Главная страница
Навигация по странице:

  • Диф.диагностика

  • 11-билет Диагнозы: Қызыл жалпақ теміреткі эрозиялы-жаралы түрі Қызыл жалпақ теміреткі

  • Эрозиялы-жаралы түрі

  • 12-билет Диагнозы

  • 13-билет Веррукозды лейкоплакия

  • 14-билет Лейколпакияның эрозиялы-жаралы

  • сопр 2-этап. 1билет Диагнозы Созылмалы заымдану жарасы


    Скачать 54.56 Kb.
    Название1билет Диагнозы Созылмалы заымдану жарасы
    Дата13.03.2019
    Размер54.56 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласопр 2-этап.docx
    ТипДокументы
    #70349
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    Клинкалық көрінісі. Глоссалгияның ең басты белгілері – дизестезиялық және парестезиялық белгілер (қызу, күю, ашу, қышу, шаншу, тызылдау, жыбырлау, дуылдау, жансыздану сияқты). Науқас өзін мазалайтын сезімдерді жоғары температура әсерінен күю кезіндегі сезіммен, ащы бұрыш пайдаланғандағы дуылдау, құрт-құмырсқа өрмелегенде дененің түршігуі сияқты белгілермен салыстырады. Осы сезімдер тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің кілегей қабығында кейде тілді тұтас ала орналасады. Сонымен қатар науқастарды тіліндегі ыңғайсыздық, ауырлық, ісіну сезімдері, жаншып және сырқырап ауыру белгілері де мазалауы мүмкін.

    Кейде тілде күрделі сезімдер ауытқулары да орын алады. Олар – тілде «құрт жыбырлап жүрген» сияқты, «шаштар өсіп шыққан» сияқты сезімдер.

    Алғашқы парестезиялық белгілердің орналасу аймағына байланысты Е.С.Яворская (1972, 1976) глоссалгияның 6 нұсқасын ажыратады:

      • мандибулярлық – дизестезиялық және парестезиялық белгілер тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің кілегей қабығында, төменгі жақ қызыл иегінде, ұрттарда және еріндерде орналасады;

      • максиллярлық – ыңғайсыз сезімдер жоғарғы жақ қызыл иегінде, қатты таңдайда, көз асты аймағында орналасады;

      • мандибуломаксиллярлық – паресезиялық сезімдер еріндер, төменгі және жоғарғы жақ қызыл иектерінің алдыңғы бөліктерінде пайда болып, біртіндеп ауыздың артқы бөлігіндегі кілегей қабыққа жайылады;

      • алдыңғы париетальды – парестезиялық сезімдер маңдай, қабақ, шықшыт жерлерінде пайда болады;

      • глоссофарингеалдық – ауытқулық сезімдер тілде, жұтқыншақта, көмейде пайда болады;

    окципитальдық – сезімдер 1-11 мойын сегменттерінің нервтендіру аймағында орналасқан. Глоссалгияның бұл нұсқаларын кейде жеке нервтерінің невралгиясы деп те ұғынуға болады.

    Парестезиялық белгілердің көбірек орын алған аймағына байланысты Яворская аурудың тағы екі түрін ажыратады: 1) мукозды түрі – парестезиялық сезімдер ауыз кілегей қабығында, тіл түбірінде, жұтқыншықта және өңештің мойын бөлігінде орналасады. 2) дерматомукозды түрі – парестезиялық сезімдер жоғарыда аталған аймақтармен қайтар бет және желке терісінде орналасады.

    Диф.диагностика: Аурудың салыстырмалы диагностикасы. Глоссалгияға ұқсас клиникалық белгілер тілді, ауыз кілегей қабығын, жұтқыншақты, көмейді нервтендіретін нервтер невралгиясы және олардың қабынуы кезінде де байқалады. Сонымен қатар ауыздағы гальванизм белгілерінен, төмендеген тістем (Костен синдромы) кезіндегі

    Глоссалгияға тән негізгі және тиімді белгі – барлық ауытқу сезімдердің ас қабылдаған кезде басылуы немесе толық болмауы. Ауытқу сезімдері көбіне қызыл иектерде орналасқан кезде «одонтогендік плексалгия» белгілерінен ажырату керек.

    Үштік нерв невралгиясына (көбіне өршу кезеңінде) ұзаққа созылмайтын, белгілі анатомиялық аймақта орналасқан өте қатты ауру сезімі тән. Ауру сезімінің триггерлік механизмі (қозғаушы күші) сақталады. Ол күш ас қабылдағанда, сөйлегенде, бетін жұғанда шүріппелі аймаққа («курковая зона») тиіп кеткенде оянады. Ауру сезімі қозған кезде науқастың бет пішіні өзгереді, бет терісінің қызарып немесе бозғылданып кетуі сияқты вегетативтік өзгерістер, көзден жас ағу, беттің мимикалық еттерінің тырысып жыбырлауы байқалады.

    Үштік нерв тармақтарының сүйектен шыққан жерін сипап байқағанда ауыру сезіледі.

    Костен синдромы кезінде парестезиялық өзгерістермен қатар, тістемнің төмендеуі, құлақта шу пайда болып, нашар есту, шықшыт төменгі жақ буындарының сыртылдауы сияқты белгілер де болуы мүмкін.

    Гальваникалық синдром кезінде де ауызда парестезиялық өзгерістер байқалады. Әртүрлі металлдан жасалған конструкциялар арасында пайда болған шағын күшті электр тогы және олардың электрохимиялық коррозияға ұшырауынан пайда болған заттар ыңғайсыз сезімдер (көбінесе таңертең ауызда темір немесе қышқыл дәмі, тұз және ащы дәмдер) туындатады. Қалыпты жағдайда ауыз ішінің электр потенциалы 10-20 мка тең, егер одан жоғары болса, арнаулы емдеу шараларын жүргізу қажет

    Емі. Глоссалгияны емдеу кезінде кешенділік қағидасын (симптоматикалық, этио-патогенездік, жалпылай-күшейтіп емдеу) толық сақтау қажет.

    Дәрілерді таңдап тағайындау неврологиялық көрсетілімдерге байланысты. Гиперастениялық жағдайда (ашуланшақтық, шыдамсыздық, үйренушілік, дегбірсіздік) транквилизаторлар (диазепам 0,005 г немесе феназипан 0,0005 г ½ - 1 таблетка, күніне 1-2 рет), антидепрессанттар (амитриптилин 0,025 г немесе азафен 0,025 г ½ - 1 таблетка, күніне бір рет). Емдеу курсы – 1-1,5 ай.

    Гипоастениялық жағдайда және депрессия кезінде (әлсіздік, сылбырлық, жабырқаулық, енжарлық, жұмыс қабілетінің төмендеуі) транквилизаторлар, (сигнопам 0,01 г бір таблеткадан, күніне бір рет), антидепрессанттар (имизин 0,025 ½ таблеткадан күніне бір рет бір айға жуық), нейролептиктер (эглонил 0,002 г ¼ таблетка күніне 2 рет, біртіндеп мөлшерін жоғарылатады және 1-2 таблеткаға жеткізеді).

    Глоссалгияны (стомалгияны) емдеу үшін орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілерді (шүйгіншөп, сасықшөп, пион тұнбаларын), Сухинин, Павлов, Кватер микстураларын тағайындайды. Микстураларды бір ас қасықтан күніне 3 рет, 1-2 айдай қабылдауға болады.

    Вегето-тамырлы дистонияны емдеу үшін беласпон, беллоид, беллатаминал (бір таблеткадан күніне 2-3 рет бір ай шамасында) тағайындайды. Қан тамырларын кеңейтетін дәрілерді (но-шпа, никотин, никотинамид), мидағы және жергілікті қан айналымын жақсартатын дәрілерді (циннаризин, кавинтон, пирацетам, стугерон, трентал, мидокалм) тағайындаған артық болмайды (көбінесе жасы ұлғайған адамдарға). Витаминдерді: тиамин, рибофлавин, пиридоксин, цианкобаламин, аскорбин қышқылын парентералды, токоферол ацетатын және ретинол ацетатын іштей қабылдау қажеттігін де ұмытпау керек.

    11-билет

    Диагнозы:Қызыл жалпақ теміреткі эрозиялы-жаралы түрі

    Қызыл жалпақ теміреткі (красный плоский лишай – Lichen ruber planus) – тері мен кілегей қабықты аймақтардың беті мүйізгектенетін папулалар шығуымен сипатталатын қабынбалы ауруы. Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде қызыл жалпақ теміреткі жиі кездеседі және

    Біраз авторлар (О.Ф.Робинович, Л.М.Ханухова, Б.В.Пинегин, 2000) ауруды аутоаллергиялық аурулар қатарына жатқызады және оның дамуына Т-клеткаларға аутоантиген жеткізуші және қабыну туындататын цитокиндер құрушы Лангерганс клеткалары үлкен рөл атқарады деп санайды.

    Эрозиялы-жаралы түрі (эрозивно-язвенная форма) аурудың ең ауыр түрі. Бұл түрі өз бетімен, кейде әдетті және жалқықтана қызарған түрлерінің асқыну ретінде дамуы мүмкін. Бұл кезде қызарып-ісінген кілегей қабықта эрозиялы және жаралы ошақтар пайда болады, бірақ олардың төңірегінде папулалар өрнегі сақталады. (сурет). Эрозия мен жаралар белгілі пішінсіз болады, көлемдері 1-3см беттері оңай алынатын ақшыл-сары түсті өліетті-фибринді қақпен жабылады және оны алуға әрекет жасаған кезде оңай қанайды. Эрозиялы-жаралы ошақтар біреу, кейде бірнешеу болады және қатты ашып ауырып мазалайды. Мұндай эрозиялар мен жаралар кейд тез жазылып, қышқыл, тәтті тағамдар, тыңайтқыштар қолдану нәтижесінде ерте піскен қызыл түсті жас көкөністер мен жемістер (қызанақ, құлпынай) қабылдаған кезде қайтадан пайда болады.

    Кейбір эрозиялар мен жаралар ұзақ уақыт жазылмаған кезде қатерлі ісікке де ауысуы мүмкін (1-5% жағдайда).

    Диф.диагностика: Аурудың диагнозын дұрыс нақтылау үшін, эрозиялы-жаралы және буллезді түрлерін бір-бірінен, зақымдану эрозияларынан, күлбіреуікшіден, ауыздың дәрілерден қабынуынан, лейкоплакия мен қызыл жегінің эрозиялы-жаралы түрлерінен, қайталамалы герпестен ажырата білу керек.

    Аурудың бұл түрін жазық лейкоплакиядан, Фордайс гранулаларынан (денешіктерінен), екіншілік мерез папулаларынан, жалған жағақты кандидоздан, созылмалы қызыл жегіден, кейде Боуэн ауруынан ажырата білу керек.

    Жазық лейкоплакия кезінде жарақат ошағы көбіне біреу ғана және көлемді, белгілі пішінсіз болады. Кілегей қабық бетінен аса көтеріңкі орналаспайды, беті жазық, жиегі тегіс емес. Зақымдаушы ықпал әсер ететін аймақта, ауыздың алдыңғы бөлігінде жиірек орналасады.

    Фордайс гранулалары торы дәніне ұқсас шошырай эпителий қабаты астында, кілегей қабықтың рельефін өзгертпей, екі ұрттың артқы бөлігінде, үлкен азу тістер тұсында және сыртында орналасады.

    Екіншілік мерез папулаларының көлемдері үлкендеу, тығыздау консистенциялы, домалақ пішінді, төңірегі қызыл қабыну жолағымен қоршалған. Беттерінің ақшыл-сұр түсі эпителийдің мүйізгектенуі нәтижесінде емес, өліеттенуі нәтижесінде пайда болған. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, серологиялық реакциялар (Вассерман және шөгу реакциялары) оң болады.

    Ауыздың жалғанжарғақты кандидозы кезінде ақ түсті ірімшікке ұқсас қақ оңай алынады, кілегей қабықта қызарып ісіну байқалады. Алынған қақта көп мөлшерде саңырауқұлақтар анықталады.

    Қызыл жегі кезінде де гиперкератоздану ошағы тұтас және жолақ, доға, жұлдыз пішінді болуы мүмкін, инфильтратты негізде орналасады, орталық аймағы атрофияға ұшырайды.

    Боуэн ауруы кезінде ақ-сұр түсті ошақ пайда болады, беті тегіс емес барқыт түктеріне ұқсас келеді, төңірегінде ашық-қызыл түсті қабыну ошағы байқалады. Цитологиялық зерттеу кезінде атипиялық клеткалар анықталады

    Емі. Қызыл жалпақ теміреткімен ауырған науқас – толық клиникалық зерттеуден өтуі керек, жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолының жағдайына жете көңіл бөлініп, қан қысымының, қандағы глюкозаның деңгейі анықталу керек. Анықталған ауру болса, арнаулы мамн да емдеу шараларын жүргізгені тиімді болады.

    Дәрігер-стоматолог емдеуді ауыз ішін сауықтырудан бастайды, жарақаттаушы себептерді жойып, әртүрлі металқұрамды ортопедиялық конструкциялардың болмауын қамтамасыз етеді. Алмалы-салмалы протездер түссіз пластмассадан жасалып, амальгамадан қойылған пломбылар басқа пломбылармен (цементтен, композиттен) ауыстырылады. Шылым шегуді, ішімдік, ащы-қышқыл тағамдарды қабылдауды тоқтатып, ауыз гигиенасын үнемі сақтау тұралы кеңес беріледі.

    Қызыл жалпақ теміреткінің әдетті, гиперкератозды, жалқықтана-қызарған түрлерін жергілікті емдеудің үлгілері ұқсас. Дегенмен жалқықтана-қызарған түрінді ауыруды басатын, қабылдануды тоқтататын дәрілерді қолдаған да тиімді болады. Ауызды булау және шайқау үшін қайнатылған немесе бұқтырылған емдік шөптердің тұнбаларын пайдаланған жөн.

    12-билет

    Диагнозы:Қызыл жалпақ теміреткі гиперкератозды түрі

    Қызыл жалпақ теміреткі (красный плоский лишай – Lichen ruber planus) – тері мен кілегей қабықты аймақтардың беті мүйізгектенетін папулалар шығуымен сипатталатын қабынбалы ауруы. Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде қызыл жалпақ теміреткі жиі кездеседі және

    Біраз авторлар (О.Ф.Робинович, Л.М.Ханухова, Б.В.Пинегин, 2000) ауруды аутоаллергиялық аурулар қатарына жатқызады және оның дамуына Т-клеткаларға аутоантиген жеткізуші және қабыну туындататын цитокиндер құрушы Лангерганс клеткалары үлкен рөл атқарады деп санайды.

    Гиперкератозды түрі (гиперкерототическая форма). Аурудың бұл түрі сирегірек кездеседі, көбінесе ауыз күтімі нашар, кілегей қабығы толассыз тітіркендіргіштер әсерінен (ащы, қышқыл тағамдар, ішімдік, шылым сияқты) ұшырайтын адамдарда байқалады. Бұл кезде папулалар бетіндегі эпителий қабатының шамадан тыс мүйізгектенуіне байланысты кілегей қабық бетінен көтеріңкі орналасқан, жиектері анық ақ немесе ақшыл-сұр түсті табақшаға ұқсас тығыздау консистенциялы құрылым анықталады және төңірегінде жеке папулалар тобы да кездеседі. ҚЖТ-нің гиперкератозды түрі екі ұрт және тілдің кілегей қабығында жиірек орын алады. Тілдің үстінде жеке-жеке орналасқан папулалар кепкен әк немесе фарфор тамшыларына ұқсас келеді. Гиперкератозды түрін лейкоплакияның веррукозды түрінен ажырата біду керек.

    Диф.диагностика:

    Веррукозды лейкоплакия (веррукозная лейкоплакия – leicoplaqia verucosa)(сурет -6)ауызда екі түрде – тоғалы (бляшечная форма) және сүйелді (бородовчатая форма) түрде кездеседі.

    Аурудың тоғалы түрінде кілегей қабық бетінен біраз көтеріңкі орналасқан аппақ немесе ақшыл-сүт түстес шекарасы ашық, белгілі пішінсіз, беті жазық, бірақ онша тегіс емес тығыздау ошақтың пайда болуымен сипатталады және бетін қырған кезде алынбайды.

    Сүйелді түрінде лейкоплакия ошағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті, төңірегіндегі тіндерден жоғары орналасып, беті кедір-бұдыр немесе томпақ-томпақ топтаса орналасқан сүйелдерге ұқсас келеді (сурет-5).

    Веррукозды лейкоплакия кезінде кілегей қабықтың жарақат ошағында ысып-күю, кедір-бұдырлық, ыңғайсыздық сезімдері, ас шайнағанда тістеп алу, кедергі жасауы сияқты машақаттар мазалауы мүмкін.

    Емі. Қызыл жалпақ теміреткімен ауырған науқас – толық клиникалық зерттеуден өтуі керек, жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолының жағдайына жете көңіл бөлініп, қан қысымының, қандағы глюкозаның деңгейі анықталу керек. Анықталған ауру болса, арнаулы мамн да емдеу шараларын жүргізгені тиімді болады.

    Дәрігер-стоматолог емдеуді ауыз ішін сауықтырудан бастайды, жарақаттаушы себептерді жойып, әртүрлі металқұрамды ортопедиялық конструкциялардың болмауын қамтамасыз етеді. Алмалы-салмалы протездер түссіз пластмассадан жасалып, амальгамадан қойылған пломбылар басқа пломбылармен (цементтен, композиттен) ауыстырылады. Шылым шегуді, ішімдік, ащы-қышқыл тағамдарды қабылдауды тоқтатып, ауыз гигиенасын үнемі сақтау тұралы кеңес беріледі.

    Қызыл жалпақ теміреткінің әдетті, гиперкератозды, жалқықтана-қызарған түрлерін жергілікті емдеудің үлгілері ұқсас. Дегенмен жалқықтана-қызарған түрінді ауыруды басатын, қабылдануды тоқтататын дәрілерді қолдаған да тиімді болады. Ауызды булау және шайқау үшін қайнатылған немесе бұқтырылған емдік шөптердің тұнбаларын пайдаланған жөн.

    13-билет

    Веррукозды лейкоплакия (веррукозная лейкоплакия – leicoplaqia verucosa)(сурет -6)ауызда екі түрде – тоғалы (бляшечная форма) және сүйелді (бородовчатая форма) түрде кездеседі.

    Аурудың тоғалы түрінде кілегей қабық бетінен біраз көтеріңкі орналасқан аппақ немесе ақшыл-сүт түстес шекарасы ашық, белгілі пішінсіз, беті жазық, бірақ онша тегіс емес тығыздау ошақтың пайда болуымен сипатталады және бетін қырған кезде алынбайды.

    Сүйелді түрінде лейкоплакия ошағы ақ немесе ақшыл-сұр түсті, төңірегіндегі тіндерден жоғары орналасып, беті кедір-бұдыр немесе томпақ-томпақ топтаса орналасқан сүйелдерге ұқсас келеді (сурет-5).

    Веррукозды лейкоплакия кезінде кілегей қабықтың жарақат ошағында ысып-күю, кедір-бұдырлық, ыңғайсыздық сезімдері, ас шайнағанда тістеп алу, кедергі жасауы сияқты машақаттар мазалауы мүмкін.

    Лейкоплакияның бұл түрін жалпақ клеткалы мүйізгектенетін обырдан, екіншілік мерезден, созылмалы гиперпластикалық кандидоздан, «түкті лейкоплакиядан» ажырата білу керек.

    «Түкті лейкоплакия» адамның иммунитет тапшылығын туындататын вирус жұқтырған адамдарда кездеседі және көбіне тілдің екі бүйір бетінде орналасады. Бұл кезде ақшыл-сұр түсті, анық шектелген, беті жиырылып әжімделген, жіпке немесе шашқа ұқсас өсіктермен жабылған бір немесе бірнеше ошақ пайда болады. Сырқат адам ЖИТС (СПИД) орталығында есепте тұрғанын айтуы мүмкін. Ал егер оның негізгі ауруы туралы хабары болмаса, аталған орталыққа тексерілуге жолдама беру керек.

    Ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы кезінде ақшыл-сұр немесе кір-сұр түсті ликоздық қалың қақ жарақат ошағын күшпен қырғанда ғана алынады және бетінде эрозия пайда болады. Микроскопиялық зерттеу кезінде алынған қырмада саңырауқұлаққа тән көптеген элементтер анықталады.

    Жалпақ клеткалы мүйізгектелген обырдан ажырату үшін жарақат ошағынан алынған материалды (қырманы немесе кесіп алынған материалды) цитологиялық және гистологиялық зерттеуден өткізу керек.

    Веррукозды лейкоплакия факультативті обыралды ауруға жатады (5-20% жағдайда обырға айналады). Сондықтан обырға айналу белгілерін жақсы ажырата білу керек. Олар – жарақат ошағының тығыздануы, түсінің өзгеруі, мүйізгектену үрдісінің күшеюі, эрозия немесе жара ошағының пайда болуы.

    Веррукозды лейкоплакия ошағы консервативтік емді аса қажет етпейді, көбіне хирургиялық әдіспен емделеді (кесіп алып тастау, қуатты лазермен немесе төменгі температурамен деструкциялау әдістері қолданылады).

    14-билет

    Лейколпакияның эрозиялы-жаралы түрі жазық немесе веррукозды лейкоплакия ошақтарында тіндердің созылғыштық қасиеттерінің төмендеуіне және трофикалық үрдістің бұзылуына байланысты тілік немес эрозияның пайда болып, екіншілік инфекция әсерінен асқынып, жараға айналуымен сипатталады. Кейде эрозия немесе жараның пайда болуы қатерлі ісікке айналудың бірден-бір белгісі болып саналады және сырқат адам дәрігер-стоматологқа жарақат ошағындағы ауру сезіміне шағымдана келеді. Қарап тексергенде жазық немесе веррукозды лейкоплакия ошағының ортасында немесе шетін ала (сурет) қызыл шикі ет түстес эрозиялы-жаралы ошақ анықталады, сипап байқағанда ауырады, беті таза немесе ақшыл-сары түсті қақпен жабылған. Аймақтық лимфа лүйіндері өзгеріске ұшырамауы мүмкін, ал кейде аздап ұлғайып, сипағанда ауырады.

    Эрозиялы-жаралы лейкоплакияны обыр, трофикалық, созылмалы зақымдану жараларынан ажырата білу керек.

    Лейкоплакияның бұл түрі кезінде консервативтік емді екі жетіден артық уақытқа созбайды. Емдеу шаралары жарақаттаушы ықпалдарды жоюға, кілегей қабықтағы қайта құрылу үрдістерін жылдамдатуға бағытталады (қабынуға қарсы дәрілер, кератопластиктер, биогендік ынталандырғыштар қолдану). Аурудың бұл түрі көбіне жасы ұлғая бастаған адамдарда кездесетіндіктен организмнің жалпы тұрақтылығын жақсартуға арналған дәрілер тағайындау да қажет (витаминдер жиынтығы, белокты анаболизаторлар, амин қышқылдары). Егер жүргізілген консервативтік ем көрсетілген уақытта нәтиже бермесе, хирургиялық емдеу әдісін қолданады және патологиялық ошақтан алынған материалды гистологиялық зерттеуден өткізеді.

    Лейкоплакиямен ауырған адамды стоматолог диспансерлік бақылауға алып, әрбір 3-4 айда тексеріп отыруы керек. Қатерлі ісікке ауысу мүмкіндігі туралы күмән туса, дәрігер-онкологқа жолдама беру керек.

    Аурудың алдын алу. Негізгі жүргізілетін шаралар: ауыз ішін сауықтыру, кілегей қабықты тітіркендіруші ықпалдарды жойып, әрбір қабылдауға келген адамға ауыз гигиенасын сақтауды үйрету.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта