Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-билет Диагнозы: Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы

  • Көптүрлі жалқықты эритема

  • 4- БИЛЕТ Ауыздың жедел герпестік қабынуының ауыр түрі (stomatitis herpetica acuta)патогенезіне байланысты

  • 5-билет Белдемелі теміреткі Этиологиясы

  • Бөртпе шығу кезеңі және қайтуы

  • сопр 2-этап. 1билет Диагнозы Созылмалы заымдану жарасы


    Скачать 54.56 Kb.
    Название1билет Диагнозы Созылмалы заымдану жарасы
    Дата13.03.2019
    Размер54.56 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласопр 2-этап.docx
    ТипДокументы
    #70349
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    1-билет

    Диагнозы: Созылмалы зақымдану жарасы

    Созылмалы механикалық зақым (trauma mechanicum chronicum) жиі кездеседі. Жарақаттаушы ықпалдар: тісжегі әсерінен бұзылған тістердің өткір қырлары, қатты тіс шөгінділері, сапасыз көпірге ұқсас және алмалы протездер, ауытқи шыққан және қозғалмалы тістер, жағымсыз әдеттер (ернін, ұрттың кілегей қабығын тістелеу). Созылмалы механикалық зақым ұзақ уақыт және аз күшпен әсер ететін ықпалдардан дамиды. Ал егер зақымдаушы фактор жойылмаса, зақымдану эрозиясы жараға айналады. Созылмалы зақымдану жарасы (хроническая травматическая язва – ulcus chronicum braumaticum) немесе декубиталды жара (декубитальная язва – ulcus decubitale) зақымдаушы әсер аймағынан оған қарама қарсы аймақта орналасады. Жараның көлемі, тереңдігі және пішіні әртүрлі, жиегі тегіс емес, қызарып ісінген кілегей қабықпен және қабыну инфильтратымен қоршалған, бет і кейде таза, кейде ақшыл-сұр қақпен жабылған болып келеді

    Диф.диагностика:Зақымдану жарасын обыр, туберкулез, мерез жараларынан, ауыздың өліеттеніп – жаралана қабынуынан (Венсан стоматиті), трофикалық жарадан, терең тыртықтанатын афтадан ажырата білу керек.

    Обыр жарасы аса көп ауырмайды, жиегі және табаны аса қатты және тығыз, төңірегіндегі жабынды эпителий қабатында мүйізгектену белгілері орын алуы мүмкін.

    Гистологиялық немесе цитологиялық зерттеулер жүргізінде атипиялық эпителий клеткалары анықталады ().

    Туберкулез жарасының көлемі ұсақтау, жиегі тегіс емес, су шайған жарға ұқсас (подрытые края), табаны түйіршектенген және сары түсті қақпен жабылған. Жара төңірегінде әлі ыдырамаған сары түсті бұдырамақтар (Трель дәншіктері – зерна Треля) кездеседі. Жараға қатты ауру сезімі тән. Жара бетінен алынған қырмада (соскобе) эпителий және Лангханс алып клеткалары анықталады, ал оны Циль-Нильсон әдісімен бояса туберкулез микобактерияларын да кездестіруге болады. Туберкулез жарасы бар адамның жалпы жағдайы нашарлаған, тез терлегіш келеді, бойын әлсіздік билейді. Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін фтизиатрға жолдама беру керек.

    Диф.диагностика:Зақымдану жарасын мерез жараларынан (берішті шанкр және үшіншілік мерезде, мерез түйіні ыдыраған кезде пайда болған жарадан) ажырата білу керек. Берішті шанкр кезінде пайда болған эрозия немесе жара домалақ пішінді, жиегі тегіс, табаны жылтыр, аса көп ауырмайды.

    Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды, сипағанда ауырмайды. Жарадан бөлінген сұйықта бозғылт трепонемаларды анықтауға болады. Серологиялық реакциялар ауыру басталғаннан 3-4 аптадан кейін оң бола бастайды. Зақымдаушы факторларды жойғанменде жара жазылуға бет бұрмайды.

    Емі. Ең алдымен зақымдаушы әсерді жояды, қатты ауру сезімі болса, уақытша жансыздандыру әдісін пайдаланып, ауыз ішін және жарақат ошағын антисептиктер ертінділермен өңдейді, жара бетін өлі тіндерден тазартып (механикалық жолмен немесе протеолиздеуші ферменттерді пайдаланып) қабынуға қарсы дәрілермен,кератопластиктермен және жараның жазылуын жылдамдататын дәрілермен бастырма қояды (20-30 минутке). Жараны күніне 2-3 рет өңдеген тиімді. Жалпы реактивтілігі төмендеген және жасы ұлғайған адамдарға жалпылай ем тағайындау қажет (витаминдер жиынтығын, жалпы реактивтілікті жоғарлататын дәрілер).

    Жүргізілген емдеу шаралары жараның жазылуына көмегін тигізе алмаса, 7-10 күннен кейін науқасты дәрігер-онкологқа кеңес алуға жіберу керек. Жара жазылғаннан кейін ауызды сауықтыруға көңіл бөлу керек.

    2-билет

    Диагнозы: Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы

    Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы (сурет -11) (stomatitis herpetica recidivans) немесе созылмалы қайталамалы герпес (herpes chronicus recidivans) эндогендік герпес вирусы туындататын және жиі кездесетін эндогендік инфекция, ертеректе вирус жұққан, вирусқа қарсы антиденесі бар (ауыздың жедел герпестік қабынуымен ауырған) әртүрлі жастағы адамдарда кездеседі. Аурудың патогенезінде жасушалық иммунитетті төмендететін жағдайлар (суық тію, созылмалы күйзелістер, жалпылай және жұқпалы аурулар), өте ауыр сырқаттар (лейкоз, обыр және б.) маңызды рөл атқарады. Әйелдерде созылмалы герпестің қайталануы етеккір келген уақытта да байқалуы мүмкін. Ауру жыл мезгіліне қарамай әртүрлі жиілікте қайталанады. Алғашқы кездерде жылына 1-2 рет қайталанса, жүре келе айына 3-4 рет қайталанып, біртіндеп толассыз ағымғ ие болады.

    Клиникалық көрінісі. Ауыз шінде аздап қызарған және ісінген кілегей қабық бетіне диаметрі 1-2 мм ұсақ көпіршік бөрткендердің шығып, әртүрлі көлемді, дұрыс пішінсіз эрозияларға айналуымен сипатталады. Бөрткендер шығатын аймақта ысып-күю, қышу және аздаған ауыру сезімдері мазалайды. Эрозиялар беті біраз уақыт өткен соң ақшыл-сары түсті фибринді қақпен жабылады. Ерін жиектерінде тері беттеріне шыққан көпіршік бөрткендердің сұйықтығы кеуіп қабықшаға айналады.

    Диф.диагностика: Аурудың салыстырмалы диагностикасы - көптүрлі жалқықты эритемамен, дәрілер әсерінен дамыған қабынулармен, басқа вирустық аурулармен (белдеме теміреткі, аусыл), буллезді дерматоздармен, ауыз-қызылиектің өліеттеніп – жаралана қабынуымен (Венсан гингивостоматиті) жүргізіледі.

    Көптүрлі жалқықты эритема немесе көптүрлі жалқықты қызарма (многоформная экссудативная эритема – erythema exudativum multiforme) – тері мен кілегей қабықтың шұғыл қабыну нәтижесінде әртүрлі бөрткендердің (эритемалардың, көпіршік және күлбірек бөрткендердің, түйіншектердің) шығуымен сипатталатын ауру. Ағымы белгілі бір циклмен дамиды және ауық-ауық қайталанып тұрады (көбінесе көктем-күз айларында). Ауру еңбекке қабілетті жастар (20-40 жас), арасында оның ішінде ер адамдарда жиі кездеседі.

    Клиникалық көрінісі. Аурудың инфекциялы-аллергиялық түрі көбінесе көктем-күз айларында кенеттен жедел басталады. Науқас адамның басы ауырып, бойын әлсіздік, салғырттық билеп, буындары сырқырап, бұлшық еттері сыздап, сүйектері шаншып, дене қызуы көтеріліп (38-39°С дейін), мазасы кетеді. Бір-екі тәуліктен кейін тері бетінде және ауыз кілегей қабығында бөрткендер пайда болады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайып, ауырғыш бола бастайды.

    Көптүрлі жалқықты эритема кезінде екі ұрттың, тілдің, жұмсақ таңдайдың ауыз түбінің және еріннің кілегей қабығы жиі жарақаттанады. Кейде осы аталған аймақтар қатар тұтаса жарақаттанады. Бұл кезде ауыз кілегей қабығы жайыла қызарып, қатты домбығып, ісінеді. Жалқықтану үрдісі жайыла дамығандықтан, сулы бөрткендер пайда болмай-ақ эпителий қабаты өліеттенуге ұшырайды. Бұл кезде ауыз кілегей қабығы тұтас ақшыл-сұрланады және химиялық заттардан болған күйікке ұқсас келеді.

    Емі: Емі. Ауыздың жедел герпестік қабынуын емдеу оның ауырлығына байланысты; этиотроптық, патогенездік, симптоматикалық, жалпылай және жергілікті шаралардан тұрады.

    Жалпылай емдеу:

    Вирусқа қарсы дәрілерді (таңдай білу керек) алғашқы күндері тағайындайды: бонафтон 0,1г 3-4 рет 5 күн қабылдаған соң 1-2 күн үзіліс жасап, қайта қабылдайды (емдеу ұзақтығы 2-3 курс); ацикловир (зовиракс, виролекс) 0,2 г күніне 5 рет 5-10 күн қабылдайды. Балаларға дәрінің жарты мөлшерін береді. Неовир – бұлшық етке әрбір 48 сағаттан кейін енгізеді. Емдеу курсы 7-10 иньекциядан тұрады

    • Ауыру сезімін азайтып, ыстықты басатын дәрілер: парацетамол, панадол, амидопирин, аспирин, ибупрофен (науқастың жасына сәйкес) тағайындайды.

    • Гистаминге қарсы дәрілер: супрастин, фенкарол, тавегил, антигистамин, алсет, ломилан, траксил, диазолин, димедрол, зиртек тағайындаған тиімді.

    Витаминдерді жекелей немесе жиынтық түрінде: аскорутин 0,05г- күніне 3-4 рет, аскорбин қышқылы 0,05г күніне 2-3 рет; поливит, дуовит, триовит, олиговит, джунгли, альфавит, альфагин, супрадин және б., тағайындайды.

    Жергілікті емдеу.

          • Ауыру сезімін басу – анестетиктер ерітінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозольдық препараттарды («10%Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.

          • Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.

          • Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілермен (ертінділермен және жақпамайлармен) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипол, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпамайлары.

          • Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де (бутадион жақпамайы, мундизаль гелі, пиралвекс, гепарин, 0,025% синафлан жақпамайлары) пайдалануға болады.

          • Эрозия ошақтарының тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілік заттарды – А витаминнің майлы ерітіндісі, 0,2% тезан линименті, итмұрын және шырғанақ майлары, каротолин, актовегин және солкосерил жақпамайлары немесе гельдері, дентальды адгезивті пастаны, «Ливиан», «Спедиан», «Олазоль», «Гипозоль» сияқты аэрозольдық препараттарды қолдану5а болады.

          • Ерін жиектеріндегі, тері бетіндегі бөрткендерді 1-2% бриллиант жасылының спирттегі ер3тіндісімен, фукарцинмен, вирусқа қарсы жақпамайлармен өңдейді.


    3-билет

    Диагнозы:Біріншілік мерез жарасы

    Біріншілік мерез (первичный сифилис – syprilis primaria, Lues I) 6-7 аптаға, кейде 2-3 айға созылады.

    Аурудың бұл кезеңінде бозғылт трепонема енген жерде ауырусыз қабыну инфильтраты берішті шанкр (біріншілік сифилома) пайда болады. Осыдан 5-7 күн өткен соң аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды немесе аймақтық склераденит дамиды. Ұлғайған лимфа түйіндерінің диаметрі 2-3 см жетеді, консистенциясы тығыз-шеміршектей, бір-бірінен және қоршаған терімен жабыспаған, тері қабатының түсі өзгермеген. Біріншілік мерез кезеңінің аяғында барлық топтағы лимфа түйіндері ұлғаяды (полиаденит) және оларда трепонемалар барынша көбейеді. Берішті шанкр біреу немесе екі-үшеу болуы мүмкін және жиі орналасатын аймағы ерін-жиектері, тілдің кілегей қабығы, таңдай бадамша бездері. Ауыз кілегей қабығында берішті шанкрдың дамуының өз ерекшелігі бар: алғашқы кезде шағын қызару (гиперемия) ошағы пайда болып, қабыну инфильтратының әсерінен тығызданады және көлемі біртіндеп үлкейіп, диаметрі 1-2 см құрайды. Біраздан кейін шанкрдың орта бөлігі өліеттеніп, диаметрі 3-5 мм домалақ немесе сопақ пішінді, шикі ет түстес, аса ауырмайтын, жиектері тегіс және көтеріңкі, табақшаға ұқсас эрозия немесе жара пайда болады. Эрозия немесе жараның табанында сипап тексергенде тығыз шеміршек консистенциялы инфильтрат анықталады және табаны тегіс, жылтыр таза немесе сарғыштау-сұр түсті «майлы» («сальный») қақпен жабылған болады.

    Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін берішті шанкрдің бетінен алынған затта бозғылт трепонеманың бар-жоқтығы анықталады және серологиялық реакциялар (Вассерман және тұндырма реакциялар) жүргізіледі. Аурудың дамуының 4-ші аптасынан бастап барлық классикалық серологиялық реакциялар (Вассерман, комплементті байланыстыру, Кан және Закс-Витебский реакциялары) тұрақты түрде оң болады.

    Диф.диагностика: Сараптамалы диагностикасы. Берішті шанкрды зақымдану жарасынан ажырата білу керек. Зақымдану жарасы кезінде себепті әсер анықталады (ұрып-соғып алу, тістеп алу),жара табаны аса қатты болмайды және дұрыс емдесе тез жазылып кетеді.

    Берішті шанкр бадамша безде орналасқанда баспадан (ангинадан) ажырату керек. Бірақ бұл кезде баспадағыдай емес, ауру сезімі болмайды, жарақат біржақты орналасады.

    Ерін жиегінде орналасқан шанкрды қайталамалы ерін герпесі кезіндегі эрозиядан ажырату керек. Герпестік эрозия қызарған және ісінген негізде орналасады және көпіршік бөрткеннің жарылуы нәтижесінде пайда болады (мерез кезінде ешуақытта көпіршік бөрткен шықпайды).

    Берішті шанкрды шанкрге ұқсас пиодермиядан ажырату керек. Пиодермияға қабыну үрдісі тән, бетінен іріңді жалқық бөлініп ауырады және дұрыс емделмесе ұзақ сақталады Жарақат ошағынан көп мөлшерде коктар бөлінеді.

    Берішті шанкрды ауыздың қайталамалы афтозды қабынуы кезіндегі афтадан ажырату керек. Бұл ауру кезінде афталар қызарып ісінген, кілегей қабық бетіне шығады және ауық-ауық қайталанып тұрады, серологиялық реациялар теріс болады.

    Берішті шанкрды ыдырай бастаған обыр ісігінен ажырату керек. Обыр ісігі тереңдеу орналасады, жараның жиектері тегіс емес, табаны қанағыш келеді. Патогистологиялық және цитологиялық зерттеулер нәтижесінде атипиялық клеткалар анықталады.

    Емі: Мерезбен ауырған адамдар арнаулы венералогиялық емдеу мекемелерде емделеді. Дәрігер-стоматолог аурудың ауыздағы белгілерімен келген науқасқа дер кезінде арнаулы зерттеулерге немесе емдеу мекемелеріне жолдама беруге міндетті.

    4- БИЛЕТ

    Ауыздың жедел герпестік қабынуының ауыр түрі (stomatitis herpetica acuta)

    патогенезіне байланысты 5 кезеңін – инкубациялық (инкубационный), продромальдық немесе катаральдық (продромальный или катаральный) , даму шыңы немесе бөрткендер шығу кезеңі (разгара болезни или высыпаний), бетінің қайтуы (угасания) және сауығу (выздоровления или реконвалесценции) кезеңдерін ажыратады.

    Клиникалық көрінісі. лимфа түйіндері ұлғаяды және ауырады

    Ауру жедел басталады дене қызуы 39-41° С көтеріледі

    жалпылай уыттану белгілері - әлсіздік, организмнің салғырттық, дімкәстік, бас ауруы, бұлшық еттерінің сыздауы, лоқсу және құсу, іші өтуі байқалады, ауыз ішінің ысып, күйіп, сыздап ауыратынына, қышуына, сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады

    Кілегей қабақта ішінде мөлдір сұйық бар ұсақ көпіршік бөрткендер шыға бастайды және топтаса орналасқандықтан сандары да әртүрлі болады. Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады. Көптеген көпіршіктердің бірігіп барып жарылуынан пайда болған эрозиялар белгілі пішінсіз полигональды (көпбұрышты) болып келеді

    Аурудың салыстырмалы диагностикасы - көптүрлі жалқықты эритемамен, дәрілер әсерінен дамыған қабынулармен, басқа вирустық аурулармен (белдеме теміреткі, аусыл), буллезді дерматоздармен, ауыз-қызылиектің өліеттеніп – жаралана қабынуымен (Венсан гингивостоматиті) жүргізіледі.


    Емі.Жалпылай емдеу:

    Вирусқа қарсы дәрілерді

    бонафтон 0,1г 3-4 рет

    ацикловир

    Ауыру сезімін азайтып, ыстықты басатын дәрілер: парацетамол, аспирин

    Гистаминге қарсы дәрілер: супрастин, фенкарол, тавегил

    Витаминдер аскорутин 0,05г

    аскорбин қышқылы 0,05г

    Жергілікті емдеу.

    Ауыру сезімін басу – анестетиктер

    Антисептиктер және ферменттермен өңдеу

    Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де

    бутадион жақпамайы

    гепари

    5-билет

    Белдемелі теміреткі

    Этиологиясы: желшешек қоздырғышы Varicella zoster герпес вирус тұқымдасы

    Клиникасы[өңдеу]

    Герпес вирустардың I және II типімен шақырылған герпетикалық инфекция тері және шырышты қабаттардың, ОЖЖ, көз, иммунодефициты бар науқастарда ішкі мүшелердің бұзылыстарымен көрінетін инфекциялық ауру. Қарапайым герпестің вирусы жүктіліктің қандай да бір патологиясының, ауыр босанудың және нәрестеде генерализденген инфекцияның, жатырішілік өлімнің немесе аборттың себебі болуы мүмкін. Көп адамдар өмір бойы вирус тасымалдаушы болып өтеді. 85-99% жағдайда ауру симптомсыз өтуі мүмкін. Қазір генитальды герпес соңғы он жылдықта 168%-ға артқан. Көпшілік науқастарда аурудың бірінші симптомы бөртпе шығатын жерде нерв талшықтарының ауыруы. Ауыру ұстамалы болып, теріден гиперестезия байқалады. 1-7 күн өткенде дене қызуы 38-39ос көтеріледі. Жалпы улану пайда болып, бас ауырады. Осы кезде өзіне тән терідегі қабынулар жүреді: қызару, қышу, ісіну, терінің қалыңдауы – бірнеше сағат өткенде бір шоқ жүзім сияқты, ұсақ везикулалар пайда болады. Процесс бір жақты болады. Везикуланың іші қоңырланып, бірнеше күн өткенде кеуіп, қабыршақпен жабылады, қабыршақ түскенде тыртық қалады, өте жиі зақымданулар үшкіл нервтің талшықтарында және ДIV-ДIX дерматомдарында орналасады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейіп, ауырады. Дене қызуы 2-7 күн , одан кейін 5-10 күн өткенде жергілікті процесс тоқтайды. Ауыруы бір айға дейін сақталады. Бірінші күндері бөртпелер қайталанып шығуы мүмкін. АИВ — инфекциясында және басқадай иммунды тапшылық болғанда бөртпелер некрозды болып, орнында тыртықтар қалады. Қанды және буллезді түрлері де кездеседі. Нерв жүйесін зақымдаса серозды менингит және менингоэнцефалит дамиды.

    1. Инкубациялық кезең: Қоздырғыш түскеннен бастап оның белсенуіне дейінгі уақыт ұзақ жылдарға созылуы мүмкін. Әсер етуші факторларға байланысты.

    2. Продром кезеңі: Ауру жедел басталады, 1 немесе 3-4 күнге созылады:

    • Бастың ауыруы

    • Әлсіздік

    • Дене қызуының 38-39 градусқа көтерілуі

    • Диспептикалық көріністер

    • Зақымдала бастаған нерв талшықтары бойында, жансыздану, ауыру сезімі, қышу байқалады.

    Бөртпе шығу кезеңі және қайтуы[өңдеу]

    Тері бетіне бір-біріне тығыз орналасқан 0,3-0,5 см көлемді, іші мөлдір, сұйықтыққа толған экзантема шығады. Басында қызғылт түсті болады. Ол 1 күннен 9 күнге дейін зақымдалған нерв талшықтарының бойымен таралады. Бөртпе пайда болған соң ауыру сезімі ұстама тәрізді сипат алып азая бастайды. Олар өзара қосылуға бейім болып келеді. Экзантемамен қатар лимфа түйіндерінің ауырсынуы, ұлғаюы қатар жүреді, балаларда жоғарғы тыныс жолдарының катар белгілері көрінеді. Уақыт өткен соң күлдіреуіктің түсі бозарып, сұйықтығының мөлдірлігі жойылады. 3 – ші аптада күлдіреуік кеуіп, түсіп қалады. Соңынан экзантема орындарында аздаған пигментация қалады.
    Диф диагностика: жедел герпес стоматиті

    Аллергиялық стоматит

    Желшешекпен

    Белдемелі теміреткіде зақымның біржақтылығымен , рецидивтің болмауымен, айқын ауру сезімімен везикулалардың қатал нерв бойымен орналасуымен сипатталады

    Қосымша зерттеу әдістеріне қан анализі вирусологиялық , гистологиялық зерттеулер жатады
      1   2   3   4


    написать администратору сайта