Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница42 из 45
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

2) жедел гастриттің

3) +миокард инфарктысының

4) жедел панкреатиттің

5) тағамдық токсикалық инфекцияның
190.

67 жастағы ер адамға сол жақ жауырын астына қарай берілетін төс артындағы ауырсынуына шағымданды. ЭКГ-да тромболитикалық терапияны талап ететін ST сегментінің V1-V3 элевациясы тіркелді.

Тромболитикалық құралдармен емдеуге қарсы көрсетілімдер барлық тізімде берілген, мынадан басқа:

1) қан кету

2) + жедел холецистит

3) жақында болған кең көлемді ота

4) анамнезінде геморрагиялық инсульт

5) бақылаусыз артериялық гипертензия
191.

47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ - 100 рет мин. АҚ-130/90 мм с.б.б. ЭхоКГ- да гипокинезия аймағы анықталған.

Зерттеу бағдарламасында төменде келтірілгенді анықтауға қосу ұсынылады:

1) АСТ

2) +тропонин Т

3) триглицеридтер

4) С-реактивті белок

5) креатинфосфокиназа
192.

56 - жастағы әйел ангинозды ұстамамен жеткізілген. ЭКГ: V2-V4 шықпаларда ST сегментінің элевациясы.

Ауыру синдромы мына еммен басылуы БАРЫНША мүмкін:

1) азот тотығымен

2) нейролептиктермен

3) транквилизаторлармен

4) +наркотиктік аналгетиктермен

5) наркотиктік емес аналгетиктермен
193.

46 жастағы ер адам жедел миокард инфарктісі диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Эрозиялық гастрит анамнезінде. Науқасқа антикоагулянттарды қоспағанда, әдеттегі емдеу тағайындалды. Оның жанама әсерлері эрозиялық гастритке қоса төменде аталғанның барлығы жатады, мынадан басқа:1) остеопороз

2) АЛТ деңгейінің көтерілуі

3) тромбоцитопения

4) +гиперальдостеронизм

5) тері астына енгізілгеннен кейінгі тері некрозы
194.

46 жастағы әйел, аурудың басталуынан 4 сағат өткенде кең таралған Q-миокард инфарктісімен қабылданды. Ауыр жағдайда. Жүрек дыбысы бәсеңдеген, ЖЖЖ-100 минутына. АҚҚ - 140/100 мм.с.б.б. Тропонин Т жоғары. ЭхоКГ-да гипокинезия аймағын анықтады. Тропонин құрамының жоғарылату төменде айтылған барлық жағдайлардан туындайды, мынадан басқа:

1) ӨАТЭ

2) миокардит

3) +стенокардия

4) жедел перикардит

5) жедел жүрек жеткіліксіздігі
195.

47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ- да гипокинезия аймағы анықталған.

Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған БАРЫНША тиімді:

1) +алғашқы 6 сағатта

2) алғашқы 24 сағатта

3) екінші тәулікте

4) тыртықтану кезеңінде

5) жедел кезеңде
196.

54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) панкреонекроздың

2) бауырасты абсцесс

3) ішектің жедел түйілуі

4) құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы

5) +мезентериальды артерияның жедел тромбозы
197.

48 жастағы ер адам,ауыр жағдайда көпіршікті тыныспен, көпіршікті қызғылт қақырықты жөтелмен жеткізілді. Өкпенің барлық беткейінде қатты ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. ТАЖ - минутына 32 . Жүрек дыбыстары саңырау, дұрыс ырғақ, тахикардия-минутына - 120рет. АҚҚ - 240/120 мм.с.б.б.

Осы төтенше жағдайда барлық тізімделген дәрілерді енгізу ұсынылады, мынадан басқа:

1) 40 мг фуросемидті к/і баяу

2) +120 мг преднизолон к/і

3) 20 мл NaCl-мен 5% -1,0 пентамин к/і

4) 400 мл NaCl –мен 30 мг натрий нитропрусида к/і тамшылатып

5) 2-3 мл 10% антифомсилан спиртті ерітіндісін деммен жұтуға арналған ингаляция
198.

48 жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктісінің 2-ші күнінде қатты кеудедегі ауыру сезімі, ентігу, мардымсыз қақырықты жөтелі, қан қақаырыну, жағдайының тез нашарлауына әкеп соқты. ЭКГ-да: алдыңғы миокард инфарктісінің жедел кезеңі. Рентгенограмма бойынша: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігіндегі үшбұрыш түрінде өкпенің қараңғыуы.

Науқаста қандай асқыну туындауы мүмкін?

1) өкпе ісінуі

2) өткір аневризма

3) жүрек тампонадасы

4) Дресслер синдромы

5) +өкпе артериясының бұтартарының тромбоэмболиясы
199.

68 - жастағы әйел, алдыңғы ірі ошақты миокард инфарктысымен 5 апта емделген. Аурудың созылынқы ағымы қойылған. Ауыру сезімінсіз кезеңде әйелді тағы да кеуде торшасындағы ауыру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының динамикасы.

Қандай дәріні БІРІНШІ кезекте тағайындаған барынша тиімді?

1) кальций антагонистерін

2) жүрек гликозидтерін

3) қақырық түсіретін заттар

4) шеткі вазодилататорларды

5) +стероидты емес қабынуға қарсы заттарды
200.

52 - жастағы ер адам, трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және оң қарыншаның үдемелі жетіспеушілік белгілері пайда болды.

Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?

1) ЭКГ

2) ӨАЭС (ЧПЭС)

3) +ЭхоКГ

4) селективті коронароангиография

5) кеуде қуысы торшасы ағзаларының рентгенография
201.

48 - жастағы ер адам, ЖИА диагнозымен емделуде. Трансмуральды алдыңғы-жайылмалы миокард инфарктысымен ауырғанына 20 күн болған. Объективті: жүрек аймағында төс сүйегінен сол жағында IV қабырға аралығында патологиялық пульсация. Жүрек үндері тұйық, 1–ші нүктеде систолалық шуыл. ЖЖЖ - 88 рет мин. АҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V2-V5 шықпаларда QS және SТ интервалының элевациясы.

Жоғарыда дамыған асқыну диагностикасында төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

1) ЭКГ

2) ӨАЭС (ЧПЭС)

3) сцинтиграфия

4) +эхокардиография

5) кеуде торшасы ағзаларының рентгенографиясы
202.

Кардиология бөліміне қарқынды кеуде ауырсынуына шағымданған 50 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындысы сұр түсті, суық жабысқақ термен жабылған. Жүрек тондары саңырау, айқын тахикардия, АҚҚ- 40/0 мм.с.б.б. ЭКГ: STсегментінің V2-V6 әкетпелерінде элевациясы.

Емдеу жоспарында барлық аталған дәрілерді қосу ұсынылады, мынадан басқа:

1) морфин

2) гепарин

3) допамин

4) +баралгин

5) стрептодеказа
203.

46 - жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, аяқ-қолдары суық. Жүрек үндері тұйықталған, бөдене ырғағы, ЖЖЖ- 110 рет мин. АҚ - 85/55 мм.с.б.б. Олигурия - 20 мл/сағ аз. ЭКГ: синустық тахикардия, QS V1-V6, осы шықпаларда ST сегменті изосызықтан жоғары монофазды қисық түрінде.

Төмендегі көрсетілген жағдайлардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) гиповолемия

2) +кардиогенді шок

3) жедел қан кету

4) варианттық стенокардия

5) жедел бүйрек жетіспеушілігі
204.

18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады.

Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан БАСҚАСЫ:

1) +аортаның стенозы

2) инфекциялық эндокардит

3) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

4) солжақ қарыншаның жетімсіздігі

5) үлкен қанайналымдағы эмболиялар
205.

Басының ауыруы, аяғының жансыздануы, жылдам шаршау сезіміне шағымданатын ер адамда, білезік артериясында кернеулі жылдам, ал сан артериясында әлсіз пульс; АҚ қолында жоғары, аяғында төмен; Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шуыл; қабырғалары өрнектелгені анықталған.

Төмендегі шараны жүргізу БАРЫНША тиімді:

1) ақауды тігу

2) өзекшені таңу

3) баллондық вальвулопластика жасау

4) «жүрек-өкпе» кешенінің трансплантациясын жасау

5) +қысылған аортаны айналдырып анастамоз салу
206.

19 - жасар қыз бала, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі кейде тұншығуға ұқсайтын ентігуге; оң қабырға астындағы ауырлық сезім мен ісінуге шағымданады. Қарағанда: айқын цианоз, саусақтары «барабан таяқшаларына» ұқсас. Жүрек үстінен дөрекі шуыл естіледі. ЭхоКГ- қарынша аралық перденің ақауы және оң қарыншаның шығар бөлімінің тарылуы. Рентгендік зерттеуде: жүрек көлеңкесі өкпе бағанасы аймағында «ағаш кебіске» ұқсайды.

Төмендегілердің барлығы осы ақаудың негізгі асқынулары мен адам өліміне себеп болады, мынадан БАСҚАСЫ:

1) ми веналарының тромбозы

2) инфекциялық эндокардит

3) +сол қарыншалық жетімсіздік

4) оң қарыншалық жетімсіздік

5) цианоздық ұстама кезіндегі артериалдық гипоксемия
207.

Жүрекшеаралық перденің ақауына тән негізгі диагностикалық белгі:

1) сол қарыншаның гипертрофиясы

2) төстің сол жағындағы ІІ қабырға/аралықтағы (қ/1) диастолалық шуыл

3) төстің сол жағындағы ІІ қ/а діріл және үзіліссіз шуыл

4) төстің оң жағындағы ІІ қ/а қарқынды систолалық шуыл

5) +төстің сол жағындағы ІІІ қ/а үрлеген систолалық шуыл
208.

Жүрекше аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы, жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай патологоанатомиялық субстратты құрайды?

1)+ Фалло тетрадасын

2) Эбштейн аномалиясын

3) Лютембаш синдромын

4) Эйзенменгер синдромын

5) артериальдық өзекшенің бітіспеуін
209.

Ентігу, тұншығу ұстамасы, физикалық күштемеге төзімділіктің төмендігі, инфантилизм, физикалық дамудың кешігуі, жүректегі систолалық шуылы мынаған

БАРЫНША тән?

1) өкпе эмфиземасына

2) бронхиальды астмаға

3) +жүректің іштен туа пайда болған ақауларына

4) жүректің жүре пайда болған ақауларына

5) бронх-өкпе жүйесінің іштен туа пайда болған аномалияларына
210.

19 - жастағы ер бала ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдындағы “шіркей” тәрізді көрініске, аяғының ұюына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: білектегі пульс кернеулі және жылдам, сан артерияларында әлсіз, кернеуі төмен. АҚ қолында 170/90 мм с.б.б., аяғында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесіндегі, жүрек ұшындағы әлсіз систолалық шуыл омыртқа айналасындағы аймаққа беріледі. Рентгенологияда: қабырғаның өрнектелуі.

Осы адамда қандай ақау болуы БАРЫНША мүмкін?

1) Фалло үштігі

2)+ аорта коарктациясы

3) аорта сағасының тарылуы

4) митралді қақпақшаның пролапсы

5) солжақ атриовентрикулалық саңылаудың тарылуы
211.

16 - жастағы қыз бала, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын ентігуге, жүрек соғуына, талмаға бейімділікке шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозғылт, цианозды, мойын веналары ұлғайған, тырнақтары «сағат әйнегі» сипатты, балтыры ісіңкі, эпигастрийде пульсация. Аускультацияда төстің сол жақ қырындағы II-III қабырға аралығында естілетін систолалық шуыл сол жақ бұғана үстіне беріледі және тұйық диастолалық Грехем-Стилл шуылы естіледі. ЭхоКГ: эхосигнал қарынша аралық пердеде үзілісті, сол жерде турбулентті систолалық ағын естіледі; оң қарынша ұлғайған, өкпе артериясы қақпақшаларының салыстырмалы жеткіліксіздігі.

Бұл патологияда қандай ем БАРЫНША тиімді?

1)+ақауды тігу

2) өзекшені таңу

3) баллондық вальвулопластика

4) «жүрек-өкпе» кешенінің трансплантациясы

5) қысылған аортаға айналмалы анастамоз салу
212.

Күшті, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшының соққысы, жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шуыл, I үн жүрек ұшында әлсіреген;

жүректің митральді конфигурациясы, мынаған БАРЫНША тән:

1) аорта сағасының стенозы

2) аорта қақпақшаларының жеткіліксіздігі

3) +митральді қақапақшаның жеткіліксіздігі

4) үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

5) сол жақ атриовентрикулалық саңылаудың стенозы
213.

Жүректің қандай ақауына, жоғары жиіліктегі, үрлеген, көбінесе төстің сол жақ қырында, әсіресе науқас алдына қарай сәл еңкейіп отырғанда естілетін диастолалық шуыл БАРЫНША тән?

1) қолқа саңылауының тарылуына

2) +қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігіне

3) митральді қақпақшаның жеткіліксіздігіне

4) сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуына

5) оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуына
214.

34 - жастағы ер адам, басының ауыруы, айналуы, қысқа уақытқа созылатын есінен тану ұстамасына шағымданады. Об-ті: жүрек негізінде, төстің оң жақ шетінде, систола ортасында айқын дыбысты, қатаң систолалық шуыл естіледі. Шуыл мойын тамырларына беріледі. Вальсальва сынамасы кезінде шуыл азайып, дем алған кезде өзгеріссіз қалады. ЭКГ-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.

Төмендегі емдеу шараларының қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

1) медикаменттік емді

2) митральды комиссуротомияны

3) үш жармалы қақпақшаның пластикасын

4) +аорталық қақпақшаны протездеуді

5) митральды қақпақшаны протездеуді
215.

Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінің перифериялық веноздық белгілеріне

  барлық тізімдегілер жатады, мынадан басқа:

1) жоғары веноздық қысым

2) +перифериялық артериялардың күшейтілген пульсациясы

3) бауырдың систолалық пульсациясының жоғарылауы

4) бауырды басқанда мойны тамырларының ісінуі

5) артерия пульсімен синхронды қан тамырларының ісінуі және пульсациясы
216.

40 - жастағы әйел, бас ауыруы, бас айналуы, естен тануға шағымданып түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, төстің сол жақ қырында және оң жақтағы ІІ қ/а жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл естіледі және осы жерде II үн әлсіреген. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке және білек артериясының пульстері жоғары әрі тез мин. 100 рет, АҚ - 160/60 мм.с.б.б.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45


написать администратору сайта