлығы жатады, мынадан БАСҚАСЫ:

1) +тиенам

2) вольтарен

3) пармидин

4) ацикловир

5) преднизолон
237.

38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ - 110 рет мин.

Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы БАРЫНША мүмкін?

1) эгилок

2) конкор

3) эсмолол

4) анаприлин

5) +строфантин
238.

42 - жастағы ер адам, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті дыбыссыз естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үні бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: сол жақ жүрекше – 4,4. Сол жақ қарыншаның СДӨ - 8,2. Оң жақ қарыншаның СДӨ – 3,2. Айдау фракциясы - 21%. Жайылған гипокинезия.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) ревматизмдік емес миокардит

2) алкогольдік кардиомиопатия

3) ишемиялық кардиомиопатия

5)рестриктивті кардиомиопатия

4) +дилатациялық кардиомиопатия
239.

Төменде берілген бес белгінің төртеуі қандай патологияға БАРЫНША тән: 1. Басы айналып, есінен тану. 2. Стенокардия ұстамалары. 3. Жүрек ұшындағы қосарланған соққы. 4. Жүрек ұшындағы диастолалық шуыл. 5. Сол жақ қарыншаның айқын диастолалық дисфункциясы.

1) миокард инфарктісіне

2) артериальды гипертензияға

3) вазоспастикалық стенокардияға

4) +гипертрофиялық кардиомиопатияға

5) сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың тарылуына
240.

Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған БАРЫНША тән:

1) ревматизмдік емес кардиомиопатияға

2) +дилатациялық кардиомиопатияға

3) гипертиреоидтық кардиомиопатияға

4) климактериялық кардиомиопатияға

5) гипертрофиялық кардиомиопатияға
241.

45 жастағы ер адам, үндісжарты жыл бойыфизикалық жүктеме кезінде ентігуді байқайды. Қарағанда - акроцианоз, мойын тамырларының ісінуі. Өкпенің төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар. Жүректің шекаралары ұлғаймаған. Төмен вольтты ЭКГ. ЭхоКГ: эндокардтың симметриялық қалыңдауы, сол жақ қарыншаның соңғы диастоликалық және соңғы систоликалық өлшемі төмендеген, миокард қабырғаларының гипертрофиясы, лақтыру фракциясы -40%, Дельта S-20%.

Емдеу бағдарламасына барлық аталған әрекеттерді қосу БАРЫНША орынды, мынадан басқа:

1) эндокардитты кесу

2) диуретикалық терапия

3) антикоагулянттарды тағайындау

4) +стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қосу

5) ангиотензинді айналдыратын ферменттердің ингибиторларын тағайындау
242.

40 - жастағы ер адамды ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0б-ті: өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары кеңейген, үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл; жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: солжақ қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі - 8,2, айдау фракциясы - 21%.

Емдеу жоспарына көрсетілгендердің қайысын қосқан БАРЫНША тиімді?

1) метаболиктерді

2) антиоксиданттарды

3) кортикостероидтарды

4) анаболикалық гормондарды

5) +шеткілік вазодилататорларды
243.

Айдау фракциясы мен миокардтың жиырылу қабілетінің айқын жоғарылауы қайсыған БАРЫНША тән:

1) алкогольдік кардиомиопатияға

2) ревматикалық емес миокардитке

3) созылмалы өкпетекті жүрекке

4) дилатациялық кардиомиопатияға

5) +гипертрофиялық кардиомиопатияға
244.

19 - жастағы ер адамды реанимациялық бөлімге клиникалық өлім жағдайында алып келді. Жаттығу кезінде кенеттен есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Толық көлемде жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесіз болған. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігі мен солжақ қарыншаның бос қабырғалығының шығар жолының айқын гипертрофиялық обструкциясы.

Өлімге соқтырған себеп төмендегілердің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

1) жүрекшелердіңфибрилляциясы

2) +қарыншалардың фибрилляциясы

3) қарынша үстілік тахикардия
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45


написать администратору сайта