сит%20есеп%20хирургия. 1. Таырып Антисептика. Антисептиканы анытамасы, трлері. Операциялы блімінде жне тау блмеде олданатын антисептиктермен танысу. Оларды олдану тсілдері. Асептика. Хирургиялы блімі, оны крылымы. Есеп 1
Скачать 78.41 Kb.
|
Есеп №3. 16 жасар ұл хоккей ойнап жүріп оң алақанын тірей құлады. Шынтақ бөлігінің төменгі үштігінің ауырсынуына шағым айтады. Қараған кезде, оң жақ кәрі жіліктің төменгі үштігі тұсындағы деформация, ауырсыну, қол басының қозғалысының шектелуі және крепитация айқын білінеді. 1.Диагнозыңыз қандай ? 2.Транспортты иммобилизация қалай жүргізіледі? 3.Қандай зерттеу әдістерімен диагнозды дәлелдеуге болады? 4.Емдеу принциптері қандай? Есеп №4. Спорттық жарыс уақытында, қатысушы сол аяғының төменгі бөлігінен қатты соққы алды. Осыдан кейін соққы орнында ауырсыну басталды. Пальпацияда балтыр аймағының ортаңғы үштігі тұсында қатты ауырсыну мен деформация белгісі, айналасындағы тіндер ісінген. Аяқ басы сыртқа қарай айналған. Балтырдың ортаңғы үшітігінде патологиялық қимыл анықталады. Аяқ басының саусақтарының қимылдары, сезімталдығы сақталған. Аяқ пульсациясы қанағаттанарлық. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз қандай ? 2.Транспортты иммобилизация қалай жүргізіледі? 3.Қандай ем тиімдірек деп ойлайсыз? Есеп №5. 18 жасар бала волейбол ойнап жүріп, сол қолының жазық бойына құлады. Сол жақ бұғана тұсының ауырсынуына шағым айтты. Науқас денесі сол жағына қисайып, сол қолымен шынтақ буынында бүгілген ауру қолын қапсыра ұстап, кеудесін қыса ұстаған күйде тұр. Сол қол артериясының білезік тұсындағы пульсі анық, саусақтарының сезімталдығы сақталған. Сол жақ бұғана тұсын басқанда ауырсынады. Кезкелген сол жақ иық буынындағы қозғалыс ауырсыну тудырады. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз қандай ? 2.Алғашқы көмек қандай болмақ ? 3.Қандай қосымша тексерулер міндетті түрде жүргізіледі және емдеу тактикаңыз қандай? Есеп №6. Клиникаға сол иық буыны аймағындағы ауырсынуға шағымданып науқас қаралды. Ауырсыну бадминтонда ойнағаннан кейін пайда болған. Қараған кезде, сол қолдың мәжбүрлі қалпы, тоқпан жілік басы кәдімгі орныныда жоқ және ол қолтық асты аймағында анықталады. Енжар қозғалысы кезінде қолдың қозғалғыштының шектелуі, ауырсынумен қабаттасатыны байқалды. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2.Емдеу принциптері қандай? 3.Диагнозды растау үшін қандай зерттеу әдісі қолдануға болады? ҚОСУ 7. Тақырып: «Күйіктер. Жіктелуі. Клиникасы және емі. Жалпы және жергілікті белгілері. Бірінші көмек. Емі. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы және емі. Бірінші көмек. Үсіп қалу. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы және емі. Бірінші көмек. Есеп №1. Қабылдау бөліміне от жалынына күйіп қалған әйел кісі әкелінді. Әйелдің екі аяғының айналасы қызарған, терісінің беткі аймағында суға толы сары түстес көпіршіктер бар. Іштің алдыңғы жағы мраморға ұқсас, жарасының беткі жағында ауырсынуы жоқ. Сол жақ қолы айналасы толығымен күйіп кеткен. Сыртқы эпидермис қабаты күлге айналған, терінің астыңғы жағында көк тамырларының тромбталғаны байқалады. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2.Күйік қандай дәрежеде және көлемі қандай? 3.Күйік формуласын жазыңыз? Есеп №2. Сіз жедел жәрдем қызметкерісіз. Жарақат болған жерге шақыртуымен келдіңіз. Сол аймақтағы куәгер кісілердің айтуы бойынша, бірнеше минуттар алдын науқас электр жарақатын алған. Жанындағы кісілер науқасты тоқтан ажыратып үлгерген. Жарақаттанған науқас ессіз, бұлшықеттері жиырылып, қалтырап жатыр. Тынысы жоқ, пульсі анықталмайды, терісінің беті көгерген, қарашықтары үлкейген және жарыққа реакциясы жоқ. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2.Алғашқы көмек? Есеп №3.3 жастағы қызға жедел жәрдем шақырылды. Қыздың анасы пештің үстіне май құйылған қазанды қойып, өзі бөлмесіне кіріп кеткен. Қыз бала ас бөлмесінде қараусыз қалған, 5 минуттан кейін анасы қатты жылаған дауыс естиді. Анасы қызының денесіндегі күйікті және көпіршіктерді көріп жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде баланың есі анық, біршама тежелген, әлсіз. Бет терісі, мойын, кеуде клеткасының алдыңғы беті және оң қолы аймағы гиперемияланған. Зақымдалған аймақта эпидермис жойылуы және көпіршіктердің көп болуы анықталады. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2.Қандай алғашқы көмек көрсету керек? Есеп №4. Клиникаға екі аяғы үсіген, алғашқы күндері өзі үйінде ем қабылдаған, нәтиже болмаған соң науқас жедел жәрдем шақыртып ауруханаға жеткізілді. Науқаста үсіктің кеш реактивті кезеңі. Жалпы жағдайы ауыр. Екі аяғы ісінген, сезімталдығы жоқ, көгерген. Демаркация сызығы бойында көпіршіктер байқалады. Сирақ бөлігінің терісі қызарған. Дене температурасы-390С. 1.Сіздің қоятын диагнозыңыз? 2.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерртеу әдістерін қолданасыз? 3.Қандай жолмен емдейсіз? Есеп №5.Ауруханаға жедел жәрдем көмегімен 32 жастағы әйел адам жеткізілді. Сұрастыру барысында, әйелдің кір жуу алдында қазандықтағы ыстық суға ағартқыш пен сабынның үгіндісін салып жатқанында, байқаусызда үстіне ыстық су құйылып, денесін күйдіріп алған. Денесінің алдыңғы беті толығымен, білектері мен қолдары қызарған. Жараның беті ақшыл түсті, ауырсыну бар. 1.Болжам диагноз қойыныз? 2.Күйіктің формуласын жазып көлемі мен деңгейін анықтаңыз? 3.Науқасқа қандай алғашқы көмек жасайсыз? Есеп №6. Хирургия бөліміне аяқ саусақтарының ісігіне және саусақтарының сезімталдығының жоғалғандығына шағымданып 40 жасар науқас түсті. Анамнезінде айтуы бойынша, бір күн бұрын жұмысқа барар алдын аялдамада ұзақ уақыт авобус күтіп тұруына байланысты екі аяғын үсітіп алған. Үйіне келіп аяқтарын жылы суға салып жылытсада аяқтарының сезімталдығы қалпына келмеген. Аяқтары ісінген, саусақтары көгерген, капиллярлық пульс анықталмайды. Аяқтарының сезімталдығы жоқ. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2.Емдеу шараларыңыз? Есеп №7. Кешкі сағат 20.00 Түркістан қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне 22-23 жас шамасындағы ер бала жедел жәрдем көлігімен әкелінді. Кезекші дәрігер хирург қарағанда: (науқас мүсәтір спиртін байқасызда су деп ішіп қойған) балада жұтыну қиын, өңештік бөлікте қатты ауырсыну бар, Пульс-110 рет мин., АҚ 90\60 мм.сб.б., ТАЖ-43 рет мин. Науқас жұтынғанда өңеште күйдіріп, ауыру сезімі болғандықтан су сұрады, бірақ ол суды іше алмады. 1.Болжам диагнозаңыз? 2.Алғашқы көмек қандай болады? 3.Жасалған емнен науқастың жағдайы жақсара ма? Есеп №8. 4 жасар күйік шалған қызды, анасы өз көлігімен жергілікті аурухананың қабылдау бөліміне алып келді. Баланың анасы айтуы бойынша, ошақ үстіндегі қайнаған суға екі қолын күйдіріп алған. Екі қолының күйігін көрген анасы жедел түрде ауруханаға келген. Қарау кезінде: Баланың есі анық, біршама тежелген, әлсіз. Екі қолында көпіршікті, гиперемияланған, ісінген, ауырсыну байқалады. Зақымдалған аймақта эпидермис жойылуы және көпіршіктердің көп болуы анықталады АҚ 80/50 мм с.б.б ТАЖ 40 рет мин, пульс 160 рет мин. 1.Болжам диагнозыңыз? 2.Алғашқы дәрігерліккөмек ? 2. Науқасты емдеу тактикасын көрсетіңіз ? 3.Госпитализация көрсеткіш бар ма?. Егер бар болса онда тасымалдау шартын атаңыз? ҮСІК ҚОСУ 8. Тақырып: Жалпы іріңді инфекция (сепсис). Жіктелуі. Патогенезі. Белгілері. Диагностикасы. Емі.» Есеп №1. Хирургия бөліміне дене қызуы жоғарылаған, оң санының 1/3 бөлігінің ішкі бетінің ауырсынуына, осы аймақтың тінінің тығыздалуына шағымданған науқас келіп түсті. Тексергенде оң санда инфилътрат бар екені анықталды. Комплексті –консервативті ем бастады. Емнің нәтижесі қандай болуы мүмкін? Есеп №2. Инфекция бөліміндегі консулътация кезінде хирург науқастағы жоғарғыт емператураны, қалтырауды, шекарасы айқын байқалатын гиперемия және оң тізенің артқы бетіндегі анық еместері ісінуін анықтады. Болжам диагноз? Науқасты қай бөлімшеде емдеу керек. Есеп №3. Қабылдау бөліміне перзентханадан науқас жеткізілді. Түскен кезінде хирург маститтің серозды формасы деп диагноз қойды. Сіз қандай ем тағайындар едіңіз? Есеп №4. Науқастың денесінің үш жерінде абсцесс байқалды, нәтижесінде абцедирленген мастит диагнозы қойылды. Науқасты қалай емдейміз? Есеп №5. Бауыр абсцессіне операция жасалғаннан кейін 3 күн өтіп, науқастың дене қызуы 39-40°С дейін көтерілген, денесінің тітіркенуі, әлсізденуі тахикардия басталды. 1.Операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну көрініс берді? 2.Қандай емдеу шараларын қолданасыз? Жауап: Есеп №6. Науқаст Р. 30 жаста, сол жақ санынан таспен жарақат алған. 2 күннен кейін сан аймағында ауырсыну сезімі күшейіп, дене қызуы 39°С дейін көтерілген, естен тану, құсу дамыған. Жалпы қарауда сол жақ санының үштен бір аймағында жедел ауырсыну сезімі, ісіну, сан аймағының айналасыы 2,0-см ге ұлғайған. Хирург дәрігер жамбас-сан буынына пункция жасап, 25 мл серозды сұйықтық алды. Антибактериальды терапия жүргізілді. Ем жүргізіліп жатқан кезде науқаста екі жақты пневмониямен қатар оң жақтық экссудативті плеврит дамыды. Пункцияда 100 мл серозды-геморрагиялық сұйықтық алынды. Келесі күні науқастың оң қол білек аймағының жұмсақ тіндерінде іріңді ошақтар табылды. Науқастың жағдайы күрт асқынып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жансақтау бөлімінде 2 апта көлемінде болды. Нуқасқа интенсивті антибактериальды терапия, гамма-глобулин инъекциясы, гемотрансфузия жүргізілді. 55 күннен соң науқас толықтай жазылып үйіне шығарылды. 1.Науқастың диагнозы қандай? 2.Науқастың диагнозына байланысты антибактериальды терапияның негіздерін жазыңыз. ҚОСУ 9. Тақырып:«Аназробты инфекцияның жіктелуі. қоздырғыштары. Патологиялык анато-миялык өзгерістері. Клиникасы, емі, алдын алуы. Шірітуші инфекция, себептері, клиникасы, емі.» Сіріспе. Этиологиясы және патогенезі. Белгілері емі мен алдын алуы. Есеп №1. Хирургиялық стационарға оң аяқ жүйке-қан тамырлар будасының зақымдануымен науқас келді. Хирург науқасты зерттеп ондағы газды гангренаның созылмалы ағымда жүргендігін анықтады. Науқасқа қандай опеартивті ем жүргізіледі? Есеп №2. 25 жастағы жараланған науқасқа хирургиялық өңдеу жасау уақытында қан қысымы төмендеді. Хирург ары қарай ревизия жасауды тоқтатып, оған сирек тігіс салды. Науқастың жағдайы жақсарды. 2 тәуліктен соң науқастың операциядан кейінгі жарасында ауырсыну, жара айналасында крепитация байқалды. Пульсі-120 рет минутына, дене қызуы 37,8. Қандай асқыну болуы мүмкін? Науқасқа шұғыл түрде қандай ем жүргізіледі? Есеп №3. Жараланған 52 жастағы науқаста оң аяғының балтырының ортаңғы 1/3-інде жайылған газды гангрена анықталды. Науқасқа қандай оперативті ем тағайындалды? Қандай спецификалық ем қолданылады? Осы сәтте оксигенобаротерапия қолануға болады ма? Есеп №4. Қабылдау бөліміне 38 жастағы әйел гипертониялық кризге арналған күкірт магнезиясын енгізуден 2 аптадан соң сол жақ жамбас аймағындағы ауырсынудан шағымданды. Бұл аймақтың тіндерінің ісінуі айқын көрінеді, терісі қоңыр, кернеулі, пальпациямен ауырады, сол жақ аяғы бар қозғалыстар айтарлықтай шектеулі. Сол жамбастың рентгенологиялық зерттеулерінде «шыршаның суреті» белгілері анықталды. 1.Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз? 2.Радиографиялық белгілерді қалай түсіндіруге болады? Есеп №5. Науқас 24 жаста. Аң аулау кезінде оның оң жамбасынан оқ жарақат алған. Медициналық көмекке жарақат алғаннан 1 күнен кейін жүгінді. Жағдайы ауыр, жүрек соғу жиілігі минутына 160 соққы, қан қысымы - 90/40 мм.с.б. Жамбас терінде көк және қола түстес көлемді дақтар айқын байқалады. Жұмсақ тіндердің крептациясы анықталды. Жарадан қанды-іріңді бөліністердің шығуы байқалады. 1.Жараланған науқаста қандай асқынулар пайда болды және хирургиялық араласудың қандай түрі көрсетілген? ҚОСУ 10. Тақырып: «Остеомиелит. Жіктелуі (гематогенді және травматикалык, остеомиелиттің біріншілікті созылмалы түрі, остеоартриттер). Емі.» Есеп №1. Аймақтық аурухананың хирургия бөліміне 9 жастағы ұл бала оң санының ауырғанына шағымданып келді. Дене температурасы-39,6°С, бас ауруы, жүрек айнуына шағымданды. Ол 5 күн бұрын жедел респираторлық ауруға шалдыққан. Қарағанда жағдайы ауыр дәрежеде, өңі бозарған, терісі құрғақ. Пульсі минутына 120 рет, АҚҚ 90/55 мм.сын.бағ.тең. Оң аяғы тізе буынында бүгілген, саны көлемінен 2 см ұлғайған, терісі шамалы қызарған, ыстық. Ауырсыну сан сүйегінің төменгі бөлігінің алдыңғы бетінде ұлғаяды. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Сан бөлігіне рентгенологиялық зерттеу жүргізілуі керек пе? 3. Қандай ем көрсетілуі керек? 4. Ауырсынуды қалай тоқтату керек? 5. Асқынулары қандай аурулар болуы мүмкін? Есеп №2. Аурухананың қабылдау бөліміне оң аяғының ауырғанына шағымданған 8 жасар бала жеткізілді. Ауырғанына 2 апта болған. Үйде емделген. Жағдайы ауырлай бастаған соң стационарға жіберілген. Дене температурасы кешке жақын үнемі 40°С-қа жақын көтеріледі. Өкпесінің төменгі бөліктерінде құрғақ және ылғалды сырыл әр жерден естіледі. Бауыр мен көкбауыры ісінбеген. Оң аяғының төменгі сан бөлігінің ісігі мен ауырсынуы анықталды, терісі қызарған. Тізе буыны ісінген, аяғын осы буынмен бүгіңкі ұстайды, буындағы қимыл ауырсыну тудырады. Қосымша анықтау барысында, 3 апта бұрын оң санымен партаға соғылғаны анықталды. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Қабылдау бөлімінде қандай зерттеулер жүргізу керек? 3. Сіздің емдеу тактикаңыз? Есеп №3. Хирургияның инфекция бөліміне оң балтыр тұсының ауыруына, температурасының 38-39°С-қа көтеріліп тұратынына шағыммен науқас түсті. Таяққа сүйеніп жүреді. 11 ай бұрын ашық сынық жарақатын алған. Скелеттік тарту әдісімен гипс салып емдеген. Бірақ ауырсынуына байланысты өздігінен еркін жүре алмайды. Оң сирақтың алдыңғы бетінде аздаған іріңді сұйық шығатын жыланкөз бар. Балтыры ісінген, жыланкөз айналасы қызарған. Рентгенограммада сирақ сүйегінің жалған буыны анықталды, бұрынғы сынық беттері желінген, эндостық склероз, периост өсінділері байқалады. 1. Болжам диагнозыңыз? 2. Қосымша қандай тексеріс, зерттеу әдістерін жүргізу керек? 3. Сіздің емдеу тактикаңыз? Есеп №4. Сіз жедел жәрдемде педиатр-дәрігерсіз. Сізді 9 жасар баланың ауырғанына байланысты кешке жақын шақырды. 1,5 тәулік бұрын басының ауырғанына байланысты сабақтан босатылып, үйге қайтарылған. Үйге учаскелік педиатр шақырылған, ол «тыныс жолының жедел вирустық инфекциясы» деген диагноз қойып, антибиотиктер, қабынуға қарсы дәрілермен емдеуді ұсынған. Қарау барысында: баланың жалпы жағдайы ауыр, шала есті. Дене температурасы - 40°С. Анасының айтуынша, «жедел жәрдем» келер алдында галлюцинация болған. Беті боп-боз, акроцианоз дамыған. Пульсі-128, тынысы беткі, минутына-28. Өкпесінің төменгі бөліктерінде құрғақ және ылғалды сырыл естіледі. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, көк бауыры ісінбеген. Пальпация кезінде оң санының төменгі бөлігі ауыратыны анықталды, ол жерде ісіну де бар. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Алғашқы көмегіңіз? 3. Қандай ем тағайындайсыз? Есеп №5. Клиникаға 10 жасар бала сан сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің ауырсынуымен және дене температурасының 39°С-қа көтерілуімен, аяқ сүйектерінің қимылы шектелгендігімен шағымданып келді. 4 күн бұрын бала құлап қалып, оң сан сүйегін зақымдап алған. Травмалық пунктте рентгенограммадан сан сүйегігің жарақаттанғаны анықталды және сан сүйегінің жұмсақ тіндерінің көгеруі деген диагноз қойылды. Бірнеше күннен кейін жоғары температура, қозғалыс кезіндегі ауырсыну, ал екінші күні –оң сан сүйегінің жоғарғы үштен бірінде ісік байқалған. Амбулаторлы емделген: компрестер, ауырсынуды басатын препараттар қабылдаған. Қарау кезінде оң сан сүйегінің көлемі сол бөлігімен салыстырғанда 3 см-ге үлкен. Тері түсі қалыпты тері түсіндей. Пальпация және перкуссия кезінде аталған бөлігінде ауырсыну болған. Активті және пассивті қозғалыс кезінде оң жамбас буынында ауырсыну бар. Жүрек тондары тыңдалады, ритмді, жүрек соғу жиілігі - минутына 98 рет. Тыныс алуға өкпенің барлық бөліктері қатысады, сырылдар жоқ, тыныс алу жиілігі – минутына 36 рет. Бауыр 1,5 см-ге ұлғайған, көкбауыр ұлғаймаған. 1. Диагноз қойыңыз? 2. Осы аурудың дамуына алып келген фактор не деп ойлайсыз? 3. Алғашқы көмегіңіз? Есеп №6. Хирургтың қабылдауына анасы 15 жасар ұлын алып келді. Айтуларына қарағанда, бір жыл бойы баланың сол жақ сирағының жоғарғы тұсы сыздап, анда-санда мазалайтыны белгілі болды. Ауыру сезімі, әсіресе, ауа райы өзгергенде, кештерде байқалады. Сирағы сырт көзге еш өзгеріссіз сияқты. Пальпациялағанда асықты жіліктің жоғарғы үштігінің сезімталдығы байқалады. Рентгенограммада асықты жіліктің жоғарғы үштік, метафиз бөлігінде дөңгелектенген қуыс анықталды, диаметрі 1 см шамасында, айналасы склерозды тіндермен шектелген, периостальдік жұмсақ тіндер аздап қабынған. 1. Сіздің диагнозыңыз? 2. Әрі қарайғы әрекетіңіз? ҚОСУ 11. Тақырып: «Хирургиялық паразитарлық аурулар. Эхинококкоз. Альвеококкоз. Түсініктеме. Патологиялық анатомиясы және клиникасы. Эхинококкозды және оның асқынуларын хирургиялык емдеудін приициптері.» Есеп №1. Науқас К. хирургиялық бөлімге жедел панкреатит диагнозымен түсті. Өмір анамнезінен анықталды: алғаш ұстама пайда болған; науқас Р. қаласына досының үйіне қонаққа барған. Аз тұздалған балық өнімін жеді. Бірнеше күннен кейін К. қаласына келген соң науқастың ішінің жоғарғы бөлімінде ауырсыну пайда болған. Іштің кебуі, жүрек айну, құсу болған. Алайда жеңілдік әкелмеген. Науқас жедел жәрдем машинасын шақырған, стационарға жеткізілген. Науқаста оң жақ қабырға астының ауырсыну болған. Бауырды пальпациялағанда аздап ұлғайғаны байқалған. 1. Қандай паразитарлы ауру жайлы айтылып жатыр? 2. Осы аурудың жиі хирургиялық асқынуларын атаңыз? 3. Аурудың негізгі емдеу принциптерін атаңыз? 4. Гелминттің дамуына қатысатын аралық иесін атаңыз? 5. Гельминнің адамдарға жұғуына әкелетін қосымша иесін атаңыз? |