сит%20есеп%20хирургия. 1. Таырып Антисептика. Антисептиканы анытамасы, трлері. Операциялы блімінде жне тау блмеде олданатын антисептиктермен танысу. Оларды олдану тсілдері. Асептика. Хирургиялы блімі, оны крылымы. Есеп 1
Скачать 78.41 Kb.
|
Есеп №4. Іріңдіктерді радиалъді кесу жүргізу керек. Іріңді қуыстарды антисептиктермен жуып, жабысқан жерлерін ажыратып, селиканды түтікпен дренажау керек. Есеп №5. 1.Септикопиемия (өмір сүруге қабілетті бактериялардың қан арқылы денеге таралуы) Жалпы ем: антибактериалды терапия (жартылай синтетикалық пенициллин+аминогликозидтер); қабынуға қарсы антимикробты препараттар (нитрофурандар, сульфаниламидтер); иммунокоррекциялық ем (пентоглабин, зигрис); инфузионды терапия; 2.Жергілікті ем: біріншілік іріңді ошақты толық дренаждау, өмірге қабілетсіз тіндерді алып тастау,жараны антисептикалық ерітінділермен жуу, жараға тігіс салу немесе тері пластикасын орындау. Есеп №6.1.Науқаста экссудативті плевритпен асқынған деструктивті пневмониямен көрініс беретін сепсис дамыған. Сепсистің ауыр түрі жұмсақ тіндерге метастаз беріп, іріңді ошақтар пайда еткен. 2.Антибиотиктерді әсеріне орай қосарлап тағайындау (жартылай синтетикалық антибиотиктер+аминогликозидтер). Антибиотиктерді енгізудің ең тиімді жолы парентеральды енгізу болып табылады. Антибиотиктерді біріншілік енгізу шартты түрде операциялық араласуларға дейінгі кезеңде жүзеге асырылуы керек. Суперинфекцияның алдын алу үшін қабынуға қарсы антимикробты препараттармен қосып тағайындаған тиімді болады. 9 тақырып жауаптары: Есеп №1.Сау тіндерге дейінгі ампутация жасау. Есеп №2.Науќаста анаэробты инфекция. Шұғыл түрде тігістерді шешіп, анатомиялық құрылымы сақатлмаған тіндердің барлығын кесіп алып, жара қуысын қышқылдармен жуу керек. Еміне метронидазол, антибиотикотерапия, серотерапия, гипербарилік оксигенация қосып, науқастың организмін және ағза қызметтерін қалыптастыру қажет. Есеп №3. Жоғарғы ампутация жасау керек (жараның культясын тікпеу керек). Емдік мақсатта тамыр ішіне ганренаға қарсы сарысу 150000 МЕ (50000 әр түрінен) егу қажет. Есеп №4. 1.Науқаста сол жақ жамбастың инъекциядан кейінгі анаэробты флегмонасы дамыған. 2.Рентгенологиялық анықталған «шыршаның суреті» симптомы осы хирургиялық инфекцияның қоздырғышы анаэробтар тобына жататындығын көрсетеді. Олар бұлшықет талшықтарына тарайтын, оларды қабыршақтап, радиологиялық белгілерді анықтайтын өмірге қабілетті кезеңінде газ шығара алады. Науқасқа хирургиялық емдеуді, соның ішінде лампасты тіліктер орындалуы керек. Есеп №5.Науқаста жарақаттан кейінгі газды гангрена дамыған. Бұл жағдайды хирургиялық лампасты тіліктер жасау және оқты шығарып алу, некрэктомия жаса керек болады. Жараны антисептикалық ерітінділермен жуу керек. 10-тақырып жауаптары: Есеп №1. 1.Сан сүйегінің төменгі метафизінің жедел гематогенді остеомиелиті. 2.Сан сүйегін рентгенге түсіру керек, бірақ 5 күнге дейін нақты ақпарат бермейді. 3.Хирургиялық ем- абсцесті ашу, сүйекке перфорация жасау, жараны дренаждау, гипс салу. Антибактериальді терапия. 4.Абсцесті ашу ауыруды басады. Операциядан соң кәдімгі анальгетиктер, 1-2 күн наркотиктер қолдануы мүмкін. 5.Сепсис. Есеп №2. 1. Клиникалық белгілеріне қарағанда балада сүйек қабы астындағы немесе ет аралық флегмонамен асқынған, оң ортан жіліктің жедел гематогенді остеомиелиті. 2.Аурухананың қабылдау бөлімінде қанның, зәрдің жалпы анализін, кеуденің рентгеноскопиясын, оң сан сүйектің рентгенографиясын жасау қажет. 3. Науқас хирургия бөліміне жатқызылып, оған шұғыл операция жасау керек, яғни, ет аралық флегмона, сан сүйек қабы асты абсцесі ашылады немесе сүйек трепанациясы жасалынып, іріңдік сыртқа шығарылады. Жалпы ем, жедел іріңді септикалық ауруларды емдеу принципімен сәйкес жүргізіледі. Есеп №3. 1.Науқас оң аяқтың асықты жілігінің жарақаттан кейінгі созылмалы остеомиелиті (жыланкөзді түрі). 2.Қосымша зерттеу кезінде фистулография жасап, іріңді қалталарды анықтауға болады. 3. Науқасқа операция жасау қажет. Жыланкөз бен некрозды тіндер сылынып алынады. Жалған буыны бар шеткі остеомиелит кезінде, некрозға ұшыраған сүйек ұштары, жалған буынмен бірге кесіліп алынады, таза сүйек ұштары түйістіріліп, Иллизаров аппаратымен бекітіледі. Есеп №4. 1. Балада оң сан сүйегінің жедел гематогенді остеомиелиті. 2. Науқасқа ыстығын төмендететін қоспа енгізіп, оң аяғын қозғалтпай таңып, дереу ауруханаға жеткізу керек. 3.Антибактериальді ем – бұлшықетке, венаға, артерияға, сүйектің ішіне антибиотиктерді енгізу. Остеомиелит ауруын алтынды стафилококк жиі қоздыратындықтан, жартылай синтетикалық пенициллиндер немесе кең спектрлі әсер ететін антибиотиктер (цефалоспориндер, аминогликозидтер, тетрациклиндер, линкомицин) тағайындалады. Антибиотиктердің ішіндегі ең тиімдісі – остеотропты антибиотиктер болып табылады. Мысалы: линкомицин. Дезинтоксикациялық инфузиялық ем жүргізіледі. Дененің иммунорезистенттілігін жоғарылату. Симптоматикалық ем – дененің өмірге қажетті қызметтерінің жедел бұзылыстарын қалпына келтіру. Есеп№5. 1.Оң сан сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің жедел гематогенді остеомиелиті 2. Жарақат, яғни соғылу 3. Науқасқа ыстығын төмендететін қоспа енгізіп, оң аяғын қозғалтпай таңып, дереу ауруханаға жеткізу керек. Есеп №6. 1. Гематогенді остеомиелиттің біріншілік-созылмалы түрі: Броди абсцесі. 2. Науқасты операциялық ем үшін хирургия бөліміне жатқызу керек. Бұл жағдайда, негізінен, сүйекке трепанация жасалынып, абсцесс іші қырылып, тазаланады. Сүйек қуысы не бос қалдырылып, немесе етпен бітеліп,пластика жүргізіліп, жара толық жабылады. 11-тақырып жауаптары: Есеп №1.1. Описторхоз. 2. Іріңді холангит, бауырдың абсцесі, өт жолдарының перфорациясы, жедел деструктивті панкреатит. 3. Дегельминтация; Аурудың асқынуын емдеу. 4. Тұщы су моллюскасы. 5. Карп балығы. Есеп №2.1. Аскаридоз. 2. Ішек өтімсіздігі; аппендицит; бауыр және өт жолдарының аскаридозы; Ұйқы безінің аскаридозы. 3. Дегельментизация; аскаридоздың асқынуын емдеу. Есеп №3.1. Эхинококкоз. 2. Бауыр - 70%, өкпе - 15%. 3. УЗИ, компьютерлі томмография. 4. Эхинококхэктомия; эхинококкотомия. Есеп №4.1. Описторхоз. 2. Қоздырғышы - Opisthorchis felineus . 3. Описторхоз жұмыртқаларымен залалданған балықпен адамның ішегіне түседі. Ішегіне түскен метацеркарийлер өзін қоршаған қабықтардан босанады, сосын жалпы өт және ұйқы безі жолдарымен өт қабына, бауырға, ұйқыбезге өтеді. Ең жиі зақымдайтыны – бауыр және өт жолдары, ұйқы безі өзектері. 4. Аш ішектің бөлінділерін және нәжісті овоскопиялық зерттеу қажет. Өт сұйықтығын тексеру. Өт сұйықтығын тексергенде жұмыртқалар аурудың нәжісінен гөрі аш ішегінен жиірек табылады. Балықтың описторхис метацеркарилерімен ластанғанын тексеру үшін балықты арқа қанатының бойымен терісін кеседі, теріден тазартқаннан кейін бұлшықеттен жұқа қабат алып, микроскоптың 10-20 есе үлкейтуімен тексереді. 5. Қазіргі кезде описторхозды емдеуге қолданылатын бірден бір препарат – празиквантил. Тәулігіне 2-3 рет қабылдау үшін салмақ массасына сәйкес 60-75 мг/кг мөлшерінде тағайындалады. Химиялық препаратпен емдеу тиімділігін бақылау үшін 3-6 айдан кейін нәжісті немесе өт сұйықтығын зерттейді. Ал хирургиялық асқынулар дамыса, операция жасалынуы тиіс. Есеп №5.1.Эхинококкоз - таспалы құрт эхинококктың әсерінен дамитын ауру. Адамда финнозды сатысында мекендейді. Ақырғы иесі ит, қасқыр, шибөрі, сілеусін болып табылады. Адам паразиттің жұмыртқасымен зақымдалады. 2. Эхинококкоз көбіне бауыр мен өкпені зақымдайды. Көкбауырды, түтікті сүйектерді, кейде кез келген органнан кездестіруге болады. 3. Симптомсыз, асқынбаған, асқынған сатылары бар. Асқынуы болуы мүмкін: механикалық сарғаю, портальды гипертензия, эхинококктың метастазы 4. Хирургиялық ем, эхинококкэктомия, бауырдың сол бөлігін алып тастау Есеп №6.1. Эхинококкоздың негізгі емдеу әдісі – хирургиялық. Радикальді операция: Гемигепатоэктомия Бауырдың атипиялық резекциясы Перицистэктомия (паразитарлы киста фиброзды капсуласымен бірге алынады) Эхинококэктомия Паллиативті операция: Түйіннің негізгі бөлігін алып тастау Паразитарлы киста арқылы өт жолдарын дренжадау Фистулэнтеростомия 2. Сол жақ гемигепатэктомия 3. Эхинококкоз ауруында өлімнің деңгейі 9,3% тең, ал асқынған эхинококкы кистада ол 21,5% дейін жоғарылайды. 12-тақырып жауаптары: Есеп №1. Аортада тромб, өкпе артериясында өлімнен кейінгі қан ұйындысы. Есеп №2.Науқасқа анаэробты инфекция. Шұғыл түрде тігістерді шешіп, анатомиялық құрылымы сақталмаған тіндердің баллығын кесіп алып, жара қуысын қышқылдармен жуу керек. Еміне метранидозол, антибиотиктотерапия, серотерапия, гипербарилік оксигенаия қосып, науқастың организмін және ағза қызметтерін қалыптастыру керек. Есеп №3. жоғарғы ампутация жасау керек (жараның культясын тікпеу керек). Емдік мақсатта тамыр ішіне гангренаға қарсы сарысу 150000 МЕ (50000 әр түрінен) егу қажет. Есеп №4.Сау тіндерге дейінгі ампутация жасау. Есеп №5.Тромб. Организация және канализация. Есеп №6.Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Веналардың тромбозы. 13-тақырып жауаптары: Есеп №1.Өңеш рагы. Эзофагоскопия биопсиямен. Есеп №2. Кардидің ахалазиясы.Эзофаготонокимография. Есеп №3. Дивертикул .Өңешті рентгеноконтрасты зерттеу. Есеп №4. Күйіктен кейінгі өңеш стриктурасы.Өңешті буждау. Есеп №5. Цинкер дивертикулы.Өңешті рентгеноконтрасты зерттеу. Есеп №6. Кардиодилятация Есеп №7.Медиастинитпен асқынған өңештің энтерогенді зақмдануы. Операция. Есеп №8. Өңештегі бөгде зат. ЭФГДС, балық қылтанағын алу. Есеп №9.Өңешперфорациясы, эзофагоскопия,операция. Есеп №10.Рефлюкс эзофагит. Эзофагоскопия.Трен-2 қалпындаконтрасттызерттеу. 14-тақырып жауаптары: Есеп №1.Науқасқа паллиативті операция жасау керек. Асқазаннан ішекке пассажды жақсарту үшін-гастроэнтероаностозмоз жасау керек. Ия науқасқа операция алды дайындық қажет Есеп №2.Өмірге қажетті шұғыл операция-лапаротомия жасалу қажет. Егер уақытылы жасалмаса болжамы нашар болады. Есеп №3.ия, екі ауруына бір мезетте жасауға болады. Шұғыл түрде герниотомия одан кейін холецистэктомия жасалады. 15 тақырып жауаптары: Есеп № 1.Диагнозы: Сыздауық. Ем: 1. инфильтрация кезінде ихтиол майы қолданылады, айналасындағы терілер спиртпен өңделеді;науқасты жылыту. 2. іріңдеген кезде іріңдік хирургиялық жолмен ашылып ішіндегі өзегінен тазартылып асептикалық таңғыш антисептиктерді қолданып қойылады; 3. кейінірек УФО, УВЧ, солюкс және т.б. қолданылады. Есеп № 2. Диагнозы: Карбункур (ұра). Емі: науқас іріңді хирургия бөліміне жатқызылады. Іріңдік крест тәрізді тілініп өліеттерден, іріңнен тазартылады (наркоз берілген соң); Емінде: а)антибиотиктер, иммунотерапия, анальгетиктер, дезинтоксикациялық ем,б) жараға дренаж орнатылады. Есеп № 3.Диагнозы: Гидраденит. Ем жоспары: 1. іріңдікті ашып тазалау;. антисептиктермен таңғыш қою; 3. инфильтрат кезінде ихтиол майын қолдану; 4. кейінірек УФО, УВЧ, солюкс және т.б. Есеп № 4.Диагнозы: Флегмона. Ем жоспары: 1. инфильтрат кезінде жергілікті ем-25% магний сульфат ерітіндісі немесе NaCl-дың 10 % ерітіндісімен таңғыш; 2. антибиотиктер, поливитаминдер, анальгетиктер және т.б; 3. іріңдік қалыптасқан жағдайда операция жолымен ашып көп жерден дренаж орнату. Есеп № 5.Диагнозы: Инъекциядан кейінгі абсцес. Ем жоспары: 1. инфильтрат кезінде ихтиол майын қолдану; 2. іріңдік кезеңінде хирургиялық жолмен ашып, іріңін шығарып, ішін тазалап, дренаж орнату; 3. антибиотиктерді, поливитаминдер, анальгетиктер және т.б; 4. кейінірек УФО, УВЧ, солюкс және т.б. Есеп № 6.Диагнозы: Рожалық қабыну. жоспары аурухана жағдайында жасалады: 1. антибитиктер; 2. УФО; 3. жараны спиртпен өңдеу;. синтомицин, левомиколь майларымен таңба жасау; 5. іріңдіктер және өліеттер хирургиялық жолмен тазартылады;. дезинтоксикациялық ем. Есеп № 7.Диагнозы: Лимфаденит. Ем жоспары: 1. антибитиктер; 2. жергілікті жылыту және компресстер (спиртпен немесе камфорлық маймен); 3. сол аяқты қимылдатпау (иммобилизация); 4. негізгі ошақты емдеу; 5. іріңдеген кезде операциялық ем. Есеп № 8.Диагнозы: Флебит. Ем жоспары: 1. геприн майы, Вишневский майы; 2. жылытатын компресстер; 3. тромбтардың алдын алу үшін Тромбоасс 1 таблеткадан 1 рет, Фраксипарин 0,4 мл тері астына. Құрастырған: м.ғ.к., доцент м.а Н.К.Тулежанов Құрастырған оқытушы: Г.А.Турсынбаева |