лекция. 1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР. 1 Днді даылдар 1 Жазды днді даылдар Жазды бидай
Скачать 194.78 Kb.
|
Бақылау сұрақтары Асбұршақ 1. Асбұршақ тұқымының химиялық құрамы. 2. Асбұршақтың агротехникалық маңызы. 3. Өну және көктің пайда болуы. 4. Солтүстік Қазақстанда асбұршақ өсіретін негізгі аймақтар. 5. Асбұршақтың жарыққа, ылғалға, жылуға, топыраққа сұранысы. 6. Асбұршақтың тамыр жүйесінің құрылысы. Тамырларда түйнектердің өсуі, олардың міндеті. 7. Асбұршақтың жапырақтары мен сабақтарының құрылысы. 8. Асбұршақтың түрлері, топтары, топшалары. 9. Асбұршақ тұқымының бөрту және өсуі үшін қанша ылғал керек. 10. Асбұршақтың топыраққа және топырақ ортасының әсерлігіне талабы. 11. Асбұршақтың гүлдеуі және жеміс құрастыруының ерекшеліктері. 12. Өсімдік және жыныстық мүшелердің пайда болуы үшін керекті температура. 13. Асбұршақтың ылғалға қатысты сындық мезгілі. 14. Асбұршақ үшін көң төгу керек пе? 15. Қарқынды технологиядағы сорттқа қоятын талаптар. 16. Солтүстік Қазақстанда зерттеуге жіберілген асбұршақ тұқымдары. 17. Асбұршақты қарқынды технологияда өсірудің жағдайы. 18. Асбұршақтың ауыспалы егістіктегі алатын орны. 19. Асбұршақты ауыспалы егістікте неше жылдан кейін қайта себуге болады? 20. Неге асбұршақ егістерін орналастырғанда, басқа көпжылдық бұршақ шөптерінен, арақашықтықты сақтауымыз керек. 21. Топырақты күздік өңдеу. 22. Жел эрозиясына бейімді аймақтарда, топырақтарды өңдеу ерекшеліктері. 23. Егіс алдындағы топырақты дайындау жүйесі. Ол неге байланысты? 24. Асбұршақ тұқымдарын дәрәлеу қашан жүргізіледі? Қандай препараттармен? 25. Тұқымдарды биопрепараттармен өңдеу. 26. Тұқымдарды микроэлементтермен өңдеу. 27. Себу мерзіміне дәлелдеме беріңіз. 28. Егіс алдындағы топырақты дайындаумен, себудің арақашықтығы неге көп болмауы керек. 29. Асбұршақтың себу мөлшері, ол неге байланысты болады. 30. Асбұршақтың себу мөлшерін есептеңіз, егер 1га-ға 1млн. өңгіш тұқым себілсе, 1000 дәннің массасы 250г., тазалығы 99%, өңгіштігі 95%. 31. Тұқымды себу тереңдігіне. Анықтама беріңіз. 32. Асбұршақ егістігінде арамшөптерман күресудің агротехникалық әдістері. 33. Асбұршақ егістігін тырмалау. 34. Асбұршақ егістігінде арамшөптерді жоятын топырақтық гербицидтер. 35. Асбұршақ егістігін эиянкестерден сақтау. 36. Асбұршақты жинауда қолданатын негізгі әдістер. Анықтама беріңіз. 37. Асбұршақты қандай кезеңінде дестеге жығуға болады? 38. Тұқымның қандай ылғалдығында дестелерді бастыруға болады. Бастыру режімі. Әдебиеттер 1. Голубева Г.С. Пути увеличения производства зернобобовых культур.М.: ВНИИТЭНагропром, 1987,40с. 2. Бенц В.А. Горох. А-Ата, 1976. 3. Макашева Р.Х. Горох. Колос, 1973. 4. Формирование урожая основных сельскохозяйственных культур. М.: Колос, 1984, 367с. 5. Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывния гороха. М.: Агропромиздат, 1982, 49с. Ноқат 1. Республикамызда ноқаттың ауылшаруашылық маңызы. 2. Дақылдың тарихы. 3. Ноқат тұқымының химиялық құрамы. 4. Республикамызда ноқатты өсіретін негізгі аймақтар. 5. Ноқаттың жапырақтары мен сабақтарының құрылысы. 6. Ноқаттың жылылыққа әсерлілігі. 7. Ноқаттың ылғалға, топыраққа сұранысы 8. Гүлдену және жемістену кезеңіндегі дерлік температура. 9. Ноқаттың ылғалға қатысты сындық мезгілі. 10. Солтүстік Қазақстанда зерттеуге жіберілген ноқаттың тұқымдары. 11. Ноқат үшін алғыегіс. 12. Егіс алдындағы топырақты дайындау. 13. Топырақтық гербицидтерді қолдану. 14. Тұқымды себуге дайындау. 15. Себу мерзімі. Оны қалай анықтаймыз. 16. Ноқат үшін көң төгу керек пе? 17. Ноқаттың тыңайтқыштар жүйесі. 18. Ноқат еістігін баптау, арамшөптермен, зиянкестермен күресу. 19. Ноқатты жинаудағы негізгі әдіс. Анықтама беріңіз. 20. Ноқатты бөлектеп жинау, қандай жағдайларда тиімді? 21. Ноқатты себу мөлшері, ол неге байланысты. 22. Ноқаттың салмақтық себу мөлшерін есептеңіз, егер 1га-ға 0,58млн. өңгіш тұқым себілсе, 1000 дәннің массасы 260г, тазалығы 99%, өңгіштігі 97% болса. Әдебиеттер 1. Орлов В.П. и др. Зернобобовые культуры в интенсивном земледелии. М.: 1986. 2. Черноголовкин В.П. Зернобобовые культуры и бобовые травы в Казахстане. А-Ата, 1960. 3. Журнал: «Зерновые культуры», «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана». 3. ТҮЙНЕК ЖЕМІСТЕР 3.1 Картоп Картоп - өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен және әр түрлі тағамға пайдаланылатын азық-түліктік зат. Картоп – спирттік, крахмал-сірнелік, декстриндік, глюкозалық, каучуктік және басқа да көптеген өндірістерде пайдаланылатын бағалы шикізат. Картоп крахмалы азықтық, тоқымалық, қатырма қағаздық, сіріңкелік және басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Картоптың Солтүстік Қазақстандағы басты маң- ызы – азықтық дақыл. Сонымен қатар, ауылшаруашылық жан-жануарлар үшін де таптырмайтын бағалы азық. Солтүстік Қазақстанда соңғы жылдары картоптың өнімділігі суармағанда 140-180 ц/га, ал суармалы танаптарда 250-300 ц/га-ның деңгейінде. Картоптың қоректік, ылғалдылық, және ауалық режімдерге қоятын талаптары, бұл дақылдың алғы егістікке сұранысына сәйкес келеді. Далалық ауыспалы егістегі жақсы алғы егістер:көпжылдық шөптердің өңделген жерлер қыртыстары, тыңайтыл- ған күздік және дәнді бұршақ дақылдары, қант қызылшасы, майлы зығыр. Көкөніс- тік ауыспалы егістікте: тамыржемістілер, қырыққабат, қияр. Картоп отырғызу үшін, топырақты өңдеу күзде басталады, егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармен (ЛДГ-15, ЛДГ-20 т.б. немесе мала- мен (БИГ-3) өңдейді, соның нәтижесінде арамшөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Содан кейін сүдігер жырту, тереңдігі 25-30см жүргізіледі, сол кез- де шашылған шіріген көң (30-40т/га) де топыраққа еңгізіледі. Фосфорлық және кал- ийлік тыңайтқыштар да күзде (жартылай мөлшері) еңгізіледі, ал қалқан бөлігі көк- темде төңіректене жалдарды дайындағанда сіңіріледі. Азоттық тыңайтқыштарды көктемде еңгізген дұрыс. Алдын –ала тілінетін қырқалар (жалдар) күзде қазан айының бірінші жартысын- да немесе көктемде, отырғызудан 1-2 күн бұрын, кейде отырғызу кезінде бірге тілі- неді. Қырқаларды тілуге сыдыра қопсытқыштарды КОН-2,8, КРН-4,2, КГФ-2,8-ды пайдаланады. Солтүстік Қазақстанда картопты отырғызуға пайдалау үшін жорамалданған со- рттары отырғызылады. Картоп сорттары: Весна – ССРО ғылым академиясының генетика институтының Опорный пунк- тісінде шығарылған. Ерте пісетін асханалық бағыттағы сорт, жоғары өнімді, қар- қынды түріне жатады. Раққа төзімді, саңырауқұлақ және вирус ауруларымен нашар залалданады. Түйнектері ашық-қызғылт түсті, төбесі доғаланып бітітін ұзынша со- пақ формалы, көзшелері ұсақ және ашық-қызғылт түсті, жұмсағы ақ. Приекульский раний – Приекуль селекциялық тәжірибе станциясында шығар- ылған. Өте ерте пісетін, рак ауруына төзімді, жоғары өнімді сорт. Ерте және ортадан ерте пісетін сорттар өнімін салыстырғанда стандарт болып табылады. Дәмдік сапа- сы жақсы, крахмалдылығы орташа (13-15%), сақталуы қанағаттанарлық. Аймақта фитофтора және тазбен әлсіз, ал вирус ауруымен қатты залалданады. Түйнектері ақ, формасы дөңгелек, көзшелері таяз. Қабығы тегіс, жұмсағы ақ. Өркендері қызғылт- күлгін түсті. Невский – Солтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Қарқынды түрдегі жоғары өнімді, асханалық ортадан ерте пісетін сорт. Саңырауқұлақ және бактериялық ауруларға төзімді, вирус ауруымен орташа дәре- жеде залалданады. Түйнегі ақ, дөңгелек-сопақша формалы. Қабығы тегіс, көзшелері ұсақ, аз санды, қызғылт түсті, жұмсағы ақ. Кокшетауский ранний – А.И.Бараев атындағы КФ АШҒӨО шығарылған.Көкше- тау регионында аудандастырылған. Ерте пісетін сорт.Түптері тік өскен, жинақы, би- ік. Жапырақтары орташа көлемді, қоңыр-жасыл түсті. Гүлдері молдышалық. Жеміс- тері мол. Түйнектері ақ, ұзынша-дөңгеленген, көзшелері ұсақ. Түйнектер массасы 116-175гр. Крахмалдылығы – 12,4-17,5%. Тәмділік бағасы 4,2 балл, стандарт Прие- кульский ранний сортымен бірдей. Сорт жақсы сақталады. Парша ауруымен аз за- лалданады, дымқылды шіруге төзімді. Шортандинский - А.И.Бараев атындағы АШҒӨО, Қазақ ҒЗИ-ның ТШ шығар- ылған. Орташа ерте пісетін сорт. Асханалық, өнімділігі ортадан жоғары, бактерия- лық, вирустық аурулармен аз залалданады, қуаңшылыққа төзімді. Түйнектері ақ, дөңгелекше, көзшелерінің орналасу тереңдігі орташа, жұмсағы ақ. Түйнектердің крахмалдылығы орташа, дәмділік сапасы және сақталғыштығы жақсы. Тұқымдық түйнектерді дайындау отырғызудан бір ай бұрын басталады. Осы мақсатпен картопты сұрыптап іріктейді, отырғызар алдында күн көзінде қыздырып алады және тұқымдарды химиялық дәрілейді. Массасы 50-80г бүтін түйнектер от- ырғызуға ең қолайлы деп есептеледі. Тұқымды жылы ауамен қыздыруды 12-15 күн аралығында, ауаның температурасы 12-16ºС болғанда жүргізеді. Дәрілеуді отырғызардан 1-2 күн бұрын қырмандарда жалда, контейнерлерде, не- месе арнаулы картоп отырғызатын машинаға асып қойған құралдармен жүргізіледі. Фитофтрозға, ризоктониозға қарсы бенлат 50%т.п.-0,5-1,0 кг/т; ризоктониозға – ви-товакс 200 75% т.п.- 2кг/т; және кешенді әсерлі Текто 45% к.с. қолдануға болады. Картоп отырғызуды топтық әдіспен, ыдыссыз тасқынды технология негізінде дер мезгілде – орташа ерте пісетіндерді бірінші, ерте пісетіндерді – мамырдың екін- ші онкүндігінде, 6-8 күн аралығында, күн бұрын тілінген қырқаларға отырғызады. Картоп отырғызу тереңдігі, қырқалар әдісінде 6-8 см, ал тегіс әдісінде 8-10 см. Отырғызу жиілігі, тауарлық картоптар 1 га-ға 40-45 мың, ал тұқымдықтары 55-57 мың дана. Ең тиімді күтім әдісі, картоп көгі шыққанға дейін және ол шыққаннан кейін сыдыра қопсытқыштармен өңдеу. Ол жұмысқа картоп отырғызылғаннан кейін 5-7 күннен соң кірісу керек, және 6-7 күннен кейін қайталау керек. Ластануына, ыл- ғалдануына және топырақ тығыздығына қарай өсіп-өну кезеңінде бірнеше қатарара- лық өңдеу жүргізеді. Суармалы жерлерде және суарылмайтын жағдайда әр өсімдік биіктігі 15-17см жеткенде картопты түптеуге кіріседі. Қажет болса екінші рет түп- теуге болады. Фитофторамен күресу үшін фунгицид Ридомил 72% т.п.-2,5 кг/га мөл- шерінде көк шыққаннан кейін 4-6 күн аралығында пайдалану керек. Картоп гүлде- генше фитофторозға қарсы 7-10 күннен кейін – фунгицид Даконил 75% т.п.- 1,8 – 2,4 кг/га мөлшерінде күтімдік бүрку керек. Калорадо қоңызына қарсы, бірінші бүркуді картоптың топырақтан көктеп шыға бастағанында жүргізеді. Қоңыздар 1-ші және 2-ші жас шамасында жалпылай пайда болғанда бүркуді қайталап жүргізеді. Зиянкестерге қарсы Каратэ 5% к.э., Децис 2,5% к.э., Кинмикс 5% к.э. пайдаланады. Картопты жинау алдында жапырақ, сабақ- тарын шауып тастайды немесе химиялық әдіспен жояды. Сабақ, жапырақтарды де- сикация әдісімен жоюды 12-14 күн бұрын тұқымдық танаптарда, 5-7 күн бұрын аз- ықтық танаптарда жүргізеді, және олар аурулардың таралуын жояды. Бірінші ерте пісетін картопты жинаудан бастайды, сонан кейін тұқымдықты жи- найды. Қыркүйектің екінші онкүндігінде азықтық картопты жинау аяқталуға тиіс. Картоп ты жинау үшін комбайндарды SE-75-404В, DR-1500 пайдаланады. Тұқымдық картопты қазғышпен қазып түйнектерді қолмен жинайды. Азықтық картопты салқын, жаңбырлы ауа-райы жағдайында жинағанда, оны қалқанның астында 5-7 күн кептіреді. Тұқымдық картопты активті желдетуді қолда- нып қоймаларда сақтайды. Картопты сақтағанда төмендегідей үш кезеңді орындау міндетті: 1. Емдеулік – 10-15 күн, бұл кезеңде сақтау температурасы 15-18ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 85-90% және жақсы аэрация қамтамасыз етілуі керек. 2. Салқындату кезеңі – 3-4 жұма бойы температураны сөткесіне 0,5 -10ºС дейін тө- мендетеді, сыртқы ауамен желдетеміз, ылғалдылық 85-95%. 3. Негізгі сақтау кезеңі – қарашадан сәуірге дейін. Деректік температура сортына байланысты +1,5- +5,0ºС, ылғалдылық 85-95%. Қоймаларда картоптың сақталуына және температуралық режімге күнделікті ба- қылау жасалады. Деректі деңгейден, температураның көтерілуі немесе төмендеуі тұ- қымдық сапаның нашарлауына әкеп соғады. Картоп өсірудің технологиялық схемасы
|