Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмсақ бидай сорттары

  • Қатты бидай сорттары

  • Жаздық бидай дақылын өсірудің технологиялық схемасы

  • Бақылау сұрақтары Жаздық бидай

  • лекция. 1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР. 1 Днді даылдар 1 Жазды днді даылдар Жазды бидай


    Скачать 194.78 Kb.
    Название1 Днді даылдар 1 Жазды днді даылдар Жазды бидай
    Анкорлекция
    Дата17.05.2023
    Размер194.78 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР.docx
    ТипДокументы
    #1136907
    страница1 из 10
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР
    1.1 Жаздық дәнді дақылдар
    Жаздық бидай

    Жаздық жұмсақ бидай – Қазақстанның солтүстік өңірінде жоғары бағалы және ең көп тараған азық-түліктік дәнді дақыл. Бидай наны дәмділік сапасы, қоректілігі және қорытылғыштығы бойынша басқа дәнді дақылдар ұнынан пісірілген, барлық нандардан асып түседі. Бидай астығының сапасын сипаттайтын маңызды көрсет – кіш белок мөлшері мен дән уызы (клейковина). Бұл көрсеткіштер бидайдың пайда-

    лану сипатын анықтайды.

    Өңдеу (өндіру) өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға белогі мен дән уызы мол жұмсақ бидай жатады.

    Күшті бидайлар өндірісіне ең көп үлес қосатын – бұл Солтүстік Қазақстан. Қатты

    бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруде таптырмайтын шикізат болып та-

    былады.

    Жаздық жұмсақ бидай арнайы дәнді-парлы және дәнді-отамалы ауыспалы егіс-

    терінде таза парға, пардан кейін 2-3 дақыл ретінде себіледі. Сонымен қатар отама-

    лы (жүгері, картоп), дәнді бұршақ (асбұршақ, ноқат), көпжылдық шөптерден кейін

    ерте жыртылған жер қыртысы жаздық бидай үшін қолайлы алғы дақылдар болып

    саналады.

    Жаздық қатты бидайды гүл кенесімен зарасызданбауы үшін таза парға (арпа-

    дан кейінгі), асбұршақ, отамалы ауыспалы егістеріне және көпжылдық шөптен кей-

    ін ерте жыртылған жер қыртысына себеді. Күзгі топырақты өңдеу астықты жинау-

    дан кейін жүргізіледі. Топырақ тығыздығын, механикалық құрамын, ылғалдылы- ғын, ластану типін және жер бедерін ескере отырып, өңдеу тереңдігін бекітеді.

    Барлық агротехникалық шараларды өсімдіктердің өсу жүйесіне сәйкес, дәлдеп,

    олардың қоректік жағдайларын ескеріп жүргізу керек. Оларды сақтамау өнімнің аз-

    ды-көпті кемуін тудырады. Тұқымның көктеуіне оттегі, ылғал және сәйкестік тем-

    пература қажет. Әртүрлі астық дақылдарының дәніне керекті температура және су

    мөлшері(Б қосымшасында) көрсетілген.

    Көктемде топырақтың физикалық пісуі кезеңінде, себу алдындағы, өңдеуге дейін, ықтырманы жоймай парлы егістерді инеше тырмалармен Биг-3,БМШ-15 немесе тісті тырмалармен ылғалды жабу агротехникалық шаралары жүргізіледі. Қара сұлымен күшті ластанған егістерге қарасұлыға қарсы гербицидтерді (авадекс БВ,триаллат) топыраққа еңгізу қажет. Арамшөптерден таза егістерде, сонымен қатар егіске гербицид енгізілуі қарастырылса, себу алдындағы өңдеу шарасы жүргізілмайді.Себілетін тұқымды сұрыпталған, кондициялы және дәріленген жұмсақ және қатты бидай сорттарының тіркелген тұқымдары қолданылады.


    Жұмсақ бидай сорттары:

    Ақмола 2. А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институ-

    тында шығарылған. Лютесценс түршесі. Масақтары ақ, қылтықсыз, қабығы түксіз, дәні қызыл. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетация ұзақтығы 85-95 күн. Жатып қалуға төзімді, өнімділігі жоғары.Аймақтағы орташа өнімділігі 20 ц/га. Күшті дән қалыптастырады: клейковинасы – 27,8 30,1%, ақуызы – 14,0-15,0%, мың дәннің массасы-36,0г. Интенсивті сорт түрі.

    Целинная 3С.А.И.Бараев атындағы Қазақ астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт.Құр-

    Ғақшылыққа төзімді. Нандық сапасы жоғары. Ақуыз құрамы-14,5-15,8%, клейкови-

    насы -29-31%, 1000 тұқымның массасы – 362-35г. Ақмола облысында 2001 жылы жоғары өнім 33ц/га алынды.

    Карабалыкская 90. Қостанай АҒЗИ-ның Қарабалық ауылшаруашылық тәжіри-

    белік станциясында шығарылған. Лютесценс түршесі.Орташа мерзімде пісетін сорт

    Ерте жазғы құрғақшылыққа төзімді, жазғы жауын-шашынды жақсы пайдаланады.

    Жатып қалуға, шашылуға төзімді. Сорт жоғары икемділігімен сипатталады. Күшті

    бидай. Жоғары өнімі 33,2ц/га.

    Астана. А.И.Бараев атындағы астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институ-

    тында шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа ерте мерзімде пісетін сорт. Ақмо-

    ла 2 стандарттан 2-3 күн бұрын піседі. Құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімді.

    Сорт жоғары сапалы тұқым қалыптастырады: клейковинасы – 32,8- 30,0%, ақуызы – 13,3-16,8%. 2003 жылы ең жоғары өнімді- 32,0ц/га құрады. Ауруларға (қара күйе,

    тот, септориозге) төзімді, жасырын сабақ зиянкестеріне төзімдігі стандарт Ақмо-

    ла 2-ден жоғары.

    Казахстанская раннеспелая. В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ҒЗИ және Қара-

    Балық ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында шығарылған. Лютесценс түр-

    шесі. Орташа ерте мерзімде пісетін сорт, 68-85 күнде пісіп жетіледі. Жатып қалуға төзімділігі жоғары. Күшті бидай. 1000 тұқымның массаы -35,8-38,0г. Қара күйе жә-

    не тамыр шірігі ауруымен орташа залалданады. Жоғары өнімділігі - 33,8ц/га.

    Омская 31. Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа ерте мерзім-де пісетін сорт, 78 күн мерзімінде пісіп жетіледі. Көктемгі-жазғы құрғақшылыққа,

    ақұнтақ ауруына және қара күйе ауруына төзімділігі жоғары. Жатып қалуға төзім-

    ділігі орташа. Күшті бидай. Дәні ірі, шынылы, натурасы жоғары. 1000 тұқымының

    массасы 38,2-42,0г. Жоғары өнімділігі – 52,2 ц/га.

    Омская 18. Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа кеш мерзім-

    де пісетін сорт, кезең ұзақтылығы 81-103 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары,

    аурумен залалдануы орташа, Саратовская 29 деңгейінде. 1000 тұқымның массасы-

    28,8-33,2г. Сорт өнімді түптенумен және масақтың дәнділігімен ерекшеленеді. Жо-

    ғары өнімділігі интенсивті фонда 62 ц/га құрайды.

    Омская 28. Сорт Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа кеш пі-

    сетін сорт. Вегетация ұзақтығы және өнімділігі Омская 18 сортымен бірдей. Жатып

    қалуға және шашылып қалуға төзімді. Дән ірілігі орташа, жоғары натуралы. Күшті

    бидай.


    Росинка 3. Сорт Сібір АҒЗИ шығарылған. Лютесценс түршесі. Орташа кеш пі-

    сетін сорт, 79-85 күн мерзімінде пісіп жетіледі. Тозаңды және қатты қара күйе ау-

    руына төзімді. Күшті бидай. Дәні ірі, 1000 тұқымының массасы 38,2-45,0г. Жоғары

    өнімділігі – 47 ц/га.

    Эритроспермум 35. Сорт Қостанай АҒЗИ жәнеА.И.Бараев атындағы Қазақ ас- тықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Эритроспермум түршесі. Масағы қылтықты, ақ, қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Жатып қалуға төз-

    імділігі -3,5 балмен бағаланады. Саратовская 29 сорты деңгейінде. Құрғақшылыққа

    төзімділігі жоғары, шашылмайды. Тозаңды қара күйе ауруымен залалдануы төмен,

    бурыл және сабақтық тот ауруымен тез залалданады. 1000 тұқымның массасы-30,5-

    38,0г.

    Қатты бидай сорттары:

    Омский рубин. Сорт Сібір АҒЗИ шығарылған. Гордеиформе түршесі. Масағы

    призма тәрізді, қылтықты, қабықшасы түссіз, дәні ақ. Орташа мерзімде пісетін сорт. Кезең ұзақтығы 90-95 күн. Жатып қалуға төзімділігі 4,8 балмен бағаланады.

    Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, тозаңды қара күйемен, сабақты тат ауруымен

    тез залалданады. 1000 тұқымның массасы 28-38г.

    Безенчукская 139. Куйбышев ҒЗИ-да шығарылған. Гордеиформе түршесі. Ор-

    таша мерзімде пісетін сорт. Жатып қалуға төзімділігі орташа. Құрғақшылыққа төз- імділігі орташадан жоғары. Қара күйе және бурыл тот ауруымен залалдану дәреже-

    сі төмен. Дәні ірі, 1000 тұқымының массасы 35-46г. Макарон өнімдік. Сапасы жо-

    ғары. Ең жоғары өнімділігі -32ц/га.

    Алтайка. Алтай егіншаруашылық және ауылшаруашылық дақыл селекциясы-

    ның ҒЗИ-да шығарылған. Гордеиформе түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Ке-

    зең ұзақтығы 75-100 күн. Тамыр шірігі және тозаңды қара күйемен аз залалданады.

    Сорт өнімділігі жоғары. Дәндегі клейковина мөлшері 32%, ал дән натурасы 770-800

    г/л. Макарон өнімдік сапасы жоғары. Ең жоғарғы өнімділігі 43,4 ц/га.

    Дамсинская 90. А.И.Бараев атындағы Қазақ астықшаруашылығы ғылыми-зерт-

    теу институтында шығарылған. Леукурум түршесі. Масағы қылтықты,ақ, қабықша-

    сы түксіз, дәні ақ. Орташа мерзімде пісетін сорт. Шашылып қалуға төзімді, жатып

    қалуға бейім. Макарон өнімдік сапасы жоғары. Дәндегі клейковина мөлшері -41,8%

    дейін жетеді. Ақуыз құрамы -17,8%, шынылығы -95-99%, 1000 тұқымның массасы

    62г-ға жетеді.

    Сид 88. Сорт Қостанай АҒЗИ жәнеА.И.Бараев атындағы Қазақ астықшаруашы- лығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. . Гордеиформе түршесі. Орташа

    кеш пісетін сорт. Құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімді.

    Тұқым сапасы егістік стандарт талабына сай болуы керек. 1000 тұқымның мас-

    сасы жұмсақ бидай үшін 35-40г, қатты бидай үшін 40г. Өсу күші жұмсақ бидайда

    80%-дан кем болмауы керек, ал қатты бидайда -70%. Себу мөлшері аймақтың кли-

    матын, топырақ құнарлылығын, себілетін сортты, себу мерзімін және танаптың ластануын ескере отырып бекітіледі. Себу мөлшері кәдімгі қара топырақ аймағын-

    да 3,5-4,2 млн. өңгіш тұқым/га, оңтүстік қара топырақ аймағы үшін 2,7-3,5 млн. өн-

    гіш тұқым/га. Тұқым сіңіру тереңдігі 5-7см. Барлық аймақтарда жаздық бидайды себу кезінде азот-фосфорлы және азот тыңайтқыштарын локальды еңгізудің тиімді-

    гі жоғары. Сілтісіздірілген қара топырақ аймағында жаздық бидайды себудің қол-

    айлы мерзімі 18-23 мамыр аралығы, кәдімгі қара топырақ аймағында 20-26 мамыр

    және қоңыр-сұр топырақ аймағында 20-28 мамыр аралығы. Себуді кеш мерзімде пі-

    сетін сорттардан бастаған жөн. Себу мерзімінің екінші жартысында орташа және орташадан ерте мерзімде пісетін сорттарды қолданады. Кәдімгі қара топырақты тау-қыратты аймағында және қуаншыл далалық аймағында орташа мерзімде пісе-

    тін жұмсақ бидай сорттарын 25 мамырға дейін, ал далалы аймақта 31 мамырға дей-

    ін сепкен дұрыс. Жаздық қатты бидайды себу 25-27 мамыр аралығында жүргізіледі.

    Омский рубин сортын себудің қолайлы мерзімі 22-25 мамыр аралығы.

    Арамшөппен күресуде көктеу алдында орташа тырмалармен тырмалау тиімді

    шара болып табылады. Жаздық бидайдың түптенуінен -түтіктену кезеңіне дейін ат-

    патамырлы арамшөптерді жою үшін: Гранстар 75% ст.с,-10-20 г/га, Дезармон 72%

    в.к.,- 1,0-1,5 л/га, Секатор Турбо- 0,7 л/га, Дикамин 72% в.р.-1,0-1,25 л/га, Ларен-10

    г/га гербицидтері қолданылады. Қара сұлы және атпатамырлы арамшөптермен лас-

    танған егісті екі рет өңдеу жүргізбес үшін келесі гербицидтер қоспасы қолданыла-

    ды: Гранстар 75% с.т.с.,- 15 г/га + Тренд 150 г/га + Топик 8% к.э.- 0,4 л/га; Трезор 60% с.к. 1,2 кг/га + Топик 8% к.э. 0,4 л/га; Секатор Турбо- 0,7 л/га + Пума супер 75% э.м.в.,- 1 л/га. Қажет болған жағдайда аурулар мен зиянкестерге қарсы күресу шара-

    лары жүргізіледі.

    Жаздық бидайды жинау балауызданып пісу мерзімінің (дән ылғалдылығы 25-

    30%) ортасында басталып және комбайнмен тікелей орумен (ылғалдылығы 17-20%) аяқталады.

    Жаздық бидай дақылын өсірудің технологиялық схемасы





    Технологиялық

    іс-шаралар



    А/ш машиналар

    және құралдар



    Жүргізу

    мерзімі


    Сапалық көрсеткіштер

    шарқы


    1


    2


    3


    4


    5


    Пардан кейінгі бірінші дақыл


    1


    Ерте көктемдегі

    топырақты өңдеу



    «Morris Field

    PRO»


    Топырақтың

    физикалық пісу

    кезеңі,2 ізбен


    Тереңдігі

    3-4 см


    2


    Триаллат,

    Авадекс БВ сіңіру

    (қара сұлыға қарсы)


    «Morris Field

    PRO»


    «John Deer-4720»


    Топырақтың

    физикалық пісу

    кезеңі


    Тереңдігі

    3-4 см,


    мөлшері 3,0л/га


    3


    Тұқымды

    Дәрілеу


    ПС-10

    ПСУ-10


    СТ


    Себу

    алдында


    Винцит, 5% к.с.

    2,0 л/т.


    Витавакс 200 65%с.п.-3 кг/т.

    Раксил 2% с.п.-

    1,5 кг/т.


    4


    Себу


    СЗП-3,6; СЗС-2,1

    Себу кешендері

    «John Deer-1895», »Horsch-

    Агро-Союз»,

    «Morris concept 2000».


    Жұмсақ бидай-

    18-28 мамыр,

    Қатты бидай-

    22-25 мамыр



    Себу тереңдігі

    5-7 см,


    Жұмсақ бидай

    себу мөлшері-

    2,3-4,2 млн;

    Қатты бидай үшін-3,0-3,2 млн

    өнгіш тұқым


    Егісті күтіп-баптау


    5


    Арамшөптерге

    қарсы бүрку



    ОПШ-15

    «John Deer-800»,

    «John Deer-4720»


    Бидайдың түпте-

    ну кезеңі.Атпа та-

    мырлы, бір жар-

    нақты арамшөп-

    терге қарсы


    Секатор турбо-

    0,7 л/га.

    Гранстар-15г/га.

    Пума Супер 75% - 1л/га



    6


    Зиянкестерге қарсы

    бүрку


    «John Deer-4720»

    «Summers»



    Бидайдың түтік-

    тену кезеңі.Щвед

    шыбыны, астық

    бүргесі және т.б.

    қарсы.


    Децис экстра-

    0,05л/га.

    Каратэ 5% к.э.-

    0,2 л/га.



    1


    2


    3


    4


    5


    7


    Ауруларға қарсы

    бүрку


    «John Deer-4720»

    «Summers»



    Таттарға, септор- иозға қарсы, ту-

    лық жапырақ- тану кезеңінде



    Фалькон-0,6л/га,

    Тилт 25% к.э.-

    0,5 л/га. Рекс 49,7%-0,5 л/га


    Егінді жинау


    8


    Егісті жинау алдында

    өңдеу немесе десикация



    Самолетпен,

    делтопланмен



    Дәннің ылғалды-

    лығы 32-36%



    Баста 14% в.р.-

    1,5-2,0 кг/га.



    9


    Тікелей комбаинмен

    ору


    Енисей, «John Deer», Медион

    310-330, Мега

    350/360


    Дәннің толық пісіп-жетілген

    кезі


    Дәннің ылғалды-

    лығы 14-18%



    10


    Бөлектеп ору.

    Дестелеп шабу.



    ЖВН-6А, ЖВН-9(жатка-

    лары), МасДон

    3020


    Дәннің балауызданып пісу кезеңі


    Шабу биіктігі

    15-18 см,

    Ылғалдылығы

    25-30%.


    11


    Дестелерді жинау және

    бастыру


    Енисей,Дон 1500,

    «John Deer», Медион

    310-330, Мега

    350/360


    Дәннің толық

    пісу кезеңі



    Дәннің ылғалдылығы

    25-30%.



    Бақылау сұрақтары
    Жаздық бидай

    1. Жаздық бидайдың негізгі өсіру аймағы.

    2. Республикада, Ақмола облысында жаздық бидайдың негізгі егіс көлемі.

    3. Республикамызда өсетін сорттар бидайдың қай түріне жатады.

    4. Бидай тұқымының сапасы қандай көрсеткіштермен сипатталады.

    5. Күшті, орташа, және әлсіз бидай деген не?

    6. Клейковина құрамына және сапасына әсер ететін факторлар.

    7. Қатты бидай үшін алғы дақылдар.

    8. Бидайдың жылуға қоятын талабы. Бозқырауға төзімдігі.

    9. Ылғалға қатысты қиын-қыстау кезеңі.

    10. Неліктен қатты бидай топырақ құрғақшылығына төзімділігі нашар?

    11. Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидайдың қолайлы сабақ жиілігі.

    12. Жаздық бидайдың түптену кезеңі.Осы процесстің алатын орны.

    13. Аудан бірлігіндегі өнімді сабақ санына әсер ететін факторлар.

    14. III-IV органогенез этапындағы өнімділік элементтері.

    15. Жаздық бидайдың даму кезеңі.

    16. V-VI органогенез этапындағы өнімділік элементтері.

    17. Бидайдың гүлдену кезеңінен кейінгі өтетін органогенез этаптары. Өнімділік

    элементтері.

    18. Масақтағы дән саны. VII-VIII органогенез этапындағы өнімділік элементтері.

    19. Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың алғы дақылдары.

    20. Жаздық бидайға арналған сүрі жер. Сүрі жерді күзгі өңдеу.

    21. Жаздық бидайға арналған сүрі жерде жүргізілетін жазғы жұмыстар.

    22. Сүрі жердегі ықтырма. Себу мерзімі. Ең жаксы ықтырма дақыл.

    23. Жазғы мерзімде сүрі жер танабында гербицидтерді қолдану.

    24. Сүрі жерде бидайды 2 дақыл ретінде орналастыру. Топырақты өңдеу

    ерекшеліктері.

    25. Атпа тамырлы арамшөптермен күзде және бидайдың вегетациялық кезеңінде

    күресу.

    26. Бидай егісінде қара сұлы және итқонақ арамшөптерімен күресу.

    27. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақты өңдеу ерекшеліктері.

    28. Жаздық бидайды себу мерзімі.

    29. Ақмола облысында өсетін қатты және жұмсақ бидай сорттары.

    30. Бидай тұқымын дәрілеу.

    31. Жаздық бидай тұқымының өсу күші.

    32. Жаздық бидайды себудің қолайлы тәсілдері.

    33. Аурулардан және зиянкестерден қорғаныс.

    34. Себу кезінде тыңайтуға бола ма?

    35. Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың себу мөлшері.

    36. Жинауды бидайдың қай даму кезеңінде жүргізеді?

    37. Бидайды бастыру режімі.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта