тесттт. 1. Плазма мен анны пішінді элементеріні арыматынасын крсететін сынама трі
Скачать 354.34 Kb.
|
22. Құрылыс мекемесiнiң жұмыскерлерін кезеңдiк алдын алулық медициналык карауда 3 жұмыскер жиi бастарының ауырсынуына, тез шаршағыштыққа, тәбеті мен ұйқысының бұзылуына, әлсiздiкке, жиi тұмаумен ауыруларына шағымданады. Анамнезінен осы цехта және осы мекемеде жұмыс өтілі 10 жылдан асатынын белгілі болды. Қарау кезінде: тері жамылғылары сарғыш реңдi, көрiнетiн шырышты қабаттары сарғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, жүрек үндері ашық, ырғақты, пульс минутына 96 ретке дейiн жиiлеген. АҚ 100/70 мм.с.б.б. Iшi жұмсақ, оң қабырға астында ауырсынады. Бауыры 2 см ұлғайған. Болжамды диагноз: "Лакбояғыштармен улану". Диагнозды нақтылау үшін қандай әдiстер жүргiзу керек? жалпы қан, зәр анализі, кандағы несепнарға, креатиниге биохимиялық анализ холестеринге, глюкозаға, АСТ, липопортеидтерге биохимиялық анализ Зимницкий, Нечипоренко бойынша зәр анализі, бүйрек УДЗ, экскреторлы урография жайлымалы лейкоформуламен қанның жалпы анализ билирубинге, ферменттерге қа асқазанды зондтау, өкпе рентгенографиясы, бронхоскопия 23. 40 жастағы науқас жедел ауырды, 6-7 ретке дейінгі құсу, алдымен асқазандағы тамақ қалдықтарымен кейннен өтпен, делсалдык, жиi сұйық сары түстi нәжіс, бірнеше сағаттан соң балтыр бұлшықеттерiнiң тырысуы, кейiнiрек есінен тану болған. Эпид. анамнезінен: ауырған күні тамаққа майонез қосылған салат пайдаланған. Ол бөлме температурасында сақталған. Қандай қосымша зерттеудi бiрiншi кезекте жүргiзу қажет: Вирусты гепатит А-ға құсық массаларын және нәжiстi вирусологиялық зерттеу Шартты-патогенді флораға құсық массаларын және нәжісті бактериологиялық тексеру Ашытқа саңырауқұлақтарына құсық массаларын және нәжісті бактериологиялық тексеру Кумбс реакциясы Вассерман реакциясы 24. Науқас 36 жаста, клиникалық мәліметтер негiзiнде Iрiндi мастит диагнозы қойылды. Зертханалық зерттеу тағайындалды. Нәтижесі: ЖСА ортасына сепкенде лецитиназды белсенділігі бар алтынды пигментi бар iрi колониялар өсті. Грам бойынша микроскопияда – iрi Грам(*) кокктар, жүзiм тәрiздi орналасқан. Маннитті аэробты және анаэробты түрде және глюкозаны ферменттейді. Қоян плазмасымен оң плазмокоагуляция реакциясын береді. Қандай қоздырғыштың мүмкiншiлiгi ерекше жоғары: Rotavirus Neisseria gonorrhoeae St. aureus St. epidermidis St. saprophyticus 25. Жұқпалы аурулар бөлiмшеге 12 жасар науқас ес түссіз жағдайда, дене қызуы 39,5С, пульс 128 мин. Мойын бұлшық еттерiнiң ригидттiлiгi. Жұлын пункциясында ликвор жоғары қысыммен, лайлы, микроскопияда Грам(-) терiс бұршақ тәрiздi диплококктар, диаметрі 0,6-1,0 мкм, жұп болып орналасқан, бір-біріне қараған беттері тегіс немесе шұңқыр жгутик және споралар анықталмаған. Қандай қоздырғыш анықталып отыр: Neisseria Meningitides St.epidermedis St. aureus Rotavirus Neisseria gonorrhoeae 26. 35 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі - 12 апта. Шағымдары: жыныс жолдарынан кейде кышу сезiмiмен, иiсi балыққа ұқсаған ақ бөлiндiлерге. Бірнеше рет антимикотикалық ем жүргiзiлген. Жүкті әйел хламидиялы және микоплазмалы инфекцияларға тексерiлген-нәтижесi терiс. Соңғы уақытта iштiң төменгі бөлімінде тартып ауру сезімі пайда болған. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет: амниотикалық сұйықтықты бактериологиялық зерттеу канды бактериологиялық зерттеу қынап бөлiндiсiн бактериологиялық зерттеу адамның папиллома вирусына ИФА зерттеу қарапайым герпес вирусына ИФА зерттеу 27. Клиникалық диагностикалық бөлімшеде Грам бойынша боялған қынаптан алынған жағындыларға микробиологиялық зерттеу жүргiзiлдi. Қанық ашық қызыл түсті кокктар және оның көбісі лейкоциттердің ішінде табылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу қажет: Циль-Нельсон бойынша боялған қынаптан алынған жағындыларды микроскопиялы Қынаптан алынған жағындыларды цитологиялық зерттеу Гонорея қоздырғышына ПТР-диагностикасы Трихомониаз қоздырғышына ПТР-диагностикасы Сифилис коздырғышына ПТР-диагностикасы 28. Шағымдары: үнемi әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, аз ғана жөтел, дене салмағының азаюы (соңғы 5 айда 5 кг жоғалтқан), тәбетiнiң болмауы. Осындай шағымдары бар науқасқа қақырықтың микробиологиялық зерттеуі тағайындалды. Ем егу бөлмесiнде таңғы сағат 7де қақырқтың 2 порциясы алынды, мөлшері 5мл. Тасымалдауға бұралатын қақпақшасы бар стерильді флакон қолданылды. Биоматериал бiрден зертханаға жiберiлдi. Зертханалық дәрігер биоматериалды алғанда жолдама бланкте ескерту жасады. Қандай қателік кеттi: Биоматериалды жинау уақытының дұрыс болмауы Биоматериалдың дұрыс емес мөлшерi Биоматериалдың 3 порциясын жинау қажет Қақпақсыз флаконды қолдану керек Тасымалдау алдында биоматериалды бөлімшеде 2 сағатқа қалдыру керек 30. Зертханада жарадан алынған бөлiндiсiне микробиологиялық зерттеу жүргiзiлдi: Грам бойынша боялған жағындысын микроскопиялық зерттеу; тұздық және қанды МПА табақшаларға себу және плазмокоагулаза, гемотоксин негiзгi патогендiлiк тесттілерін жасалды. Қандай қоздырғыштың шығуы мүмкін: Стрептококк Менингококк Гардинеллы Стафилококк Пневмококк 31. Науқас 65 жаста, учаскелік отоларингологқа үнемі болатын қышу және екі құлақтың бітелуіне шағымданып келді. Ауырғанына 1 ай болған. Объективті: оң құлақтың емізікше тәрiздi өсiндi аймағы, құлақ іші, қалқаны өзгеріссіз. Сыртқы есту жолы патологиялық бөліндімен толған, бөлiндi ақ бітеу тәрiздi, жұмсақ, тез алынатын. Есту жолының қабырғалары қызарған, дабыл жарғағы сұр түстi. Нативтi препараттың микроскопиялық зерттеуі жүргiзiлдi, екi контурлы спора түріндегі саңырауқұлақтар табылған. Кейiнгi зертханалық зерттеудің алгоритмі қандай: Құлақ белiндiсiнiң биохимиялық құрамын зерттеу үшiн биохимиялық анализ Терi және тырнақ қабыршақтарын қоректік ортаға сеуіп, бiрiншiлiк культураның микр Құлақ бөлiндiсiн қоректік ортаға сеуіп, бiрiншiлiк культураның микроскопиясын, қозд Веналық қанды қоректік ортаға сеуіп, бiрiншiлiк культураның микроскопиясын, козд Құлақ бөлiндiсiн қоздырғышқа қарсы диагностикалық антиденелер титрiн анықтау у 32. Науқас қабылдау бөлімшесіне белгiсiз умен уланды деген диагнозбен ес түссіз жеткізілді. Интенсивті терапия бөлiмшесiнде уды анықтау мақсатында қан, зәр алынды. Төменде көрсетілген қай әдiс ең мәлiметтi болып табылады: Биохимиялық Иммуноферменттi анализ Хроматография Полимеразды тiзбектi реакция Гельхроматография 33. Жүкті әйел 29 жаста, жүктiлiктiң 9-шы аптасында зәрдің жалпы клиникалық анализі алынды. Нәтижесi SG-1015, pH - 6, LEU-neg.NIT-neg, PRO-neg. GLU-56 mmoll, KET-neg, UBG - norm, BIL - neg. ERY - neg Қандағы глюкоза мөлшерiнiң деңгейі зерттелді, ол 4,5 ммоль/л-ге тең. Қосымша глюкозаға толеранттылық тестi өткiзiлдi: Глюкозаның базальдi мөлшері - 4.0 ммоль/л 30 мин сон-9,2 ммоль/л 60 мин сон - 8,8 ммоль/л 120 мин сон - 5,1 ммоль/ л. Қандай қорытындының мүмкіншілігі жоғары: Глюкозаның бүйректік деңгейiнiң төмендеуі Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы Гестационды диабет 1 типті қант диабетi 2 типтi қант диабеті 34. Науқас 65 жаста қабылдау бөлiмшесiне 3 сағат бұрын басталған кеуде қуысынының қатты ауруына (әсiрiсе сол жақ) шағымданып түстi. Креатинкиназа және оның изоферментiнiң деңгейін анықтау үшін биохимиялық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері: Жалпы креатинкиназа - 220 Ед/л Креатинкиназа-МВ-1% Науқаста анықталған қандай патологиялық жағдайдың мүмкiншiлiгi жоғары: Миокард инфарктi Жедел коронарлы синдром Өкпе артериясының тромбоэмболиясы Миозит Акромегалия. 37. Әлсiздiкке, жүрек қағуына, бас ауруына, дене салмағының төмендеуіне шағымданған науқасқа дәрігер-эндокринолог ТТГ мен байланыспаған Т4 концентрациясын зерттеуді тағайындады. Науқас таңертеңгілік тамақтан кейiн қан тапсырды. Науқас отырған қалыпта болды. Қанды жинау вакутейнер жүйесі бойынша жүргізілді, веналық қан күлгін түсті қақпағы бар пробиркаға жиналып, 15 мин iшiнде зертханаға жеткiзiлдi. Зерттеу радиоиммунды анализ әдісі бойынша жүргізілді. Келесі нәтижелер алынды: ТТГ-9,0 мЕд/л, байланыспаған Т4-25 пкмоль/л. Нәтижелердi алғаннан кейiн дәрігер-эндокринолог қайталанған гипертиреоз деп бағалады. Зертханалық зертеудiң қай сатысында қателiктiң мүмкiншiлiгi жоғары: Науқасты биоматериал тапсыруға дайындау Биологиялық материалды жинау Зерттеу тағайындау Алған нәтижелерді бағалау Анализ жүргiзудiң әдiсi 39. Науқас 60 жаста, урология бөлімшесіне түскеннен кейін, қабылдау бөлмесінде саусақпен тік ішек зерттеуі жүргiзiлдi. Екі күннен кейiн емдеушi дәрігер қуық асты безiнiң онкомаркерлеріне зертханалық зерттеу тағайындады. Науқас 9 сағаттық аштықтан кейін, таңғы 7.00 де қан тапсырды. Мейірбике қанды онкомаркерлерге тексеру үшін биохимиялық зерттеуге арналған пробиркаға жинады. Науқас қанды отырған қалыпта тапсырып, биоматериал 20 минутта зертханаға жеткiзiлдi. Зерттеу радиоиммунды талдау әдісімен жүргiзiлдi. ПСА деңгейі 16 нг/мл тең. Онкомаркер деңгейiнiң жоғарлау себебiне қандай фактордың мүмкіншілігі жоғары: Саусақпен жүргiзiлген тiк iшек зерттеуi Аштық кезеңiн дұрыс сақтамау Науқастың жасы Нәтижені дұрыс бағаламау ПСА зерттеуде дұрыс әдiс таңдалмады 41. Науқас 35 жаста, әйелдер консультациясында жүктілікке байланысты (31 апта) есепте тұрғандықтан қанның биохимиялық зерттеуi жүргiзiлдi. Биоматериалды жинау емшара бөлмесінде, таңертең ерте, ашқарынға, науқастың отырған қалпында жүргiзiлдi. Қанды жинау вакутейнер жүйесі бойынша, қызыл қақпақты пробиркаға жиналып, мейірбике 5 рет араластырды және 20 минуттан соң зертханаға жеткізілді. Алынған нәтижелерде емдеуші дәрігер сілтілі фосфатазаның жоғарлағаның анықтады. Аталған өзгерiстiң себебіне төменде келтiрiлгендердiң iшiнде қайсысының мүмкiншiлiгi жоғары: Науқастың жасы Жүктiлiк Пробирка дұрыс таңдалған жоқ Пробирканы дұрыс араластырылған жоқ Қанды жинау кезіндегі науқастың қалпы дұрыс емес 42. Науқас 65 жаста, бөлiмшелiк дәрігерге әлсіздікке, бас ауруына, жүрген кездегi ентігуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: бойы-166см, салмағы-88кг, артериялық қысымы - 160/90ММ РТ.ст. Қанның биохимиялык зерттеуі тағайындалған. Нәтижелер: Жалпы белок - 65 г/л, Мочевина - 6,0 ммоль/л, Креатинин - 65 мкмоль/л. Глюкоза-11 ммоль/л, АЛТ-20 U/L Кетон денелерi-Tepic., Жалпы билирубин-8 мкмоль/л, Жалпы холестерин 6,7 ммоль/л Науқаста анықталған қандай патологиялық жағдайдың мүмкiншiлiгi жоғары: Кардиоренальдi синдром Жильбер синдромы Метаболикалық синдром Жедел коронарлы синдром 1 типті қант диабеті 43. Науқас 55 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, шөлдеуге, зәр шығаруының жиілеуіне шағымданады. Аурудың осы белгілері жарты жыл көлемiнде байқалған. Қарап тексергенде: бойы-176 см, салмағы-90 кг. Қанның биохимиялық зерттеуі тағайындалған. Нәтижелер: Жалпы белок-72 г/л, Мочевина-6,0 ммоль/л, Креатинин -65 мкмоль/л, Глюкоза-25,1 ммоль/л. АЛТ-20 U/L, Кетон денелері-терiс., Жалпы билирубин-11 мкмоль/л, Холестерин-6,2 ммоль/л Зәрдiн экспресс-анализiнiң нәтижелерi: SG 1030, pH-6,0, LEU-neg, NIT-neg, PRO-neg, GLU - (*), KET - (-), UBG-norm, BIL-neg, ERY-neg Науқаста анықталған қандай патологиялық жағдайдың мүмкiншiлiгi жоғары: 1 типті қант диабет 2 типтi қант диабет Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы Метаболикалық синдром Қантсыз диабет 44. 35 жастағы жүкті әйелде жүктіліктің 9 аптасында қандағы глюкоза деңгейiн анықтау жүргiзiлдi, мөлшері 5,9 ммоль/л болды. Қосымша глюкозаға толеранттылық сынақтамасы жүргізілді: глюкозаның базальды денгейі - 5,8 ммоль/л, 30 минуттан кейiн-10 ммоль/л, 60 минуттан кейiн - 14 ммоль/л, 120 минуттан кейiн - 12 ммоль/л. Қандай қорытынды ең ықтимал. Бүйректің глюкозаға табалдырығының төмендеуі Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы Гестациялық диабет Қант диабетінің 1 түрі Қант диабетiнiң 2 түрi 45. Эндокринология бөлімшесiнде науқасқа келесі әдіс арқылы адренокортикотропинмен жедел тест жасалды. Науқастың көктамырынан қан алынып, кейін бұшықетке 0,25 мг козинтропин енгiзiлдi. 5 және 20 минуттан кейiн кортизол концентрациясын анықтау мақсатында көктамырдан қан алынды. Тестті жүргізу кезінде қандай қателік жiберудiң мүмкiншiлiгi жоғары: Козинтропин пероральдi енгiзiледi Кортизолды зерттеу үшін зәрді жинау қажет Кортизолды зерттеу үшiн капиллярлы қанды жинау қажет Кортизол мөлшерін зерттеу үшін қанды 15 және 90 минуттан кейін алады Қан зерттеуге 30 және 60 минут аралығында алынады 46. Клиникалық диагностикалық зертханада науқас қанындағы нәруыз спектрін зерттегенде альфа1-және альфа2-глобулиндердiң жедел жоғарлауы анықталды. Протеинограммадағы өзгерістер қандай патологиялық жағдайға тән: Жедел кезең жауабы Созылмалы қабыну Бауыр циррозы I типтi гиперлипопротеидемия II типтi гиперлипопротеидемия. 48. Науқас 16 жаста, қабылдау бөлімшесіне келгенде әлсіздікке, зәр шығаруының жиілеуіне, шөлдеуге шағымданды. Тексеру кезінде терең шулы тыныс анықталды. Қанның және зәрдiң биохимиялық зерттеуі тағайындалды. Нәтижелері: Қан биохимиясы: Общий белок - 79 г/л, Глюкоза 18 ммоль/л, АСТ 31 U\, АЛТ 26 U\, Общий билирубин 8,5 мкмоль/л Зар биохимиясы: SG-1025, UBG-norm, BIL- neg, PRO-neg, GLU-56 mmol\l. Қандай қосымша зерттеудi бiрiншi кезекте жүргiзудiң мүмкіншілігі жоғары: С-реактивті нәруызды анықтау Зәрде амилаза мөлшерін анықтау С пептитдi анықтау Гликогемоглобин деңгейін анықтау Канда және зәрде кетон денелерін анықтау 49. Науқас 70 жаста, бөлiмшелiк дәрігерге оң жақ мықын аймағындағы қатты ауру сезiлуiне, сарғаюға, терiнiң қышуына шағымданып келдi. Тексеру кезiнде: тері жабындысының сарғыштығы, теріде қасылған тырнақ іздері бар, тiлi ылғалды, сарғыш жабындымен жабылған, iшi желденбеген. Ішін палпациялағанда оң жақ мықын аймағында бұлшықеттердiң серпiмдiлiгi және қатты аурудын сезiлуi, терең пальпация кезінде бауырдың келемiнiн ұлғайғандығы және шетiнiн доғал екені анықталды. Қанның биохимиялық зерттеуі тағайындалған. Қандай биохимиялық көрсеткiштердi бiрiншi кезекте анықтау керек: Қышқылды фосфатаза, лактатдегидрогеназа Мочевина, креатинин Глюкоза, С-пептид Жалпы билирубин, сiлтiлi фосфатаза Қан плазмасының нәруыздық құрамын, С-реактивтi протеин 50. Науқасқа автоматтандырылған биохимиялық анализаторда бірқатар зерттеулер жүргізілді. Нәтижелері: Жалпы белок-75 г/л, Натрий - 140 ммоль/л. Гемоглобин - 140 г/л, Креатинфосфокиназа - 90 бр/л, Жалпы билирубин-8 мкмоль/л, Глюкоза-9,1 ммоль/л, Гликогемоглобин - 8% Тиреотропин-2,0 mIU/L Қандай диагностикалық панелдiң көрсеткiшiне патологиялық өзгерiстiң мүмкiншiлiгi жоғары: Кардиокатер Бауыр қызметiнiң диагностикасы ( жайылған зерттеу) Гормональді профиль (ерлер скрининг) Диабет даму қаупі Липидтiк профиль 53. Зәрдiң жалпы клиникалық анализiн жүргiзгенде, келесi нәтижелер анықталды: SG-1035, PH-7, LEU-(-), NIT-neg, PRO-neg, GLU - (-), KEТ - ( ), UBG - (norm), BIL - neg, ERY - (-) Науқасқа қандай зерттеуді жүргізу қажет Нечипоренко сынамасы Аддис-Каковский сынамасы Зимницкий сынамасы Реберг-тареев сынамасы Зәрдегі белоктың тәуліктік экскрециясы 54. 48 жастағы науқас әлсіздікке, бетiнiн iсуiне, бас ауруына, зәр шығарудың азаюы және түсiнiң қызаруына шағымданды. Бұл белгілер баспа ауруынан он күннен кейiн пайда болған. Зимницкий сынамасы бойынша зәрі зерттелді. Зерттеудiң қандай өзгерiстерiнiң мүмкiншiлiгi жоғары: Полиурия және гипоизостенурия Полиурия және изостенурия Полиурия және гиперстенурия Олигоурия және глюкозурия Олигоурия және гипостенурия 55. Бала 7 жаста. Басы ауыратынына, ісінуге, «ет шайындысы» түріндегі несептiң пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын үңгiрлi баспамен ауырған. Объективті жағдайы орташа ауырлықта. Беті ісінген, жiлiншiк пен аяқ басы пастозды. АҚ 130/85 мм с.б. Тәулiктiк диурез 300-400 мл, несеп қызыл түсті. Қан талдамасында лейкоцитоз 12 мын, СОЭ-25 мм/ car. Несеп талдамасында күтiлетiн өзгерістер: көру аймағында лейкоциттер-20-30 эритроциттер - өзгерген, бiрыңғай бактерия *** белок 4 г/л оксалаты*** |