Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 9.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру
9.1.5.1-Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау.
9.2.5.4-Интерьерді (тұрғын үй, қоғамдық) безендіру, жоспарлау және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмысты орындау үшін түрлі салалардағы білімдерін жалпылау
9.3.3.1-Бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын қызметі, экономика) талдау және бағалау
|
ортасы
| Мерекелерге арнап интерьерді безендіру нұсқаларын (шарлармен – аэродизайн, гүлдермен – флористикалық композициялар, түрлі маталар және таспалармен, аспалы және түрлі мерекелік инсталляциялармен безендіру) қарастырады. Олар бұл әшекейлердің қандай ісшараларға арналғандығын, ерекшеліктерін анықтайды. Мысалы, шарлармен безендіру ашық, жарқын, көңілді көңіл-күй сыйлайды, гүлдермен безендіру іс-шараның салтанаттылығын, интерьер дизайнына кербездік, асқан талғампаздылықты қосады. Мерекелік безендіру барысында есепке алынатын аспектілерді анықтайды. Мысалы: - бөлменің жалпы стилистикасы; - үйлесімді түстердің іріктелуі; - мерекенің бағытын айрықша басып көрсетілуі.
Зерттеу.Интерьер және сахнаны жоспары мен қызметін ескере отырып, мерекеге байланысты безендіру бойынша ұсыныстар/талаптармен танысатын экспресс зерттеу жүргізеді. Негізгі факторларды (эстетика, қызметі, экономика) ескеріп, шығармашылық жұмысты бағалау критерийлерін құрастырады. Мысалы: - нақты бір іс-шараға арналған бұйым эскизін орындайды; - бөлменің көлемін ескереді (қажетті мөлшер мен өлшемдегі әшекей); - қысқа әрі нақты шешім шығарады; - материалдарды (түстік гамма, фактура) тиімді қолданады; - екінші қолданыстағы материалдар және т.б. пайдаланады.
Шарлар, қағаздар, маталар және т.б. қолданып, мерекелік композициялардың сәнді элементтерін дайындаудың техникалары және тәсілдерімен танысады.
Тәжірибелік жұмыс.Мерекелік іс-шараларға арналған интерьерді безендірудің (сахнаны, баспалдақтарды, кіреберістерді, холл және т.б. безендіру) эскизін орындайды. Декорациялар элементтерінің/конструкцияларының орналасуын жоспарлайды және материалдардың шығыны тізімін құрып, өзіндік құнын анықтайды. Болжамды тақырыптар: «Жеңіс күнін тойлауға арналған сахнаны безендіру», «Соңғы қоңырауға арналған сахнаны безендіру», «Балаларды қорғау күніне арналған спортзалын безендіру» және т.б. Мектептің мерекелік ісшараларын өткізуде іске асыруға болатын ең мықты идеяны анықтау мен бағалау мақсатында кішігірім көрме немесе көрсетілім ұйымдастырады.
Талқылауға арналған сұрақтар: - жасалған бұйым/конструкция қандай аймаққа арналған? - Бұл безендіру қандай іс-шараға арналады? - Шығармашылық жұмыс қандай стильде (этникалық, тарихи немесе заманауи) орындалған? - Түстік гамманы таңдау мен материалдарды тиімді қолдануды негіздеңіз - Іске асыруда материалдардың шығын мөлшері қандай болады? - Әшекей/конструкцияның өзіндік құны қандай? - Өзініңздің және сыныптасыңыздың жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныс айтыңыз.
| Көрсетуге арналған бірқатар көрнекілік материалдар дайындап, оларды үлестіру ұсынылады.
1-топ – шарлармен безендірілетін балалар мерекесі, үйлену/қыз ұзату той мерекесі, қалалық мерекелік іс-шараларға және т.б. арналған сахналарды безендіру;
2-топ – үйлену той салтанатын, концерт және конференц залдарын және т.б. флористтік композициялармен безендіру;
3-топ – концерт залын, қалалық мерекелік іс-шараларға арналған сахналарды, үйлену тойы және т.б. мата мен таспалармен безендіру;
4-топ – Интерьерді жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күніне немесе Наурыз мерекесіне арналған мерекелік инсталляциямен безендіру
Тәжірибелік жұмыс алдында шебер сынытарын немесе қысқаша бейнематериалдар дайындап қою ұсынылады. Тәжірибелік жұмыстың алдында шебер сыныптарын немесе қысқа шағын бейнероликтер дайындап қою және оқушылардың идеяларының дамуына бағытталған, түрлі қолда бар материалдардан әшекей элементін жасап, көрсету ұсынылады. Мысалы, қағаздан немесе изолоннан жасалған көлемді гүлдер, асханалық қағаз майлықтардан көлемді фигураларды бүктеу сызбалары. Тәжірибелік жұмыс – эскиз/суреттеме жеке немесе жұптаса отырып орындалуы мүмкін. Безендіру конструкицясы белгілі бір ортаға (фронтальді немесе бұрыштық перспективадағы бөлме) негізделіп орындалуы мүмкін. Оқушыларға жұмыс барысында қолдау (сахна немесе интерьердің дайын шаблондарын беру) көрсетіп отыру ұсынылады. Жұмыс соңында оқушылардың ең үздік шыққан эскизін таңдап, сол бойынша мектептің мерекелік іс-шарасын безендіруге дайындалу ұсынылады. Меркелік әшекейлердің барлық элементтерін дайындау үшін бүкіл сыныпты жинап, ұжымдық жұмыс ұйымдастыру ұсынылады. Орналастырылған безендіруді фотосуретке түсіріп алып, шығармашылық портфолиоға жинау керек
| Дискриптор арқылы бағалау Өзін-өзі бағалау және өзара
бағалау
| Сәнді безендіру https://studbooks.net/6 67981/kulturologiya/dekoratsionnoe_oformlenie
Мерекелерге арнап сахнаны безендіру https://stranamasterov. ru/node/634811 Түрлі материалдарды қолданып мерекені. Безендіру бойынша кеңестер https://svoimirukamy. com/idei-ukrasheniyazala-kprazdnikam.html Жіптер мен желімнен жасалған шарлар https://svoimirukamy. com/shary-iz-nitok-ikleya.html Залды қалай сәндеуге болады: қағаз және қиял http://snovaprazdnik.ru/kakukrasit-zal-bumaga/
Залдарды безендірудегі үлкен көлемді қағаз гүлдер http://dizainvfoto.ru/d ekor/bolshiebumazhnye-cvety-voformlenii-zalov.html Матаны шаршаулау: шаршаулау түрлері мен стильдері https://gidpotkanyam.r u/drapirovkatkani.html Өз қолыңмен жасалған әшекейленген шарлар тізбегі: кезеңдік нұсқаулық https://heaclub.ru/kaksdelat-girlyandu-izvozdushnyh-sharovsvoimi-rukamiposhagovayainstrukciya-fotogirlyanda-izraznocvetnyh-sharovtrikolor-trehcvetnayadvuhcvetnaya-radugaperekruchennayasvoimi-rukami-sh
|