сит%20есеп%20хирургия. 1. Таырып Антисептика. Антисептиканы анытамасы, трлері. Операциялы блімінде жне тау блмеде олданатын антисептиктермен танысу. Оларды олдану тсілдері. Асептика. Хирургиялы блімі, оны крылымы. Есеп 1
Скачать 78.41 Kb.
|
1. Тақырып: «Антисептика. Антисептиканың анықтамасы, түрлері. Операциялық бөлімінде және таңу бөлмеде қолданатын антисептиктермен танысу. Оларды қолдану тәсілдері.Асептика. Хирургиялық бөлімі, оның кұрылымы. Есеп № 1.Автоклавтан биксты алған соң, сіз байқадыңыз-пробиркаға салынған алтын күкірт ұнтағы ерімеген. 1. Бұл жағдайдың себебі. 2. Іс әрекетіңізді жалғастырыңыз. Есеп № 2. Операция бөлмесіне бикстегі операциялық жайманы алып келді. Операциялық мейірбике жайманың ылғал екендігін, яғни жайманың стерильді емес екендігін байқады. 1. Стерилизация 20 минут бойы 2 атмосфералық қысымда, температурасы +132 С-да жүргізілгенін есте сақтап, жайманы автоклавтаудағы кеткен қателіктерін атаңыз? Есеп № 3. Операциялық мейірбике аппендэктомия үшін арналған таңып байлау материалын бикске салу тапсырмасын алды. Мейірбике бикске 8 жайманы салды. 1. Мейірбике биксті төсеудің қай түрін қолданды? 2. Ол тапсырманы дұрыс орындады ма? Есеп № 4. Іріңді жарасы бар науқастың жарасын таңып-байлау кезінде хирург операциялық аймақты орталықтан шетке қарай йодонатпен 2 рет өңдеді. 1. Операциялық аймақ дұрыс өңделді ме? Есеп № 5. Операция бөлмесіне ректалды жыланкөз диагнозымен 5 жасар баланы алып келді. Хирург операциялық аймақты 5% йод ерітіндісімен 2 рет өңдеп, операциялық аймақты стерильді жаймамен қоршап қайтадан операциялық аймақты йод ерітіндісімен өңдеп операция жасауға кірісті. 1. Операциялық жара дұрыс өңделді ме? Есеп № 6. Мейірбике іріңді операция жасалғаннан кейін ұқыпты түрде скальпельдерді, қайшыларды, тігіс және иньекциялық инелерді ағынды суда жуды және сода ерітіндісінде 1 сағат бойы қайнатты. 1. Операциялық мейірбике дұрыс істеді ма? 2. Өткір құралдар қалай залалсыздандырылады? Есеп № 7. Хирургиялық жайманы горизонталды күйде автоклавта стерилизация жүргізілді. Стерилизациядан кейін Шимельбуш барабанын ашқан кезде ондағы орналасқан материал ылғал болып шықты. Сол уақытта стерильдіктің индикаторлары қажет температураның болғанын көрсетті. 1. Осындай жайманы операция үшін қолдануға болады ма? 2. Жайма не үшін ылғал болды? Есеп № 8. Хирургиялық бөлімнің қабылдауына, сол санында кең көлемде жарақаты бар және қарқынды қан кетіп жатқан науқасты алып келді. Тез арада қан кетуді тоқтату керек. 1. Хирург қолын қай тәсілмен өңдеу керек? Есеп № 9.Науқастың жарақатынан көгілдір түсті, арнайы иісті ірің бөлінеді. 1. Бұл жағдайда тиімді антисептикті таңдаңыз. 2. Қолдану ережесін көрсетіңіз. Есеп № 10. Науқастың жарақатында некрозды ұлпалар бар, іріңді қабықпен қапталған. 1. Бұл жағдайда тиімді препаратты таңдаңыз. 2. Осы препаратты қолдану ережесін көрсетіңіз. Есеп № 11. Науқаста септикалық жағдай. Иммунологиялық төтеп беру қасиеті төмендеген. 1. Қандай бейспецификалық заттармен иммунитетті көтеруге болады. 2. Осы заттарды қолдану ережелері. Есеп № 12. Науқас оң балтырындағы жарақатқа шағымданады.Кеше көшеде танымайтын ит тістеп алған. Емдеу мекемесінде жарасы өңделіп, құтырмаға қарсы вакцина салынған. 1. Асептиканың қандай түрі қолданылған. 2. Иммунитеттің қандай түрі қалыптастырылады. 3. Қолданылған ампуланы жою ережесі. Есеп № 13. Науқас жарақат алған соң 2 тәуліктен кейін ауруханаға келген. Жарақатқа хирургиялық өңдеу жургізілген, тігістер мен резиналы полоска салынған, жарақаты таңылған. 1. Антисептиканың қандай түрі қолданылған. 2. Жарақаттың хирургиялық өңделуінің қандай түрі, ерекшеліктері. 3. Болжам асқынулары. Есеп № 14. Хирургиялық стационарға сол санының жоғарғы 1/3 бөлігінің алдыңғы бетінде жыртылған жарасы бар науқасты алып келді. Кезекші дәрігер жараның жиектерін кесіп, қан кетуді тоқтатты, жараны фурацииллинмен жуды және теріге тігіс салды. 1. Барлығы дұрыс істелді ма? 2. Қандай қателіктер жіберілді? Есеп № 15. 67 жастағы науқасқа таңып байлау кезінде іштің алдынғы қабырғасында іріңді- некрозды тінмен жабылған беткей жара табылды. 1. Антисептиканың қандай механикалық және физикалық әдісін қолданасыз? Есеп № 16. Экссудативті плевритпен ауратын науқаста, сәл ертерек жасалған пункциядан кейін түсірілген қайталама рентгенограммада оң жақ плевральды аймақта 4 қабырғаға жеткен сұйықтық анықталды. Айқын ентікпе, жалпы әлсіздік, температура байқалды. Дәрігер науқасқа бұлшықет ішіне антибиотик және УКС тағайындады. 1. Дәрігер дұрыс істеді ма? 2. Егер дұрыс емес болса, не істеу керек еді? 2. Тақырып: «Жалпы жансыздандыру. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Ингаляциялық наркоз: эфирлі, газды. Наркотикалық заттар және бұлшықет релаксанттар. Наркоз аппараттар. Эфирлік наркоздың клиникалық барысы. Наркозға көрсетілген және кері жағдайлар. Ингаляциялық наркоздың асқынулары жэне олардың алдын алуы. Жасанды демалудың әдістері жэне басқа реанимациялықәдістері. Ингаляциялық емес наркоз соған арналған наркотикалық заттар. Жасанды гипотермия.» Есеп №1. Науқас С. 26 жаста орындыққа шығып перде іліп жатқан кезде, кенеттен орындығы тайып кетіп құлап түседі. Алғашқы кезде кеуде торының cол жақты қабырға аймағының сәл ғана ауырсынуын сезінеді. Бірақ ешқандай мән бермей, жұмысын әрі қарай жалғастыра береді. Түнгі уақытта қабырға аймағы қатты ауырсынып, ұйықтай алмай шығады. Таңертең ауруханаға қабылдау бөліміне барады. 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. Алғашқы көмекті қалай көрсетесіз? 3. Қандай анестезия әдісін таңдайсыз? Оны қалай жүргізесіз? Есеп №2. Науқас С. 28 жаста, құрылыс алаңында ағаштарды тасымалдап жатқан кезде, кенеттен құлап түседі. Алғашқы кезде оң жақты IV-V қабырға аймағының сәл ғана ауырсынуын сезінеді. Бірақ ешқандай мән бермей, жұмысын әрі қарай жалғастыра береді. Түнгі уақытта қабырға аймағы қатты ауырсынып, ұйықтай алмай шығады. Таңертең ауруханаға қабылдау бөліміне барады. 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. Алғашқы көмекті қалай көрсетесіз? 3. Қандай анестезия әдісін таңдайсыз? Оны қалай жүргізесіз? Есеп №3. Науқас М. 23 жаста. сүт безінің қатерсіз ісігімен ауырады. Диагноз науқасқа 5 жыл бұрын қойылған. Науқас консервативті ем қабылдап жүрген. Онкологтың «Д» есебінде тұрады. Науқас жағдайының ауырлауына байланысты, жоспарлы операция жасалатындығы шешілген. Науқасты тексергенде, ТАЖ-18 рет минутына, АҚ 150/90, пульс 85 рет минутына, Нв-90 г/л. 1. Науқаста қосымша қандай аурулар бар? 2. Премедикация шаралары қалай жүргізілуі тиіс? 3. Қандай анестезия түрі жасалады? Есеп №4. Науқас 45 жаста, 8 сағат бұрын сан аймағынан кесілген жарақат алған. Санның медиалды аймағынан шектеулі көгеру аймағын көруге болады. Науқас аяғының қатты ауырсынуына шағымданады. Дене қызуы 37,0С, АҚ 135/70 мм. сн. бағ, пульс 90 рет минутына. 1. Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз? 2. Қандай арнайы алдын-алу шаралары жасалуы тиіс? 3. Қандай жансыздандыру тәсілін таңдайсыз? Оны қалай жүргізесіз? Есеп №5. Қабылдау бөліміне 2 сағ бұрын ағаш кесетін құрылғымен жарақаттанған кісі түсті. Оң қолының шынтақ тұсында өлшемі 2,5х0,4см шамасында кесілген жарасы бары айқындалды. Науқас оң жақ шынтақ аймағының қатты ауырсынуына шағымданады. 1. Науқасқа қандай анестезия жасау керек? 2. Науқасқа хирургиялық көмек қандай ауқымда жүргізіледі? 3. Асқынуды болдырмау үшін қандай алдын-алу шараларын жүргізу қажет? 4. Қандай вакцинация жасайсыз? 3. Тақырып: «Қан кету. Жіктелуі, патогенезі. Жалпы мен жергілікті белгілері. Уакытша және бір жола қан тоқтату әдістері Қан кету. Жіктелуі, патогенезі. Жалпы мен жергілікті белгілері. Уакытша және бір жола қан тоқтату әдістері. Қан құю. Қан топтарын, резус-факторды анықтау. Есеп №1. Қабылдау бөліміне 10 жасар бала әлсіздігіне, басының айналуына, сол жақ қабырға асты тұсындағы ауруына шағымданып түсті. Анамнезінде: 12 сағат бұрын ол алма ағаштан құлап, сол жақ қабырғасымен соғылған. Ауруханаға түсер алдында есінен тану болған. Науқас мәжбүрлі жағдайда жатыр, кез-келген қозғалыс ішінің ауруын арттырады. Тері терісіт бозғылт. Пульсі - 120 мин, қан қысымы - 90/50 мм.с.б. тынысы беткей. Пальпация кезінде іш еттерінің сәл қатаюы байқалады, перкуссия кезінде сол жақ қабырға астында, іштің шеткі аймақтарында тұйық дыбыс анықталады. Жалпы қан анализінде гемоглобин мөлшері-98 г/л. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз ? 2.Қан кетудің қай түріне жатады? 3.Алғашқы көмек? 4.Қан құю қажеттілігі барма? Есеп №2. 45 жастағы А. есімді науқас әйелдің жартылай түсік түсуіне байланысты, жатырдан көп мөлшерде қан кетті. Соған орай анемиядан шығару үшін 300 мл B(III) топтың қаны құйылды, ал науқастың қаны AB(IV) – ші топтың қаны. Бір тәуліктен кейін олигоурия анықталды, кіші дәреттің түсі қарақошқылданып, ондағы белок 1,5% жетті, аздаған қан түйіршіктері пайда болды. Қандағы мочевина - 27 ммоль/л, гемоглобин - 56 г/л болды. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, ұйқы басқан, қозғалыссыз, тері беті бозданған. Науқас құсқысы келіп жатқанына шағым айтты. Науқас аузынан зәр иісі бөлінеді. Пульсі - 84, АҚ 140/85 мм с.б., «Постернацкий» белгісі екі жақтан да оң мәнді. Қайталап тексергенде науқас әйелдің қан тобы O(I)-шіге жататыны айқындалды. 1.Науқаста қандай асқыну болды? 2.Сіздің емдік шараларыңыз? Есеп №3. Науқас 25 жаста, сол жақ іш аймағының қатты ауырсынуымен әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне келіп түседі. Анамнезінен бір сағат бұрын тауда жүрген кезде, сол шетімен үлкен тас үстіне құлап түскен. Қараған кезде: терісі және шырышты қабаттары бозарған, сол жақ іш аймағы мен кеуде аймағы тыныс алу кезінде оң жақтан қалыңқы, пульс 120 рет минутына, АҚ 90/60 мм.с.б.б, пальпация кезінде іш аймағы қатты ауырсынады. 1. Болжам диагноз? 2. Қандай зерттеулер диагнозды растайды? 3. Қан қай жерден кетіп жатыр? 4. Операция алдында қандай дайындықтарды жүргізу керек? 5.Қанды біржолата қалай тоқтату керек және кеткен қанның орнын қалай толтыру керек? Есеп №4. Науқас жарақат алған жерден жедел жәрдем арқылы жеткізілген. Анамнезінде: бақшада жұмыс істеп жүрген кезде оң жақ иық аймағын жарақаттап алған. Жедел жәрдем дәрігері қан кетуді таңғыш салу арқылы тоқтатқан. Жарақатты қайта өңдеу кезінде қан кету қайтадан басталған. 1. Жарақаттанған аймақтан қан кетудің қандай түрі болып жатыр? 2. Қанды тоқтатудың уақытша тәсілдері? 3. Жгутты қанша уақытқа дейін салуға болады? 4. Қанды біржолата тоқтатудың тәсілдері? 5. Сіреспеге қарсы профилактика жүргізуге бола ма? Есеп №5. Қалалық ауруханаға хирургия бөліміне тоқ және 12-елі ішектің ойық жарасының қанауымен асқынған науқас келіп түсті. Қанның айналыстағы көлемінің дефициті 40%-ды құрайды. Жоғалған қанның орнын толтыру үшін шұғыл қан қажет. 1.Қандай лабораториялық сынамалар жүргізесіз? 4. Тақырып: Жаралар. Жіктелуі, жара процесінің барысы, жаралардын жазылуы, түрлері. Жарадағы морфологиялык және биохимия-лық өзгерістер. Жаңа жаралардың жалпы емдеу ережелері. Жарақаттың организмге жалпы әсері: естентану, шок, коллапс. Жарақаттану талықсы (шогы) патогенезі, клиникасы, алдын алуы, емі. Жарақаттык улану (ҰКС-СДР) патогенезі, клиникасы, емі. Терминалдык жағдайлар. Есеп №1. Аудандық емхананың хирургия кабинетіне, 2 сағ бұрын көше кезген белгісіз ит қапқан науқас келіп түсті. Тексерген кезде, оның сол жақты аяқ балтырындағы алты жерден тістелген жаралар анықталды. Жаралар ұйыған қанға толы, айналасы ісінген, ауырсынады. 1.Алғашқы болжам диагноз? 2.Көмек мөлшері қандай болмақ? 3.Қандай екпелер жасайсыз? Есеп №2. Аппендэктомия операциясынан кейін, 5-ші тәуліктен соң операциялық жара тұсында солқылдата бастаған ауыру сезімі пайда болды, науқастың ыстығы көтеріліп, қанында лейкоцитоз артты. 1.Не туралы ойлауға болады? 2.Емдеу тактикаңыз қандай болмақ? Есеп №3. Қабылдау бөліміне 2 сағ бұрын ағаш кесетін құрылғымен жарақаттанған кісі түсті. Оң қолының шынтақ тұсында өлшемі 2,5х0,4см шамасында кесілген жарасы бары айқындалды. 1.Науқасқа хирургиялық көмек қандай ауқымда жүргізіледі? 2. Асқынуды болдырмау үшін қандай алдын-алу шараларын жүргізу қажет? 3. Қандай вакцинация жасайсыз? Есеп №4. Хирургия бөліміне оң жақ санының жыртылған жарасы бар науқас түсті. Жараны 13 сағат бұрын алған. Жара айналасы аздап ісінген, шеттері тегіс емес, көгерген. 1.Алғашқы көмекті қалай жүргізесіз? 2.Сіз қандай емдеу тактикасын қолданасыз? 3.Қандай екпелер жүргізген дұрыс? Есеп №5.Травма бекетіне оң жақ иығында шаншыла-кесілген жарасы бар науқас келді. Жарақатты 3 күн бұрын алған. Жара айналасы ісінген. Ауырсыну бар. Жарадан аздаған қанды-іріңді сұйықтық бөлінеді. Қабылдау бөлімінің хирургі жараны мұқият тазалады, гипертониялық натрий хлор ерітіндісімен суланған тампонмен тығыз бітеп, үстінен таңғыш салды. Жарақаттанған науқасқа сіреспеге қарсы арнайы жедел-жәрдем көрсетілді. 1.Алғашқы көмекті қалай жүргізу қажет? 2.Хирург қандай қате жіберді? Есеп №6. Учаскелік ауруханаға жарты сағат бұрын жылан шаққан бала әкелінді. Бала сол жақ аяқ басының ауырғанына шағымданады, өзі әлсіз , ұйқылы-ояу халде. Оң аяғының үстінде екі нүкте тәрізді жара бар. Оның айналасы қанталап, ісінген. 1. Алғашқы көмекті қалай көрсетесіз? Есеп №7. 38 жастағы науқас жедел жәрдем шақырды. Бүкіл сол жақ кеудесінің ауырсынуына шағымданады. Ауруы бір сағат бұрын, кезекті жөтелден кейін пайда болғаны анықталды. Науқас сол жақ қырында жатыр, терісі боп-боз, жеңіл акроцианоз байқалады. Тынысы беткей, минутына-30 рет, дене температурасы-36,80С, АҚ-120/80 мм.сын. бағ. Сол жақ өкпе шуы естілмейді, перкуссия кезінде қалбырлық, барабандық дыбыс анықталады. Іші жұмсақ, ауырсынуы жоқ. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. Науқасқа алғашқы көмек көрсетіңіз? Есеп №8. Түнгі уақытта көшеде кетіп бара жатқан жолаушы жерде ессіз жатқан адамды көріп, жедел жәрдем көлігін шақырады. Оқиға орнындағы науқастың алдыңғы аксиллярлық сызығы бойымен сол жақ VI-қабырға арасына пышақ кірген. Науқастың есі шала, сөйлесе алмайды. Көз қарашығы кішірейген. Пульсі-130 рет мин, тек үлкен артерияларда ғана анықталып жатыр. АҚ-80/50 мм.сын.бағ. Тынысы сол жағында өте әлсіз. 1.Болжам диагнозыңыз? 2.Кірген пышақты не істейсіз? 3.Жарақаттанған науқасқа қандай алғашқы көмек көрсетесіз? Есеп №9. Ауылдағы емханаға бір сағат алдын кешкі ойын-сауық орталығынан іш аймағына пышақ сұғылған 25 жасар ер адам жедел жәрдеммен әкелінді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульсі минутына-95 рет, АҚ-110/70 мм. сын. бағ. Іш аймағының алдыңғы сол жақ төменгі тұсында, ұзындығы 3,7 см шамасында, кесілген жарадан іш майының шығып тұрғаны байқалады. Іші жұмсақ, ауырсынуы білінбейді. Щёткин-Блюмберг белгісіне күмән бар. Перкуссия жасау барысында бауырының тұйықтығы айқын және сақталған. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз? 2.Науқасқа қандай алғашқы көмек жасайсыз? 3. Жарадан шығып тұрған іш майын не істейсіз? Есеп №10. Жер сілкінісінен кейін 13-жасар бала құтқарылды. 3 сағат бойы баланың сол жақты аяғы бетонды плитамен қысылып қалғаны анықталды. Баланың жағдайы орта ауырлықта, тынысы еркін, жиілеген. Жүрек тондары ритмді, АҚ 120/70 мм.сын.бағ. Рефлекстер сақталған. Аяғының тері жамылғысы көгерген, ісінген, ауырсынады, ұстағанда мұздай, пальпаторлы крепитация анықталмайды. Өкпесін тыңдағанда тынысы везикулалық. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. 1.Болжам диагнозыңыз? 2.Науқасқа көрсетілетін дәрігерлік көмек? Есеп №11. Науқас А., ер адам стационарға жол апатынан кейін жарақат алып 1 сағаттан соң ес-түссіз күйде жеткізілді. Есіне келгенде, есеңгіреп тұрды. Науқаста бас айналу, құсу, сезімталдықтың бұзылуы болды. Тексеру барысында тынысы жиілеген, тахикардия байқалады, пульс 95 рет минутына, АҚ 100/70 мм.сын.бағ. Басының шүйде бөлігінде пальпаторлы ісінген, ауырсынады, қан құйылу анықталады. 1.Болжам диагнозыңыз? 2.Бұл уақытта қандай алғашқы көмек көрсетесіз? Есеп №12.Науқас С., 32 жаста зақымдалған аяқ-қолдың ісінуінің салдарынан ауруханаға түсті. Сонымен қатар, ауырсыну сезімдері , ОЖЖ-ң қозу және тежелу үрдістерінің тепе-теңдігінің бұзылысымен шағымданды. Жарақаттық токсикоздың клиникалық ағымында тамыр жетіспеушілік, аяқ-қолда ишемия мен венозды тоқырау, жедел бүйрек жетіспеушілігі пайда болды. Патогенезінде бұлшықеттерінде ұзақ қысылудың әсерінен бұзылыстары, тамырішілік қанның ұюы байқалды. 1.Сіздің қоятын болжам диагнозыңыз? 2. Қандай алғашқы көмек көрсетесіз? 5. Тақырып: 12 косу 6. Тақырып: «Буын шығуы. Жіктелуі. Буыншығу механизмі клиникасы және емі. Сүйек сынуы. Жіктелуі. Клиникасы. Жабық сынық кезіндегі алғашқы көмек. Тасымалдау иммобилизациясы. Сынықтарды операция жолымен емдеуге көрсетілімдері мен кері көрсетілімдері. Есеп №1. Жаяу жүргіншіні жеңіл автокөлігінің қағуы нәтижесінде, сол жамбас аймағы зақымданды. Науқас жамбас аймағы ауыратынына, кіші дәретке отыра алмайтынына шағым айтады. Пальпацияда патологиялық қимыл, крепитация анықталады. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Тері түсі бозғылт. Пульс минутына 116, толымы нашар. АҚ - 90/55 мм.с.б. Іші жұмсақ, тек төменгі сүйек үсті тұсында ауырсыну бар. Перкуссия кезінде іштің шеткі аймақтарында тұйықталу белгісі жоқ. Щеткин – Блюмберг симптомы теріс. Жамбасты екі жағынан аздап қысыңқыраса, ауру сезімі артады. Уретрографияда: қан аралас зәр анықталды. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз ? 2.Зақымдалуды қандай жарақаттардан айырып алу керек? 3.Біріншілік көмекті көрсетіңіз? Есеп №2. Сізге оң иығының ауыратынына шағымданып науқас келді. 3 сағат бұрын ол халатын шешіп, ілгішке ілер мезетте ауырсынғанын айтады. Бір жыл бұрын оң иығының травмаға байланысты шыққанын еске салады. Қараған кезде, оң қолы мәжбүрлік жағдайда екендігі және оң иығының баспалдақ тәрізді деформациясы бары айқындалды. Тоқпан жілік басы қолтық астынан анықталады.Егер қолын қозғап көрсеңіз, иық буыны серіппе (пружина) тәрізді серпінділік танытады және ауырсыну артады. 1.Сіздің болжам диагнозыңыз ? 2.Негізгі емдеу міндеттері мен принциптерін атаңыз? 3.Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз? |