сопр 2-этап. 1билет Диагнозы Созылмалы заымдану жарасы
Скачать 54.56 Kb.
|
Емі: Кулдіреуіктерді 1-2 % ті калий перманганатымен өңдеу. Ауызды дезинфекциялық ерітінділердің әлсіз ерітіндісімен шаю керек. Асқынулар дамығанда антивирусты ем қолданылады. Қазіргі кезде этиотропты ем ретінде ацикловир (зовирус, виролекс), валацикловир, фамцикловир тағайындалады. Ол вирустық ДНК-ң синтезіне таңдамалы ингибитор болып табылады. Арнайы терапияның эффективтілігі аурудың бастапқы 3-4 күндерінде маңызды әсер етеді. Іріңді асқынулар дамығанда антибиотиктер салынады. Гормондар, антигистаминді препататтар қолданылады. Иммуномодуляторлар: интерферон синтездеуші: неовир, циклоферон, амиксин, ридостин. Құрамында интерфероны бар препараттар: виферон, генферон, КИП-ферон, реаферон, интрон-А, лейкинферон. Ауру сезімін басатындар: парацетамол, кетонал т.б. Витаминотерапия (B тобының витаминдері: нейромультивит) 6-билет Жедел жалған жарғақты ауыз кандидозы немесе сүттеме Этиология кандида саңырауқұлағы Диф диагностика Ауыздың жедел жалған жарғақты кандидозын лейкоплакияның түрлерінен (жазық, веррукозды және жұмсақ лейкоплакия), қызыл жалпақ теміреткіден, екіншілік папулезді мерезден, Фордайс гранулемаларынан ажырата білу керек. Қызыл жалпақ теміреткі кезіндегі беттері мүйізгектенген папулалар мен лейкоплакия кезіндегі мүйізгектену ошағы (жедел жарғақты кандидоз) көрінісіне ұқсас келеді, бірақ қырып байқағанда беттері алынбайды және Candida текті саңырауқұлақтарды анықтауға арналған бактериоскопиялық зерттеулердің нәтижелері теріс болады. Тілдің жалған жарғақты кандидозды қабынуын оның түлей қабынуынан ажырату керек. Бұл кезде тіл үстінде түлеуге дайын ісінген ақ түсті аймақ, төңірегіндегі түлеген аймақтардан көтеріңкі орналасады және 1-2 күннен кейін толық түлеп, шикі ет түстенеді. Бірақ тағы 1-2 күннен кейін қайта қалпына келеді. Емі Емдеу шаралары ауру қоздырғышын жоюға, науқас бойындағы жалпы ауруларды емдеуге, организмнің қорғаныс қасиеттерін жоғарылатуға, ауыз ішін сауықтыруға, тиімді ем-дәм тағайындауға бағытталады. Жалпы емдеу:
Жалпы емдеу:
нистатин Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады леворин
Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі
, бриллиант жасылы, фукорцин,
7 билет Кандидоздық ауыздық (микотическая заеда, син. Ангулярный хейлит – езу тіліктері) 3-10 жас арасындағы балаларда және 60 жастан асқан қарт адамдарда жиірек кездеседі және таңдайдың, тілдің кандидозды қабынуымен қатар дамуы мүмкін. Ауыздық көбінесе тістерді көптеп жоғалту (алдыру) немесе жүйелі қажалуға ұшырау нәтижесінде беттің төменгі бөлігі қысқарып, мұрын-ерін қатпары тереңдеп, екі езу төмен түсіп, жиі ылғалданатын тері қатпарлары пайда болуы әсерінен дамиды. Жүре келе онда саңырауқұлақтар көбейіп, тері қатпарларында қабыну туындатады және ауызды жиі ашу нәтижесінде тіліктер пайда болады. Науқас адамдар көбінесе езу аймақтарының ысып-күюіне, ауызды ашып-жапқанда ауыратынына шағымданады. Көріп байқағанда екі езу терілері аздап қызарғаны, ақшыл-сұр тұнық қабыршақтарымен, оңай алынатын жұқа қабыршақтармен немесе қақпен жабылған. Оларды алып тастаған кезде көбінесе құрғақ, аздап қана ылғалданатын аса терең емес эрозиялар немесе тіліктер анықталады. Патологиялық үрдіс екі езуде орналасады, кейде еріндердің кілегей қабығы мен жиектеріне ауысып, еріннің кандидозды қабынуын (кандидозный хейлит) туындатуы мүмкін. Бұл кезде ерін жиектері құрғап және қызарып, ақшыл-сұр қабыршақтармен жабылады және ұсақ тіліктер пайда болады. Диф диаг Кандидоздық тіліктерді микробты тіліктерден, В2 витамині тапшылығы кезіндегі тіліктерден, мерез папулалары езуде орналасқан кезде дамитын тіліктерден ажырата білу керек. 8 билет Созылмалы атрофиялаушы ауыз кандидозы (хронический атрофический кандидоз рта – candidosis oris chronica atrophica) кезінде шағын аймақтар жарақаттануы мүмкін және үштік белгімен сипатталады: 1) алмалы-салмалы протездер астындағы өзгерістер (қызару, құрғау, эрозиялану және папилломатоз); 2) екі езуде тіліктер пайда болуы (кандидоздық ауыздық); 3) тілдің кандидозды атрофиялана қабынуы – тілдің үсті құрғақ, түсі таңқұрай жемісі түстес, бүртіктері атрофияға ұшырғандықтан беті жылтыр. Ақшыл-сұр түсті қақ аз мөлшерде тек терең қатпарларда және тілдің бүйір беттерінде орналасуы мүмкін және күшпен қырғанда ғана алынады. Алынған қақты бактериоскопиялық зерттеуден өткізгенде көп мөлшерде споралар мен жалған мицелий жіпшелері анықталады ( сурет). Кандидоздың бұл түрін ауыздың әртүрлі аллергиялық қабынуларынан (оның ішінде дәрілерден), анемия, екіншілік мерез кезіндегі тілдегі өзгерістерден («ойдым-ойдым шабылған шабындық симптомы») ажырата білу керек. Кандидозды емдеу Ауыз кандидозымен ауырған науқастарды емдеу кешенді және тиімді жүргізілуі керек. Емдеу шаралары ауру қоздырғышын жоюға, науқас бойындағы жалпы ауруларды емдеуге, организмнің қорғаныс қасиеттерін жоғарылатуға, ауыз ішін сауықтыруға, тиімді ем-дәм тағайындауға бағытталады. Ауруды емдеу жоспары: - бойындағы негізгі ауруларды анықтау және емдеу (басқа мамандармен – эндокринолог, гастроэнтеролог, терапевтпен -бірлесе) - организмді қуаттандыратын дәрілер-витаминдер, макро-микроэлементтер жиынтығын тағайындау; - көмірсулы тағамдар (тәтті, ұннан, крахмалдан жасалған) шектелген ем-дәм тағайындау. - жергілікті иммунитетті көтеруге арналған дәрілер тағайындау; - саңырауқұлаққа қарсы дәрілерді жалпылай және жергілікті қолданып емдеу. Жалпы емдеу:
9-билет Диагнозы:Глоссалгия Глоссалгия (стомалгия) – ауыз кілегей қабығында және тілде дамитын әртүрлі ауру сезімдері мен сезімталдықтың ауытқуларынан туратын симптомдар кешеніне тән созылмалы ауру. Алғаш рет бұл ауруды 1838 жылы Weisse ғылыми түрде сипаттап жазған. Ауруға байланысты көптеген ғылыми еңбектер жарық көргенімен аурудың этиологиясы мен патогенезі толықтай анықталмаған. Олардың ішінде жергілікті ықпалдар: ауыз кілегей қабығының тісжегі әсерінен бұзылған тістер сауыттарының өткір бөліктерімен, сапасыз жасалған протездерімен зақымдануы, әртүрлі емдеу шараларын жүргізген кезде жарақаттануы, окклюзиялық биіктіктің төмендеуі, әртүрлі металлдан жасалған пломбылардың және протездердің болуы, әртүрлі аллергиялық реакциялардың орын алуы. Жалпы эндогендік ықпалдар қатарына асқорыту ағзаларының, жүрек-қан тамыр, жүйке және эндокриндік жүйе ауруларын, витаминдер жетіспеушілігін (оның В1, В2, В12 витаминдер) жатқызуға болады. Глоссалгияның патогенезінде орталық және шеттік жүйке жүйелері қызметінің ауытқулары, қан тамырлар тонусының өзгеруі, ұсақ тамырларда қан айналымының, ауыз іші тіндерінде зат алмасудың бұзылуы, биологиялық белсенді заттар деңгейінің өзгеруі маңызды орын алады. Кейбір науқастарда глоассалгия (стомалгия) белгілері белгілі бір психоэмоциялық күйзелістерден кейін, ағзалардың созылмалы ауруларының өршуі кезінде, сапасыз протездер қойғаннан кейін, тісті аса қиындықпен жұлғаннан кейін біліне бастайды. Клинкалық көрінісі. Глоссалгияның ең басты белгілері – дизестезиялық және парестезиялық белгілер (қызу, күю, ашу, қышу, шаншу, тызылдау, жыбырлау, дуылдау, жансыздану сияқты). Науқас өзін мазалайтын сезімдерді жоғары температура әсерінен күю кезіндегі сезіммен, ащы бұрыш пайдаланғандағы дуылдау, құрт-құмырсқа өрмелегенде дененің түршігуі сияқты белгілермен салыстырады. Осы сезімдер тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің кілегей қабығында кейде тілді тұтас ала орналасады. Сонымен қатар науқастарды тіліндегі ыңғайсыздық, ауырлық, ісіну сезімдері, жаншып және сырқырап ауыру белгілері де мазалауы мүмкін. Кейде тілде күрделі сезімдер ауытқулары да орын алады. Олар – тілде «құрт жыбырлап жүрген» сияқты, «шаштар өсіп шыққан» сияқты сезімдер. Алғашқы парестезиялық белгілердің орналасу аймағына байланысты Е.С.Яворская (1972, 1976) глоссалгияның 6 нұсқасын ажыратады:
окципитальдық – сезімдер 1-11 мойын сегменттерінің нервтендіру аймағында орналасқан. Глоссалгияның бұл нұсқаларын кейде жеке нервтерінің невралгиясы деп те ұғынуға болады. Парестезиялық белгілердің көбірек орын алған аймағына байланысты Яворская аурудың тағы екі түрін ажыратады: 1) мукозды түрі – парестезиялық сезімдер ауыз кілегей қабығында, тіл түбірінде, жұтқыншықта және өңештің мойын бөлігінде орналасады. 2) дерматомукозды түрі – парестезиялық сезімдер жоғарыда аталған аймақтармен қайтар бет және желке терісінде орналасады. Диф.диагностика: Аурудың салыстырмалы диагностикасы. Глоссалгияға ұқсас клиникалық белгілер тілді, ауыз кілегей қабығын, жұтқыншақты, көмейді нервтендіретін нервтер невралгиясы және олардың қабынуы кезінде де байқалады. Сонымен қатар ауыздағы гальванизм белгілерінен, төмендеген тістем (Костен синдромы) кезіндегі Глоссалгияға тән негізгі және тиімді белгі – барлық ауытқу сезімдердің ас қабылдаған кезде басылуы немесе толық болмауы. Ауытқу сезімдері көбіне қызыл иектерде орналасқан кезде «одонтогендік плексалгия» белгілерінен ажырату керек. Үштік нерв невралгиясына (көбіне өршу кезеңінде) ұзаққа созылмайтын, белгілі анатомиялық аймақта орналасқан өте қатты ауру сезімі тән. Ауру сезімінің триггерлік механизмі (қозғаушы күші) сақталады. Ол күш ас қабылдағанда, сөйлегенде, бетін жұғанда шүріппелі аймаққа («курковая зона») тиіп кеткенде оянады. Ауру сезімі қозған кезде науқастың бет пішіні өзгереді, бет терісінің қызарып немесе бозғылданып кетуі сияқты вегетативтік өзгерістер, көзден жас ағу, беттің мимикалық еттерінің тырысып жыбырлауы байқалады. Үштік нерв тармақтарының сүйектен шыққан жерін сипап байқағанда ауыру сезіледі. Костен синдромы кезінде парестезиялық өзгерістермен қатар, тістемнің төмендеуі, құлақта шу пайда болып, нашар есту, шықшыт төменгі жақ буындарының сыртылдауы сияқты белгілер де болуы мүмкін. Гальваникалық синдром кезінде де ауызда парестезиялық өзгерістер байқалады. Әртүрлі металлдан жасалған конструкциялар арасында пайда болған шағын күшті электр тогы және олардың электрохимиялық коррозияға ұшырауынан пайда болған заттар ыңғайсыз сезімдер (көбінесе таңертең ауызда темір немесе қышқыл дәмі, тұз және ащы дәмдер) туындатады. Қалыпты жағдайда ауыз ішінің электр потенциалы 10-20 мка тең, егер одан жоғары болса, арнаулы емдеу шараларын жүргізу қажет Емі. Глоссалгияны емдеу кезінде кешенділік қағидасын (симптоматикалық, этио-патогенездік, жалпылай-күшейтіп емдеу) толық сақтау қажет. Дәрілерді таңдап тағайындау неврологиялық көрсетілімдерге байланысты. Гиперастениялық жағдайда (ашуланшақтық, шыдамсыздық, үйренушілік, дегбірсіздік) транквилизаторлар (диазепам 0,005 г немесе феназипан 0,0005 г ½ - 1 таблетка, күніне 1-2 рет), антидепрессанттар (амитриптилин 0,025 г немесе азафен 0,025 г ½ - 1 таблетка, күніне бір рет). Емдеу курсы – 1-1,5 ай. Гипоастениялық жағдайда және депрессия кезінде (әлсіздік, сылбырлық, жабырқаулық, енжарлық, жұмыс қабілетінің төмендеуі) транквилизаторлар, (сигнопам 0,01 г бір таблеткадан, күніне бір рет), антидепрессанттар (имизин 0,025 ½ таблеткадан күніне бір рет бір айға жуық), нейролептиктер (эглонил 0,002 г ¼ таблетка күніне 2 рет, біртіндеп мөлшерін жоғарылатады және 1-2 таблеткаға жеткізеді). Глоссалгияны (стомалгияны) емдеу үшін орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілерді (шүйгіншөп, сасықшөп, пион тұнбаларын), Сухинин, Павлов, Кватер микстураларын тағайындайды. Микстураларды бір ас қасықтан күніне 3 рет, 1-2 айдай қабылдауға болады. Вегето-тамырлы дистонияны емдеу үшін беласпон, беллоид, беллатаминал (бір таблеткадан күніне 2-3 рет бір ай шамасында) тағайындайды. Қан тамырларын кеңейтетін дәрілерді (но-шпа, никотин, никотинамид), мидағы және жергілікті қан айналымын жақсартатын дәрілерді (циннаризин, кавинтон, пирацетам, стугерон, трентал, мидокалм) тағайындаған артық болмайды (көбінесе жасы ұлғайған адамдарға). Витаминдерді: тиамин, рибофлавин, пиридоксин, цианкобаламин, аскорбин қышқылын парентералды, токоферол ацетатын және ретинол ацетатын іштей қабылдау қажеттігін де ұмытпау керек. 10-билет Диагнозы:Глоссалгия Глоссалгия (стомалгия) – ауыз кілегей қабығында және тілде дамитын әртүрлі ауру сезімдері мен сезімталдықтың ауытқуларынан туратын симптомдар кешеніне тән созылмалы ауру. Алғаш рет бұл ауруды 1838 жылы Weisse ғылыми түрде сипаттап жазған. Ауруға байланысты көптеген ғылыми еңбектер жарық көргенімен аурудың этиологиясы мен патогенезі толықтай анықталмаған. Олардың ішінде жергілікті ықпалдар: ауыз кілегей қабығының тісжегі әсерінен бұзылған тістер сауыттарының өткір бөліктерімен, сапасыз жасалған протездерімен зақымдануы, әртүрлі емдеу шараларын жүргізген кезде жарақаттануы, окклюзиялық биіктіктің төмендеуі, әртүрлі металлдан жасалған пломбылардың және протездердің болуы, әртүрлі аллергиялық реакциялардың орын алуы. Жалпы эндогендік ықпалдар қатарына асқорыту ағзаларының, жүрек-қан тамыр, жүйке және эндокриндік жүйе ауруларын, витаминдер жетіспеушілігін (оның В1, В2, В12 витаминдер) жатқызуға болады. Глоссалгияның патогенезінде орталық және шеттік жүйке жүйелері қызметінің ауытқулары, қан тамырлар тонусының өзгеруі, ұсақ тамырларда қан айналымының, ауыз іші тіндерінде зат алмасудың бұзылуы, биологиялық белсенді заттар деңгейінің өзгеруі маңызды орын алады. Кейбір науқастарда глоассалгия (стомалгия) белгілері белгілі бір психоэмоциялық күйзелістерден кейін, ағзалардың созылмалы ауруларының өршуі кезінде, сапасыз протездер қойғаннан кейін, тісті аса қиындықпен жұлғаннан кейін біліне бастайды. |