лекция. 1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР. 1 Днді даылдар 1 Жазды днді даылдар Жазды бидай
Скачать 194.78 Kb.
|
Бақылау сұрақтары1. Майлы дақыл ретінде күнбағыстың маңызы. 2. Иод санына анықтама беріңіз 3. Иод санының мөлшеріне байланысты өсімдік майлары қалай білінеді? 4. Күнбағыс өсімдігінің қысқаша тарихы. 5. Солтүстік Қазақстанда қандай сорттары өсіріледі? Оларға сипаттама беріңіз. 6. Күнбағыстың өсімдіктану сипаты. 7. Күнбағыс гүлшоғырының құрылысының ерекшеліктері бір себепгүлдегі тұқым саны және салмағы. 8. Күнбағыстың түрлерін, түршелерін және топтарын атаңыз. 9. Күнбағыс өсімдігінің -даму кезеңдері 10. Қандай температурада күнбағыс тұқымы өсіп және егін көгі пайда болады? 11. Күнбағыс өсімдігінің барлық өсіп-даму кезеңдері өтуі үшін қажетті орташа тәуліктін температураны атаңыз. 12. Өсімдіктің бозқырауға төзімділігі 13. Күнбағыстың суды пайдалану коэффициенті 14. Себетгүлдің орталық және шеткі бөліктеріңде бос дәнділік болу себептері 15. Күнбағыс дақылы үшін жақсы топырақ түрлері қандай топырақ түрі күнбағыс өсіруге ұсынылмайды. 16. Күнбағыстың топыраққа (рн, тығыздығы), жарыққа талабы. 17. Күнбағыс өсімдігіне негізгі қоректік заттардың түсуі қалай жүреді? 18. Күбағысты интенсивті өсіру технологиясының негізгі элменттері. 19. Күнбағыстың ең негізгі алғы дақылдарын негіздеп атап беріңіз 20. Күнбағысқа қашан және қандай тыңайтқыштар енгізіледі 21. Біздің аймақта топырақты сүдігерге дайындауда қандай әдістер қолданылады. 22. Топырақтың ластануына, сүдігер сапасына және ылғал қамтылуына байланысты себу алдағы топырақ өңдеу ерекшеліктері. 23. Күнбағыс өсіруде қандай гербицидтер қолданылады? 24. Гербицидті енгізу мөлшері және әдісі, қолданылатын техника. 25. Себуге күнбағыс тұқымын дайындау. 26. Егістік материалына қойылатын талап. 27. Күнбағысты себу әдісі және қолданылатын техника. 28. Күнбағыс тұқымын себудің қолайлы мерзімдері. 29. Ылғалмен қамтылуына байланысты тұқым сіңіру тереңдігі. 30. Облыс аймақтары бойынша жинау қарсаңындағы күнбағыс өсімдігінің жиілігі. 31. Күнбағыстың себу мөлшерін есепте кг (га) далалық өнгіштігін 90 пайыз, егістің сиреуі 10 пайыз, жинау қарсанындағы өсімдік жиілігі-40 мың тұқымның массасы – 80 г 32. Нүктелеп себу кезінде тұқым арақашықтығы қанша? Егер 10га 50 мың тұқым себілсе, қатаралық екі 70 см болғанда. 33. Күнбағыс егісін күтіп-баптау. 34. Күнбағыс зиянкестеріне және ауруларына қарсы күрес. 35. Жинау қарсаңындағы дисекация мәні. 36. Гүлденуден кейін қанша күн өткен соң дисенация жүргізіледі? 37. Күнбағысты жинау әдістері. 38. Күнбағыс тұқымның ылғалдылығы қандай мөлшерде болғанда сақтауға жіберіледі. Әдебиеттер 1. Борисоник З.Б. и др. Подсолнечник. Киев. Уражай, 1985. 2. Васильев Д.С. Агротехника подсолнечника. М.:Колос, 1983. 3. Васильев Д.С. Подсолнечник. М: Агропромиздат, 1990. 4. Илялетдинов Ш.А. Масличные культуры. Алма-Ата: Кайнар, 1976. 5. Смирнов И.А. и др. Масличные культуры в целинных районах. М.: Целиноград, 1966. 6. Технические культуры (Я.В.Губанов, С.Ф. Тихвинский и др). М.: Агропромиздат, 1986. 7. Журнал «Вестник» с-х науки Казахстана, «Зерновые культуры», «Жаршы». 5.2 Жаздық рапс тұқым және көк азық үшін Ауылшаруашылық тәжірибесінде жаздық рапс малазықтық және майлы дақыл есебінде беделдігі өте зор. Рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар. Рапс күнжарасы мен шроты құнарландырылған бағалы мал азығы болып табылады. Соңғы жылдары малазықтық дақыл есебінде қызығушылық көбеюде. Рапстың көк балаусасы малазықтылығымен жоғары бағаланылады. Жаздық рапстың басты егістік аумақтары республикамыздың солтүстік өңірін- де – Ақмола, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстарында шоғырланған. Ра- пстың тұқымдық орташа өнімдігі 12-15 ц/га, көк балауса өнімділігі 200-300 ц/га. Рапсты тұқымға өсіргенде отамалы, сүрі жерлерге себілген дәнді дақылдар, көп жылдық шөптердің жыртылған жер қыртыстарында орналастырады. Ауыспалы ег- істе рапсты 1 егітен жеріне 4-5 жылсыз қайталап себуге болмайды. Рапсты қызыл- шалық ауыспалы егісте де орналастыруға болмайды, өйткені оның өзі құрт иесі. Рапсты көк балауса үшін отамалы және дәнді дақылдардан кейін, малазықтық және фермалық ауыспалы егістерде орналастырады. Рапстың өзі күнбағыс үшін на- шар алғы егіс. Рапс тыңайтқыштарға тәлімді. Сүрі жер емес алғы егістерде минералдық тың- айтқыштарды (азот, фосфор) сіңіру, барлық аймақтар үшін өте тиімді. Далалы және ормандыдалалы аймақтарда рапсты сүрі жерлерге сепкенде, та- мыз айында ГУН-6 агрегаты немесе СЗС-2,1 сепкішінің көмегімен, 10-16 см те- реңдікке төңіректілетіп қос суперфосфат (Р60-80) сіңіру қажет. Азоттық тыңайт- қыштарды (N15) көктемде, егу алдындағы сыдыра қопсыту кезінде, СЗС- 2,1 сепкі- шінің көмегімен, 6-8 см тереңдікке төңіректетіп сіңіру керек. Сапалы және керекті уақытында топырақты күзде өңдеу арамшөптерді жоюды, ылғалды жинауға және сақтауға, зиянкестердің санын азайтуға және көктемдегі ег-іс алдындағы өңдеулердің санын кемітуге көп көмегін береді. Өңдеу әдістерін таңдау алғы егістердің ластануына, дақылдың ауыспалы егісте орналасу орны және топырақтың механикалық құрамы мен түршесіне байланысты. Сондықтан олар әр топырақты-климаттық аймақтар үшін берілген нұсқауларға сәй- кес жүргізілуі керек. Солтүстік Қазақстан жағдайында басты орын сыдыра қопсы- туға (тереңдігі 12-14 см) беріледі. Топырақтар атпатамырлы арамшөптермен лас- танған болса, ең тиімдісі 22-25 см-ге дейін тереңдетіп өңдеу. Егер алғыегіс – дәнді дақыл болса, оларды тиянақты түрде және аңыз қалдық- тарын қалтырмай жойып өңдеу керек. Дәнді дақылдардың сабан қалдықтары, рапс тұқымдарының өнуіне белсенді көмектеседі, сондықтан оларды ұсатып және танап бетіне шашып тастау қажет. Мұндай жағдайларда топырақты қосымша тығыздай- ды. Аса жеңіл топырақтарда және аз органикалық қалдықтар (асбұршақ) қалтыра- тын алғы егістерден кейін, топырақтарты шектеулі өңдеу жағдайында себеді. Көктемгі басты жұмыс, топырақты тиянақты түрде тегістеу және 2-3 см терең- дікте топырақ ылғалын сақтау. Егісалдындағы өңдеуге кіретін жұмыстар: ерте көктемдегі малалау, сыдыра қопсыту, егісті сеппей және сепкеннен кейін тығыздау. Гербицидтерді қолдану- рапс өсірудің қарқынды технологиясының маңызды элементі. Біржылдық астық тұ- қымдас және кейбір қосжарнақты арамшөптерді жою үшін, келесідей гербицидтер- ді пайдаланады:Дуал 50% к.э.(3,0-5,0 л/га), Дуал 96%к.э.(1,6-2,6 л/га) және Трефлан к.э.(2,4-6,0 л/га)- бұларды егістен бұрын, шашқаннан кейін тез сіңіру керек. Мемлекеттік стандартық егіс сапасының талаптарына сәйкес, рапстың тұқым- дары бірінші репродукция және сортық тазалығы бойынша екінші категориядан тө- мен болмауы керек. Олардың тазалығы 96%, өңгіштігі 85%-дан кем және ылғалды- лығы 12% артық болмауы қажет. Шаруашылықтарда эрукеленбеген және төмен глюкозиноладтық рапстың ұсынымды сорттарын өсіруге болады. Солтүстік Қазақстанда пайдалануға шектемді рапс сорттары: Золотонивский – Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін сорт, өсіп-өну мерзімі 90-100 күн. Эрукеленбеген және төмен глюкозиноладтық сорт. Тұқымындағы глюкозиноладтың мөлшері 1,9-2,3%. Майлылығы- 41-46%.Қуаншы- лыққа төзімділігі орташа, аурулар және зиянкестерге орташа төзімді, жығылуға тө- зімді, көп тұрып қалса шашылуға бейімді. Шпат – Бүкілодақтық МДҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін сорт, өсіп-өну мерзімі 87-99 күн. Тұқымындағы глюкозиноладтың мөлшері - 6 %, эру- ков қышқылы- 0,5%. Майлылығы- 41-43%. Дүниежүзілік стандарт бойынша азық-түлікке пайдалану үшін, майларында эруков қышқылдарының мөлшері 5%-дан аспайтын сорттарды ғана себуге болады. Тұқымдарды себу алдында ТМТД 80% (5-6 кг/т) немесе Витавакспен (3 кг/т) дәрілейді. Тұқымдарды NаКМЦ – 2,5л/т-на, жұмыстық сұйықтармен өңдегенде дә- рілеудің тиімділігі одан да арта түседі. Крестгүлдер бүргесі және басқа зиянкестер- мен күресу үшін, тұқымдарды себу алдында БИ 58 (Рогор немесе 40% Фосфомид) препараттарымен өңдейді. Ол үшін дәл себу алдында суперфосфатты бүркіп алып, сосын тұқыммен араластырып, 15-20 минутқа брезентпен жауып тастайды. Тұқым- ның гектарлық себу мөлшеріне 10 кг суперфосфат, және 0,5л БИ 58 пайдаланады. Рапстың дәлдік себу мезгілі 20-25 мамыр. Одан кеш себу, өнімнің және тұқым- дардың майлылығын кемітеді. Себудің жақсы әдісі, арақашықтығы 15см, қатарлап, тереңдігі 3-4см-ге себу. Дәлді себу мөлшері 1 га 2-3 млн. өңгіш тұқым. Сепкеннен кейін тығыздау (таптау) міндетті. Сепкеннен кейін қосжарнақты арамшөптерді үшін, керек болған жағдайда Лон- трел 300 с.қ. (300г/га) гербицидін пайдаланады. Рапсты өсіп-өну кезеңінде зиянкестерден тиімді сақтайтын инсектицидтер: Ка- ратэ 50% к.э.-0,2 л/га, Суми-Альфа 5% -0,20-0,25 л/га., Дурсбан 450 -0,2-0,4 л/га. Әртүрлі арамшөптер және зиянкестермен күресуді толығымен қамту үшін, қос- палы сұйықтарды пайдаланамыз. Малазықтық егістерді химиялық өңдеулерді, жи- наудан бір ай бұрын өткізу керек. Ал барлық егістерде химиялық өңдеулерді гүлде- ну кезеңінде жүргізуге болмайды. Бір өсімдік шеңберінде, бүкіл егістік біркелкі піспеуінен және бұршаққындар- дың жарылуына байланысты, десикацияны өткізбей, егісті тікелей жинау мүмкін емес. Егістерді десикациялауды бұршаққындардың сары-жасылданған кезеңінің басында, реглон немесе бастамен жасайды. Біздің аймақта негізінен бөлектеп жи- нау әдісі қолданылады. Мұндай жағдайда дестеге шабудың дер мезгілін табу керек, әйтпесе ерте ору өнімділікті және майдың сапасын төмендетеді, ал кеш ору бұр- шаққындардың жарылуына байланысты дәндердің көп шығындарын келтіреді. Ра- пстың дәлдік ору кезеңі – балауызданып пісуі. Төменгі жапырақ қурап, негізгі са- бақтағы бұршаққын сарғайған (50% маңы), тұқымдардың күреңденген мезгіл және олардың ылғалдылығы 35-40% болғанда. Биік болып шыққан рапсты дестеге шабу үшін ЖВП-9 немесе ЖНР-4 орғыштарын пайдаланамыз. Жығылған рапсты дестеге шабу үшін ЖРБ-4,2 орғышын пайдаланған дұрыс. Шабу биіктігі 15см-ен кем емес. Егер рапс тапал бойлы болса, мотовила планкаларына жалпақтығы 70-80 мм рәзең- ке белдіктерді бекітеміз, сонда лопастар өсімдіктерге жұмсақ тиеді де, бұршаққын- дардан дәндердің шашылуы аз болады. Дестелерді бастыруды тұқымдардың ылғал- дылығы 18-20% болғанда бастайды, мұндай жағдайда дәннің шашылуы ылғалды-лық 12% болғаннан, аз болады. Тұқымды тазалауға дереу кіріседі. Егер тұқымның ылғалдылығы 12%-ан артық болса, оларды кептіру керек. Рапс тұқымдары өте сусымалы, сондықтан комбайндар дайындауға қатал та- лаптар қойылады. СК-5 Нива комбайнына қосымша сайман ППК-5 және полотно- транспорттық жинауыштар немесе ППТ-3А қойылады. Комбайнның жұмыс жыл- дамдылығы 5-6 км/сағ., үгіту барабанының айналымы 600-800 а/мин. Тұқымды 12% ылғалдылықта сақтайды, егер оларды ұзақ сақтағанда, ылғалдылықты 7-8%-ға дейін төмендетеді. Жаздық рапсты тұқым, көк балауса және сүрлем үшін өсірудің технологиялық схемасы
|